Об утверждении Правил содержания животных в населенных пунктах Западно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының
елді мекендерінде жануарларды
асырау қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты (А. Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2015 жылғы 27 наурыздағы №23-4
шешімімен бекітілген
Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінде
жануарларды асырау қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидасы (бұдан әрі - қағида) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
ауыл шаруашылығы жануарлары - адамдар өсіретін ауыл шаруашылығы жануарларының және құстардың ауыл шаруашылығы өнімдеріне тікелей қатысы бар барлық түрлері;
ветеринария саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ветеринария саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын жергілікті мемлекеттік басқару органы;
жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – қаланың, ауданның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері.
Тармақ 3
3. Қағида меншік түріне қарамастан ауыл шаруашылығы жануарларын асырайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Тармақ 4
4. Осы қағида Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінің аумақтарында ауыл шаруашылығы жануарларын асырауды реттеу мақсатында әзірленді.
Тарау 2. 2. Ауыл шаруашылығы жануарларын асырау
2. Ауыл шаруашылығы жануарларын асырау
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылығы жануарлары арнайы оқшауланған немесе көршілерге кедергі келтірмейтіндей ыңғайландырылған аулада ұсталуы тиіс.
Тармақ 6
6. Ауыл шаруашылығы жануарларын асыраудың міндетті талаптары:
Тармақша 1
1) қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімдерде міндетті ветеринариялық-санитарлық шараларды өткізу;
Тармақша 2
2) карантин және шектеу іс-шаралары белгіленген жағдайда олардың талаптары мен шарттарын сақтау;
Тармақша 3
3) ветеринария саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді сақтау;
Тармақша 4
4) он жұмыс күнінен кешіктірмей ветеринариялық мекемеде төлді және жаңадан сатып алған ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу, сондай-ақ ветеринариялық-санитарлық шараларды жоспарлау мақсатында жаңадан сатып алынған ауыл шаруашылығы жануарларының түрі мен саны жөнінде нақты ақпарат беру;
Тармақша 5
5) ветеринар мамандарға ветеринариялық шараларды өткізу үшін қажетті жағдайлар жасау, жануарларды қарау, диагностикалау, зерттеу және емдеу-алдын алу шараларын жүргізу үшін уақтылы алып келу;
Тармақша 6
6) барлық ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз қалдырмау;
Тармақша 8
8) ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алған, жоғалтқан немесе өлім-жітімі орын алған кезде ветеринария саласындағы уәкілетті органға уақтылы хабарлау;
Тармақша 9
9) ауыл шаруашылығы жануарлары адамға және басқа жануарға зақым келтірген кезде жақын маңдағы медицина мекемесіне және ветеринар мамандарға хабарлау қажет.
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау әуе, су, темір жол және автокөлік түрлерімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. Ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің қағиданы бұзғаны үшін жауапкершіліктері
3. Ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің қағиданы бұзғаны үшін жауапкершіліктері
Тармақ 8
8. Осы қағида талаптарын бұзғаны үшін жеке немесе заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тартылады.