Об утверждении квалификационных требований к аккредитованным испытательным лабораториям (центрам) Күшін жойған
Басқа 0
Аккредиттелген сынақ зертханаларына (орталықтарына) қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Аккредиттелген сынақ зертханаларына (орталықтарына) қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік етуші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
___________ А. Исекешев
2015 жылғы 3 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 3 наурыз
Басқа 1. Аккредиттелген сынақ зертханаларына (орталықтарына) қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 4-1/55 бұйрығымен
бекітілген
Аккредиттелген сынақ зертханаларына (орталықтарына) қойылатын біліктілік талаптары
Р/с №
Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1
2
1
меншік құқығындағы, шаруашылық жүргізудегі, жедел басқарудағы немесе уақытша иеліктегі және пайдаланудағы, өрт және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін, мыналармен жарақталатын үй-жайлар:
желдету жүйесі (ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65% + 2%, ауа температурасы 21oС + 1oС)
стандартты климаттық жағдайларда мақта талшығының сынамаларын жылдам желдету қондырғысы (ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65% + 2%, ауа температурасы 21oС + 1oС)
керамикалық түс үлгілерінің жинағы бар өнімділігі жоғары өлшейтін автоматтандырылған мақта талшығын сынау жүйесі (НVІ типті)
мақта талшығының сынамаларын сақтауға арналған стеллаждар
2
меншік құқығындағы, шаруашылық жүргізудегі, жедел басқаудағы немесе уақытша иеліктегі және пайдаланудағы, мақта талшығын классерлік бағалауға арналған, өрт және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына және мынадай көрсеткіштерге жауап беретін үй-жайлар:
терезе ойықтары жоқ
люминесценттік шамдардың классерлік үстелдерден орналасу биіктігі 2,5-3,0 метр
классерлік үстелдің жұмыс бетінің жарықтылығы 500-1200 люкс
бекітілген немесе Қазақстан Республикасында қолдануға жол берілген мақта талшығының сыртқы түрінің стандартты үлгілері жиынтығымен және микроконтур индексін анықтауға арналған аспаппен жарақталған
3
тиісті арнайы білімі және өнімділігі жоғары өлшейтін автоматтандырылған мақта талшығын сынау жүйесіне (НVІ типті) қызмет көрсету бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар, өнімділігі жоғары өлшейтін автоматтандырылған мақта талшығын сынау жүйесіне (НVІ типті) функционалды және техникалық қызмет көрсетуге арналған білікті мамандар
4
тиісті арнайы білімі және мақта талшығының сапасын классерлік бағалау бойынша кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар мақта жөніндегі білікті сарапшылар (классерлер)
5
мақта талшығының сынамаларын мақта тазалау зауыттарынан жеткізуге арналған көлік құралы
Ескертпе: *өлшем құралдары Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізіледі және салыстырылып тексеріледі, бұл ретте бағдарламалық қамтымы бар өлшем құралдары «Өлшем құралдарын бағдарламалық қамтамасыз ету. Аттестаттау тәртібі. Жалпы ережелер» 2.46 ҚР СТ Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкес аттестатталады.