Об утверждении Правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы
елді мекендерінің аумағында
қаңғыбас иттер мен мысықтарды
аулау және жою қағидаларын бекіту
туралы
«Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 408-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың 2015 жылғы 19
наурыздағы № 33/5 шешімімен
бекітілді
Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаудың және жоюдың осы қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 408-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 246 бабына және «Жануарларға қарау қағидалары» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 16-02/701 Бұйрығына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаудың және жоюдың тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарлар;
Тармақша 2
2) жануарларды эвтаназиялау – жануарларды өлер алдында қинамау үшін, оларды ізгілік әдістермен жансыздандыру;
Тармақша 3
3) үй жануарлары – иттер, мысықтар және ұзақ тарихи кезең бойы дәстүрлі түрде адам көмегімен өсірілетін және бағылатын басқа да жануарлар, сонымен қатар адамның эстетикалық мұқтажын қанағаттандыру үшін жасанды жолмен өсіріп шығарған және жабайы популяциясы жоқ өмірге қабілетті, жеке морфологиялық белгілері ұқсас өзгешеліктері бар және ұзақ уақыт бойы табиғи ареалда өмір сүретін жануарлардың түрлері мен тұқымдары.
Тарау 2. 2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау
2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау
Тармақ 3
3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды, тасымалдауды, уақытша ұстауды және жоюды облыстың жергілікті атқарушы органы құрған ветеринария саласындағы қызметтерді жүзеге асырушы мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (аудандар мен Петропавл қаласының ветеринариялық станциялары) (бұдан әрі - Ұйым) жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Аулау мына мақсаттарда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алу;
Тармақша 2
2) жануарлар ауруларының және олардың салдарының алдын алу және болдырмау;
Тармақша 3
3) халықты адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтау;
Тармақша 4
4) қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу.
Аулау тиісті аумақта тұрып жатқан тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін сақтай отырып, адамгершілік қағидаттарын сақтай отырып ұйымдастырлады және жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, аулау кестесіне сәйкес, сонымен қатар қараусыз қалған иттер мен мысықтар көптеп жиналған жағдайда тиісті аумақтағы атқарушы органдардың өтінімі, азаматтардың, меншіктің барлық түріндегі ұйымдардың өтініштері бойынша Ұйым қызметкерлері жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Ұйым қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулайтын қызметкерлерді жекелеген қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді, оларға түсіндіру жұмысын жүргізеді, азаматтардың талаптары бойынша қөрсететін қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау құқығының куәлігін береді.
Тармақ 7
7. Ұйым жануарларды аулау, оларды ұйықтату және тасымалдау бойынша қызметтерді жүзеге асыруға арналған жабдықтармен және құралдармен (ілмекті аулау құралдары және/немесе фармокологиялық дәрі-дәрмек салынған пневматикалық винтовкалармен) жасақталады.
Тармақ 8
8. Аулауға, иесі кәсіпорындар мен мекеменің жанында байлауда қалдырып кеткендерден басқа, қоғамдық орындарда иесіз жүрген, сондай-ақ адамның қарауынсыз қалған немесе жартылай еркін топ болып құрылған, адамның қадағалауынсыз көбеюге қабілетті иттер мен мысықтар жатады.
Тармақ 9
9. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысына медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы алдын алу екпелерін алған, психоневрология және наркология диспансерлерінің есебінде тұрмайтын тұлғалар жіберіледі.
Тармақ 10
10. Аулауды жүргізу кезінде Ұйым қызметкерлеріне жол берілмейді:
Тармақша 1
1) ауланған иттер мен мысықтарды иеленуге және оларды басқа тұлғаларға беруге;
Тармақша 2
2) жануарларды қимылсыз қалдыру үшін фармокологиялық дәрі-дәрмекпен оқталған пневматикалық қаруды 10 метрден астам қашықтықты қолдануға;
Тармақша 3
3) аулау кәмелет жасқа толмаған балалардың көзінше, қаңғырған иттер мен мысықтардың қылығы адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайдан басқа кезде;
Тармақша 4
4) адамдарға бағыттап атуға.
Тармақ 11
11. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар олардың кімге тиесілі екендігі анықталғанша уақытша ұстауға арналған арнайыландырылған мекемеге жеткізіледі.
Тармақ 12
12. Қаңғырған иттер мен мысықтар адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген жағдайда (агрессиялық мінез-құлық және/немесе құтыру ауруы күдігі болғанда) оларды Ұйым кідірмей жояды.
Тармақ 13
13. Ауланған қаңғыбас ит пен мысықтар туралы ақпарат Ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
Тарау 3. 3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған арнайыландырылған мекемелерге тасымалдау
3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған арнайыландырылған мекемелерге тасымалдау
Тармақ 14
14. Жануарларды тасымалдаған кезде олардың тамаққа және суға қажеттіліктері қанағаттандырылады, оған қоса олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Тармақ 15
15. Жануарларды тасымалдауға арналған көлік құралы арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталады, оаған қоса жануарларды арту мен түсіру кезінде жануарлардың жарақаттануын және /немесе өлуін болдырмайтын қондырғылар пайдаланылады.
Тармақ 16
16. Бір-бірімен табиғи байланыстағы немесе бір-біріне бейталап болып табылатын түрлерден басқа әртүрлі түрдегі жануарларды тасымалдау жеке-жеке жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Өлген және әрі қарай тасымалдауға жарамсыз жануарлар кідіріссіз тірі жануарлардан бөлектендіріледі.
Тарау 4. 4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша
ұстауға арналған арнайыландырылған мекемеде ұстау
4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша
ұстауға арналған арнайыландырылған мекемеде ұстау
Тармақ 18
18. Уақытша ұстауға арналған арнайыландырылған мекемеде клиникалық тексеру, тіркеу жүргізіледі, арнайы журналдарға келесі мазмұндағы мәліметтер енгізіледі: жануардың түрі, жынысы, түсі, ерекше белгілері, айырмашылық белгілерінің болуы.
Тармақ 19
19. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар металл торларға орналастырылады.
Тармақ 20
20. Ауланған иттер мен мысықтарға қажетінше күтім жасау және оларды тамақтандыру жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Екі ай ішінде ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтардың иелерінен өтініш болмаған жағдайда олар өлтірілуге жатады.
Тарау 5. 5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою
5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою
Тармақ 22
22. Сұрауы жоқ қаңғыбас иттер мен мысықтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен, дәрілік жолмен өлтіруге жатады.
Тармақ 23
23. Жануарларды өлтіру басқа жануарлар ұсталатын жайлардан бөлек орналасқан арнайыландырылған жайда жүргізіледі.
Тармақ 24
24. Иттер мен мысықтардың өлекселерін жою жануарлардың өлекселерін көмуге арналған арнайы бөлінген жер учаскелерінде (мал қорымдары және/немесе биотермиялық шұңқыр) немесе жануарлар өлекселері мен биологиялық материаларды күйдіруге арналған көшпелі және/немесе стационарлық қондырғыларда (инсенераторлар) жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. Иттер мен мысықтардың өлекселерін (қалдықтарын) елді мекендердің аумағына тастауға және оларды мал қорымдарынан тыс жерлерге рұқсатсыз көмуге рұқсат етілмейді.
Тарау 6. 6. Қорытынды ереже
6. Қорытынды ереже
Тармақ 26
26. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Осы Қағиданы бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.