О признании утратившими силу некоторых постановлений Пленума Верховного Суда Казахской ССР Қолданыста
Басқа 0
Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының кейбір қаулыларының күшін жоюын тану туралы
Заңдар жиынтығындағы өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан КСР Жоғарғы Соты Пленумының төмендегі қаулылары күшін жойды деп танылсын:
Тармақ 1
1. 1983 жылғы 16 желтоқсандағы N 15-ші:
"Еңбек қатынасы барысындағы келтірген зияны үшін колхозшылар және совхоз жұмысшыларының материалдық жауапкершілігі жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесінің кейбір мәселелері туралы" қаулысы.
Тармақ 2
2. 1987 жылғы 18 желтоқсандағы N 14-ші:
"Мемлекеттік немесе қоғамдық мұқтаждар үшін жер учаскесін бөліп беруге байланысты бұзуға жатқызылған үйлерден азаматтарды шығаруды реттейтін заңдарды Қазақ ССР соттарының қолдануы жөніндегі кейбір мәселелері туралы" қаулысы .