Об утверждении норм площадей специфических помещений для органов судебной системы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сот жүйесі органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдар нормаларын бекіту туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 69 - бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған сот жүйесі органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдар нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықты іске асыру тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ______________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 17 наурыз
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 157 бұйрығымен бекітілген Сот жүйесі органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдар нормалары Р/с № Үй-жайдың атауы Өлшем бірлігі Үй-жайдың алаңы 1 2 3 4 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 1 Қылмыстық істер жөніндегі алқаға арналған сот мәжілісі залы шаршы м 132 2 Азаматтық істер жөніндегі алқаға арналған сот мәжілісі залы шаршы м 132 3 Әрбір сот мәжілісі залының жанындағы аппараттық үй-жай (дыбыс жазу аппаратурасын және т.б. орналастыру үшін) шаршы м 9 4 Кеңесу бөлмесі (әрбір сот мәжілісі залының жанында) шаршы м 22 5 Прокурорларға арналған бөлме шаршы м 40 6 Приставтарға арналған кабинет (1 қызметкерге) шаршы м 7,5 Облыстық және оларға теңестірілген соттар 7 Жалпы кеңсе кабинеті (талап арыздарды қабылдау) (1 қызметкерге) шаршы м 7,5 8 Кассациялық алқа кеңесінің кабинеті (1 қызметкерге) шаршы м 7,5 9 Қылмыстық істер жөніндегі алқа кеңсесінің кабинеті (1 қызметкерге) шаршы м 7,5 10 Азаматтық істер жөніндегі алқа кеңсесінің кабинеті (1 қызметкерге) шаршы м 7,5 11 Қылмыстық істер жөніндегі алқаға арналған сот мәжілісінің залы (3 судьяға 1 залды ескере отырып) шаршы м 80 12 Азаматтық істер жөніндегі алқаға арналған сот мәжілісінің залы (3 судьяға 1 залды ескере отырып) шаршы м 80 13 Әрбір сот мәжілісі залының жанындағы аппараттық үй-жай (дыбыс жазу аппаратурасын және т.б. орналастыру үшін) шаршы м 9 14 Кеңесу бөлмесі (әрбір сот мәжілісі залының жанында) шаршы м 15 15 Судьялардың психологиялық демалу бөлмесі шаршы м 24 16 Сот мәжілісі хатшысының кабинеті шаршы м 12 17 Куәгерлерге арналған бөлме (әрбір сот мәжілісі залының жанында) шаршы м 15 18 Жәбірленушіге арналған бөлме (әрбір сот мәжілісі залының жанында) шаршы м 10 19 Куәгерлерді қорғауды қамтамасыз етуге арналған бөлме (қылмыстық істерді тыңдауға арналған әрбір сот мәжілісі залының жанында) шаршы м 10 20 Прокурорларға арналған бөлме (4 сот мәжілісі залына 1 үй-жайды ескере отырып) шаршы м 15 21 Адвокаттарға арналған бөлме (4 сот мәжілісі залына 1 үй-жайды ескере отырып) шаршы м 20 22 Істермен танысуға арналған бөлме (2 судьяға арналған есеппен) шаршы м 7,5 23 Сот процесіне қатысуға тартылған мамандарға арналған бөлме (4 сот мәжілісі залына бір бөлмені ескере отырып) шаршы м 20 24 Медиаторлар бөлмесі шаршы м 20 25 Приставтарға арналған кабинет (1 қызметкерге) шаршы м 7,5 26 Кодтау және кітапхана кабинеті шаршы м 40 27 Сот істерін сақтау жөніндегі мұрағатқа арналған үй-жай (бір судьяға арналған есеппен) шаршы м 10 28 Сақтау камералары (азаматтардың қол жүктерін сақтайтын нөмірлі ұяшықтар орнату үшін) шаршы м 20 29 Келушілерге арналған жинақтауыш (1 судьяға 10 орын есеппен күту үй-жайы ) шаршы м 4 30 Ғимаратты күзетуге арналған үй-жай шаршы м 12 31 Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған бөлме шаршы м 20 32 Сотталушыларға арналған камера (қылмыстық істерді қарауға арналған әрбір сот мәжілісі залы үшін 2 камера есебімен) шаршы м 4 33 Айдауылға арналған бөлме (камералар саны 10-ға дейін болғанда) шаршы м 12 34 Айдауылға арналған бөлме (камералар саны 10-нан асқанда) шаршы м 18 Аудандық және оларға теңестірілген соттар 35 Жалпы кеңсе кабинеті (талап арыздарды қабылдау) (1 қызметкерге) шаршы м 7,5 36 Сот мәжілісі залы (үлкен) (2 судья үшін 1 залды ескере отырып) шаршы м Азаматтық істер бойынша 50 Қылмыстық істер бойынша 80 37 Әрбір үлкен сот мәжілісі залының жанындағы аппараттық үй-жай (дыбыс жазу аппаратурасын және т.б. орналастыру үшін) шаршы м 9 38 Сот мәжілісі залы (шағын) (2 судьяға 1 залды ескере отырып) шаршы м Азаматтық істер бойынша 36 Қылмыстық істер бойынша 50 39 Кеңесу бөлмесі (әрбір сот мәжілісі залының жанында) шаршы м 15 40 Алқабилерге арналған сот мәжілісі залы шаршы м 150 41 Алқабилерге арналған кеңесу бөлмесі шаршы м 80 42 Алқабилерге арналған демалу бөлмесі шаршы м 80 43 Судьялардың психологиялық демалу бөлмесі: шаршы м 20 44 Сот мәжілісі хатшысына арналған кабинет шаршы м 12 45 Куәгерлерге арналған бөлме (әрбір сот мәжілісі залының жанында) шаршы м 9 46 Жәбірленушіге арналған бөлме (әрбір сот мәжілісі залының жанында) шаршы м 9 47 Куәгерлерді қорғауды қамтамасыз етуге арналған бөлме (қылмыстық істерді қарауға арналған әрбір сот мәжілісі залының жанында) шаршы м 10 48 Прокурорларға арналған бөлме (4 сот мәжілісі залына бір бөлме есеппен) шаршы м 15 49 Адвокаттарға арналған бөлме (4 сот мәжілісі залына бір бөлме есеппен) шаршы м 20 50 Істермен танысуға арналған бөлме (2 судьяға арналған есеппен) шаршы м 7,5 51 Сот процесіне қатысуға тартылған мамандарға арналған бөлме (4 сот мәжілісі залына бір бөлмені ескере отырып) шаршы м 15 52 Медиаторлар бөлмесі шаршы м 15 53 Приставтарға арналған кабинет (1 қызметкерге) шаршы м 7,5 54 Кодтау және кітапхана кабинеті: шаршы м 30 55 Сот істерін сақтау жөніндегі мұрағатқа арналған үй-жай (бір судьяға есеппен) шаршы м 10 56 Сақтау камерасы (азаматтардың қол жүктерін сақтайтын нөмірлі ұяшықтар орнату үшін) шаршы м 9 57 Келушілерге арналған жинақтауыш (бір судьяға 10 орын есеппен күту үй-жайы) шаршы м 4 58 Соттардың ғимаратын күзетуге арналған үй-жай шаршы м 12 59 Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай: шаршы м 15 60 Сотталушыларға арналған камера (қылмыстық істерді тыңдауға арналған әрбір сот мәжілісі залы үшін 2 камера есеппен) шаршы м 4 61 Айдауылға арналған үй-жай (камералар саны 10-ға дейін болғанда) шаршы м 12 62 Айдауылға арналған үй-жай (камералар саны 10-нан асқанда) шаршы м 18 63 Қосалқы үй-жайлар (дәліздер, венкамералар, дәретханалар, жеке гигиенаға арналған үй-жайлар және т.б.) шаршы м Жиынтығының 20 %-ы