Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к объектам коммунального назначения» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ____________Т. Дүйсенова 2015 жылғы « » _________
Басқа 1. «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) коммуналдық мақсаттағы объектілерді жобалауға, орналастыруға, сумен жабдықтауға, су бұру жолдарына, жарықтандыруға, желдетуге, үй-жайларды, жабдықтарды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Санитариялық қағидалар жобаланатын, салынып жатқан, реконструкцияланатын және жұмыс істеп тұрған коммуналдық мақсаттағы объектілерге қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
Тармақша 1
1) арнайы киім – жұмыскерді сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғауға арналған арнайы әзірленген киім және жұмыс істеу үшін қажетті сипаттарды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) коммуналдық мақсаттағы объектілер (бұдан әрі – объектілер) әлеуметтік мақсаттағы, тұрмыстық қызмет көрсету және халыққа қызмет көрсететін объектілер: қонақ үйлер, жатақханалар, моншалар, хауыздар, жүзу бассейндері, кір жуу орындары, химиялық тазарту (бұдан әрі - химтазарту), шаштараз және косметикалық қызметтер;
Тармақша 3
3) косметикалық қызметтер – коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы мекемелерде және спорттық-сауықтыру мекемелеріндегі көрсетілетін медициналық бақылауды қажет етпейтін косметикалық рәсімдер;
Тармақша 4
4) косметикалық рәсімдер - косметикалық ахаулықтарды емдеу және олардың алдын алуға бағытталған шаралар, сондай ақ шаш түсу және тері қартаюының алдын алу. Емдік косметологиялық рәсімдерді дәрігер-дерматолог орындайды, ал кейбіреулерін мейірбикелер орындайды, мейірбикелер орындайтын косметологиялық рәсімдерді дәрігердің тағайындауымен және оның қадағалауымен және басшылығымен жүзеге асырылады;
Тармақша 5
5) косметологиялық кабинет – денсаулық сақтау ұйымдарындағы косметологиялық қызмет көрсететін үй-жай;
Тармақша 6
6) солярий (косметологияда) – косметикалық тері күюін алу мақсатында қолданылатын жасанды ультракүлгін сәулелендіру қондырғысы, сондай-ақ осы қондырғылар орнатылған үй-жай.
Тарау 2. 2-тарау. Жалпы санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
2-тарау. Жалпы санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 4
4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда объектілердің құрылысын жүргізуге, реконструкциялауға және пайдалануға беруге жол беріледі.
Тармақ 5
5. Объектілер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін санитариялық-қорғаныш аймағын белгілейді.
Тармақ 6
6. Объектінің аумағы қоршалады, абаттандырылады, көгалдандырылады, жарықтандырылады және тазалықта күтіп-ұсталады. Аумақты жинау күн сайын жүргізіледі, адамдар немесе көліктер қозғалысы орындарына жылдың жылы кезеңінде су себіледі, қысқы уақытта қар мен мұздан тазартылады.
Тармақ 7
7. Жобалау кезінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың (мүгедектердің) қол жеткізуі үшін пандустар көзделеді.
Тармақ 8
8. Объектілердің ғимараттары жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, желдету, ауа баптау жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен тиісті санитариялық қағидаларға сәйкес судың берілуін қамтамасыз етеді. Су бұру жүйелері сарқынды судың қауіпсіз ағуын қамтамасыз етеді. Санитариялық-техникалық желілер, құрылғылар мен аспаптар жарамды күйде болады.
Тармақ 9
9. Кәріз жүргізілмеген аудандарда ғимаратқа 25 метрден (бұдан әрі – м) жақын емес қашықтықта су өтпейтін шұңқыры бар аулалық дәретхана көзделеді. Қазылған шұңқырлар, септиктер көлемінің кемінде үштен екі бөлігі толған соң, уақтылы тазаланып, дезинфекцияланады. Жергілікті тазарту құрылғылары өндірушінің техникалық құжаттамасына сәйкес жабдықталады.
Тармақ 10
10. Табиғи және жасанды жарықтандыру деңгейі, сондай-ақ жұмыс орындарының ауасындағы зиянды заттар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен санитариялық қағидаларға сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 11
11. Адамдар тұрақты болатын үй-жайларда табиғи желдету және табиғи жарықтандырылумен қамтамасыз етіледі. Үй-жайларды және баспалдақ алаңдарын желдету ашылатын терезе және есік ойықтары арқылы, табиғи жарықтандыру терезе ойықтары арқылы қамтамасыз етіледі. Барлық өндірістік және қосалқы үй-жайлар жасанды жарықтандырылумен қамтамасыз етіледі. Жарықтандыру аспаптары ластанудан уақтылы тазартылады, күйген шамдар ауыстырылады. Шырақтар қорғаныш плафондарымен тұмшаланып жабылады.
Тармақ 12
12. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен санитариялық қағидаларға сәйкес артық шу, діріл, ультракүлгін, инфрақызыл, электромагниттік сәулелену көзі болып табылатын жабдықтарды пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 13
13. Үй-жайларды тікелей функционалдық мақсатынан тыс пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 14
14. Объектілердің барлық үй-жайларында жуу, тазарту құралдарын қолдана отырып, күн сайын ылғалды жинау жүргізіледі. Дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, 7 күн сайын бір реттен сиретпей күрделі жинау жұмыстары жүргізіледі. Жинау мүкәммалы таңбаланады және үй-жайлардың функционалдық мақсатына қарай қолданылады, сөрелермен немесе стеллаждармен жабдықталған, арнайы бөлінген орында (үй-жайда) сақталады. Дәретханаларға арналған жинау мүкәммалы бөлек сақталады.
Тармақ 15
15. Пайдаланылған төсек жабдықтары мен жұмыс киімдерін жуу кір жуатын орындарда немесе ыстық және суық су келтірілген, бөлінген үй-жай, арнайы жабдық болған жағдайда тікелей объектілерде жүргізіледі. Жеке кір жуатын орынды жабдықтаған жағдайда, кір және таза заттардың қарсы ағымы мен қиылысуына жол бермейтін жуу технологиялық процестердің реттілігі (ағындылығы) сақталады.
Тармақ 16
16. Дезинфекциялау ерітінділері заттың атауы, ерітіндінің қоюлануы мен дайындау мерзімі көрсетілген таңбасы бар ыдыстарда сақталады. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген дезинфекциялау ерітінділері дезинфекциялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес берілген қоюлыққа сәйкес дайындалады.
Тармақ 17
17. Дератизациялау және дезинсекциялау бойынша іс-шараларды осы қызмет түрімен айналысуға лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар орындайды. Дератизациялау және дезинсекциялауды жүргізу мерзімі, қолданылатын құралдардың атауы мен мөлшері объектілердің есепке алу құжаттамасында тіркеледі.
Тармақ 18
18. Объектілерде жұмыскерлерге арналған демалу және ас ішу бөлмелері (орындары), жеке және арнайы киімдерді бөлек сақтауға арналған жағдайлар, себезгі бөлмесі мен дәретхана көзделеді.
Тармақ 19
19. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайлар қол жууға арналған раковиналармен жабдықталады.
Тармақ 20
20. Үй-жайды әрлендіруде орын алған ақаулықтар (сынған қаптау плиткалары, линолеумнің және басқа да жабындар мен құралдардың тұтастығының бұзылуы) бірден қалпына келтіріледі.
Тармақ 21
21. Ғимаратқа кіреберісте қоқысқа арналған урналар, аяқ-киімді тазалау үшін торлар орнатылады.
Тармақ 22
22. Қоқысты жинау үшін қатты жабыны бар алаңда орнатылған контейнерлер қолданылады, алаң тұрғын үй ғимараттарынан, балаларға арналған ойын алаңдарынан, демалу және спортпен айналысу орындарынан 25 метрден жақын емес (бұдан әрі – м) және 100 м.-ден алыс емес қашықтықта орналастырылады. Үш жағынан 1,5 м. биіктікте қоршалады.
Тармақ 23
23. Үй-жайларды, аумақты жинаумен айналысатын жұмыскерлер арнайы киіммен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 24
24. Объект басшылығы жұмысқа орналасу алдында алдын ала және міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан, гигиеналық оқудан өтуді қамтамасыз етуге міндетті. Жұмысқа рұқсаты бар жеке медициналық кітапшалар жұмыс орындарында сақталады.
Тармақ 25
25. Жұмыс орны болып табылатын үй-жайларда темекі шегуге тыйым салынады. Темекі шегуге тыйым салынған орындарда темекі шегуге тыйым салынатындығы туралы белгі орнатылады.
Тарау 3. 3-тарау. Қонақ үйлерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3-тарау. Қонақ үйлерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 26
26. Қонақ үйлер бөлек тұрған ғимараттарда орналастырылады немесе көп функциялы ғимараттар және жеке кіретін есігі бар өзге мақсаттағы ғимараттар құрамына енуі мүмкін.
Тармақ 27
27. Көп функциялы ғимараттар құрамындағы қонақ үйлерді жобалау кезінде және қонақ үйлердің үй-жайлары басқа да ұйымдармен біріктірілген жағдайда, қонақ үйлер жоспарлы түрде бөлектенеді, оқшауланады және жеке кіру есіктерімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 28
28. Қонақ үйлердің тұрғын жайларын жертөледе және төменгі қабаттарда орналастыруға тыйым салынады.
Тармақ 29
29. Үш және одан көп қабатты қонақ үйлер ғимараттарында қоқыс салғыш құбырлар жобаланады. Қоқыс салғыш құбырлардың өзегі құрылыс конструкцияларынан ауа және дыбыс өтпейтіндей оқшауланып жабдықталады және адамдар тұрақты тұратын тұрғын және қызмет үй-жайларына жапсарлас салынбайды. Қоқыс жинау камерасын тұрғын бөлмелердің немесе олармен іргелес және үнемі адамдар болатын үй-жайлардың астына орналастыруға тыйым салынады.
Тармақ 30
30. Қонақ үйлердің нөмірлерінде санитариялық торап, киім ілетін орындар көзделеді. Тұру алаңы бір тұрғынға шаққанда кемінде 6 шаршы метрді (бұдан әрі – м2) құрайды.
Тармақ 31
31. Тұрғын үй-жайлардың шудан оқшаулануы сақталған жағдайда қонақ үйлердің тұрғын қабаттарында қоғамдық тамақтану үй-жайларын (барлар, кафелер, буфеттер) орналастыруға жол беріледі.
Тармақ 32
32. Қонақ үйлердің нөмірлері мен баспалдақ алаңдары табиғи және жасанды жарықтандырылумен қамтамасыз етіледі. Қонақ үй үй-жайларының ең аз жарықтандырылу нормалары осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
Тармақ 33
33. Қонақ үйлер ғимараттарында ауа баптау жүйесі болмаған жағдайда сору-сыртқа тарату желдеткіші көзделеді.
Тармақ 34
34. Қонақ үйлердің дәретханалары жуынатын раковиналармен, қол сүртуге арналған электр сүлгімен немесе жеке майлықтармен, жуғыш құралмен, дәретхана қағазын ұстағышпен, унитаз тазалау үшін сыйымдылыққа салынған щеткамен, қоқысқа арналған себетпен жабдықталады.
Тармақ 35
35. Қонақ үйлердің нөмірлері мен ортақ пайдаланылатын орындарында күн сайын ылғалды жинау және желдету жұмыстары жүргізіледі. Кілем бұйымдары шаңнан тазартылады, жұмсақ жиһаздар шаңсорғышпен немесе арнайы щеткамен тазартылады. Дәретханаларды жинау жұмыстары нөмірдің барлық басқа аймақтарын жинау аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 36
36. Қонақ үйдегі нөмірлер мен ортақ пайдалану орындарын күрделі жинау кемінде айына бір рет жүргізіледі.
Тармақ 37
37. Ванналар, унитаз отырғыштары мен қақпақтары, биде, су ағызу және дәретхана есіктерінің тұтқалары күн сайын дезинфекциялау ерітіндісімен өңделеді. Дәретханалардың унитаздары және писсуарлары дезинфекциялау ерітіндісімен өңделген арнайы щетканың (ерштердің) көмегімен дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып тазартылады және сумен шайылып, жуылады.
Тармақ 38
38. Қонақ үйдің жұмыскерлері арнайы киіммен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 39
39. Қонақ үйде тұратындар үшін бір орынға кемінде төрт төсек жабдығының жиынтығы көзделеді. Қонақ үйлердегі төсек жабдықтары мен сүлгілерді ауыстыру күн сайын жүргізіледі. Тұрған қонақтар нөмірден кеткеннен кейін ылғалды жинау жүргізіледі.
Тармақ 40
40. Әрбір бөлме жинаушы таза және пайдаланылған төсек жабдықтарын, нөмірлерді жинау құралдарын тасымалдауға арналған арбалармен, қоқыс жинауға арналған, бір рет қолданылатын полиэтилен пакеттермен қамтамасыз етіледі. Арбаларды жабдықтау жеке үй-жайда жүргізіледі, пайдаланылған төсек жабдықтары пакеттерге және қаптарға жиналады. Таза төсек жабдықтары ашық күйде тасымалдауға жол берілмейді.
Тарау 4. 4-тарау. Жатақханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
4-тарау. Жатақханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 41
41. Жатақханаларды жобалау және салу кезінде дәлізді жүйедегі тұрғын бөлмелер 10 бөлмеден аспайтын және пәтерлі жүйедегі 3 бөлмеден аспайтын блоктарға топталады. Әр блокта бірнеше блокқа ортақ болуы мүмкін ас үйі мен санитариялық торап, себезгі бөлмелері көзделеді.
Тармақ 42
42. Жатақхана ғимараттарында:
Тармақша 1
1) тұрғын бөлмелердің үстіңгі қабаттарында және оларға тікелей жапсарлас санитариялық тораптар, қол жуғыштар, себезгі бөлмелерін орналастыруға;
Тармақша 2
2) тұрғын үй-жайлар астында қоқыс камерасын орналастыруға;
Тармақша 3
3) қоқыс салғыш құбырлар мен электр қалқандарын тұрғын бөлмелерге жанастыруға;
Тармақша 4
4) санитариялық-техникалық аспаптарды тұрғын бөлмелердің қоршау қабырғаларына тікелей бекітуге тыйым салынады.
Тармақ 43
43. Жатақханалардың тұрғын бөлмелерінің алаңы бір адамға шаққанда 6,0 м² кем болмауы тиіс.
Тармақ 44
44. Көп қабатты жатақханалардағы қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, атап айтқанда дәретханалар, қол жуатын бөлмелер, кір жууға және кептіруге арналған үй-жайлар, ортақ ас үйлер, жинау мүкәммалын сақтауға арналған үй-жайлар (орын) әр қабатта орналастырылады.
Тармақ 45
45. Медициналық пункт үй-жайлары 1-қабатта орналастырылады, мәдени-көпшілік іс-шараларға, тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар 1 немесе 2-қабаттарда тұрғын үй-жайлардан оқшау орналастырылады.
Тармақ 46
46. Кір жуу бөлмелері дәлізден шлюз арқылы бөлектенеді, суық су мен ыстық су жүргізілген ванналармен, ылғалға төзімді жабыны бар орындықтармен немесе үстелдермен, стеллаждармен, легендермен; кір және киім кептіруге арналған үй-жайлар кірді кептіруге және үтіктеуге арналған құрылғылармен жабдықталады.
Тармақ 47
47. Ас үйлер плиталармен, жуу ұяшығымен, үстелдермен жабдықталады.
Тармақ 48
48. Кір жууға және кептіруге арналған үй-жайлар, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар механикалық сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.
Тармақ 49
49. Объектілердің үй-жайларындағы салыстырмалы ылғалдылық пен ауа қозғалысының жылдамдығы, температурасы мен ауа алмасу жиілігінің параметрлері осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада белгіленген.
Тармақ 50
50. Жатақханалардың барлық тұрғын үй-жайлары, сондай-ақ ортақ дәліздері мен холлдары табиғи жарықтандырылумен қамтамасыз етіледі. Санитариялық тораптарды, себезгі бөлмелерін, қоймалар мен адамдар аз уақыт болатын басқа да қосалқы үй-жайларды табиғи жарықсыз орналастыруға жол беріледі.
Тармақ 51
51. Терезе әйнектері таза күтіп-ұсталады, ластануына байланысты тазартылады.
Тармақ 52
52. Жатақханалардың үй-жайларында қоқысқа арналған урналар, ас үйлерде тағам қалдықтарына арналған қақпағы тығыз жабылатын, толуына байланысты тазартылатын сыйымдылықтар қойылады. Ортақ қолданылатын үй-жайлар мен дәліздерге қоқыс шығаруға және қалдықтар салынған сыйымдылықтарды сақтауға жол берілмейді.
Тармақ 53
53. Жұмсақ мүкәммал (матрацтар, көрпелер, жастықтар) эпидемиялық айғақтары бойынша дезинфекцияланады. Матрацтардың ластануына қарай жуылатын ауыстырмалы сыртқы тыспен қамтамасыз етіледі. Төсек жабдықтары ластануына қарай, бірақ кемінде күнтізбелік 7 күнде бір рет ауыстырылады.
Тармақ 54
54. Төсек жабдықтарының қосымша жиынтығы (матрацтардың тыстары, жастықтар, көрпелер) бөлек шкафтарда (стеллаждарда) сақталады.
Тарау 5. 5-тарау. Моншалар мен хауыздарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
5-тарау. Моншалар мен хауыздарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 55
55. Моншалар мен хауыздар жеке тұрған ғимараттарда немесе жеке кіретін есігі болған жағдайда кір жуу орнымен бір ғимаратта, сондай-ақ қоғамдық ғимараттар мен өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрмыстық корпустарында орналастырылады.
Тармақ 56
56. Монша және хауыз үй-жайларының құрамына: киім ілетін орны бар вестибюль, бөлмесі, санитариялық тораптар, жуынып-шайыну, себезгі бөлмелері, бу қабылдау бөлмесі, жұмыскерлерге арналған тұрмыстық үй-жайлар, жуу және дезинфекциялау құралдарын, жинау мүкәммалын сақтауға арналған қоймалар кіреді.
Тармақ 57
57. Моншаларда қосымша орындар болған жағдайда, шаштараз, массаж, косметикалық кабинеттерді, қоғамдық тамақтану объектілерін, жеке гигиена заттары мен басқа да тауарларды сатуға арналған дүңгіршектерді, жеке заттарды сақтау қоймаларын орналастыруға жол беріледі. Шаштараз, массаж, косметикалық кабинеттерді, қоғамдық тамақтану объектілерін, жеке гигиена заттары мен басқа да тауарларды сатуға арналған дүңгіршектерді, жеке заттарды сақтау қоймаларын құралдармен жабдықтау және әрлеу жұмыстары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен санитариялық қағидаларға сәйкес орындалады.
Тармақ 58
58. Моншаларда ауа айналымынсыз ішке сору желдеткішімен біріктірілген ауа арқылы жылумен жабдықтау құрылғысын орнатуға жол беріледі. Сыйымдылығы 200 және одан да көп орындық моншаларда сору-сыртқа тарату желдеткіші көзделеді.
Тармақ 59
59. Бу қабылдау үй-жайларында ауа температурасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында термометр көзделеді.
Тармақ 60
60. Терезе ойықтарында ашылатын фрамугалар немесе желкөздер көзделеді.
Тармақ 61
61. Моншалар мен хауыздарда жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалған қатты жартылай қатты және жиһаздар, шешіну-киіну және себезгі бөлмелерінде резеңке кілемшелер қолданылады. Ағаш траптарды пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 62
62. Жуыну үшін жоғары температура әсеріне төзімді және оңай жуылатын және өңделетін легендер қолданылады. Жуыну үшін ағаш легендер қолдануға жол берілмейді.
Тармақ 63
63. Моншалар мен хауыздарда жеке қолдану үшін және пакеттерде берілетін таза және құрғақ заттар (ақжаймалар, сүлгілер) пайдаланылады. Таза заттар пайдаланылғандардан бөлек сақталады.
Тармақ 64
64. Моншалар мен хауыздардың үй-жайларында тазалық сақталады. Кәріз траптарының бітеліп қалуына және еденде лас судың жиналуына жол берілмейді.
Тармақ 65
65. Әр келушіден кейін резеңке аяқ-киім фунгицидтік әсері бар дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Резеңке бұйымдарды өңдеу үшін таңбаланған сыйымдылықтар бөлінеді. Дезинфекциялаудан кейін аяқ киім кептіріліп, пакеттерге салынып беріледі.
Тармақ 66
66. Жуыну бөлімшелеріндегі легендерді, ванналарды өңдеу үшін дезинфекциялау ерітінділері бар сыйымдылықтар, тазартушы заттар, щеткалар мен шүберектер көзделеді. Легендер, ванналар дезинфекцияланады және сумен шайылады.
Тармақ 67
67. Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды желдету, үй-жайларды, мүкәммалды және жабдықтарды жинау, дезинфекциялау жүргізіледі.
Тармақ 68
68. Бу қабылдау бөлмесін қоспағанда, моншалар мен хауыздардың үй-жайлары қоқыс салатын урналармен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 69
69. Монша мен хауыздарда жуынып-шайыну және себезгі бөлмелерінде кір жууға және кір кептіруге, моншаның пайдаланылуына қатысы жоқ заттар мен құралдарды сақтауға тыйым салынады.
Тарау 6. 6-тарау. Жүзу бассейндеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
6-тарау. Жүзу бассейндеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 70
70. Бассейндер бөлек тұрған ғимараттарда, қоғамдық ғимараттарға жапсарлас салынған (немесе ішіне салынған) үй-жайларда орналастырылады. Бассейндер тұрғын ғимараттарда орналастырылған жағдайда қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 71
71. Аквапарктер тұрғын, саябақ немесе рекреациялық аймақта оқшау тұрған аумақта орналастырылады.
Тармақ 72
72. Бассейн үй-жайларының құрамына: киім ілетін орны бар вестибюль, ерлер мен әйелдерге арналған шешіну-киіну орындары, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, ваннасы бар зал, персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар, спорт мүкәммалын сақтауға арналған қоймалар, жинау мүкәммалын, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған қоймалар, әкімшілік үй-жайлар, медициналық персоналға арналған кабинет кіреді.
Тармақ 73
73. Бассейн үй-жайларының ішін жоспарлау келушілер (шешіну-киіну орны-себезгі бөлмесі-бассейн ваннасы) қозғалысының реттілігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 74
74. Бассейн ванналарының көлемі бассейнге келуші ересектер үшін бір адамға шаққанда кемінде 5 м2, балалар үшін кемінде 4м2 болуы тиіс.
Тармақ 75
75. Шешіну-киіну орындары киім сақтауға арналған жеке шкафтармен және отыруға арналған орындықтармен жабдықталады.
Тармақ 76
76. Айналма жолдар, бассейн ваннасының қабырғалары мен түбі су өтпейтін материалдардан жасалады, ванна зал құрылысының ішкі беті ылғалға төзімді материалдардан жасалады. Айналма жолдардың бассейн ваннасының түбінің жабын материалдары оларды тазалау және дезинфекциялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, қолданылатын химиялық реагенттер мен дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді болады.
Тармақ 77
77. Себезгіден бассейн ваннасына дейінгі жүретін жолда ағынды сулы аяқ ванналар орналастырылады, олардың көлемі айналып өту мүмкіндігін болдырмайды. Бассейннің себезгі бөлмесінен айналып өту жолына тікелей шығатын жағдайда аяқ ваннасының болмауына жол беріледі.
Тармақ 78
78. Бассейн себезгілері өтпелі болуы және шешінетін орыннан айналма жолына баратын бағытта орналасады, кабиналармен, жеке араластырғыштармен, ыстық және суық су желісімен, гигиена заттарына, сүлгілер мен жөкелерге арналған құрылғылармен жабдықталады.
Тармақ 79
79. Судың ластанған жоғарғы қабатын тазарту суды ауыстырып құятын науалармен су бұру жүйелеріне жіберу арқылы жүргізіледі.
Тармақ 80
80. Теңіз суымен толтырылған бассейндер үшін су алу орнын таңдау, нөсерлі жаңбыр суынан және сарқынды судан, өзендерден, порттардан, айлақтар мен жағажайлардан шығатын ластанған су көздерінің әсерінен тыс жердегі теңіз учаскесінің санитариялық жағдайы және судың сапасы ескеріле отырып жүргізіледі.
Тармақ 81
81. Бассейндерде рециркуляциялық немесе су ауыстырудың ағынды жүйесі қолданылады немесе бір мезетте бассейнді дезинфекциялай отырып, күнтізбелік 7 күнде кемінде бір рет судың толық ауыстырылуы қамтамасыз етіледі. Теңіз суымен толтырылған бассейндерде рециркуляциялық жүйені пайдалануға жол берілмейді. Спорттық-сауықтыру бассейндерінде су алмастырудың рециркуляциялық жүйесі, шағын бассейндерде (ванна көлемі 70 м аспаса) судың толассыз ағысы қолданылады.
Тармақ 82
82. Рециркуляциялық ауыстыру жағдайында бассейн жұмысының әрбір 8 сағатқа есептегенде кемінде 10 пайыз (бұдан әрі - %) су құбырының таза суын үздіксіз қоса отырып, су тазаланады және зарарсыздандырылады.
Тармақ 83
83. Суды тазалау, зарарсыздандыру және тарату құрылыстары жұмыстың тиімділігімен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Әрбір ванна өзінің реагенттерді автоматты түрде дозалауды және судың тұрақты температурасын қамтамасыз ететін су дайындау жүйесімен жабдықталады.
Тармақ 84
84. Ванналарға жіберілетін су зарарсыздандырылады (хлорлану, бромдалу, озондалу, ультракүлгінді сәулелендіру).
Тармақ 85
85. Суы үздіксіз ағатын бассейндерде зарарсыздандырудың физикалық әдісі (ультракүлгінді сәулелендіру) қолданылады.
Тармақ 86
86. Ванналар оған жұмсалатын, рециркуляция жүйесіне түсетін, қосылатын таза су шығындарын есептейтін өлшеуіштермен, зерттеу үшін су сынамасын алуға арналған шүмектермен жабдықталады.
Тармақ 87
87. Ванна түбі су бұру желісінен төмен орналасқан жағдайда ваннаны босату сорғының көмегімен жүзеге асырылады.
Тармақ 88
88. Су бұру жүйесінен ванналарға су ағынының кері ағып келуіне жол берілмейді.
Тармақ 89
89. Жабық жүзу бассейндерінің негізгі үй-жайлары микроклиматының параметрлеріне қойылатын талаптар осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада белгіленген.
Тармақ 90
90. Бассейн ванналарының залдары, дайындық сабақтарына арналған залдар, хлорлау немесе озондау үй-жайлары сору және сыртқа тарату желдеткішінің жеке жүйелерімен жабдықталады.
Тармақ 91
91. Жүзушілердің тыныс алу аймағындағы ауадағы бос хлордың шоғырлануы бір текше метрге 0,1 миллиграммнан (бұдан әрі - мг/м3), озон - 0,16 мг/м3 аспауы тиіс.
Тармақ 92
92. Ваннасы бар бассейн залы табиғи жарықтандырылумен қамтамасыз етіледі. Жарық ойықтарының көлемі су үсті көлемін қоса алғандағы бассейн үй-жайлары көлемінің 20 %-нан кем болмайды. Жарық ойықтарының басым бөлігі фрамугалармен немесе желкөздермен жабдықталады.
Тармақ 93
93. Су бетінің неғұрлым аз жарықтандырылуы 100 люкс (бұдан әрі - лк), суға секіру бассейндерінде - 150 лк., су добы үшін 200 лк. құрайды. Барлық бассейндерде іске қосылған жарықтандырудан басқа су бетін 5 лк. кем емес жарықтандыруды қамтамасыз ететін автономды авариялық жарықтандыру көзделеді.
Тармақ 94
94. Күрделі және ағымдағы жөндеулер, инженерлік жабдықтарды ауыстыру, суды ағызу және ваннаға жаңа су толтыру олардың санитариялық-техникалық күйіне, зертханалық бақылау нәтижелеріне және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің ұйғарымдарына (қаулыларына) байланысты жүргізіледі.
Тармақ 95
95. Реагенттер, сумен жанасатын материалдар сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі құжаттары болғанда қолданылады.
Тармақ 96
96. Маусымдық бассейндерде су құбырынан келетін су болмаған жағдайда жер үсті немесе жер асты көздерінің суын, оны күн сайын ауыстырып отырған жағдайда, қолдануға жол беріледі.
Тармақ 97
97. Ванна суды ауыстырып құятын науалардың ернеуіне дейін толтырылады, ол толық толтырылмаған жағдайда қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 98
98. Залда шу деңгейі 60 децибелден (бұдан әрі - дБА) аспауы керек, сабақтар өткізу және жарыстар уақытында тиісінше 82 дБА және 110 дБА-ға дейін.
Тармақ 99
99. Әрбір жүзу сабағы өтер алдында объектінің немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің әкімшілігі ваннасы бар зал мен шешіну-киіну орындарындағы температура мен салыстырмалы ауа ылғалдылығы, бассейн суының температурасы мен ванна суындағы дезинфекциялау құралдарының қалдық шоғырлануы көрсеткіштеріне бақылау жүргізеді.
Тармақ 100
100. Бассейн ваннасын дезинфекциялау су ағызылғаннан кейін және дезинфекциялау құралдарымен екі рет шаю әдісімен ваннаны механикалық тазалау арқылы жүргізіледі. Активті хлор ерітіндісін шаю, оны жаққаннан кейін бір сағат өткен соң, жылы сумен жүргізіледі.
Тармақ 101
101. Бассейннің рециркуляциялық үлгідегі ваннасын дезинфекциялау күнтізбелік 7 күнде кемінде бір рет жүргізіледі.
Тармақ 102
102. Бассейннің рециркуляциялық үлгідегі ваннасын зарарсыздандыру кезінде судың 1 адамға шаққандағы шығыны:
Тармақша 1
1) суды хлорлау және бромдау кезінде – сағатына 2 текше метрден (бұдан әрі – м3/с) кем емес;
Тармақша 2
2) суды ультракүлгін сәулемен өңдегенде – кемінде 1,8 м3/с;
Тармақша 3
3) суды озондағанда – кемінде 1,6 м3/с.
Тармақ 103
103. Бассейннің ағынды үлгідегі ваннасындағы бір сағаттық су шығыны жүзуге үйрету ваннасының көлемінің кемінде 20–25 %-ын, қалған жағдайда ванна көлемінің кемінде 15%-ын құрайды.
Тармақ 104
104. Бассейнді пайдалану үзілісі ұзақ болған кезде (6 және одан да астам сағат) бассейн ванналарының суындағы дезинфекциялау құралдары бос хлордың қалдық шоғырлануынан текше дециметрге 1,5 миллиграммен (бұдан әрі – мг/дм3)) қамтамасыз етіледі.
Тармақ 105
105. Бассейнде жүзумен айналысатын адамдарды қабылдауды бастар алдында бассейндегі судың сапа көрсеткіштері осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген деңгейлерден аспайды. Суды ас тұзы электролизімен алынатын натрий гипохлоритімен зарарсыздандырған кезде бассейн ваннасындағы хлоридтердің 700 мг/дм3  дейінгі құрамына жол беріледі.
Тармақ 106
106. Бассейннің үй-жайлары мен ванналарын күн сайын жинау жұмыс күнінің соңында, қажет болған жағдайда, ауысым арасындағы үзіліс кезінде жүргізіледі. Үй-жайларды жинаумен қоса айналма жолдарды, еденді, орындықтарды, кілемшелерді, есік тұтқаларын, тұтқаларды және басқаларды дезинфекциялау жүзеге асырылады.
Тармақ 107
107. Бассейндердің үй-жайлары мен ванналарды күрделі жинау айына бір реттен сиретпей жүргізіледі.
Тармақ 108
108. Бассейнде жүзумен айналысатын адамдар шомылатын киім (плавки, купальник), ылғалға төзімді материалдан жасалған ауыстырылатын аяқ киім, сүлгі, денесін жууға арналған жуғыш заттар, губка (жөке), резеңке бас киімді (бассейн ванналарының суын шашпен ластауды болдырмау үшін) пайдаланады, бассейн залына шығу алдында себезгі (шомылуға арналған киімсіз) қабылдайды. Жүзумен айналысатын адамдардың гигиена қағидаларын сақтауын бассейн әкімшілігі және медициналық қызметкер бақылайды.
Тармақ 109
109. Бассейн суының сапасына өндірістік бақылау жүргізудің ұсынылатын жиілігін осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көрсеткіштерін анықтау және сынама алу жиілігімен бассейннің өндірістік зертханасы немесе өзге акредиттелген зертхана жүргізеді.
Тармақ 110
110. Су сынамалары екі нүктеден - бассейн ванналарының судың бетінен 25-30 см терең және тайыз тереңдіктегі бөлігінен алынады.
Тармақ 111
111. Өндірістік зертханалық бақылау тәртібінде жүргізілген талдаулардың нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, ақпарат 24 сағат ішінде міндетті түрде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жіберіледі. Бассейн жабылады, бассейннің қалыбы шайылады және дезинфекцияланады, күрделі жинау, қажет болған жағдайда қосымша микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Тарау 7. 7-тарау. Кір жуу орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
7-тарау. Кір жуу орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 112
112. Өз-өзіне қызмет көрсету кір жуу орны мен кірді қабылдау-тапсыру пункттерін қоспағанда, кір жуу орындарын тұрғын үйлерде орналастыруға тыйым салынады. Кірді қабылдау-тапсыру пункттері тұрғын ғимараттарда орналасқан жағдайда, олар үй-жайларының тұрғын бөліктен оқшауланған кіру есігімен және кір және таза заттарды қабылдауға, сақтауға және беруге арналған бөлек үй-жайлармен жабдықталады.
Тармақ 113
113. Кір жуу орындарының сәулеттік - жоспарлау шешімі технологиялық процестің ағындылығының сақталуын көздейді және таза және кір заттардың жанасуына, қиылысуына жол бермейді.
Тармақ 114
114. Жабдықталған жылумен қамтамасыз ету, желдету және ауа баптау жүйелері ауа сапасының гигиеналық нормативтерін, шу мен діріл деңгейлерін, сондай-ақ кір жуу үй-жайларының жылу беру маусымында жол берілетін микроклимат параметрлерін: ауа температурасының плюс 18-22 Цельсия градус (бұдан әрі – °C), салыстырмалы ылғалдылықтың 30-65 % болуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 115
115. Кір жуатын орынның үстіндегі қабатаралық жабындар басқа үй-жайларды будан, жылудан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 116
116. Кір жуатын орынның үстінде қоғамдық үй-жайлардың терезелері орналасқан жағдайда, кір жуатын және кептіретін үй-жайлардың терезелері фрамугалар мен желкөзсіз қатты жабылуы тиіс.
Тармақ 117
117. Аурухана төсек жабдықтарын жуу кезінде, аурухана төсек жабдықтарының басқа заттармен жанасу мүмкіндігін болдырмайтын арнайы технологиялық желі бөлінеді. Таза және кір заттарды сақтау үй-жайларында стационарлардың функционалдық бөлімшелерінің атауы көрсетілген стеллаждар бөлінеді. Терапиялық, хирургиялық, обсервациялық, инфекциялық бейіндегі бөлімшелердің заттары бір-бірінен бөлек сақталуы тиіс. Төсек жабдықтарын ауыстырған сайын стеллаждар мен жабдықтардың үсті дезинфекцияланады.
Тармақ 118
118. Инфекция жұқтырылған төсек жабдықтары өңделетін кір жуу орындары мынадай талаптарға сәйкес келеді: инфекция жұқтырылған төсек жабдықтарын қабылдау үй-жайы басқа үй-жайлардан оқшауландырылады; төсек жабдықтарын қабылдау, іріктеу және жуу үй-жайлары дербес сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады; инфекция жұқтырылған төсек жабдықтарын суға жібітіп қою төсек жабдықтарын іріктеу бөлмесінде жүргізіледі; жуу алдында және жуу кезінде төсек жабдықтары зарарсыздандырылады.
Тармақ 119
119. Кір және таза киім-кешекті тасуға арналған жеке легендер, арбалар таңбаланады және мақсат бойынша қолданылады.
Тармақ 120
120. Тұтынушыға беру кезінде бұйымдар орамдалады.
Тарау 8. 8-тарау. Химиялық тазарту орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
8-тарау. Химиялық тазарту орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 121
121. Химиялық тазарту орындарын «Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларға сәйкес орналастырылады.
Тармақ 122
122. Ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында, қонақ үй кешендерінде және гипермаркеттерде орналасқан шағын-химтазарту орындары кіретін және шығатын жеке есікпен, дербес желдету жүйесімен жабдықталады. Жеке кіріп-шығу есіктерін жайғастыру мүмкін болмаған жағдайда, шағын-химтазарту орындары азық-түлік және балаларға арналған тауарларды, сондай-ақ дәрілік заттар мен науқастарды күтуге арналған заттар сатылмайтын аймақта орналастырылады.
Тармақ 123
123. Химиялық тазарту орындарының өндірістік үй-жайлары (цехтары) жеке тұрған ғимараттарда немесе ғимараттардың тік жоспарлануын және тітіркендіргіш әсер беретін, қолданылатын химиялық заттарды ескере отырып, сондай-ақ таза және кір бұйымдар қозғалысы ағынының қиылысуын болдырмау үшін қоғамдық үй-жайлардың бірінші қабатында орналастырылады.
Тармақ 124
124. Өндірістік үй-жайлардың алаңын технологиялық процестердің сипатына, санына, өндірістік жабдықтардың типіне және жұмыскерлердің санына қарай айқындалады.
Тармақ 125
125. Есіктердің сыртқы ойықтары мен қақпалар жылдың суық мезгілінде ауаны жылыту үшін тамбурлармен және жылы ауа перделерімен жабдықталады.
Тармақ 126
126. Негізгі және қосалқы өндірістік үй-жайлардың қабырғасы, төбесі және едені зиянды химиялық заттардың жиналуына жол бермейтін, сіңірмейтін материалдармен өңделеді.
Тармақ 127
127. Едендер химиялық берік және су өткізбейтін материалдармен жабылады, еден құрылысы сұйық заттың төгілуі және үй-жайларды ылғалды жинау кезінде төгінділердің өткізілмеуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 128
128. Өндірістік, қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады. Басқа мақсаттағы ғимараттарда орналасқан химтазарту орнының желдету жүйесі осы ғимараттың желдету жүйесінен дербес жабдықталады.
Тармақ 129
129. Химиялық заттар бөлу көздері бар жұмыс орындары, сондай-ақ дақтарды кетіру, ылғалды-жылумен өңдеу жұмыстары жергілікті сыртқа тарату құрылғылары болған жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 130
130. Шламды автоматты түсіру жүйесімен жабдықталмаған машиналарда шламды қолмен түсіру кезінде, ерітінді буын сыртқа шығару жүйесімен жабдықталған машиналарды қоспағанда, машиналардың артқы қабырғасы үстінен жергілікті сыртқа тарату құрылғысы, машинаның алдыңғы қабырғасы жанынан барабан ашылған кезде іске қосылатын жергілікті сыртқа тарату құрылғысы жабдықталады.
Тармақ 131
131. Химтазарту орнында ауа рециркуляциясына жол берілмейді.
Тармақ 132
132. Желдеткіш жабдықтары желдеткіш камераларда орнатылады, шудан оқшаулау және дірілді басу құрылғыларымен жабдықталады.
Тармақ 133
133. Технологиялық механикалық сыртқа тарату желдеткіш жүйесінің тиімділігі жылына 1 рет, жалпы алмасу механикалық желдету жүйесінің тиімділігі 3 жылда 1 рет бақыланады.
Тармақ 134
134. Өндірістік үй-жайлар жалпы жарықтандыру және/немесе құрамдастырылған жарықтандыру және авариялық жарықтандыру жүйелерімен жабдықталады.
Тармақ 135
135. Жабдықтардан сарқынды суды ағызу жабық тәсілмен жүргізіледі. Сарқынды суды өндірістік үй-жайлардың еденіне, су бұру жүйесіне ағызуға арналған ашық науаларға жіберуге тыйым салынады. Химтазарту машиналарының су бөлгіштерінен шыққан құрамында еріткіштердің буы бар су шлам ретінде пайдаланылады.
Тармақ 136
136. Еріткіштерді қолдану арқылы бұйымдарды құрғақ химиялық тазалау жүргізілген кезде үздіксіз және тұйық айналым бойынша барлық операциялардың орындалуы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 137
137. Жабдыққа қызмет көрсету, еріткіштерді жеткізу, мөлшерлеу және салу, сүзуге арналған ұнтақтарды жағу және сүзгі элементтерін механикалық жолмен тазалау бойынша өндірістік операциялар жеке қорғаныш құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі.
Тармақ 138
138. Технологиялық жабдықтардың сыртқы бетінің температурасы кемінде 43 °C құрайды.
Тармақ 139
139. Бұйымдарды химиялық тазартудың технологиялық процестерінде сапасы және қауіпсіздігі туралы құжаттары бар реагенттер, заттар және препараттар қолданылады.
Тармақ 140
140. Химиялық реагенттер, заттар мен препараттар жергілікті сыртқа тарату желдеткішімен, стеллаждармен, тұғырықтармен жабдықталған, қышқылдар мен сілтілердің әсеріне төзімді едені бар қоймаларда сақталады.
Тармақ 141
141. Өндірістік учаскелерде химиялық материалдар бір тәуліктік нормадан аспайтын мөлшерде сақталады.
Тармақ 142
142. Бұйымдарды тасымалдау жабық қаптар немесе пакеттерде жүзеге асырылады. Тұтынушыға бұйым қаптамаланған түрде беріледі.
Тармақ 143
143. Персонал арнайы киіммен және аяқкиіммен, жеке қорғаныш құралдармен қамтамасыз етіледі.
Тарау 9. 9-тарау. Халыққа шаштараздық және косметикалық қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
9-тарау. Халыққа шаштараздық және косметикалық қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 144
144. Осы Санитариялық қағидалардың талаптары реконструкциялау пластикалық хирургия, тері және тері асты ауруларын емдеу медициналық қызметтеріне, денсаулық сақтау объектілері құрамындағы косметологиялық, массаж кабинеттеріне және солярий объектілеріне қолданылмайды.
Тармақ 145
145. Объектілер тұрғын бөлігінен оқшауланған кiру есiгi және дербес желдету жүйесі болған жағдайда тұрғын үй ғимараттарының бірінші және төменгі қабаттарына орналастырылады. Жертөле қабаттары қосалқы және көмекшi үй-жайлар ретінде пайдаланылады.
Тармақ 146
146. Ғимараттар мен үй-жайлардың көлемдi-жоспарлау және конструктивтiк шешiмдері көрсетілетiн қызметтер тiзбесі және олардың қуаттылығымен анықталады. Объектілерде ыстық және суық су жүргізілген раковинамен жабдықталған, дезинфекциялауға, құралдарды залалсыздандыру алдында тазартуға және залалсыздандыру арналған үй-жай немесе арнайы орын бөлінеді.
Тармақ 147
147. Косметикалық кабинеттерде мынадай косметикалық процедураларды жүргізуге рұқсат етіледі: бетті және мойынды гигиеналық уқалау, тері ауруларымен асқынбаған бетті гигиеналық тазарту, қасты және кірпікті бояу, жасанды кірпік өсіру, қасты қыру, әрлеу, маникюр, педикюр, пилинг.
Тармақ 148
148. 3 жұмыс орнына дейiнгі шаштараз залдарында маникюр үшін қосымша алаңы кемінде 6 м2 бiр жұмыс орны орналастырылады. Шаштараз және косметикалық қызметтер көрсететін объектілер үй-жайлары ауданының нормативтері осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгіленген.
Тармақ 149
149. Солярийлерде УФ-С ультракүлгін сәулелі диапазонды жабдықтарды қолдануға тыйым салынады. Солярийлерді пайдалану олардың техникалық паспорттары мен нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 150
150. Солярийдің жалпы алаңы техникалық сипаттамаға сәйкес аппараттың өзі алатын орыннан және ауданы кемінде 3,0 м2 шешіну аймағынан тұрады. Солярий қызметі оператордың көмегімен ұсынылған жағдайда, оператор үшін кемінде 6,0 м2 қосымша аймақ бөлінеді.
Тармақ 151
151. Солярийлерді пайдалануға арналған үй-жай механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады. Жеке желдету жүйесімен жабдықталған үлгілерді орнатқан жағдайда үй-жайға ауаның табиғи ағынының келуі ұйымдастырылады.
Тармақ 152
152. Солярийдің шамдарын ауыстыру журналда міндетті түрде белгілей отырып, техникалық паспортта көрсетілген нормативті сағат орындалған жағдайда жүргізіледі. Істен шыққан шамдар қауіпсіз түрде кәдеге жаратылады.
Тармақ 153
153. Әрбір сеанстан кейін келуші жанасқан солярий кабинасының барлық үстіңгі беттері дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Тік солярийді қолданған кезде келушілерге жеке сүлгі мен аяқ киім ұсынылады.
Тармақ 154
154. Аппарат ішіндегі желдеткіш тесіктері ластанған сайын әлсін-әлсін тазартылып отырады.
Тармақ 155
155. Солярийдің персоналы мен келушілерге әсер ететін физикалық факторлар деңгейі мынадай гигиеналық нормативтерден аспайды:
Тармақша 1
1) электромагниттік өрістің кернеуі кемінде 25 вольтметрден;
Тармақша 2
2) токтың электрлік өрісінің өнеркәсіптік жиілігінің кернеуі (50 Гц) – кемінде 0,5 киловольтметрден.
Тармақ 156
156. Сәулелік әсері бар тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар үшін ультракүлгін сәулесінің рұқсат етілген қарқындылығы 280-315 нанометр (бұдан әрі – нм) диапазонда 1,9 ватметр шаршыдан (бұдан әрі – Вт м2) және 315-400 нм диапазонда 10 Вт м2 аспайды. 200-280 нм дипазонында сәулеленуге жол берілмейді.
Тармақ 157
157. Арнайы көзілдіріксіз, сондай-ақ алғашқы екі сеанс арасында 48 сағаттық үзіліс сақталмаған жағдайда, келушілерге солярийге кіруге тыйым салынады.
Тармақ 158
158. Порфюмерлік-косметикалық өнімдердің және шашты, тырнақты, теріні күту құралдарын қолдану, сақтау және келушілерге өткізу қолданылатын өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттары болған жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 159
159. Жұмыс орнының саны үшеуге дейiн болғанда табиғи желдету желкөз және фрамуганың көмегiмен, үштен артық болғанда жасанды іске қосылатын сыртқа тарату желдету арқылы жүзеге асырылады. Қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды қоспағанда, барлық үй-жайлар үшін желдету жүйесі ортақ болуы мүмкін. Тырнақ өсіру шеберінің жұмыс орны жергілікті мәжбүрлі сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.
Тармақ 160
160. Маникюр және педикюр кабинеттерінің жұмыс орындары жалпы және жергілікті жарықтандыруды ұйымдастыру жолымен жарықтандырылады.
Тармақ 161
161. Ерлер және әйелдер залдарында шаштараздардың қолын жууға және келушілердің басын жууға арналған раковиналар жеке-жеке жабдықталады.
Тармақ 162
162. Балаларға қызмет көрсетуге арналған креслолар өз өлшемi және құрылымы бойынша олардың жасына және бойына сәйкес жабдықталады.
Тармақ 163
163. Косметикалық кабинет, маникюр және педикюр кабинеттерi қол және құралдарды жууға арналған раковиналармен жабдықталады.
Тармақ 164
164. Ауысымдағы жұмыскерлер саны 10 адамнан кем болғанда персоналға арналған киім ілетін орыны бар тамақ ішу бөлмесі, сондай-ақ келушілерге арналған киім ілетін орны бар вестибюль мен күту залын біріктіріледі.
Тармақ 165
165. Таза заттар мен порфюмерлік-косметикалық заттарды сақтауға арналған үй-жайлар стеллаждармен немесе шкафтармен, кір заттарға арналған қақпағы бар ыдыстармен жабдықталады. Қолданылған кір және таза заттарды араластыруға тыйым салынады.
Тармақ 166
166. Қию жұмыстары оқшауланған үй-жайда жүргізіледі, оның алаңы, бірақ бір жұмыс орны кемінде 4,5 м2 және жабдық жиынтығы жүргізілетін жұмыстың көлемі мен сипаты ескеріле отырып қабылданады.
Тармақ 167
167. Косметикалық, маникюр және педикюр кабинеттерi жабық үлгідегi бактерицидті ультракүлгiн сәулелендіргіштермен жабдықталады. Сәулелендіргіштердің жұмыс режимі мен уақыты есепке алынады.
Тармақ 168
168. Физиотерапиялық аппаратура арнайы жабдықталған кабинеттерде кабинетке кемінде бiр аппараттан орналастырылады. Кабинет алаңы бір кушеткаға 6 м2, бiрақ кемінде 12 м2 есебiмен қабылданады.
Тармақ 169
169. Қауiптiлiгі 1-ші және 2-ші сыныпты лазерлiк қондырғылар ортақ үй-жайларда орналастырылуы мүмкін. Қауiптiлiгi 3-ші және 4-ші сыныпты лазерлiк қондырғылар бөлек немесе қоршалған үй-жайларда орналастырылады. Есiкке лазерлiк қауiптiлiк белгiсі және автоматты түрде қосылатын «Қауiптi, лазер қосылып тұр!» деген жарық таблосы iлiнедi. Ашық үлгідегi лазер қондырғыларымен жұмыс істеу кезіндегі қауiпсiздiк көзді жеке қорғаныш құралдарын (жарық фильтрлі қорғаныс көзілдіріктері, бет қорғаушы қалқанша) қолдану жолымен қамтамасыз етiледi. 3-ші және 4-ші сыныпты лазерлік қондырғыларды жергілікті сыртқа тарату құрылғысынсыз қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 170
170. Әрбір келушiлердің дербес қолдануы үшін таза заттар қоры (сүлгiлер, сулықтар, ақжаймалар және басқалары) қамтамасыз етіледі. Таза, қолданылған заттар, парфюмерлік-косметикалық заттар, сондай-ақ жуу және дезинфекциялау құралдары бөлек сақталады. Пеньюарлар тек таза сулықпен немесе бір рет қолданылатын жаға астылық лентамен қолданылады.
Тармақ 171
171. Қолданылған заттарды және жұмыс киімдерін жуу кір жуатын орындарда немесе арнайы жабдықталған жеке бөлінген үй-жайы болған жағдайда тікелей объектіде жүргізіледі. Персоналдың жұмыс және жеке киімдері бөлек сақталады.
Тармақ 172
172. Клиенттің мойнындағы және бетіндегі қиылған шашты алу таза жеке сулықпен немесе мақталы тампонмен жүргізіледі. Қиылған шаштарды алу үшін шашақты қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 173
173. Қиылған шаштарды тұрмыстық қалдық ретінде шығарады.
Тармақ 174
174. Әсемдеу косметикасын жағу үшiн бiр рет қолданылатын құралдар пайдаланылады. Қарындаштар әрбiр клиенттен кейiн ұшталады немесе кесiледi, далап, тушь, тень және опа бiр рет қолданылатын кистілермен жағылады. Косметикалық рәсімдер үшін бір рет қолданылатын мақта дискілер және спонждар пайдаланылады. Шаш бояу және химиялық бұйралау кезiнде шашты сулау әрбiр келушiден кейiн ауыстырылатын тампонмен немесе шашақпен жүргiзiледi.
Тармақ 175
175. Қысқыштарды, бигудилерді, қалпақтар мен шашты химиялық бұйралауға арналған торларды, шашты іріктеп бояуға арналған бас киімдерді әр клиенттен соң жуу құралдарымен ағынды су астында жуады. Таза жиынтықтарды қаптамаланған күйінде жұмыс орындарында сақтайды.
Тармақ 176
176. Тарақтар, щеткалар, шаш қиюға арналған қайшыларды әрбір клиенттен кейін ағынды сумен жуады, қолдану жөніндегі нұсқаулығы бар зарарсыздандырғышқа немесе дезинфекциялау ерітіндісіне салады.
Тармақ 177
177. Электр ұстараларының алынатын пышақтарын, косметикалық жабдыққа және аспаптарға қоса жүретін электродтарды дезинфекциялау ерітіндісіне салынған тампондармен (15 минут сайын) екі рет сүртеді.
Тармақ 178
178. Педикюр жүргiзу кезiнде аяқ астына салынатын жастықша әрбiр қолданудан кейiн дезинфекциялау ерiтiндiсiне салынған шүберекпен сүртіледі.
Тармақ 179
179. Аяққа және қолға арналған ванналар әрбiр клиенттен соң дезинфекцияланады.
Тармақ 180
180. Маникюр мен педикюрді бiр рет қолданылатын сулықтармен және зарарсыздандырылған жиынтықтармен жасаған жағдайда, олар алдын ала дезинфекциялау жүргізілгеннен кейін кәдеге жаратылуға жіберіледі.
Тармақ 181
181. Маникюр, педикюр, пирсинг, пилинг, татуаж жасау, косметикалық қызмет көрсету (көрсетілетін косметикалық қызмет түріне қарай) құрамында кемінде үш жинағы бар жеке жиынтықтар болған жағдайда жүргізіледі. Тері, шырышты беттердің зақымдалуы мүмкін манипуляция жүргізудің барлық кезеңдері клиент үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Маникюрді, педикюрді, пирсингті, татуажды жүргізуден бұрын және одан кейін тері беті және зақымдалған жерлер зарарсыздандырылады.
Тармақ 182
182. Маникюр, педикюр, татуаж, пирсинг, пилинг құралдарын, мата сулықтарын, мақта түйірлерін, сондай-ақ басқа да жұмсалатын материалдарды бу, ауа немесе зарарсыздандыру химиялық әдісімен зарарсыздандырылғаннан кейін микроорганизмдермен екінші рет байланыспайтындай жағдайларда сақтайды. Бір рет қолданылатын зарарсыздандырылған тұтыну материалдарын қолданған жағдайда әр келуші үшін қор қамтамасыз етіліп, олар кейін кәдеге жаратылады.
Тармақ 183
183. Тері беті немесе шырышты қабық зақымдалуы мүмкін манипуляцияларда (маникюр, педикюр, пирсинг, пилинг, татуаж, косметикалық қызметтер) пайдаланылатын құралдар әр клиенттен соң алдын ала сумен шайылмастан дезинфекциялау ерітіндісіне салынады. Дезинфекция аяқталғаннан кейін құралдар алды тазалауға және зарарсыздандыруға жатады. Құралдарды зарарсыздандыру алды тазалау, дезинфекциялау және зарарсыздандыру осындай мақсаттар үшін жабдықталған арнайы үй-жайда жүргізіледі. Құралдарды өндеуге арналған үй-жай «лас аймаққа» және «таза аймаққа» функционалды бөлiнедi. «Лас аймақта» құралдарды алдын ала тазалау, «таза аймақта» құралдарды дезинфекциялау және зарарсыздандыру жүргiзiледi.
Тармақ 184
184. Құралдарды зарарсыздандыру үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтары бар жабдықтар, аппаратуралар және материалдар пайдаланылады.
Тармақ 185
185. Эпидемияға қарсы режимді ұйымдастыру мен бақылау және маникюр, педикюр, татуаж, пирсинг, пилинг және косметикалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын құралдарды дезинфекциялау, зарарсыздандыру алдында тазалау және зарарсыздандыру режимін күн сайын бақылау объектінің әкімшілігіне немесе шаруашылық жүргізуші субъектіге жүктеледі.
Тармақ 186
186. Терi бетi тұтастығының бұзылуы арқылы манипуляцияларды жүзеге асыратын объектiлердің жұмыскерлерi жұмысқа кiру кезiнде және жыл сайын В және С вирусты гепатит маркерлеріне тексерiледi.
Тармақ 187
187. Парентералдық гепатитін және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың алдын алу мақсатында, жүргізілу барысында қолдың қанмен ластануы мүмкін барлық манипуляциялар резеңке қолғаптармен жүргізіледі. Персоналда ашық микрожаралар, сызаттар, жарықшақтар, іріңді аурулар болған жағдайда, қорғаныш заттарымен (саусаққа кигішпен, лейкопластырьмен) оқшауланбаған жұмыскерлер клиенттермен жұмыс істеуге жіберілмейді.
Тармақ 186
186. Жұмыскерлер жеке гигиенаның мынадай:
Тармақша 1
1) клиентке қызмет көрсету алдында және қызмет көрсеткеннен кейін сабынмен қолды мұқият жуу;
Тармақша 2
2) косметикалық кабинеттерде қолдарды өңдеу үшін тері антисептиктерін қолдану, қорғаныш бетперделерімен, экрандармен, бір рет қолданылатын резеңке, латекс қолғаптарымен жұмыс жасау;
Тармақша 3
3) шаш бояуды қолғаптармен жүргізу;
Тармақша 4
4) жұмыс орнында темекі шекпеу және ас ішпеу;
Тармақша 5
5) арнайы киіммен жұмыс жасау;
Тармақша 6
6) жеке және арнайы киімді бөлек сақтау қағидасын сақтауға міндетті.
Тармақ 187
187. Қанмен немесе сарысумен ластанған қол немесе қолғаптар сабынды қолдана отырып, ағынды сумен жуылады, кейіннен дезинфекциялау құралдарымен өңделеді.
Тарау 10. 10-тарау. Инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
10-тарау. Инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
Тармақ 190
190. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.
Тармақ 191
191. Қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондары, шаштараздар (алдын ала жазу бойынша), химиялық тазарту, кір жуу орындары, ұйымдастыру техникасын жөндеу) қызметі медициналық маска киген келушілерді кіргізуді қамтамасыз ете отырып және осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 192
192. Бизнес орталықтардың жұмысы (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер мен консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері және т.б.) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 193
193. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (баспахана қызметін көрсететін объектілер, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі) және өзге де объектілердің қызметі күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жиналуды және ұзақ және тығыз байланысты болдырмай, осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.
Тармақ 194
194. Халықтың (қонақ үйлердің, отельдердің) тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілердің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.
Тармақ 195
195. Мәдениет объектілерінің қызметі (жеке және 30 адамға дейін топтық дайындық) осы Санитариялық қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 196
196. СПА орталықтарының, моншалардың, хауыздардың, бассейндердің, жағажайлардың қызметі осы Санитариялық қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 197
197. Медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалары) қызметі осы Санитариялық қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 198
198. Халыққа арналған фитнес, спорт кешендері қызметтерін көрсету жөніндегі объектілердің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.
Басқа 1. Қонақ үйлердің үй-жайларын жасанды жарықпен жарықтандырудың ең төменгі нормалары
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 1-қосымша Қонақ үйлердің үй-жайларын жасанды жарықпен жарықтандырудың ең төменгі нормалары Кесте р/с Үй-жайлардың атауы Шамдарды жаққандағы ең аз жарықтандыру (люкстерде) Нормативтің қатысы бар беті қызуы люминисценттік 1 2 3 4 5 1 Нөмірлер (тұрғын үй-жайлар) 30 75 еденнен 0,8 м 2 Вестибюль 50 100 Еден 3 Ортақ қонақ бөлмелер, холлдар, буфеттер, барлар және басқалар 75 150 еден 4 Қызмет көрсету бюросы, әкімшілік үй-жайлар, тұрғындарға қызмет көрсету үй-жайлары 75 200 еденнен 0,8 м 5 Негізгі баспалдақтар, ортақ дәліздер, орталық киім кептіру орны, шеберханалар, тазалау және үтіктеу бөлмелері 30 (50)* 100 еден 6 Ортақ санитариялық тораптар, нөмірлердегі (үй-жайлардағы) санитариялық тораптар 30 75 еден 7 Ортақ себезгілер 50 - еден 8 Қызмет көрсететін персоналға арналған үй-жай 75 150 еденнен 0,8 м 9 Қойма үй-жайлары 20 - еденнен 0,8 м 10 Техникалық үй-жайлар 30 - еден *жақша ішіндегі сан – шеберханалар үшін
Басқа 2. Жатақхана үй-жайларындағы ауаның есептелген параметрлері мен ауа алмасу жиілігі
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 2-қосымша Жатақхана үй-жайларындағы ауаның есептелген параметрлері мен ауа алмасу жиілігі Кесте Р/с Үй-жайлар Жылдың салқын мезгіліндегі ауаның рұқсат етілген температурасы, оС, төмен емес Ауа алмасу жиілігі Ішке сору Сыртқа тарату 1 2 3 4 5 1 Жатақхананың тұрғын бөлмесі 18 1 м2-ге кемінде 3 м³ /с - 2 Электр плитасы және газ плитасы бар жатақхананың ас үйі 16 - кемінде 60 м³ /с 2 конфорлы плита бар болғанда кемінде 60 м³ /с; 3 конфорлы плита бар болғанда кемінде 75 м³ /с; 4 конфорлы плита бар болғанда кемінде 90 м³ /с; 16 - 3 Жуыну бөлмесі 22 - 25 м³ /с 4 Дәретхана 18 - 25 м³ /с 5 Ортақ қолданылатын санитариялық торап 18 - 1 унитазға 50 м³ /с 1 писсуарға 25 м³ /ч 6 Себезгі 22 - 5 есе 7 Киім тазалайтын және үтіктейтін гардеробтық бөлме 18 - 1,5 есе 8 Вестибюль, ортақ дәліз, жатақхананың баспалдақ алаңы 16 - - 9 Кір жуатын орын 15 5 есе 5 есе 10 Жатақханадағы кір кептіру, үтіктеу орындары 15 есептеу бойынша, бірақ кемінде 3 есе 3 есе 11 Жатақханалардағы шаруашылық және төсек жабдықтарын қоятын орындар 12 - 1,5 есе 12 Қоқыс жинау камерасы 5 - 1 есе (қоқыс жіберу құбырының өзегі арқылы) 13 Жаттығу залы 16 3 есе 3 есе 14 Кітапхана 18 - 0,5 есе
Басқа 3. Жабық жүзу бассейндерінің негізгі үй-жайларының микроклиматы параметрлеріне қойылатын талаптар
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 3-қосымша Жабық жүзу бассейндерінің негізгі үй-жайларының микроклиматы параметрлеріне қойылатын талаптар Кесте Р/с Үй-жай Су температурасы, 0С Ауа температурасы, 0С Салыс-тырмалы ылғал-дылық % 1 сағаттағы ауа алмасу параметрлері Ауа қозғалы-сының жылдам-дығы (м/сек) ішке сору сыртқа тарату 1 2 3 4 5 6 7 8 1 Ересектерге арналған ванна 24-26 - - - - - 2 Балаларға арналған ванна 30 - - - - - 3 Бассейн ванналарының залдары - Су температурасынан 1-2 жоғары 60% көп емес 1 келушіге кемінде 80 м³ /сағ, 1 көрерменге кемінде 20 м³ /сағ. 0,5 көп емес - 4 Оқу-дайындалу залы - 18 - 1 келушіге кемінде 80 м³ /сағ 0,2 көп емес - 1 сағаттағы ауа алмасу жиілігі 5 Шешіну орны - 25 - Себезгілерді есепке ала отырып, тенгерім бойынша 2 (себезгі-лерден) - 6 Себезгілер - 25 - 5 10 - 7 Массаж бөлмесі - 22 - 4 5 - 8 Хауыз камералары - 120-ден көп емес - - 5 (адам жоқ кезде мерзімдік іске қосылатын) - 9 Судың анализіне арналған зертхана - 18 - 2 3 - Ескертпе: Ашық бассейндердегі судың температурасы жаз мезгілінде плюс 27оС, ал қыс мезгілінде плюс 28оС, үйренушілер үшін плюс 29оС болуы тиіс
Басқа 4. Бассейн суы сапасының көрсеткіштері
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 4-қосымша Бассейн суы сапасының көрсеткіштері Кесте р/с Көрсеткіш Өлшем бірліктері Норматив 1 2 3 4 1 Лайсаңдығы литрге миллиграмм (бұдан әрі - мг/л) 2,0-ден көп емес 2 Түсі град 20-дан көп емес 3 Иісі балл 3-тен көп емес 4 рН сутегі иондарының шоғырлануы - 6,5-9,0 шегінде 5 Қалдық байланысқан хлор мг/л 1,2-ден көп емес 6 Қалдық бос хлор мг/л 1-6 жасқа дейінгі балалар үшін 0,1-0,3; ересектер үшін 0,3-0,6 7 Аммонийлік азот (азот бойынша) мг/л 0,2-ден көп емес 8 Озон (озондау кезінде) мг/л 0,3-тен көп емес 9 Перманганатты тотықтану мг/л 5,0-ден көп емес 10 Хлороформ мг/л 0,2-ден көп емес 11 Формальдегид (озондау кезінде) мг/л 0,05-тен көп емес 12 Жалпы микробтар саны (ЖМС) 1 мл-де 100-ден көп емес 13 Жалпы колиформдық бактериялар (ЖКБ) 100 мл-де жоқ 14 Термотолерантты колиформдық бактериялар (ТКБ) 100 мл-де жоқ 15 Колифагтар 100 мл-де жоқ 16 Алтын тәріздес стафилококк (Staphylococcus aureus) 100 мл-де жоқ 17 Ішек инфекцияларын қоздырғыштар 1000 мл-де жоқ 18 Көк іріңді таяқша (Pseudomonas aeruginosa) 100 мл-де жоқ 19 Циста лямблийлері 50 л-де жоқ 20 Гельминт жұмыртқалары мен личинкалары 50 л-де жоқ 21 Легионелла (Legionella pheumophilia) 100 мл-де жоқ
Басқа 5. Өндірістік бақылау жүргізудің ұсынылатын жиілігі
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 5-қосымша Өндірістік бақылау жүргізудің ұсынылатын жиілігі Кесте р/с Көрсеткіш Бақылау жиілігі 1 2 3 Бассейн суы 1 Лайсаңдығы 1 рет жұмыс уақытында 2 Түсі 3 Иісі 4 Температурасы 5 Сутектік көрсеткіш Жұмыс басталар алдында және әрбір 4 сағат сайын 6 Қалдық байланысқан хлор 7 Қалдық бос хлор 8 Озон (озондау кезінде) 9 Перманганатты тотықтану Айына 1 рет 10 Хлороформ 11 Формальдегид (озондау кезінде) 12 Аммоний азоты 13 Жалпы микроб саны (бұдан әрі - ЖМС) Айына 1 рет 14 Жалпы колиформдық бактериялар (бұдан әрі - ЖКБ) 15 Термолерантты колиформдық бактериялар (бұдан әрі -ТКБ) 16 Колифагтар 17 Алтын тәріздес стафилококк (Staphylococcus aureus) 18 Ішек инфекцияларын қоздырғыштар ЖМС, ЖКБ және/немес ТКБ-ға талдаудың қанағатанарлықсыз болуы кезінде 19 Көк іріңді таяқша (Pseudomonas aeruginosa) 20 Лямблий цистиддері 21 Гельминт жұмыртқалары мен личинкалары 22 Легионелла (Legionella pheumophilia) Су аймағының ауасы 23 Хлороформ Судағы хлороформ шоғырлануы 0,2 мг/л көп болған кезде 24 Хлор 25 Температура 1 рет жұмыс уақытында 26 Салыстырмалы ылғалдылық 27 Ауа қозғалысының жылдамдығы Ашылу алдында және желдету құрылғыларын жөндеуден/алмастырудан кейін
Басқа 6. Шаштараздық және косметикалық қызмет көрсету объектілері үй-жайларының алаңы
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 6-қосымша Шаштараздық және косметикалық қызмет көрсету объектілері үй-жайларының алаңы Кесте р/с Үй-жайлардың атауы 1 жұмыс орнына белгіленген алаң, м² Ескертпе 1 2 3 4 1 Келушілерге арналған үй-жайлар: - күту залы -келушілер киім ілетін орын 3,0 -тен 10 жұмыс орнына дейін 1,5 – одан кейінгі әрқайсысына 0,3 күту залы мен киім ілетін орын алаңы кемінде 6 м² 2 Шаштараздық қызмет көрсету залы: - шебер-шаштараздың әмбебап жұмыс орны 7,0 бейініне қарамастан бір жұмыс орнына кемінде 15,0 м² 3 Косметикалық кабинет әр жұмыс орнына 8,0, бірақ 12,0-ден кем емес 4 Маникюр кабинеті 6,0 әйелдер залында маникюр үстелін орналастыру кезінде – қосымша 6,0 м² шаштараз 5 Педикюр кабинеті 8,0 6 Косметологиялық кабинет әр жұмыс орнына 8,0 бірақ 12,0-ден кем емес 7 Массаж кабинеті 9,0 8 Қию жұмыстарын жүргізуге арналған үй-жай 8,0 әрбір қосымша жұмыс орнына 4,0 м² 9 Кір жуу орны 9,0-дан жоғары (жуғыш машиналарының типін ескергенде) орталықтандырылған кір жуу кезінде көзделмеуі тиіс 10 Ас ішу және демалу үй-жайлары 6,0 11 Қосалқы үй-жайлар: - жабдықтау жиынтығын сақтайтын орын; - жинастыру мүкәммалы мен қиылған шашты сақтау орны 6,0 2,0 12 Парфюмерлік-косметикалық өнімдер, дезинфекциялау, жуу құралдарын сақтауға арналған үй-жайлар 4,0 13 Мед.қалдықтарды уақытша сақтайтын үй-жайлар 4,0 14 Зарарсыздандыру бөлмесі 8,0 15 Киім ілетін орын 1 жұмыс орнына 0,3 м²
Басқа 7. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде қызмет көрсету (сұлулық салондары, шаштараз (алдын ала жазылу бойынша), химиялық тазалау, кір жуу орындары, ұйымдастыру техникасын жөндеу) саласындағы объектілердің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 7-қосымша Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде қызмет көрсету (сұлулық салондары, шаштараз (алдын ала жазылу бойынша), химиялық тазалау, кір жуу орындары, ұйымдастыру техникасын жөндеу) саласындағы объектілердің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 1
1. Қызмет көрсету саласы объектілерінің жұмысын қайта бастауға санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайларды қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген жеке қорғаныш құралдарының (арнайы киім, медициналық маскалар), дезинфекциялау және жуу заттарының, қолды өңдеуге арналған антисептиктердің азаймайтын қорының болуы.
Тармақша 2
2) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқаулық жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
Тармақша 3
3) профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізу арқылы желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы, желдету режимін қамтамасыз ету және сақтау;
Тармақша 4
4) персонал арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқаулық және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау;
Тармақша 5
5) ұйымға кіреберісте дене температурасын байланыссыз немесе байланыс тәсілімен (электрондық, инфрақызыл термометрлер, тасымалды тепловизорлар) өлшеуге арналған аппараттарды қолдана отырып, персоналдың дене температурасын бақылау, ЖРВИ және тұмау симптомдары бар персоналды жұмыстан шеттету мақсатында респираторлық аурулар симптомдарының бар-жоғын тексеру, ал COVID-19 жоққа шығармайтын симптомдары (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) бар адамдар үшін оқшаулауды және жедел жәрдемді шұғыл шақыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) жұмыс орындарында және келушілер үшін қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, телефондар мен басқа да заттарды өңдеуге арналған персонал мен клиенттер үшін сулықтар қорының болуы;
Тармақша 7
7) жұмыс күні ішінде қолғаптарды (әрбір клиенттен кейін оларды ауыстыру шартымен), медициналық маскаларды (әрбір 2 сағат сайын оларды ауыстыру шартымен) пайдалану;
Тармақша 8
8) жұмыс үй-жайларында бактерицидті шамдарды (келушілер мен персонал болмаған жағдайда пайдаланылады) және (немесе) ауаны рециркуляторларды (адамдардың қатысуымен пайдаланылады) ауаны тұрақты зарарсыздандыру мақсатында қолдану;
Тармақша 9
9) жұмыс орындарының арасында кемінде 2 метр қашықтықты мүлтіксіз сақтау, оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) тек маска киген келушілерді кіргізу;
Тармақша 11
11) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасау (карталар, телефондағы қосымша).
Тармақ 2
2. Объект басшылығы клиенттер жиналатын «күту аймағын» болдырмай, алдын ала жазылу бойынша жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, келуші (клиент) мен қызметкер (сұлулық салоны мен шаштараздан басқа) арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтауды барынша қамтамасыз етеді, персоналдың клиенттермен тікелей байланыстарын барынша азайтады.
Тармақ 3
3. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау есіктің тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, байланыс беткейлерін (қызметкерлердің үстелдерін, орындықтарын, ұйымдастыру техникасын), жалпы пайдаланылатын орындарды (киім ілетін орындар, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ауысымда кемінде 2 рет вирулицидті әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып жүргізіледі. Беткейлерді өңдеу дезинфекциялау ерітіндісіне батырылған шүберекпен сүрту тәсілімен немесе дезинфекциялау ерітіндісін тозаңдату арқылы сулау тәсілімен жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Жұмыс орнында дайындалатын дезинфекциялау ерітінділерін құралдың атауы, ерітіндінің концентрациясы және оның дайындалған күні көрсетілген таңбасы бар сыйымдылықтарда сақтау керек. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген дезинфекциялау ерітінділері оның дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес берілген концентрацияға сәйкес дайындалады;
Тармақ 5
5. Техникалық персонал (тазалаушылар) жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып, дезинфекциялау іс-шараларын жүргізеді.
Тармақ 6
6. Жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсылап жуады және арнайы бөлінген орындарда сақтайды.
Тармақ 7
7. Пайдаланылған медициналық маскалар (оның ішінде түшкіру, және жөтелу кезінде пайдаланылған сулықтар), бір рет қолданылатын жинау шүберегі пакеттерге жиналады және қалдықтарға арналған арнайы контейнерлерге салынады.
Тармақ 8
8. Қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және залалсыздандыру мамандандырылған ұйымдармен келісім шарт бойынша жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Персоналды тамақ ішуі белгіленген орындарда жүргізіледі, тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда дезинфекциялау құралдарының көмегімен жинауды қамтамасыз ете отырып, осы мақсаттар үшін аймақтар бөледі.
Тармақ 10
10. Химиялық тазалау және кір жуу орындарында: лас киім-кешекті шығару және клиенттің үйіне таза киім-кешекті жеткізу барынша қамтамасыз етіледі, жоғарыда көрсетілген тәсілмен қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайда, олар мен қызметкердің арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып үй-жайда бір мезетте маскада екі клиенттен артық емес болуы, персоналдың клиенттермен тікелей байланыстарын барынша азайту қамтамасыз етіледі.
Тармақ 11
11. Сұлулық салондарында, шаштараздарда:
Тармақша 1
1) оңтайлы жұмыс аймақтарының шекаралары белгіленген креслолар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтау;
Тармақша 2
2) персоналдың әр келушіге арналған құралдарды өңдеу қағидаларын қатаң сақтауы;
Тармақша 3
3) шаштарға арналған бигуди, қысқыштар, қалпақтар мен торларды жуу құралдарымен ағынды сумен әр клиенттен кейін ағынды сумен өңдеу;
Тармақша 4
4) қырқылған шашты жабық қалаққа тікелей креслолардың жанында қақпағы бар ыдыстарға жинау, одан әрі дезинфекциялау ерітіндісімен бүрку арқылы сулау тәсілімен кәдеге жарату;
Тармақша 5
5) әрбір клиенттен кейін жұмыс орнын қосымша өңдеу қамтамасыз етіледі.
Басқа 8. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде халыққа қызмет көрсету (типографиялық қызмет көрсететін объектілер, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі) бойынша объектілердің және өзге де объектілердің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 8-қосымша Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде халыққа қызмет көрсету (типографиялық қызмет көрсететін объектілер, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі) бойынша объектілердің және өзге де объектілердің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 1
1. Халыққа қызмет көрсету объектілерінің жұмысын қайта бастауға санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайлар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қорғаныш құралдарының (арнайы киім, медициналық маскалар), дезинфекциялау және жуу заттарының, қолды өңдеуге арналған антисептиктердің азаймайтын қорын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқама беру, қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
Тармақша 3
3) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы нұсқама беру және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау;
Тармақша 4
4) байланыссыз немесе байланыс тәсілімен (электрондық, инфрақызыл термометрлер, тасымалды тепловизорлар) дене температурасын өлшеуге арналған аппараттарды қолдана отырып, ұйымға кіру кезінде қызметкерлердің дене температурасын бақылау, қызметкерлерді ЖРВИ және тұмау симптомдарымен жұмыстан шеттету мақсатында респираторлық аурулар симптомдарының бар-жоғын тексеру, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) жоққа шығармайтын симптомдары бар адамдар үшін оқшаулауды және жедел жәрдемді дереу шақыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) жұмыс орындарында және келушілер үшін қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, қызметкерлер мен клиенттер үшін телефондар мен басқа да заттарды өңдеуге арналған қорының болуы;
Тармақша 6
6) тек маска киген келушілерге ғана киюге рұқсат беру;
Тармақша 7
7) қолғаптарды, медициналық маскаларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану (әрбір 2 сағат сайын);
Тармақша 8
8) оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілей отырып, жұмыс орындарының арасында кемінде 2 метр қашықтықты мүлтіксіз сақтау;
Тармақша 9
9) желдету режимін қамтамасыз ету және сақтау;
Тармақша 10
10) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасау (карталар, телефондағы қосымша).
Тармақ 2
2. Объектінің басшылығы клиенттер жиналатын «күту аймағын» алып тастай отырып, алдын ала жазу бойынша жұмысты ұйымдастыруды, келуші (Клиент) мен қызметкер арасындағы әлеуметтік қашықтықты барынша қамтамасыз етуді, персоналдың клиенттермен тікелей байланыстарын барынша азайтуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау есіктің тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, байланыс үстін (қызметкерлердің үстелдерін, орындықтарын), жалпы пайдаланылатын орындарды (гардеробтар, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитарлық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ауысымда кемінде 2 рет вирусицидті әсер ететін құралдармен жүргізіледі. Үстіңгі беттерді өңдеу дезинфекциялау ерітіндісіне батырылған шүберекпен сүрту тәсілімен немесе дезинфекциялау ерітіндісін тозаңдату арқылы суару тәсілімен жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Техникалық персонал (тазалаушылар) жеке қорғану құралдарын: халат, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізеді.
Тармақ 5
5. Пайдаланылған медициналық маскалар (оның ішінде түшкіру және жөтелу кезінде пайдаланылған салфеткалар), бір рет қолданылатын жинау шүберегін пакеттерге жинайды және қалдықтарға арналған арнайы контейнерлерге тастайды.
Тармақ 6
6. Қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және залалсыздандыру мамандандырылған ұйымдармен шарт бойынша жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Персоналдың жұмыс орындарында тамақ ішуіне, тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен жинауды қамтамасыз ете отырып, осы мақсаттар үшін аймақ бөлуді көздеуге жол берілмейді.
Тармақ 8
8. Объектіде персонал мен келушілердің белгіленген ережелерді сақтауына және персоналмен күнделікті нұсқама өткізуге жауапты тұлға тағайындалады.
Басқа 9. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде халыққа тұру бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілерге (қонақүйлер, отельдер) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 9-қосымша Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде халыққа тұру бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілерге (қонақүйлер, отельдер) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 1
1. Объектіге қонақтарды жеткізу бойынша көлік қызметтерін көрсету кезінде көлік құралын жинау журналына белгі қоя отырып, вирусқа қарсы әсер ететін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, көлік құралының салонын ылғалды жинау қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Қонақүйлерде, отельдерде келушілердің қауіпсіздігі мақсатында:
Тармақша 1
1) кіреберістегі келушілердің дене температурасын бақылау (ресепшн, күзет пункті);
Тармақша 2
2) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасау (карталар, телефондағы қосымша) қамтамасыз етіледі.
Тармақ 3
3. Персоналдың қауіпсіздігі мақсатында:
Тармақша 1
1) персоналдың профилактикалық іс-шараларды сақтауы;
Тармақша 2
2) қызметкерлерді барынша қашықтан жұмыс форматына ауыстыр, қысқарту, өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыс уақытын барынша қысқарту;
Тармақша 3
3) санитайзерлерді кіру және шығу кезінде пайдалану;
Тармақша 4
4) объектіге бір сәттік кіру 2 адамнан аспайды;
Тармақша 5
5) үй-жай ішіндегі адамдар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау;
Тармақша 6
6) маскалар болған кезде персоналға рұқсат беру;
Тармақша 7
7) кіру кезінде персоналдың температурасын өлшеу қамтамасыз етіледі.
Тармақ 4
4. Бөлімше басшылары мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) респираторлық инфекцияның кез келген белгілерімен (дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақ ауруы, тыныс алудың қиындауы), симптомдары, жоғары температура анықталған немесе пайда болған жағдайда персоналды жұмысқа жіберуді болдырмау, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыруды ұйымдастыру және жедел жәрдем келгенше осы қызметкерді оқшаулау;
Тармақша 2
2) персоналдың жұмысын ұйымдастыру кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) журналға белгі қоя отырып, жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және басқа да вирустық ауруларға ерекше назар аудара отырып, қызметкерлердің жұмысқа шығуының күн сайынғы мониторингін жүргізу.
Тармақ 5
5. Нөмір қоры қызметінің бастығы қызметкерлердің ұялы телефондарын, гаджеттерді, компьютерлік техниканы, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақ қойғыштары), жиһаздарды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды, лифт батырмаларын міндетті түрде өңдеу арқылы күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Дезинфекция үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен, оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтай отырып, құралдар қолданылады. Үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (үстелдер, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін жеке шүберек көзделеді.
Тармақ 7
7. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады, қызмет берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбада жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталуы қажет. Ыдыстық затбелгі дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.
Тармақ 8
8. Техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекциялық іс-шараларды жеке қорғану құралдарын: униформа, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып жүргізеді.
Тармақ 9
9. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда сақталады.
Тармақ 10
10. Объектіде 15 минут ішінде күніне 2 реттен кем емес желдету режимі қамтамасыз етіледі.
Тармақ 11
11. Объектінің басшылығы мыналарды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) персоналдың жеке гигиенасын сақтауы үшін жағдайлар (санитариялық тораптардың жұмыс істеуі, жуу құралдарымен, санитарлармен, қағаз сүлгілермен қамтамасыз ету).
Тармақша 2
2) бір рет қолданылатын медициналық маскалар қорының (жұмыс ауысымының және маскаларды ауыстыру ұзақтығына қарай 3 сағатта кемінде 1 рет) немесе көп рет қолданылатын қорғану маскаларының (келесі қолдану алдында кейіннен жуу және термиялық өңдеу арқылы), сондай-ақ бір рет қолданылатын немесе көп рет қолданылатын қолғаптардың (ауысымына кемінде 2 рет ауыстыруға жататын және тұтастығы бұзылған кезде), қолды өңдеуге арналған дезинфекциялайтын салфеткалар немесе тері антисептиктерінің болуы. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануды болдырмау. Пайдаланылған жеке қорғану құралдарын жинауды шығару үшін арнайы бөлінген орындарда пакеттерге өткізу, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жарату;
Тармақша 3
3) көрінетін және қолжетімді жерлерге қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерін орнату, коронавирустық инфекцияның профилактиикалық бойынша жаднамалардың болуы;
Тармақша 4
4) келушілер көп жиналатын жерлерде (холлдар, залдар, мейрамхана) бактерицидті шамдарды (келушілер мен қызметкерлер болмаған жағдайда пайдалануға) және (немесе) ауаны рециркуляторларды (адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі) ауаны тұрақты зарарсыздандыру мақсатында пайдалануға;
Тармақша 5
5) есептік қажеттілікке, өңдеу ауданы мен еселігіне қарай дезинфекциялау құралдарының төмендетілмейтін қорының болуы;
Тармақша 6
6) COVID-19 кезінде персоналды жеке гигиена ережелері бойынша мерзімді оқыту және қажетті шаралар мен іс-қимыл жоспарын іске асыру;
Тармақша 7
7) персоналдың жұмыс және демалыс аймақтарында қабырға дезинфекциялау құралдарын орнату.
Тармақ 12
12. Халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы шағын қонақүйлерде, хостелдерде, қонақүйлерде және басқа да объектілерде:
Тармақша 1
1) COVID-19 бойынша карантин кезінде персоналдың профилактикалық іс-шараларды сақтауы;
Тармақша 2
2) персоналдың санитерайзерлерді кіру және шығу кезінде пайдалануы;
Тармақша 3
3) персоналды жеке қорғану құралдары (маскалар) болған кезде кіргізу;
Тармақша 4
4) қызметкерлердің дене температурасын өлшеуге, жоғары температурада және ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, бұл туралы журналға тиісті белгілер қойылады;
Тармақша 5
5) қызметкерлердің ұялы телефондарын, гаджеттерді, компьютерлік техниканы, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақ қойғыштары), жиһаздарды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды, лифт кнопкаларын міндетті түрде өңдеу арқылы күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізу. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен, оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтаған кезде құралдарды қолдану;
Тармақша 6
6) үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (үстелдер, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін жеке шүберек көзделеді;
Тармақша 7
7) дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады, қызмет берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбада жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталуы қажет. Ыдыстық затбелгі дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.
Тармақ 13
13. Объектінің басшылығы мыналарды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) персоналдың жеке гигиенасын сақтауы үшін жағдайлар (санитариялық тораптардың жұмыс істеуі, жуу құралдарымен, санитайзерлермен, қағаз сүлгілермен қамтамасыз ету);
Тармақша 2
2) бір рет қолданылатын медициналық маскалар қорының (жұмыс ауысымының және маскаларды ауыстыру ұзақтығына қарай 3 сағатта кемінде 1 рет) немесе көп рет қолданылатын қорғану маскаларының (келесі қолдану алдында кейіннен жуу және термиялық өңдеу арқылы), сондай-ақ бір рет қолданылатын немесе көп рет қолданылатын қолғаптардың (ауысымына кемінде 2 рет ауыстыруға жататын және тұтастығы бұзылған кезде), қолды өңдеуге арналған дезинфекциялайтын салфеткалар немесе тері антисептиктерінің болуы. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануды болдырмау. Пайдаланылған жеке қорғану құралдарын жинауды шығару үшін арнайы бөлінген орындарда пакеттерге өткізу, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жарату;
Тармақша 3
3) көрінетін және қолжетімді жерлерге қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерін орнату, коронавирустық инфекцияның профилактикасы бойынша жаднамалардың болуы;
Тармақша 4
4) есептік қажеттілікке, өңдеу ауданы мен еселігіне қарай дезинфекциялау құралдарының төмендетілмейтін қорының болуы;
Тармақша 6
6) қызметкерлерді жеке гигиена ережелері бойынша мерзімді оқыту және COVID-1 кезінде қажетті шаралар мен іс-қимыл жоспарын іске асыру.
Тармақ 15
15. Барлық объектілерде жұмыс процесін ұйымдастыру кезінде:
Тармақша 1
1) адамдар көп жиналатын жерлерде, жүріп-тұру қарқындылығы байқалатын ресепшен алдында, едендегі белгілер арқылы немесе шектеу тіректері арқылы орындарды белгілеу арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау;
Тармақша 2
2) іргелес аумақты тазалықта ұстау, қоқысты уақтылы шығаруды қамтамасыз ету, аптасына 1 рет «санитариялық» күн өткізу;
Тармақша 3
3) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды бекіту (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқаулық жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, ды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
Тармақша 4
4) желдету жүйелері мен ауаны кондиционерлеу жүйелерінің профилактикалық тексеру жүргізумен үздіксіз жұмысы (фильтлерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда), әрбір 2 сағат сайын желдету режимін сақтау;
Тармақша 5
5) егер келген кезде немесе қонақтардың келуі кезінде аурудың кез келген белгілері (жөтел, әлсіздік, жоғары температура және т.б.) байқалатын болса және жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау қажеттігі және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау кезінде қызметкерлер арасында ден қою жоспары туралы нұсқама өткізу;
Тармақша 6
6) мейманханалық аймақтарда бір-бірінен 1,5 метр қашықтықта дивандар, орындықтар орнату;
Тармақша 7
7) әрбір келуші/клиент шыққаннан кейін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, бөлмелерді күрделі тазалау жұмыстарын жүргізу қамтамасыз етіледі.
Тармақ 15
15. Тамақ ішу арнайы бөлінген бөлмеде жүзеге асыралады. Тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірілген) осы мақсаттар үшін үй-жай бөлу көзделеді.
Тармақ 17
17. Нөмірлерде немесе асханаларда қонақтардың тамақтануын ұйымдастыру үстелдердің арасында кемінде 1 метр қашықтық және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қонақтардың жиналуын болдырмайтын жағдайлар сақталған кезде жүзеге асырылады.
Басқа 10. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде мәдениет объектілеріне (жеке және 30 адамға дейін топтық репетициялар) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 10-қосымша Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде мәдениет объектілеріне (жеке және 30 адамға дейін топтық репетициялар) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 1
1. Күшейтілген эпидемияға қарсы режимді қамтамасыз ету мақсатында мәдениет объектілерінде мыналар жүргізіледі:
Тармақша 1
1) қызметкерлер мен келушілердің кіреберісте дене температурасын бақылау, COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) жоққа шығармайтын симптомдардың болуын сұрау;
Тармақша 2
2) кіреберісте, холлдарда, дәліздерде әрбір 50-100 м сайын, лифтілерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату;
Тармақша 3
3) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасау (карталар, телефондағы қосымша);
Тармақша 4
4) клиенттер жиналатын «күту аймағын» алып тастай отырып, алдын ала жазылу бойынша жұмысты ұйымдастыру, келуші (клиент) мен қызметкер арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтауды барынша қамтамасыз ету, персоналдың клиенттермен тікелей байланысын барынша азайту.
Тармақ 2
2. Мыналар қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) іргелес аумақты тазалықта ұстау, қоқысты уақтылы шығаруды қамтамасыз ету, аптасына 1 рет «санитариялық» күні;
Тармақша 2
2) үй-жайларды жинауға және персоналдың қолын өңдеуге, тыныс алу органдарын жеке қорғану құралдарына арналған дезинфекциялайтын құралдардың төмендетілмейтін (кемінде бес күндік) қорын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқаулық жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, майлықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
Тармақша 4
4) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы нұсқама өткізу және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау;
Тармақша 5
5) персоналдың жұмыс күні ішінде қолғаптарды, маскаларды/респираторларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалануы;
Тармақша 6
6) әрбір 2 сағат сайын барлық үй-жайларды желдету режимін қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) сеанстар арасында кейіннен 15 минутқа желдете отырып, залдарға дезинфекция жүргізуге кемінде 30 минут үзіліс (сүйеніштерді, есіктердің тұтқаларын, креслолардың шынтақ қойғыштарын сүрту);
Тармақша 8
8) әр залдағы сеанстар санын шектеу (3-тен көп емес), қашықтық бойынша белгіленген талаптарды сақтай отырып, көрермендерді залға жіберу (кресло арқылы отырғызу және т. б.);
Тармақша 9
9) профилактикалық қарау жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны кондиционерлеу жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету (фильтрлерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда).
Тармақша 10
10) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есіктің тұтқаларын, сөндіргіштерді, тұтқаларды, сүйеніштерді, байланыс беттерін (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдаланылатын орындарды (гардероб, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ауысымда кемінде 2 рет вируциалды әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау жүргізу.
Тармақ 4
4. Техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекцияны жеке қорғану құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде жүргізуі қажет. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі.
Тармақ 5
5. Жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсылап жуады және арнайы бөлінген орындарда сақтайды.
Тармақ 6
6. Тамақ ішу арнайы бөлінген бөлмеде жүргізіледі. Тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірілген) осы мақсаттар үшін үй-жай бөлу көзделеді.
Басқа 11. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде СПА орталықтарының, моншалардың, сауналардың, бассейндердің, жағажайлардың қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 11-қосымша Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде СПА орталықтарының, моншалардың, сауналардың, бассейндердің, жағажайлардың қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 1
1. Объектілерде мыналар қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) кірер кезде және жұмыс күні ішінде (көрсетілімдер бойынша) термометриямен жұмыс ауысымы алдында қызметкерлердің күн сайынғы кіру фильтрін, ЖРВИ және тұмау симптомдарымен қызметкерлерді жұмыстан шеттету мақсатында респираторлық аурулар симптомдарының бар-жоғына, оның ішінде отбасы мүшелерінде болуына, шетелден келгендермен байланысты сұрау, ал COVID-19 жоққа шығармайтын симптомдар бар (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) адамдар үшін оқшаулауды және жедел жәрдемді дереу шақыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) кіретін жерде келушілер мен клиенттердің температурасын өлшеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі тазалау жүргізу;
Тармақша 4
4) кіреберісте дозаторлары бар тері антисептиктерімен, құрамында спирті бар парфюмерлік-косметикалық заттар немесе дезинфекциялық қолды өңдеуге арналған орын ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) алдын ала жазылу бойынша жұмысты ұйымдастыру (мүмкіндігінше), монша мен сауна ғимаратының ішінде келушілердің күтуін болдырмау, персоналдың клиенттермен тікелей байланысын барынша азайту;
Тармақша 6
6) 1,5 м қашықтықта таңбаларды (булаудан басқа) салу арқылы келушілер мен қызметкерлер үшін әлеуметтік қашықтық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) қызметкерлер мен келушілерге арналған жеке гигиена ережелерін сақтау және қолды тері антисептиктерімен өңдеу үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) қызметкерлердің арнайы киімдері мен келушілерге арналған киімдерді күнделікті жууды қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) әр 2 сағат сайын және жұмыс аяқталғаннан кейін есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, орындықтарды, орындықтарды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдалану орындарын (гардеробтарды, тамақ ішетін, демалу бөлмелерін, санитариялық тораптарды) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 10
10) дезинфекциялық ерітінділерді заттың атауы, ерітіндінің шоғырлануы және оны дайындау күні көрсетілген таңбасы бар ыдыстарда дезинфекциялық затты қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес сақтау;
Тармақша 11
11) персоналдың жеке қорғану құралдарын пайдалана отырып дезинфекция жүргізуі: униформа, қолғап, медициналық маска;
Тармақша 12
12) жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) арнайы бөлінген орындарда сақтау;
Тармақша 13
13) профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде фильтрлерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізу арқылы желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету; желдету режимін сақтау;
Тармақша 14
14) қол жууға арналған раковинамен және дозаторы бар тері антисептиктерімен жабдықталған арнайы бөлінген бөлмеде тамақ ішу;
Тармақша 15
15) келушілерге арнайы бөлінген орындарда жылыту мүмкіндігімен тек оралған сусындар мен дайын тамақ өнімдерін өнеркәсіптік қаптамада (ланч-бокстар) ұсыну;
Тармақша 16
16) профилактикалық шаралар мен жеке гигиена ережелерін сақтау туралы келушілерді және жұмыскерлерді хабардар ету (дәретханаға барғаннан кейін, тамақ ішер алдында қолды жуу, әлеуметтік қашықтық жүргізу қажеттілігі және т. б.).
Тармақ 2
2. Спорттық іс-шараларды (бассейндер) өткізу ара қашықтық бойынша белгіленген талаптарды сақтай отырып (кресло арқылы отырғызу) залға жобалық қуаттың 50% - дан астам жиналуынан аспайтын келушілерді жіберумен жүзеге асырылады.
Тармақ 3. Бассейндердің, жағажайлардың жұмысын ұйымдастыру
3. Карантин кезеңінде купельдер мен бассейндер пайдаланылмайды. Бассейндердің, жағажайлардың жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Күн сайын бассейнге және жағажайға іргелес жерлерге, сондай-ақ орналасқан шағын сәулет формаларына, күннен қорғауға мен демалуға арналған жабдықтарға (орындықтар, шезлонг және т. б.) дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып дезинфекция жүргізу;
Тармақ 2
2. Бассейнге бару алдында бассейнге келушілерге душ қабылдау, қолды және бетті сабынмен жуу, шешіну бөлмесінде және бассейндер мен жағажайларға барғанда әлеуметтік қашықтықты сақтау жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Қашықтықты сақтау үшін бассейндерде киінуге арналған кабиналардың бөлігін жабуды қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. Объектілерде:
Тармақша 1
1) бассейнде айналысатын бір адамға санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету: ересектер үшін кемінде 5 шаршы метр, балалар үшін кемінде 4 шаршы метр. Бассейнде бір мезгілде орналасқандардың саны 30 адамнан аспауы тиіс;
Тармақша 2
2) санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес бассейндерде су сапасына, су дайындау және суды зарарсыздандыру тиімділігіне өндірістік бақылауды күшейту;
Тармақша 3
3) әлеуметтік қашықтық үшін жеткілікті орын санын ескере отырып, жағажайларға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) жағажай жабдықтарын орналастыру (шезлонгтар, шешінетін бөлмелер, аяқты жуғыштар және т.б.) әлеуметтік қашықтық қағидаларын сақтай отырып жүргізіледі.
Басқа 12. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары) қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 12-қосымша Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары) қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тарау 1. 1. Жұмыс режиміне қойылатын талаптар
1. Жұмыс режиміне қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Медициналық-әлеуметтік объектілерде (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар) күшейтілген эпидемияға қарсы режимді қамтамасыз ету мақсатында):
Тармақ 2
2. Әлеуетті ата-аналар COVID-19-да теріс нәтижемен зертханалық тексеру туралы құжатты ұсынған кезде жетім балалармен одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін кездесу үшін әлеуетті ата-аналардың балалар үйлеріне баруына рұқсат етіледі;
Тармақ 3
3. Объектілерде анықталған симптомдары бар (дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы, әлсіздік, жөтел, ентігу) пациенттерді (персоналды) уақытша оқшаулау үшін кемінде 2 төсек оқшаулағыш бөлінеді. Изолятордың жұмыс тәртібі инфекциялық стационардың жұмыс режиміне сәйкес келеді.
Тармақ 4
4. Медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан келіп түскен пациенттер үшін 14 күнге дейін болатын жеке палата (немесе изолятор) бөлінеді, жай-күйі мен термометрияға сұрау жүргізу арқылы күніне 3 реттен кем емес қағаз немесе электрондық жеткізгіште тіркеледі.
Тармақ 5
5. Медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түскен пациенттер COVID-19-ға зертханалық тексерудің нәтижесі теріс болған кезде қабылданады.
Тармақ 6
6. Респираторлық инфекциялар симптомдары (дене қызуының көтерілуі, тамақтың ауыруы, әлсіздік, жөтел, ентігу) пайда болған персонал пациенттерде симптомдар пайда болған кезде дәрігер-консультантты шақыра отырып, дереу изоляторға орналастырылады.
Тармақ 7
7. COVID-19 бойынша карантин кезінде пациенттер мен персоналға күніне 3 реттен кем емес жағдайна сұрау жүргізу мен термометрия арқылы қағаз немесе электрондық жеткізгіште тіркеу арқылы медициналық бақылау жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Науқаста ЖРВИ (пневмония) белгілері анықталған кезде инфекциялық стационарға тасымалдауды COVID-19 бойынша жедел медициналық жәрдем бригадасы жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Науқас немесе COVID-19-мен байланыста болған адам анықталған және оқшауландырылған жағдайда, қорытынды дезинфекция мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып жүргізіледі.
Тармақ 10
10. COVID-19 науқасты немесе байланыста болған адамды анықтау және оқшаулау кезінде қорытынды дезинфекция жүргізуге өтінімді COVID-9 жағдайын анықтаған медицина қызметкері береді.
Тармақ 11
11. Медициналық-әлеуметтік объектінің іргелес аумағын қорытынды өңдеу мекеменің өтініміне сәйкес ұйымдардың күшімен және қаражатымен жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін көрнекі ақпараттық материалдарды (жаднамалар, нұсқаулықтар) ұсына отырып, COVID-19 профилактикасы бойынша санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Объектіде COVID-19 кезінде карантиндік (эпидемияға қарсы) іс-шараларды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары, олардың орындалуын бақылаумен бекітіледі.
Тармақ 14
14. Күн сайын (әрбір ауысым алдында) режим талаптарының сақталуына нұсқама және мониторинг жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Объектінің эпидемиологы (штатында эпидемиолог болмаған кезде жауапты медицина қызметкері) аптасына кемінде 1 рет қызметкерлерге сақ болу және COVID-19 кезінде эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу мәселелері бойынша оқыту жүргізеді.
Тармақ 16
16. Объектілерде тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде мыналар қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) белгіленген нормаларға сәйкес пациенттердің толыққанды тамақтануы, тамақ тарату, асхана ыдыстарын өңдеу кезінде гигиеналық ережелерді сақтау. Тамақтану тұру бөлмелерінде жүргізіледі;
Тармақша 2
2) пациенттердің асханалық ыдыстарын жуу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі №186 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына және қоғамдық тамақтану объектілерінде, ас блоктарында және сауда объектілерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауға қойылатын талаптарға сәйкес буфеттерде жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) жуу және дезинфекциялау құралдарының төмендетілмейтін қорымен (үш айлық қажеттілікті айқындай отырып), арнайы киіммен, медициналық маскалармен, қолғаптармен, тері антисептиктерімен, бір реттік майлықтармен және жинау мүкәммалымен (шелектер, шүберек швабрлары).
Тармақ 17
17. Үй-жайларды тазалауды ұйымдастыру кезінде мынадай талаптар сақталады:
Тармақша 1
1) жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы жинау жүргізу үшін жауапты персонал айқындалады. Жауапты тұлғаларды бекітумен жинау кестесі жасалады;
Тармақша 2
2) барлық үй-жайларда күніне 3 реттен кем емес күнделікті ылғалды жинау есіктердің тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақшаларын), қол жууға арналған раковиналарды, терезелер мен шырақтарды, терезе алды, есік ойықтарын, төсек жанындағы тумбочкаларды, қосқыштар мен розеткаларды, лифтілерді міндетті түрде өңдеу арқылы жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.
Тармақша 3
3) дезинфекциялау қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда вирустық инфекциялар кезінде объектілерді зарарсыздандыру режимдері көрсетілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, мынадай еселікпен жүргізіледі: - есіктердің тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақ қойғыштарын), қосқыштар мен розеткаларды, лифт кнопкаларын өңдеу- әрбір 2 сағат сайын; -санитариялық тораптар (еден, санитариялық-техникалық жабдықтар, оның ішінде крандардың вентильдері, унитаз бөшкелерін, перилалар) - күніне 3 рет.
Тармақ 18
18. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыстың барлық түрлерін бір рет немесе бірнеше рет қолданылатын ылғал өткізбейтін герметикалық қолғаптармен орындау керек. Жинау мүкәммалы жинау жүргізілгеннен кейін міндетті дезинфекциялауға жатады.
Тармақ 19
19. Медициналық-әлеуметтік объектілердің барлық үй-жайларын күніне кемінде 15 минут 6 рет желдете отырып, ауаның температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және ауа баптау жүйелеріне (тазалау, жуу, дезинфекциялау, фильтрлерді ауыстыру және т. б.) тексеру жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Үй-жайларда (холлдар, тамақ қабылдау залдары) күн сайын жабық үлгідегі ультракүлгін бактерицидті сәулелендіру құралдары немесе адамдардың қатысуымен тәулік бойы қолдану мүмкіндігі бар рециркуляторлар пайдаланылады. Рециркуляторлар үй-жайдың периметрі бойынша немесе оның нұсқаулығына сәйкес орнатылады. Сәулелендіру құралдарының қажеттілігі мен жұмыс режимі дайындаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес, олар орнатылатын үй-жайлардың ауданына қарай есептеледі.
Тармақ 21
21. Персонал бір рет қолданылатын медициналық маскаларды (маскаларды ауыстыру әрбір 2 сағатта кемінде 1 рет) пайдаланады, антисептиктерді пайдалана отырып, қолды гигиеналық өңдеу жүргізіледі, медициналық манипуляциялар жүргізу кезінде - бір рет қолданылатын стерильді қолғап пайдаланылады.
Тармақ 22
22. Кір жуу мекеме жанындағы кір жуу орындарында немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шарт бойынша жүргізіледі. Кір жуатын орын болған жағдайда тұратындар мен қызметкерлер үшін әртүрлі технологиялық ағындар көзделеді.
Тармақ 23
23. Төсек жабдықтарын (матрацтар, жастықтар, көрпелер) камералық дезинфекциялау дезинфекциялау камерасының үй - жайында жүргізіледі, болмаған жағдайда-шарт бойынша жүргізіледі. Төсек жабдықтарын камералық дезинфекциялау пациент шығарылғаннан, басқа ұйымдарға ауыстырғаннан немесе қайтыс болғаннан кейін жүргізіледі.
Тармақ 24
24. Медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, әкету және залалсыздандыру мамандандырылған ұйымдармен шарт бойынша жүргізіледі. COVID-19 байланысты медициналық қалдықтарды кәдеге жарату қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Үйде қызмет көрсететін ұйымдардың басшылығы мынаны қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) қарттар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен, оларға үйге бару үшін автокөлікпен;
Тармақша 2
2) қағаз немесе электрондық жеткізгіште тіркей отырып, әлеуметтік қызметкерлердің жағдайына күнделікті сауалнама жүргізу және термометриямен;
Тармақша 3
3) респираторлық инфекциялар симптомдары (дене қызуының көтерілуі, тамақтың ауыруы, әлсіздік, жөтел, ентігу) бар әлеуметтік қызметкерлерді жұмыстан шеттету.
Тармақ 26
26. Мүгедектер мен қарттардың тұрғын үй-жайларындағы ылғалды жинау Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.
Тармақ 27
27. Уақытша болу ұйымдарына жаңадан келіп түскендер үшін (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасының құрбандары үшін) 14 күнге дейін болатын және жай-күйін сұрау жүргізу мен термометрия арқылы күніне кемінде 3 рет қағаз немесе электрондық жеткізгіште тіркеліп, жеке палата (немесе изолятор) бөлінеді.
Басқа 13. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде фитнес, спорт кешендерінің қызметтерін көрсететін объектілердің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 13-қосымша Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде фитнес, спорт кешендерінің қызметтерін көрсететін объектілердің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 1
1. Объектілердің жұмысын қайта бастауға санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайларды қамтамасыз еткен кезде жол беріледі:
Тармақша 1
1) Жұмыскерлерді жеткізу/тасымалдау қызметтік автобуспен/автокөлікпен жұмысқа және жұмыстан орталықтандырылған жеткізу кезінде жүргізушіні қолды өңдеуге арналған антисептикпен және қорғану құралдарымен (арнайы киім, маскалар мен қолғаптар), оларды міндетті түрде талап етілетін жиілікпен ауыстыра отырып қамтамасыз ету, сондай-ақ әрбір рейстің алдында автокөлік салонын дезинфекциялау және кейіннен желдетуді жүргізу;
Тармақша 2
2) жолаушылардың кіруі және шығуы үшін автобустардың/шағын автобустардың барлық есіктерін бір мезгілде ашу;
Тармақша 3
3) салонға отыратын орындардың санына сәйкес маскадағы жолаушыларды кіргізу.
Тармақ 2
2. Объектінің әкімшілігі:
Тармақша 1
1) объектіні ашар алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау жүргізу;
Тармақша 2
2) қызметкерлердің күн сайынғы кіріс фильтрі кірген кезде және жұмыс күні ішінде термометриямен жұмыс ауысымының алдында (көрсетілімдер бойынша), респираторлық аурулар симптомдарының болуына, оның ішінде отбасы мүшелерінде, ЖРВИ және тұмау симптомдарымен қызметкерлерді жұмыстан шеттету мақсатында шетелден келгендермен байланыстың болуына, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) жоққа шығармайтын симптомдары бар адамдар үшін. Жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін оқшауланады;
Тармақша 2
2) кіруде келушілер мен клиенттердің температурасын өлшеу;
Тармақша 3
3) ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде жобалық қуаттың 50% - на дейін бір мезгілде жиналудан аспайтын келушілерді жіберу және қашықтық бойынша белгіленген талаптарды сақтай отырып көрермендерді залға жіберу (кресло арқылы отырғызу және т. б.);
Тармақша 4
4) аптасына 1 рет «санитариялық» күн өткізу;
Тармақша 5
5) көрінетін жерлерде және кіреберісте дозаторлары бар тері антисептиктерін орнату;
Тармақша 6
6) үй-жайлардың ауданына байланысты алдын ала жазылу бойынша жұмысты ұйымдастыру, персоналдың клиенттермен тікелей байланысын барынша азайту;
Тармақша 7
7) спорттық жабдықтарды, тренажерлерді кемінде 1,5 м қашықтықта орналастыру, топтық сабақ студияларында белгілеу арқылы әлеуметтік дистанциялау қағидаттарын сақтау;
Тармақша 8
8) жаттығу базаларында сабақ өткізу кезінде спортшылар топтарының өзара іс-қимылын барынша азайту;
Тармақша 9
9) сабақтар өткізу уақытын қоспағанда, спортшылар мен келушілердің спорт ұйымдарында маска киіп жүруі;
Тармақша 10
10) үй-жайларды жинауға және қызметкерлердің қолын өңдеуге, тыныс алу органдарының ЖҚҚ-ға арналған дезинфекциялайтын құралдардың төмендетілмейтін (кемінде бес күндік) қоры;
Тармақша 11
11) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамды айқындау (жұмыс күні ішінде температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқаулық жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, қолғаптарды, салфеткаларды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
Тармақша 12
12) қызметкерлер арасында нұсқама өткізу және келушілерді жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі, профилактикалық, әлеуметтік дистанциялау шараларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау туралы хабардар ету;
Тармақша 13
13) қызметкерлердің қолғаптарды, маскаларды/респираторларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалануы;
Тармақша 14
14) әрбір 2 сағат сайын оқу-жаттығу процесі мен сабақтар (жаттығулар) өткізілетін жұмыс орындары мен үй-жайларды желдету;
Тармақша 15
15) жұмыс үй-жайларында бактерицидті шамдарды (келушілер мен қызметкерлер болмаған жағдайда пайдаланылады) және (немесе) ауаны рециркуляторларды (адамдардың қатысуымен пайдаланылады) ауаны тұрақты зарарсыздандыру мақсатында қолдану;
Тармақша 16
16) есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, тұтқаларды, жанасатын беттерді (спорт жабдықтары мен мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (гардеробтар, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, әрбір 3 сағат сайын вирусицидті әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларға ылғалды жинау жүргізу);
Тармақша 17
17) профилактикалық тексеру жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны кондиционерлеу жүйелерінің үздіксіз жұмысы (фильтрлерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда);
Тармақша 18
18) Техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғану құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуі. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі;
Тармақша 19
19) жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) арнайы бөлінген орындарда пайдаланғаннан кейін сақтауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде мынадай талаптар сақталады:
Тармақша 1
1) кейіннен жинау, зарарсыздандыру және жою арқылы бір реттік ыдыс пайдаланылады;
Тармақша 2
2) көп реттік ыдыстарды пайдаланған кезде – оны 65 градустан төмен емес температурада арнайы жуу машиналарында немесе сол температурада дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып қолмен өңдеу;
Тармақша 3
3) бөтелкедегі суды қоспағанда, спорт объектілеріне келушілерге дайын тағамдар мен сусындарды өткізуге жол берілмейді (толық күн болатын немесе тұрақты болатын спортшыларға арналған жаттығу базаларынан басқа);
Тармақша 4
4) жалпы тамақтану орындары үшін жалпы қабылданған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталады.
Тармақша 5
5) жұмыс орындарында тамақ ішуге жол берілмейді, тамақ арнайы бөлінген тамақ ішетін бөлмеде қабылданады. Тамақ ішетін бөлме болмаған кезде дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірілген) осы мақсаттарға арналған үй-жайлар бөлінеді.