О внесении изменений в некоторые решения Карагандинского городского маслихата Күшін жойған
Басқа 0
Қарағанды қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне осы шешімге қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Қарағанды қаласының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж.Ысқақов
2015 жылғы 25 ақпан
Басқа 3
Қарағанды қалалық мәслихатының
2015 жылғы «25» ақпандағы
XLIV сессиясының № 423 шешіміне
қосымша
Қарағанды қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Тармақ 1
1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы №363 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2898 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 162 (1396) «Взгляд на события» газетінде, 2015 жылғы 8 қаңтардағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:
мемлекеттік тілдегі 9 тармақтың 1) тармақшасы бесінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге;».
Тармақ 2
2. Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы ХХХІХ сессиясының № 338 «V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі ІІ сессиясының «Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» № 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2739 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 116 (1350) «Взгляд на события» газетінде, 2014 жылғы 29 қыркүйектегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі 3 тармақта «қолдансықа» сөзі «қолданысқа» сөзімен ауыстырылсын.