Об увеличении минимального размера уставного капитала уполномоченных организаций, осуществляющих обменные операции с наличной иностранной валютой Күшін жойған
Басқа 0
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн ұлғайту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 24.09.2007 № 112 (бірінші ресми жарияланған күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдардың (бұдан әрi - уәкiлеттi ұйымдар) қаржылық тұрақтылығын нығайту және жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Жаңадан құрылған немесе жұмыс iстеп тұрған уәкiлеттi ұйымдар бiреуден артық айырбастау пунктiн ашқан жағдайда олардың жарғылық капиталы әрбiр жаңадан ашылатын айырбастау пунктi үшiн 50 мың теңгеге ұлғайтылуға тиiс.
Тармақ 2
2. Бiреуден артық айырбастау пунктi бар уәкiлеттi ұйымдар 2001 жылғы 1 тамызға дейiнгi мерзiмде өзiнiң жарғылық капиталын осы қаулының 1-тармағының талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Тармақ 4
4. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары:
Тармақша 1
1) төрт күндiк мерзiмде осы қаулыны уәкiлеттi ұйымдарға жiберсiн;
Тармақша 2
2) уәкiлеттi ұйымдардың осы қаулыны орындауына бақылау жасасын.
Тармақ 6
6. Халықаралық қатынас және жұртшылықпен байланыс басқармасы (Мартюшев Ю.А.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күндік мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.