Об утверждении Правил реализации экологических (зеленых) инвестиций Күшін жойған
Басқа 0
Экологиялық (жасыл)
инвестицияларды
іске асыру қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалауы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
19 наурыз 2015 жыл
Басқа 9
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 224 бұйрығымен
бекітілген
Экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) белгіленген мөлшер бірлігі – Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы үшін парниктiк газдар шығарындыларының көлемін айқындауға пайдаланылатын көміртегі бірлігі;
Тармақша 2
2) белгіленген мөлшер резерві – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қалыптастыратын, экологиялық (жасыл) инвестициялар схемасын іске асыру мақсаттары үшін қажетті белгіленген мөлшер бірлігінің көлемі;
Тармақша 3
3) көмiртегi бiрлiгi – көмiртегi қостотығының бiр тоннасына барабар есептiк бiрлiк;
Тармақша 4
4) экологиялық (жасыл) инвестициялар – бiрлiктердiң белгiленген мөлшерiн беруден, парниктiк газдар шығарындыларына квоталарды парниктiк газдар шығарындыларын азайтуға немесе сiңiрiлуiн арттыруға бағытталған жобаларға (бұдан әрі – жобалар), бағдарламаларға және iс-шараларға бөлудiң ұлттық жоспарындағы квоталар көлемiнiң резервiн басқарудан алынған қаражатты инвестициялау.
Тармақ 3
3. Белгіленген мөлшер резерві уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымының (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) басқаруына беріледі.
Тармақ 4
4. Ведомстволық бағынысты ұйым экологиялық (жасыл) инвестициялар шеңберінде көміртегі бірліктерімен жүргізілетін операцияларды уәкілетті органмен келіседі.
Тармақ 5
5. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының квота көлемі резервін басқарудан және белгіленген мөлшер бірліктерін беруден түскен қаражат Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударылуға жатады.
Тармақ 6
6. Экологиялық (жасыл) инвестициялар шеңберіндегі жобаларды инвестициялау бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлемінде және резервтен белгіленген мөлшер бірліктерін қолданудан немесе іске асырудан алынған қаражат көлемінде жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру тәртібі
2. Экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру тәртібі
Тармақ 7
7. Экологиялық (жасыл) инвестициялар бойынша ұсыныстар уәкілетті орган белгілеген мөлшер резервінің көлемін алдын ала зерттеу мен анықтау негізінде қалыптастырылады.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру үшін климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарға сәйкес оның белгіленген мөлшерінің белгілі бір бөлігіне (бөліктеріне) құқықты қайта табыстау мүмкіндігі туралы ұсыныстар береді.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган ұсынған ұсыныстар негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен парниктік газдар шығарындыларының саудасы бойынша халықаралық шарт жасалады.
Тармақ 10
10. Парниктік газдар шығарындыларымен сауда жасасу бойынша халықаралық шарттың қорытындыларын алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган және оның ведомстволық бағынысты ұйымы экологиялық (жасыл) инвестициялар шеңберінде іске асырылатын жобаларды іріктеу бойынша конкурс өткізетіні туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстарда орналастырады.
Тармақ 11
11. Конкурсқа заңды тұлғалар қатысады.
Тармақ 12
12. Конкурсқа қатысу үшін ведомстволық бағынысты ұйымға парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша немесе олардың сіңірілуін арттыру бойынша қызметті қарастыратын жобалар ұсынылады.
Тармақ 13
13. Жобаға өтініш беруші еркін нысанда конкурсқа қатысуға өтінішті және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 маусымда № 7730 тіркелді) Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидаларына сәйкес жобалық құжаттаманы ведомстволық бағынысты ұйымға береді.
Тармақ 14
14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттар конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде қабылданады.
Тармақ 15
15. Ведомстволық бағынысты ұйым өтініш беруші ұсынған барлық жобаларды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады және жобалық құжаттаманы қарайды.
Тармақ 16
16. Конкурс бойынша жобаларды іске асыру үшін мыналар басым салалар болып табылады:
Тармақша 1
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру;
Тармақша 2
2) энергияның жаңартылатын көздерін пайдалануды қолдау;
Тармақша 3
3) орманды қайта қалпына келтіру және орман өсіру;
Тармақша 4
4) парниктік газдар шығарындыларын азайтатын энергия көздеріне өту;
Тармақша 5
5) қалдықтардың түзілуін төмендету және кәдеге жарату арқылы парниктік газдар шығарындыларын азайту.
Тармақ 17
17. Жобалар бойынша берілген өтініштер мен жобалық құжаттама негізінде ведомстволық бағынысты ұйым жобалар тізбесін (бұдан әрі – тізбе) құрады және құжаттарды қабылдау аяқталған кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қарауға жолдайды.
Тармақ 18
18. Уәкілетті орган тізбе түскен кезден бастап он жұмыс күн ішінде жобаны қарайды және жобаны инвестициялауды мақұлдау немесе бас тарту туралы шешім шығарады.
Тармақ 19
19. Жобаны мақұлдау туралы шешімді уәкілетті органмен сарапшылығының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 841 қаулысымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидаларына сәйкес қабылдайды.
Тармақ 20
20. Өтініш беруші осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген тиісті емес түрде дайындалған немесе дәйексіз мәліметтерден жобалық құжаттама ұсынған жағдайда жобаны инвестициялаудан бас тартылады. Уәкілетті орган өтініш берушіге жобаны инвестициялаудан бас тарту туралы хабарламаны шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жолдайды.
Тармақ 21
21. Мақұлданған жобалар тізбесі уәкілетті органның және ведомстволық бағынысты ұйымының интернет-ресурстарында жоба туралы мынадай мәліметтерді енгізе отырып орналастырылады:
Тармақша 1
1) жобаның атауы және жалпы сипаттамасы;
Тармақша 2
2) жобаға өтініш беруші туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі;
Тармақша 4
4) жоба бойынша парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе олардың сіңірілуін ұлғайтудың өтініш берілген көлемі.
Тармақ 22
22. Осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес республикалық бюджеттен қаражат бөлінгеннен кейін уәкілетті орган жиырма жұмыс күн ішінде бөлінген қаражат көлемін ескере отырып, тізбедегі жобалардың кезектілігіне сәйкес жобаларды инвестициялау туралы шартқа қол қояды.