Об утверждении региональной программы "Профилактика и снижение травматизма населения города Алматы" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Алматы қаласы халқының жарақат алу жағдайын төмендету және оның профилактикасы" аймақтық бағдарламасын бекiту жөнiнде 📌 Ескерту. Күші жойылды - 2001.08.15. Алматы қалалық Әділет басқармасының НҚА мемлекеттік тіркеудің күшін жоюы туралы қорытынды. ҚР Үкiметiнiң 7.03.2000 ж. N 367 "ҚР Үкiметiнiң 2000-2002 жж. қызмет Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралар Жоспары туралы" және 6.06.2000 ж. N 1020 "Қазақстан Республикасында жарақаттану жағдайын төмендету, оның профилактикасы" Мақсатты кешендi бағдарламасын бекiту туралы" Қаулыларын орындау және қала халқының жарақат алу деңгейiн, ауыр, бiрнеше жерден жарақат алу жиiлiгiн қысқарту мақсатында Алматы қаласының Әкiмi ШЕШТI:
Тармақ 1
1. "Алматы қаласы халқының жарақат алу жағдайын төмендету және оның профилактикасы" аймақтық бағдарламасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қала аудандарының Әкiмдерi, Әкімияттың департаменттерi мен басқармалары "Алматы қаласы халқының жарақаттану жағдайын төмендету және оның профилактикасы" аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру шараларының орындалуын қамтамасыз ететiн болсын.
Тармақ 3
3. Шешiмнiң орындалуын бақылау Әкiмнiң орынбасарларына курация бойынша жүктелсiн.
Басқа 4. Бағдарлама құжаты
Алматы қаласы Әкiмiнiң N 69 06.02.2001 жылғы шешiмiне N 1 тiркеме "Алматы қаласы халқының зақымдану жағдайын төмендету және оның профилактикасы" аймақтық БАҒДАРЛАМАСЫ Бағдарлама құжаты "Алматы қаласы халқының жарақат алу жағдайын төмендету және оның профилактикасы" бағдарламасы - қала халқының жарақат алу жиiлiгiн, жарақаттың асқынуын, еңбекке жарамсыздық пен мүгедектiк және одан алу жағдайларын төмендету мен оның алдын-алуға бағытталған мақсатты қысқа мерзiмдi ведомствоаралық жоспар болып табылады. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 25 мамыр 2000 ж. N 789 P000789_ "Қазақстан Республикасында бағдарлама дайындау ережесiн бекiту туралы" Қаулысының талабына сәйкес дайындалды. Кiрiспе Бағдарлама дайындаудың негiзi - Алматыда жарақат алу жағдайының соңғы жылдары өсiп отырғандығынан, оның қалыптасуында, проблеманың әлеуметтiк маңыздылығында. Соңғы үш жылда "зақымдану мен улану" бойынша алғашқы рет ауыру жоғары деңгейде - 55, 52 және 52,8 әрбiр 1000 тұрғынға, ал Республикалық деңгей әрбiр 1000 тұрғынға - 36. Ауруханаға жататын ауру саны өсiп отыр, осы себептен мүгедектiкке айналу көбеюде. Зақымдану мен уланудан өлудiң саны тұрақты үшiншi орын алып отыр және әлi де өсу үстiнде. Проблеманың қазiргi жағдайына талдау Барлық дамыған елдерде, Алматы сияқты iрi мегаполистерде жарақат алу мәселесi қазiргi кезде өткiр қойылып отыр. Жоғары техникалық өндiрiс, құрылыс объектiлерiнiң күрделiленуi, көлiк жолдарының тығыздығы, өмiр ритмiнiң өзгеруi зақымданудың, жарақат алудың көбеюiне себепкер болуда. Бұл проблеманың Алматы қаласында кең етек алу динамикасы мынадай түрде көрiнедi. Алматы тұрғындарының "Зақымдану және улану" бойынша ауырулары (әрбiр 1000 тұрғынға) ------------------------------------------------------------------------- Тұрғындар ! 1995 ! 1996 ! 1997 ! 1998 ! 1999 ! 2000 категориясы ! ! ! ! ! ! -------------------------------------------------------------------------- Балалар 58,5 70,7 65,5 68,8 55,8 58,3 Жасөспiрiмдер 60,8 47,8 69 94 60,1 56,9 Ересектер 65,9 62,9 53,6 48,3 49,7 50 Барлығы: 64 63,8 56,9 54,8 52 52,8 -------------------------------------------------------------------------- Зақымдану мен улану деңгейi соңғы жылдары өте жоғары. 2000 жылдың қорытындысында зақымданып ауыру балалар мен жасөспiрiмдер арасында көбiректе, ересектер арасында аздау. Алматы зақымданып ауыру жөнiнен елiмiз бойынша 2 рангалық орында, (1998 жылға дейiн өнеркәсiбi дамыған Қарағанды облысында, 1998 жылдан берi Астанада) республика бойынша деңгей 1,5 есеге көбейген. "Зақымдану мен улану" бойынша қала халқының ауруханаға жатқызылғаны, оның нәтижесiнiң соңғы жылдарғы динамикасы мынадай: -------------------------------------------------------------------------- ! 1995 ! 1996 ! 1997 ! 1998 ! 1999 ! 2000 -------------------------------------------------------------------------- Қала стационарларында зақымдану мен уланып стационарларда жатқан аурулар саны: 18450 18938 20674 23829 25871 30935 - соның iшiнде балалар 4287 4268 4117 5389 5829 7194 Осылардың iшiнен зақымдану мен уланудан өлгендер 794 740 636 579 571 613 - соның iшiнде балалар 29 27 28 21 10 15 Зақымдану мен уланудан ауруханада өлгендер 4,3 3,9 3,1 2,4 2,2 2,4 - соның iшiнде балалар 0,7 0,6 0,7 0,4 0,2 0,2 -------------------------------------------------------------------------- Егер зақымдану мен уланудан аумақтық емханаға көрiнгендер тұрақты динамикада болса, стационарлық ем алғандар - 68 пайыз өстi, оның iшiнде балалар - 68 пайыз. Яғни жеңiлдеу ауырғандардың саны аз болғанмен ауыр зақымданушылар саны өсiп, үдемелi де ұзақ емделушiлер саны артуда. Медицина қызметкерлерiнiң кәсiби, бiлiктi көш-жiгерiнiң жұмсалуы ауруханада өлудi екi есе кемiтсе, балаларда 3 еседен асады. Талданған кезең iшiнде зақымдану мен уланудан алғаш рет мүгедектiкке шығу елiмiздiң экономикалық шығынының әлеуметтiк төлемнiң өсуiнен зиян шегуi. Дамыған елдер құрылымында зақымданудан өлу жүрек-тамыр ауруынан, қауiптi iсiктерден кейiнгi үшiншi орынды алады. Қазақстанда сәтсiздiк жағдайлардан, зақымдану мен уланудан өлу екiншi орынды алады (140,8 - 134,2 әрбiр 100 мың тұрғынға). Алматы бойынша жағдай 10 жылдық кезеңде 28 пайыз өскен. Негiзгi себептердiң iшiнде тұрақты 3 орынды алады, 1995 жылды қоспағанда 1995 жылы әрбiр 100 мың адамға шаққанда қауiптi iсiктен өлгендерден де асып отырған көрiнедi. Алматы қаласы халқының әрбiр 100 мың адамға шаққандағы өлу себептерi* -------------------------------------------------------------------------- Өлу себептерi !1990!1991!1992!1993!1994!1995!1996!1997!1998!1999 -------------------------------------------------------------------------- Қан айналу жүйесi ауруларынан 513 557 559 671 717 662 631 612 597 551 Зиянды және зиянсыз iсiктерден 201 208 214 209 203 187 180 184 166 159 Сәтсiздiк жағдайлардан, зақымдану мен уланудан 116 125 137 195 175 170 161 153 154 149 -------------------------------------------------------------------------- * - Алматы қаласы статистика басқармасының мәлiметтерiнен. Осының қорытындысында, байқау кезеңiнiң аяғында 1999 жылы әрбiр алтыншы-жетiншi өлген адам - табиғи емес себептерден өлген. Зақымданудың шығуы - өндiрiстiк және өндiрiстiк емес болып бөлiнедi. Өндiрiстен тыс зақымдануға көшеде, тұрмыста (оның iшiнде көлiктен), спорттан және балалардың өздерiнiң жарақаттануы жатады. Ауылдық жерлерде де қаладағы сияқты тұрмыстық зақымдану көбiрек кездеседi. Дүние жүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы қатынасуымен жүргiзiлген зерттеуде бiрқатар елдерде тұрмыстық жарақаттанудан өлу туберкулез ауруынан өлушiлер санынан да асып отырған көрiнедi. Зақымдану салдары көбiне көлiктен алған сәтсiздiк, барлық апат жағдайлардың 1/3 алып отыр. Дүние жүзiнде жол апаты нәтижесiнде 300 мыңнан аса адам өлiп, 15 мың адам жарақат алады екен. Қазақстан мен Тәуелсiз мемлекеттер достастығы елдерi бойынша соңғы жылдарғы талдау өндiрiстiк зақымданудың азайғанын, оның есебiне тұрмыстық және отты құралдармен атысудан зақымданудан көбейген. Зақымданғандар арасында балалар саны 25-30 пайызға жетедi. Олардың 10 нан 20 дейiнгi пайызы термикалық күйiктен болады екен. Көлiк апатынан өлетiндер саны 9-дан 13 пайызға жеткен болса, дәл апат үстiнде өлетiндерi 77 пайыз екен. Зақымдану проблемасының әлеуметтiк маңыздылығы еңбекке жарамсыздықтың ұзақтығынан немесе жиiлiгiнен емес, тұрақты мүгедек болып қалудың жиiлiгiнен және қатарынан бiрнеше және ауыр жарақаттану нәтижесiнде халық өмiрiнiң орташа ұзақтығына әсер етуiнде. Алматы халқының өмiрiнiң орташа ұзақтығының динамикасы -------------------------------------------------------------------------- ! 1990 ! 1994-1995 ! 1996 ! 1998 -------------------------------------------------------------------------- Ерлер мен әйелдер 70 66,1 65 67,3 Ерлер 64,9 60,4 59,1 61,3 Әйелдер 74,4 71,9 70,9 73,1 -------------------------------------------------------------------------- * - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлiгiнiң жыл сайын шығатын ақпараттық анықтамалығынан соңғы ресми мәлiметтер (қазiргi Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсi жөнiндегi Агенттiгi). Қазiргi өмiр сүрудiң орташа ұзақтығы тек денсаулық сақтау жүйесi үшiн емес, жалпы қоғам үшiн де басты көрсеткiш болып табылады. Бұл көрсеткiш әлеуметтiк қоғамның, жеке аймақтық қуаттылығы. БҰҰ мұны адам дамуының ең басты өлшемi индикаторы деп пайдаланады. Бұл көрсеткiш мемлекет пен әр жердегi атқарушы Үкiметтiң халық саулығы бойынша әлеуметтiк бағытталған тиiмдiлiктi кешендi сипаттайды. Егер осы Бағдарлама дұрыс мақсатқа құрылып, дәйектi де жүйелi болса, оның жүзеге асуы нәтижесiнде қала халқы өмiрiнiң орташа ұзақтығының динамикасы болып қалуға тиiстi. Бағдарламаның мақсаты "Алматы қаласы тұрғындарының зақымдану жағдайын кемiту, оның профилактикасы" бағдарламасының негiзгi мақсаты қала халқының зақымдану деңгейiн төмендету, ауыр, қатарынан бiрнеше жерден жарақаттанудың зардабын азайту, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 7.03.2000 ж. N 367 P000367_ "ҚР Үкiметiнiң 2000-2002 ж. қызмет Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспары туралы" және 6.07.2000 ж. N 1020 P001020_ "Қазақстан Республикасында жарақаттану жағдайын төмендету, оның профилактикасы Мақсатты кешендi бағдарламасын бекiту туралы" Қаулыларын орындау және қала халқының жарақат алу деңгейiн, ауыр бiрнеше жарақатты қатар алу жиiлiгiн қысқарту мақсатында және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсi жөнiндегi Агенттiгiнiң 18.07.2000 ж. N 449 бұйрығын орындау болып табылады. Бағдарламаның мiндетi Зақымдану мен уланудың алдын-алу проблемасына кешендi және салааралық ықпал ету; Қала халқына тұрмыста, өндiрiсте, көлiк үстiнде, оқу орындарында дұрыс жүрiп-тұруға үйрету арқылы зақымданудың алдын-алу; Жарақат алу мен улануға, оның қауiптiлiгiне себепкер iшкiлiкке салынушылар мен токсикомандармен күреске бағытталған қоғамдық пiкiр қалыптастыру; ТЖ, зақымдану, улану кезiнде дәрiгерлiк көмекке дейiн көрсетiлетiн көмектiң тәсiлдерi мен түрлерiне жеке адамдарды үйрету; Зақымдану мен улану нәтижесiнде зардап шеккендерге оны асқындырып алмау үшiн дер шағында жоғары квалификациялы медициналық көмек көрсетудi қамтамасыз ету; Зақымдану мен улану нәтижесiнде зардап шеккендердi кешендi емдеу, медициналық сауықтыру, еңбек ету мүмкiндiгiн қайтару; Жарақаттану көздерi болып табылатын тәртiп бұзушылықтың алдын-алу; Травматологиялық, токсикологиялық бөлiмдердiң, орталықтардың, травмотологиялық амбулаторлық нүктелердiң материалдық-техникалық базаларын дамыту; Жаңа үйлер салғанда, бұрыннан бар үйлердi жөндегенде мүгедек адамдардың жүрiп-тұру мүмкiндiктерiн есепке алу. Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен оны жүзеге асыру механизмi Бағдарламаның негiзгi бағыттары: қала тұрғындарының зақымдану деңгейiн төмендету; жиi-жиi ауыр және бiрнеше жерден қатар жарақаттану мен оның зардаптарын қысқарту; қала халқының зақымдану мен улану салдарынан өлiмiн азайту. Бұл бағыттардың жүзеге асырылуы осы бағдарламаның негiзгi мiндеттерiнiң орындалуы - халықпен түсiнiктеме жұмыстарын жүргiзу, жолда, қауiптi өндiрiсте, тұрмыста, iшкiлiк нәтижесiнде т.б. зақымданған жағдайда медициналық көмек көрсету, диагноз қоюдың жаңа әдiстерi, емдеу және сауықтыру. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi мен ресурстары Бағдарламаны жүзеге асыру қаражаты жауапты орындаушылар есебiнен жүредi. Бағдарламаны жүзеге асыру шаралары жоспарын қаржыландырудың негiзгi көздерi мыналар: Жергiлiктi бюджет Бюджеттен тыс қаражат Халықаралық қаражаттық ұйымдардың гранты. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтижелер Бағдарламаның мiндетiн жүзеге асыру - оның негiзгi мақсатын қамтамасыз ету, яғни: қала халқының арасындағы жиi зақымдануды төмендету; өте ауыр және қатарынан бiрнеше жарақат алу мен оның зардаптарын қысқарту; зақымдану салдарынан алғаш рет мүгедектiкке шығуды кемiту; зақымдану мен оның салдарынан қала халқының өлiмiн кемiту. Қорытынды Бұл Бағдарлама қала халқының жарақат алып не зақымданған жағдайда кепiлдемелi тегiн медициналық көмек алу, денсаулығын қорғау сияқты Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекiтiлген құқықтарын қамтамасыз етуге тиiстi. Бағдарлама қалалық қызметтердiң осы Бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспарында көрсетiлген проблемаларға күш-жiгерiн жұмылдыруға негiзделген. "Алматы қаласы халқының зақымдану жағдайын төмендету және оның профилактикасы" аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ -------------------------------------------------------------------------- N ! Шаралар !Орындалу!Жауапты !Қаржыландыру!Орындалу!Нәтижелерi пп! !түрi !орындар !көздерi !мерзiмi ! -------------------------------------------------------------------------- 1. Жарақат алуды төмендету, оның профилактикасы 1. Көлiк құралдарын Қала Денсаулық Бюджеттен 1-2 Бiлiм жүргiзушiлерге Әкiмiнiң сақтау тыс тоқсан деңгейiнiң жол полициясы шешiмi департа- қаражат 2001 жыл көтерiлуi, қызметкерлерiне, ментi, және асқынып төтенше жағдайлар қалалық жергiлiктi кету кезiнде көмек бiлiм бюджет қаупiнiң көрсететiн беру төмендеуi кәсiпорындар басқармасы, қызметкерлерiне қалалық тиiстi лицензиялар iшкi iстер бар мекемелер басқармасы базасында алғашқы көмек көрсету ережелерi мен әдiстерiне үйретудi қамтамасыз ету 2. Ұсыныстар жобасына Бiлiм Денсаулық 1-2 Зақымдануды пiкiр қосу: Бiлiм және сақтау тоқсан төмендету беру мекемелерiнде ғылым департаментi, 2001 жыл зақымдану министр- қалалық профилактикасы лiгiне бiлiм және еңбек қорғау ұсыныс беру бойынша жұмыстар басқармасы ұйымдастыру жөнiнде 3. Мектепке дейiнгi Қалалық Қала Бюджеттен 1 тоқсан Бiлiм балалар бiлiм әкімияты, тыс 2001 жыл деңгейiнiң мекемелерiнде, беру қалалық қаражат, көтерiлуi мүгедек балалар басқар- бiлiм жергiлiктi арнаулы масы мен беру бюджет мекемелерiнде қалалық басқармасы балаларды жолда iшкi мен жүру ережелерiне iстер қалалық оқытуды басқармасы iшкi ұйымдастыру бiрлескен iстер бұйрықтары басқармасы 4. Жол жүру ережесiн Көрнектi Қалалық Бюджеттен 2001 жыл Насихаттау оқыту үшiн құралдар, бiлiм тыс және бiлiм көрнектi құралдар оқыту беру қаражат, деңгейiнiң шығаруға қатынасу, әдiстеме- басқармасы жергiлiктi көтерiлуi қауiпсiз жол жүру лерi мен бюджет бойынша қалалық компьютерлiк iшкi iстер ойындар басқармасы бағдарламасын шығару: - мектепке дейiнгi және мектеп балалары, - жаяу жүретiндер - велосипедшiлер - жас автомобильшiлер - ата-аналар - ұстаздар 5. Педагогикалық Бiлiм Денсаулық 1 тоқсан Жарақат- кадрларды және сақтау 2001 жыл тануды мектепте, ғылым департаментi төмендету колледжде, жоғары министр- оқу орындарында лiгiне жарақат алу, ұсыныс улану жағдайында алғашқы көмек көрсетуге оқытатын бiрегей оқыту бағдарламаларына ұсыныс енгiзу 6. Оқу үстiнде Бiлiм Қалалық 2 тоқсан Жарақат- кластан тыс, және еңбекпен 2001 жыл тануды мектептен тыс ғылым қамту және төмендету жұмыс министр- әлеуметтiк ұйымдастырғанда лiгiне қорғау еңбектi қорғау, ұсыныс басқармасы, техника қалалық қауiпсiздiгi бiлiм беру мен өрт басқармасы, қауiпсiздiгi Денсаулық бойынша сақтау әдiстемелiк департаментi нұсқаулық әзiрлеуге қатынасу 7. Жарақаттану Конференция, Денсаулық Қолданып 2001- Насихат- және улану семинарлар сақтау жүрген 2002 ж. тау және проблемалары департаментi, заңдарға бiлiм бойынша қалалық қалалық сәйкес деңгейiнiң конференциялар бiлiм беру көтерiлуi мен семинарлар басқармасы, өткiзудi қалалық ұйымдастыру, iшкi iстер оған қатынасу басқармасы 8. Төменде аталған Денсаулық Денсаулық Қолданып 2001- Насихаттау күндердi өткiзуге сақтау сақтау жүрген 2002 және бiлiм қатынасу: департаментi, департаментi,заңдарға ж. деңгейiнiң - оқушылар қалалық қалалық сәйкес көтерiлуi саулығы күнi бiлiм беру бiлiм беру - жас жаяулар басқармасы, басқармасы, күнi қалалық қалалық - жас өрт iшкi iстер iшкi iстер сөндiрушiлер басқармасының басқармасы, күнi бiрiккен Салауатты бұйрықтары өмiр салтын қалыптастыру орталығы 9. Оқу орындарында, Қалалық Қалалық Жергiлiктi 2001- Насихат- мекемелерде еңбек бiлiм бiлiм бюджет, 2002 ж.тау және қорғау, техника беру беру жергiлiктi бiлiм қауiпсiздiгi, басқармасы, басқармасы,бюджеттен деңгейiнiң жол жүру қалалық қалалық тыс қаражат, көтерiлуi ережелерi және еңбек iшкi iстер инвестиция өрт қауiпсiздiгi және басқармасы және гранттар мәселелерiне әлеуметтiк қалалық, аудандық қорғау конкурстар өткiзу басқармасы, қалалық iшкi iстер басқармасының бiрiккен бұйрықтары 10. Өрт қауiпсiздiгi Қалалық Қалалық бiлiм Қолданып 2001- Жарақат- ережелерi мен бiлiм беру басқармасы, жүрген 2002 ж.тануды талаптарына беру қалалық төтенше заңдарға төмендету сәйкес өрт басқармасы, жағдайлар сәйкес қауiпсiздiгi Төтенше басқармасы, ережелерi мен жағдайлар Қалалық iшкi жолда жүру басқармасы, iстер басқармасы ережелерiн қалалық оқыту бойынша iшкi iстер бағдарламалар басқармасының енгiзiлiп бiрiккен оқытуды бұйрықтары ұйымдастыру 11. Өзгерiстер мен Қазақстан Денсаулық Жергiлiктi 4- Зақымда- толықтырулар Республикасы сақтау бюджеттен тоқсан нуды енгiзу бойынша Денсаулық департаментi,тыс 2000 төмендету ұсыныс дайындау: сақтау iсi Қалалық iшкi қаражат жыл - көлiк жөнiндегi iстер жүргiзушiлердi Агенттiгiне басқармасы, медициналық ұсыныс тексеруден өткiзу тәртiбi, мерзiмi - көлiк жүргiзуге тыйым салатын медициналық көрсеткiштерге 2. Зақымдану мен оның зардаптарын азайту, оның профилактикасы бойынша ұйымдастыру-әдiстемелiк шаралар 12. Қазақстан Қазақстан Денсаулық Қолданып 2-тоқсан Толық Республикасы Республикасы сақтау жүрген 2001 жыл және Денсаулық сақтау Денсаулық департаментi заңдарға тiкелей iсi жөнiндегi сақтау iсi сәйкес ақпарат Агенттiгiне жөнiндегi алу үшiн жарақат алу Агенттiгiне бойынша есептiк ұсыныс құжаттардың алғашқы түрiн және жарақат пен улануды тiркейтiн жалпыұлттық компьютерлiк жүйенi ұйымдастыру жөнiнде ұсыныс беру. 13. Оқу-жаттығу Денсаулық Денсаулық Қолданып 2001- Зақым- процесiнде және сақтау сақтау жүрген 2002 дануды спорттық ойындар департаментi, департаментi, заңдарға ж. төмен- кезiнде Еңбек және Еңбек және сәйкес дету қауiпсiздiктi әлеуметтiк әлеуметтiк бақылауды қорғау қорғау күшейту басқармасының басқармасы бiрiккен бұйрықтары 14. Тауда, суда, Әкiмнiң Қала әкімияты, Қолданып 2001- Бiлiмiн көпшiлiк шешiмi Қалалық төтенше жүрген 2002 көтеру демалысында жағдайлар заңдарға ж. қауiптен қорғау басқармасы сәйкес қызметтерiн ұйымдастыруды жақсарту 15. Жарақаттанудан Денсаулық Денсаулық Қолданып 4-тоқсан Бiлiмiн сақтайтын құрал сақтау сақтау жүрген 2000 жыл көтеру ретiнде департаментi департаментi, заңдарға физкультура мен бұйрығы Салауатты сәйкес спортты салауатты өмiр салтын өмiр сүрудi қалыптастыру насихаттау жұмысын қалалық кеңейту орталығы 16. Салалар бойынша Еңбек Еңбек және Қолданып 4- Зақымдануды техника және әлеуметтiк жүрген тоқсан төмендету қауiпсiздiгi әлеуметтiк қорғау заңдарға 2000 талаптары нормасын қорғау басқармасы сәйкес жыл қайта қарау және басқармасына меншiктiң барлық еңбектi, түрiндегi әлеуметтiк өндiрiсте оның қорғау сақталуын жөнiнде қамтамасыз етуге ұсыныс бақылау енгiзуге ұсыныс жасау 17. Полиция Денсаулық Денсаулық Қолданып 4- Бiлiмiн қызметкерлерiн, сақтау сақтау жүрген тоқсан көтеру өртке қарсы департаментi, департаментi, заңдарға 2000 қызметкерлердi, Қалалық қалалық сәйкес жыл жүргiзушiлердi iшкi iстер iшкi iстер зақымдану мен басқармасының басқармасы улану жағдайында бiрiккен медициналық көмек бұйрықтары көрсетуге дайындау және аттестациялауға ұсыныс және оған қатынасу 18 Тұрғын үйлер Әкiмнiң Аудан Қолданып арасындағы балалар шешiмi әкiмдерi жүрген алаңын, спорт заңдарға алаңдарын, сәйкес автотұрақтарды қоршауды қолға алу 19. Қалааралық Әкiмнiң Аудан Бюджеттен жолдарда шешiмi әкiмдерi тыс жол-санитарлық қаражат постылар қою, Жергiлiктi оларды мобильдiк бюджет байланыспен, медициналық мекемелермен байланыстыруды қамтамасыз ету 20. Қалалық маңызды Денсаулық Денсаулық Бюджеттен 1- Уақтылы жолдардағы сақтау сақтау тыс тоқсан алғашқы жол-санитарлық департаментi, департаментi,қаражат 2001 медициналық постыларды мед. Қалалық Қалалық Жергiлiктi жыл көмек мекемелерге iшкi iстер iшкi iстер бюджет көрсету бекiту схемасын басқармасының басқармасы жасау бiрiккен бұйрықтары 21. Автомобиль Денсаулық Қалалық Қолданып 1-тоқсан Уақтылы жолдарындағы сақтау iшкi iстер жүрген 2001 жыл алғашқы учаскелердi департаментi басқармасы заңдарға медициналық ауруханаларға бұйрығы сәйкес көмек бекiту, көрсету зақымданған жағдайда уақыт оздырмай ауруларды тез жеткiзу үшiн 22. Автожолдарда Әкiмнiң Қалалық Қолданып 4-тоқсан Жол-көлiк жол-көлiк шешiмi iшкi жүрген 2000 жыл апатын апатының iстер заңдарға төмендету болғанын тез басқармасы сәйкес хабарлауды жетiлдiру жүйесiн құру жөнiнде ұсыныс енгiзу (жолда байланыс бөлiмшесi, медициналық мекемелер жөнiнде көрсеткiштер қою) 23. Гидрометеорологиялық Әкiмнiң Қала Қолданып 2001 жыл Жол-көлiк қызметпен, шешiмi әкімияты, жүрген апатын телевидение, радио, Қалалық заңдарға төмендету жол полициясымен iшкi iстер сәйкес байланысты басқармасы, жетiлдiру, ауа Қалалық райымен, жол гидроме- жағдайымен хабардар теорологиялық болу үшiн қызмет 24. Мед.кадрлар мен Денсаулық Денсаулық Қолданып 4-тоқсан Мед.меке- төсек санын сақтау сақтау жүрген 2000 жыл мелерiн жарақаттанушылар департаментi департаментi заңдарға тиiмдi деңгейiне бұйрығы сәйкес пайдалану лайықтау 25. Дәрiгерлер мен Талдау Денсаулық Қолданып 2001 жыл Мед. медбикелердiң сақтау жүрген қызметкер- зақымдану мен департаментi заңдарға лерiнiң улану жағдайында сәйкес бiлiмiн көмек көрсету көтеру бiлiмiн жетiлдiру 26. Травмотология, Денсаулық Денсаулық Қолданып 4-тоқсан Мед. хирургия сақтау сақтау жүрген 2000 жыл көмек бөлiмшелерiнде департаментi департаментi заңдарға сапасын қажеттi бұйрығы сәйкес жақсарту құралдардың болуын қамту. Мамандандырылған көмектiң ең төменгi көлемiне стандарттар дайындап енгiзу 27. Автокөлiктерде Жол Қалалық Қолданып 2001- Асқынудың мед. жәрдем полициясы жол жүрген 2002 ж. алдын-алу келгенге дейiн басқармасының полициясы заңдарға көмек көрсетуге бұйрығы басқармасы сәйкес қажеттi дәрi- дәрмек қобдишасы болуын қамту 3. Зақымдануды азайту және оның профилактикасы бағдарламасын жүзеге асыруды материалдық-техникалық қамту 28. Жол-көлiк Әкiмнiң Қала Жергiлiктi 2001 жыл Қолма-қол оқиғасы болған шешiмi әкімияты бюджет көмек жердегi апаттық- есебiнен көрсету қорғау жұмысына арналған жүк көтергiш т.б. техникалар алуды жоспарлау 29. Жарақаттан, оның Әкiмнiң Денсаулық Жергiлiктi 1-тоқсан Сауығып зардаптарынан шешiмi сақтау бюджет 2001 жыл шығуды толық емделiп, департаментi есебiнен жақсарту сауықтырып шығаратын стационар құру 30. Реанимациялық Тендер, Денсаулық Жергiлiктi 1-тоқсан Мамандан- бөлiмдердi соңғы бұйрық, сақтау бюджет 2001 жыл дырылған жетiстiктi рұқсаттама департаментi есебiнен көмек медициналық жабдықтармен қамтуды жақсарту --------------------------------------------------------------------------