Об утверждении Правил установления ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, их частей и дериватов Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидаларын бекіту туралы «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 9-бабының 1-тармағының 49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Энергетика министрі ____________ В. Школьник 2015 жылғы 27 наурыз
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/159 бұйрығымен бекiтiлген Жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидалары «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 49) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу (бұдан әрі – шектеулер мен тыйым салу) тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Шектеулер мен тыйым салу жануарлар дүниесінің объектілерін сақтау және өсімін молайту мақсатында белгіленеді.
Тармақ 3
3. Жануарлар дүниесінің объектілерін сақтау мақсатында шектеулер мен тыйым салу олардың мекендеу аймақтарының (таралу облыстарының) географиялық, климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленеді.
Тармақ 4
4. Шектеулер мен тыйым салу:
Тармақша 1
1) аумақтылығы бойынша: Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, жекелеген аумақтық бiрлiктердiң немесе олардың бөлiктерiнің әкімшілік шекараларында, сондай-ақ жекелеген аңшылық алқаптарда және (немесе) оның учаскелерінде;
Тармақша 2
2) мерзiмі бойынша: тұрақты түрде (қолданылу мерзiмдерiн көрсетпестен), белгiлi бiр мерзiмдерге, не болмаса белгіленген мерзімді ауыстыруға;
Тармақша 3
3) жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын олжалау әдiстерiн, тәсiлдерiн және құралдарын қолдану бойынша;
Тармақша 4
4) жануарлардың жекелеген түрлерiн немесе топтарын, олардың белгiлi бiр тараламдарын алу нормаларын шектеу және өзгерту қажеттiгi туындаған кезде жануарлардың түрлерi бойынша не жынысы немесе жасы бойынша;
Тармақша 5
5) жануарлар дүниесiн объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдаланушылар санын шектеу бойынша белгіленеді.
Тарау 2. 2. Шектеулер мен тыйым салуды белгілеу тәртібі
2. Шектеулер мен тыйым салуды белгілеу тәртібі
Тармақ 5
5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) биологиялық негіздемелер түрінде ғылыми ұйымдар берген ұсынымдардың түсуіне қарай шектеулер мен тыйым салуларды белгілеудің, сондай-ақ оларды түзетудің орындылығын қарайды.
Тармақ 6
6. Ведомство жануарлар дүниесінің объектілерін сақтауға, сондай-ақ олардың мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған шектеулер мен тыйым салу бойынша ұсыныстарды ескереді.
Тармақ 7
7. Жергілікті атқарушы орган биологиялық негіздеменің мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізеді.
Тармақ 8
8. Шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу, сондай-ақ оларды түзету қажет орынды болған жағдайда ведомство мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар енгізу туралы шешім қабылдайды, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді. Ведомствоның аумақтық бөлімшелері жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға тыйым салу мерзімін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қайсыбір жағына күнтізбелік он бес күнге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 9
9. Белгіленген шектеулер мен тыйым салудың орындалуын бақылауды ведомство мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.