Об утверждении порядка проведения республиканского форума молодежи Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Республикалық жастар форумын өткізу тәртібін бекіту туралы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған республикалық жастар форумын өткізу тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаменті (Р.С. Кәрібжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуір № 233 бұйрығымен бекітілген Республикалық жастар форумын өткізу тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Республикалық жастар форумын өткізу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық жастар форумын өткізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Республикалық жастар форумы (бұдан әрі – Форум) – жалпыұлттық деңгейде мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылды қалыптастыру мақсатында өткізілетін өңірлік форумдарда сайланған жастар өкілдерінің форумы.
Тармақ 3
3. Форум өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Тәртіпті басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Форумның мақсаты, міндеттері және функциялары
2. Форумның мақсаты, міндеттері және функциялары
Тармақ 4
4. Форумның мақсаты мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың жастармен және жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылының жалпыұлттық деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 5
5. Форумның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар мен жастар, жастар ұйымдары арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша шешім қабылдауға жастардың қатысуына мүмкіндік беру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауды қамтамасыз ету және оны жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Тармақ 6
6. Форумның негізгі функцияларына:
Тармақша 1
1) «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын талқылау;
Тармақша 2
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша есептерін тыңдау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар енгізу жатады.
Тарау 3. 3. Форумды өткізу тәртібі
3. Форумды өткізу тәртібі
Тармақ 7
7. Форумды дайындау және өткізуді ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Ұйымдастыру комитетін мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) уәкілетті органның, орталық атқарушы органдардың, жастар ұйымдарының өкілдерінен қалыптастырылады. Ұйымдастыру комитеттің құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі. Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды және оннан астам адамды қамтиды. Ұйымдастыру комитетін төраға, ол болмаған кезде төрағаның орынбасары басқарады. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы ұйымдастыру комитетінің құрамына кіреді. Ұйымдастыру комитеті Форумды өткізу мерзімі уақытына қалыптастырылады.
Тармақ 8
8. Форум екі жылда кемінде бір рет шақырылады.
Тармақ 9
9. Форумда шешімдер қабылдау Форум делегаттарының ашық дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Форум делегаттарының құрамын қалыптастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен әділет органдарында тіркелген жастар ұйымдарының қатысуымен облыстарда, республикалық маңыздағы қалада және астанада өңірлік форумдарда жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Делегациялардың сандық құрамы Қазақстан Республикасы жастарының жалпы санынан әр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жастары санының пайыздық арақатынасына байланысты қалыптастырылады. Форумға қатысу үшін жастар ұйымдарын Форум делегаттарының жалпы санының 10 пайыздан аспайтын көлемінде қосымша шақыра алады.
Тарау 4. 4. Қорытынды ережелер
4. Қорытынды ережелер
Тармақ 16
16. Форумда қабылданатын шешімдер ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 17
17. Форумда қабылданған ұсынымдар тиісті хаттамамен ресімделеді.