Об утверждении перечня существенно важных товаров Қолданыста
Басқа 0
Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған елеулі маңызды тауарлардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_______________А. Мамытбеков
2015 жылғы 1 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ивестициялар және даму министрі
_________________ Ә. Исекешев
2014 жылғы 31 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________________Б. Сұлтанов
2014 жылғы 29 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_________________В. Школьник
2014 жылғы 30 желтоқсан
Басқа 0. Елеулі маңызды тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 180 бұйрығымен бекітілген
Елеулі маңызды тауарлардың тізбесі
№
ЕАЭО СЭҚ ТН коды
Тауардың атауы
1.
0201
Ірі қара малдың еті, жас немесе тоңазытылған
2.
0202
Ірі қара малдың еті, мұздатылған
3.
0203
Шошқаның еті, жас тоңазытылған немесе мұздатылған
4.
0204
Қой немесе ешкінің жас еті, тоңазытылған немесе мұздатылған
5.
0207
0105 тауар позициясында көрсетілген үй құсының еті және тағамдық қосымша өнімдері, жас, тоңазытылған немесе мұздатылған
6.
0301
Тірі балық
7.
0302
0304 тауар позициясының балық сүзбесі мен балық етін қоспағанда, жаңа ұсталған немесе мұздатылған балық
8.
0303
0304 тауар позициясының балық сүзбесі мен балық етін қоспағанда, мұздатылған балық
9.
0304
Жаңа ұсталған, салқындатылған немесе мұздатылған балық сүбесі (балық фаршын қоса алғанда) және басқа балық еті
10.
0305
Кептірілген, тұздалған немесе тұзды балық; ысталған балық, ысталғанға дейін немесе шегу кезінде термиялық өңдеуге ұшырамаған
11.
0306
Шаянтәрізділер, қабығы немесе қабығы, тірі, балғын, салқындатылған, мұздатылған, кептірілген, тұздалған немесе тұздалған; ысталған шаянтәрізділер, қабығы бар немесе қабығы жоқ, ысталғанға дейін немесе шегу кезінде термиялық өңдеуге ұшырамаған; қабықтағы шаян тәрізділер, буға пісірілген немесе суда қайнатылған, салқындатылған немесе салқындатылмаған, мұздатылған немесе мұздатылмаған, кептірілген немесе кептірілмеген, тұздалған немесе тұздалмаған, тұзды ерітіндіде немесе тұздалмаған
12.
0401
Қоюлатылмаған және қант немесе басқа тәттілендіретін заттар қосылмаған сүт және кілегей
13.
0402
Қоюлатылған және қант немесе басқа тәттілендіретін заттар қосылған сүт және кілегей
14.
0405
Сүттен жасалған сары май және өзге тоң майлар; сүт пасталары
15.
0406
Ірімшіктер және сүзбе
16.
0407
Қабықтағы, жас, консервіленген немесе піскен құс жұмыртқалары
17.
0701
Жас немесе тоңазытылған картоп
18.
0703
Басты пияз, шалот пиязы, сарымсақ, порей пиязы және басқа пияздық көкөністер, жас немесе тоңазытылған
19.
0704
Қаудандық қырыққабат, түрлі-түсті қырыққабат, кольраби, жапырақты қырыққабат және brassica тұқымдасынан ұқсас жеуге жарамды көкөністер, жас немесе тоңазытылған
20.
0706
Сәбіз, шалқан, асхана қызылшасы, ешкі тамыры, балдыркөк тамыры, шалғам және басқа ұқсас жеуге жарамды жаңа піскен немесе салқындатылған тамыр көкөністері
21.
0708
Аршылған немесе аршылмаған, жас немесе тоңазытылған, бұршақ тұқымдас көкөністері
22.
0713
Кептірілген, аршылған, тұқымдық қауызынан тазартылған немесе тазартылмаған, ұсақталған немесе ұсақталмаған бұршақ тұқымдас көкөністері
23.
0902
Дәмдік хош иісті қоспалары бар немесе жоқ шай
24.
1001
Бидай және меслин
25.
1002
Қара бидай
26.
1003
Арпа
27.
1004
Сұлы
28.
1005
Жүгері
29.
1006
Күріш
30.
1008
Қарақұмық, тары және субидайдықтың тұқымдары; басқа да дақылдар
31.
1101 00
Бидай немесе қара бидай ұны
32.
1102
Бидай немесе қара бидайдан басқа дәнді дақылдардан жасалған ұн
33.
1103
Жарма, ірі тартылған ұн және астық тұқымдастар дәндерінен алынған түйіршіктер
34.
1104
1006 тауар позициясындағы күрішті қоспағанда, басқа да тәсілдермен өңделген астық тұқымдастар дәндері (мысалы, дән жармасы түрінде қабығынан аршылған, жаншылған, үлпектерге қайта өңделген, түйілген немесе ұсатылған); тұтас, жаншылған, үлпек түріндегі немесе бастырылған астық тұқымдастар дәнінің ұрықтары
35.
1105
Майда немесе ірі тартылған ұн, ұнтақ, үлпек, картоп түйіршіктері
36.
1106
Майда немесе ірі тартылған ұн және 0713 тауар позициясындағы кептірілген бұршақ тұқымдас көкөністері, саго пальмасының өзегінен, 0714 тауар позициясындағы түйнек тамырлардан немесе 8-топтың өнімдерінен алынған ұнтақ
37.
1201 00
Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған соя бұршақтары
38.
120400
Зығыр тұқымдары, ұсатылған немесе ұсатылмаған
39.
1205
Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған рапстың немесе кользаның тұқымдары
40.
1206 00
Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған күнбағыс тұқымдары
41.
1207
Басқа да майлы дақылдардың тұқымдары мен жемістері, ұсатылған немесе ұсатылмаған
42.
1208
Қышаның тұқымдарынан басқа, майлы дақылдар тұқымдарынан немесе жемістерінен алынған майда немесе ірі тартылған ұн
43.
1209
Егіске арналған тұқымдар, жемістер және споралар
44.
1211 90 860 1
Мия тамыры
45.
1214
Түйіршіктелген немесе түйіршіктелмеген тарна, жапырақты қызылша (мангольт), жемдік тамырлар, пішен, жоңышқа, беде, эспарцет, жемдік қырыққабат, бөрібұршақ, сиыржоңышқа және ұқсас жемдік өнімдер
46.
1507
Тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгертілмеген соя майы және оның фракциялары
47.
1512
Тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгермеген күнбағыс, мақсары немесе мақта майы және олардың фракциялары
48.
1514
Тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгермеген рапс (рапстан немесе кользадан) немесе қыша майы және олардың фракциялары
49.
1515
Өсімдік немесе микробиологиялық текті басқа да ұшпайтын майлар мен майлар (жожоба майын қоса алғанда) және олардың фракциялары, тазартылған немесе тазартылмаған, бірақ химиялық құрамы өзгертілмеген
50.
1517
Маргарин; 1516 тауар позициясындағы тағамдық тоң майлар мен майлардан немесе олардың фракцияларынан басқа, осы топтағы тоң майлардан немесе жануарлардан, өсімдіктен немесе микробиологиялық тектес тоң майлардан немесе майлардан жасалған тағамдық қоспалар немесе дайындалған өнімдер немесе осы топтың әртүрлі тоң майлары немесе майларының фракциялары
51.
1518 00
Жануарлардан, өсімдіктен немесе микробиологиялық текті тоң майлар және олардың фракциялары, пісірілген, тотыққан, сусыздандырылған, күкірттенген, ауамен үрлеу арқылы тотыққан, вакуумде немесе инертті газда қыздыру арқылы полимерленген немесе өнімдерден басқа кез келген басқа жолмен химиялық түрлендірілген 1516 тауар позициясының; басқа жерде аталмаған немесе қосылмаған жануарлардан, өсімдіктен немесе микробиологиялық тектегі тоң майлар мен майлардан немесе осы топтағы әртүрлі тоң майлардың фракцияларынан жасалған қоспалар немесе дайындалған өнімдер адам тұтынуына жарамсыз
52.
1701
Құрақ немесе қызылша қанты және қатты түрдегі химиялық таза сахароза
52.1
1904 90 800 0
Астық дәндерін немесе астық өнімдерін (мысалы, жүгері үлпектері) үрлеу немесе қуыру жолымен алынған өзге де дайын тамақ өнімдері; астық түріндегі немесе үлпек немесе өзге тәсілмен өңделген астық түріндегі (жұқа және ірі тартылған ұнды, жарманы қоспағанда), алдын ала пісірілген немесе өзге тәсілмен дайындалған, басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген дақылдар (жүгері дәнінен басқа)
53.
2302
Түйіршіктелмеген немесе түйіршіктелген кебектер, жармалар, жарма ұндар және дақылдар дәндерін немесе бұршақ дақылдарын елеуден, тартудан немесе басқа да тәсілдермен өңдеуден алынған өзге де қалдықтар
54.
2304 00 000
Қытайбұршақ майын бөліп алу кезінде алынатын күнжара және тартылмаған немесе тартылған, түйіршіктелмеген немесе түйіршіктелген басқа да қатты қалдықтар
55.
2306
2304 немесе 2305 тауар позициясында көрсетілгеннен басқа, өсімдік немесе микробиологиялық тоң майларын немесе майларын бөліп алу кезінде алынатын күнжара және тартылмаған немесе тартылған, түйіршіктелмеген немесе түйіршіктелген басқа да қатты қалдықтар
56.
2309
Жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын өнімдер
57.
2501 00
Тұз (асханалық және денатуратталған тұзды қоса алғанда) және таза натрий хлориді суда ерітілген немесе ерімеген, немесе жабысуға кедергі келтіретін немесе сусымалылықты қамтамасыз ететін агенттердің қоспалары бар немесе жоқ; теңіз суы
58.
2705 00 000 0
Мұнай газдары мен басқа да газ тәрізді көмірсутектерден басқа, тас көмір газы, су, генераторлық және ұқсас газдар
59.
2709 00
Битуминозды жыныстардан алынған шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері
60.
2710
Шикілерден басқа, битуминозды жыныстардан алынған мұнай және мұнай өнімдері; басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген, құрамында 70 салм.% немесе одан да артығы болатын мұнай немесе мұнай өнімдері бар, битуминоздық жыныстардан алынған, оның үстіне бұл мұнай өнімдері негізгі өнімдерді құрайтын өнімдер болып табылады; өңделген мұнай өнімдері
61.
2711
Мұнай газдары және өзге де газ тәрізді көмірсутектер;
62.
2712
Мұнай вазелині; боялған немесе боялмаған синтез нәтижесінде алынған, микрокристалданған парафин, мұнай балауызы, парафин гачі, озокерит, құба көмірлі балауыз, шымтезек балауызы, өзге де минералды балауыздар және ұқсас өнімдер;
63.
2713
Битуминозды жыныстардан алынған мұнай коксы, мұнай битумы және мұнай және мұнай өнімдерін өңдеуден қалған өзге де қалдықтар;
64.
2715 00 000 0
Табиғи асфальт, табиғи битум, мұнай битумы, минералды шайыр немесе минералды шайыр пегі негізіндегі битум қоспалары (мысалы, битум мастикалары, жол жабындарына арналған асфальт қоспалары)
65.
4101
Ірі қара малдың (буйволдарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың түгі бар немесе түксіз, бүлінген немесе бүлінбеген, өңделмеген терілері
66.
4102
Осы топқа 1в ескертпемен алып тасталғандардан басқа, қойлардың немесе қозылардың (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың жүні бар немесе жүнсіз, бүлінген немесе бүлінбеген, өңделмеген терілері
67.
4103
Осы топқа 1б немесе 1в ескертпелермен алып тасталғандардан басқа, түкті немесе түксіз (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген), бөлінген немесе бөлінбеген өңделмеген басқа да терілер
68.
4104
Ірі қара малдың (буйволдарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас жануарлардың терісінен жасалған, түгі жоқ, бөлінген немесе бөлінбеген, бірақ одан әрі өңдеусіз иленген былғары немесе былғары краст
69.
4106 31 000 0
Жүнсіз немесе жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген, бірақ одан әрі өңделмеген, ылғалды күйдегі (хромдалған жартылай фабрикатты қоса алғанда) шошқа терісінен жасалған иленген былғары)
70.
4106 32 000 0
Шошқаның терісінен жасалған иленген былғары, жүнсіз немесе жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген, бірақ одан әрі өңделмеген, құрғақ күйінде (краст)
71.
4401
Бөренелер, кеспек отындар, бұтақтар, шөпшек байламдары түріндегі немесе ұқсас түрлеріндегі отындық сүрек; жаңқа немесе сүрек жоңқасы; қоспалы немесе қоспасыз бөрене, брикеттер, түйіршіктер түріндегі немесе ұқсас түрлердегі сүрек үгінділер мен қалдықтары және скрап
72.
4403
Өңделмеген, қабығы аршылған немесе аршылмаған немесе шелқабығымен немесе тұрпайы бөренеленген немесе бөренеленбеген ағаш материалдары
73.
4404
Бондарлық ағаш; кесілген бөренелер; үшкірлеген, бірақ ұзын бойымен кесілмеген қадалар, қазықтар және бағандар; ұшталмаған, қатты сүргіленген, иілмеген немесе басқа тәсілмен өңделмеген, тростарды, қолшатырларды, саймандарға арналған тұтқаларды немесе ұқсас бұйымдарды өндіру үшін пайдаланылатын ағаш материалдары; аршылған және осыған ұқсас сүрек
74.
4406
Теміржол немесе трамвай жолдарына арналған ағаш шпалдар
75.
4407
Ағашты аралау немесе кесу, тегістеу немесе аршу жолымен алынған, өңделмеген немесе сүргілеу, ұнтақтау арқылы өңделмеген, шеткі қосылыстары бар немесе жоқ, қалыңдығы 6 миллиметрден астам ағаш
76.
4707
Регенирацияланған қағаз немесе картон (макулатура және қалдықтар)
77.
5101
Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн
78.
5102
Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған биязы немесе қылшықты жануарлардың қылы
79.
5103
Иіру қалдықтарын қоса алғанда, бірақ ыдыратылған шикізатты қоспағанда, жүннің немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары
80.
5104 00 000 0
Жануарлар жүнінен немесе жұқа немесе қатты түгінен жұлынған шикізаттар
81.
5301
Шикізатты зығыр немесе өнделген, бірақ иіруге ұшырамаған зығыр; зығырдың қыл-қыбыры мен қалдықтары (иіру қалдықтары мен жұлынған шикізатты қоса алғанда)
82.
7108
Өнделмеген немесе жартылай өнделген, немесе ұнтақ түріндегі алтын (платинадан алынған гальванды қаптамасы бар алтынды қоса алғанда)
83.
7112
Қымбат металдардың немесе бағалы металдармен қапталған металдардың қалдықтары мен сынықтары; 8549 тауар позициясындағы тауарлардан басқа, негізінен бағалы металдарды қалпына келтіру үшін пайдаланылатын бағалы металдар немесе бағалы металдардың қосындылары бар өзге де қалдықтар мен сынықтар
84.
7204
Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қара металдардың қайта балқытуға арналған құймалары (шихталық құймалар)
85.
7207
Темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар
86.
7208
Ені 600 мм немесе одан да көп, ыстықтай басылған, жалатылмаған, гальваникалық немесе басқа қаптамасыз, темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған тегіс илек
87.
7209
Ені 600 мм немесе одан да көп, суықтай басылған (суық күйінде қысылған), жалатылмаған, гальваникалық немесе басқа қаптамасыз, темірден немесе қосарланбаған болаттан жасалған тегіс илек
88.
7210
Ені 600 мм немесе одан да көп, ыстықтай иленген, жалатылмаған, гальваникалық немесе басқа қаптамасыз, темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған тегіс илек
89.
7302
Темір жол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын қара металдан жасалған бұйымдар:
рельстер, қарсы рельстер және тісті рельстер, ауыспалы рельстер, тұйық қиылыс айқаспалары, ауыспалы штангалар және өзге де көлденең қосылыстар, шпалдар, түйіспе жапсырмалары мен төсемдері, сыналар, тірек тақталары, ілгекті рельс бұрандалары, төсемдер мен созғыштар, тұғырлар, көлденең жақтаулар мен рельстерді қосуға немесе бекітуге арналған өзге де бөлшектер
90.
7404 00
Мыс қалдықтары мен сынықтары
91.
7503 00
Никель қалдықтары мен сынықтары
92.
7601
Өңделмеген алюминий
93.
7602 00
Алюминий қалдықтары мен сынықтары
94.
7603
Алюминий ұнтақтары мен қабыршықтары
95.
7604
Алюминий шыбықтары мен профильдері
96.
7605
Алюминий сымы
97.
7606
Ені 0,2 мм-ден астам алюминийден жасалған плиталар, табақтар, жолақтар немесе таспалар
98.
7607
Ені (негізін есепке алмағанда) 0,2 мм алюминий фольга (қағаздан, картоннан, пластмассадан немесе ұқсас материалдардан жасалған негізсіз немесе негізімен)
99.
7608
Алюминийден жасалған түтіктер мен түтікшелер
100.
7609 00 000 0
Алюминий түтіктерге немесе түтікшелерге арналған фитингтер (мысалы, жалғастырғыштар, иіндер, ернемектер)
101.
7610
Алюминий металл конструкциялары (9406 тауар позициясындағы құрастырылатын құрылыс металл конструкцияларынан басқа) және олардың бөліктері (мысалы, көпірлер және олардың бөліктері, мұнаралар, керегеторлы діңгектер, шатырларға арналған аражабындар, құрылыс фермалар, есіктер, терезелер және олардың рамалары, есіктерге арналған табалдырықтар, балюстрадалар, тіректер және колонналар): металл конструкцияларда пайдалануға арналған алюминийден жасалған беттер, шыбықтар, профильдер, түтіктер және ұқсас бұйымдар
102.
7611 00 000 0
Кез келген заттарға арналған (қысылған немесе сұйылтылған газдан басқа), сыйымдылығы 300 л астам, қаптамасымен немесе жылу оқшаулағышпен немесе оларсыз, бірақ механикалық немесе жылу техникалық жабдықтарсыз резервуарлар, цистерналар, бактар және алюминийден жасалған ұқсас сыйымдылықтар
103.
7612
Кез келген заттарға арналған (сығылған немесе сұйылтылған газдан басқа), сыйымдылығы 300 л-ден астам қаптамасымен немесе жылу оқшаулағышпен немесе оларсыз, бiрақ механикалық немесе жылу техникалық жабдықтарсыз бөшкелер, барабандар, банкiлер, жәшiктер және алюминийден жасалған ұқсас сыйымдылықтар (қатты немесе деформацияланатын түтiк түрiндегi сыйымдылықтарды қоса алғанда)
104.
7613 00 000 0
Сығылған немесе сұйытылған газға арналған алюминий ыдыстар
105.
7614
Электрлік оқшаулаусыз алюминийден жасалған иірілген сым, тростар, өрме баулар және ұқсас бұйымдар
106.
7616
Алюминийден жасалған басқа да бұйымдар
107.
7802 00 000 0
Қорғасын қалдықтары мен сынықтары
108.
7902 00 000 0
Мырыш қалдықтары мен сынықтары
109.
8002 00 000 0
Қалайы қалдықтары мен сынықтары
110.
8101 97 000 0
Вольфрамның қалдықтары мен сынықтары
111.
8102 97 000 0
Молибденнің қалдықтары мен сынықтары
112.
8103 30 000 0
Танталдың қалдықтары мен сынықтары
113.
8104 20 000 0
Магний қалдықтары мен сынықтары
114.
8105 30 000 0
Кобальт қалдықтары мен сынықтары
115.
8106
Висмут және одан жасалған бұйымдар, соның ішінде қалдықтар мен сынықтар
116.
8112 61 000 0
Кадмий қалдықтары мен сынықтары
117.
8108 30 000 0
Титан қалдықтары мен сынықтары
118.
8109 31 000 0,
8109 39 000 0
Цирконий қалдықтары мен сынықтары
119.
8110 20 000 0
Сүрме қалдықтары мен сынықтары
120.
8111 00 190 0
Марганец қалдықтары мен сынықтары
121.
8112 22 000 0
Хром қалдықтары мен сынықтары
122.
8607
Темір жол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктері
123.
0102
Тірі ірі қара мал
124.
0104
Тірі қойлар мен ешкілер
125.
2902
Циклдік көмірсутектер
126.
3403
Жақпа материалдары (кескіш жабдықтар үшін жақпасалқындатқыш эмульсияларды, болттар немесе жаңғақтарды бұрауды жеңілдетуге арналған құралдар, тотты кетіруге арналған құралдар немесе тоттануға қарсы құралдар және майлау негізінде дайындалған қалыптан бұйымдарды алуды жеңілдетуге арналған препараттар) және битуминоздық жыныстардан алынған негізгі құрамдас бөліктер ретінде сал. 70 % немесе одан қөп мұнай немесе мұнай өнімдері бар құралдардан басқа, тоқыма материалдарын, теріні, жүнді жаққымаймен және маймен өңдеу үшін пайдаланылатын құралдар
127.
3811
Антидетонаторлар, антиоксиданттар, шайыртүзуші тежегіштер, қоюлатқыштар, даттануға қарсы заттар және мұнай өнімдеріне (бензинді қоса алғанда) немесе мұнай өнімдерге арналған мақсаттарда сияқты пайдаланылатын басқа да сұйықтықтарға қосылатын өзге де дайын қоспалар
128.
3826 00
Битуминоз жыныстарынан алынған, құрамында сал. 70 % кем болатын мұнай өнімдері немесе мұнай бар немесе жоқ биодизель және оның қоспалары
129.
4015 топтан*
Стерильді, стерильді емес медициналық қолғаптар
130.
6210 топтан*
Бір рет қолданылатын, көп рет қолданылатын медициналық қорғаныш костюмдері (барлық түрлері)
131.
6307 90 980 0 бірі*
Үш қабатты медициналық маска (барлық түрлері)
132.
7303 00*
Бұрын пайдалануда болған шойынды құймадан жасалған түтіктер, түтікшелер және қуыс профильдер
133.
7304*
Бұрын пайдалануда болған жіксіз, қара металдардан жасалған түтіктер, түтікшелер және қуыс профильдер (шойынды құймадан басқа)
134.
7305*
Бұрын пайдалануда болған дөңгелек қималы, сыртқы диаметрі 406,4 мм-ден астам, қара металдардан жасалған өзге де түтіктер мен түтікшелер (мысалы, пісірілген, шегеленген немесе ұқсас тәсілмен біріктірілген)
135.
7306*
Бұрын пайдалануда болған қара металдардан жасалған түтіктер, түтікшелер және қуыс профильдер (мысалы, жігі ашық немесе дәнекерленген, шегеленген немесе осыған ұқсас тәсілмен біріктірілген)
136.
8549 11 000 0,
8549 12 000 0,
8549 13 000 0,
8549 14 000 0,
8549 19 000 0
Бастапқы элементтердің, бастапқы батареялардың және электр аккумуляторларының қалдықтары мен сынықтары; пайдаланылған бастапқы ұяшықтар, пайдаланылған бастапқы батареялар және пайдаланылған электр батареялары
137.
9020 00 000 0*
№ 95 маска-респиратор (барлық түрлері)
138.
5201 00
Мақта талшығы, кардоланбаған немесе таралмаған
139.
4410 11 10 00
Өңделмеген бөлшектердің тақталары немесе одан әрі өңдеусіз, ұнтақтауды қоспағанда
140.
4411 14 10 00
Қалыңдығы 9 миллиметрден асатын орташа тығыздықтағы талшықты тақталар (MDF) тақталары: өңдеусіз немесе бетін жабусыз
141.
4411 92 10 00
Тығыздығы 0,8 грамм/текше сантиметрден асатын басқа тақталар (МДФ): өңдеусіз немесе бетін жабусыз
142.
3923 30 10 90
Сыйымдылығы 2 литрден аспайтын басқа бөтелкелер, бөтелкелер, флакондар және ұқсас өнімдер
143.
3923 30 90 90
Сыйымдылығы 2 литрден асатын басқа бөтелкелер, бөтелкелер, флакондар және ұқсас өнімдер
144.
3915 90 11 00
Пропилен полимерлерінің қалдықтары, кесінділері және сынықтары
145.
3102
Минералды немесе химиялық тыңайтқыштар, азот
146.
3103
Минералды немесе химиялық тыңайтқыштар, фосфор
147.
3105
Құрамында екі немесе үш қоректік заттар: азот, фосфор және калий бар минералды немесе химиялық тыңайтқыштар; басқа тыңайтқыштар; таблеткадағы немесе ұқсас пішіндегі немесе жалпы салмағы 10 килограмнан аспайтын қаптамадағы осы топтың тауарлары
148.
2701
тас көмір, брикеттер, тас көмірден алынған түйіршіктер және қатты отынның ұқсас түрлері
149.
2702
лигнит немесе гагаттан басқа агломерленген немесе агломерленбеген қоңыр көмір
150.
2503 00
мұздатылған кептірілген, тұндырылған және коллоидты күкірттен басқа барлық түрдегі күкірт
151.
2510100000
табиғи кальций фосфаттары, табиғи алюминий-кальций фосфаттары және фосфат боры: ұнтақталмаған
152.
2510200000
табиғи кальций фосфаттары, табиғи алюминий-кальций фосфаттары және фосфат боры: ұнтақталған
153.
4412 33 000 0
Кем дегенде бір сыртқы қабаты жапырақты тұқымдас ағаштардың мынадай түрлерінен жасалған өзге, әр қабаттың қалыңдығы 6 мм-ден аспайтын, тек ағаш жапырақтарынан тұратын (бамбуктан басқа) өзге желімделген фанера: қандыағаш (Alnus spp.), шаған (Fraxinus spp.), шамшат (Fagus spp.), қайың (Betula spp.), шие (Prunus spp.), талшын (Castanea spp.), шегіршін (Ulmus spp.), эвкалипт (Eucalyptus spp.), гикори (Carya spp.), атталшын (Aesculus spp.), жөке (Tilia spp.), үйеңкі (Acer spp.), емен (Quercus spp.), шынар (Platanus spp.), терек пен көктерек (Populus spp.), инеш (Robinia spp.), лириодендрон (Liriodendron spp.) немесе жаңғақ (Juglans spp.)
154.
4412 39 0000
Сыртқы екі қабаты қылқан жапырақты ағаштан жасалған, әр қабаттың қалыңдығы 6 мм-ден аспайтын, тек ағаш жапырақтарынан тұратын (бамбуктан басқа) өзге желімделген фанера
155.
7206
Құймалардағы немесе басқа бастапқы нысандардағы темір және легирленбеген болат (7203 тауар позициясындағы темірден басқа)
156.
7218
Құймалардағы немесе басқа бастапқы нысандардағы коррозияға төзімді болат; коррозияға төзімді болаттан жасалған жартылай фабрикаттар
157.
7224
Құймалардағы немесе басқа бастапқы нысандағы қосындыланған болаттардың басқа түрлері; қосындыланған болаттардың басқа түрлерінен жасалған жартылай фабрикаттар
158.
7402 00 000 0
Тазартылмаған мыс; электролиттік тазартуға арналған мыс анодтары
159.
7403 13 000 0
Тазартылған мыс; илемдеуге арналған дайындамалар
160.
7403 29 000 0
Өзге де мыс қорытпалары (7405 тауар позициясының лигатураларынан басқа)
161.
7413 00 000
Электрлік оқшаулаусыз мыстан жасалған иірілген сым, тростар, өрме баулар және ұқсас бұйымдар:
162.
7601 20 200 9
Алюминий қорытпалары: слябтар және өзге биллеттер
163.
7801 91 000 0
Құрамында басқа элементтердiң арасында салмағы бойынша артық болатын элемент ретiнде сүрме бар өзге өңделмеген қорғасын
164.
7801 99 100 0
Тазартуға арналған, құрамында 0,02 салм.% немесе одан астам күміс бар (қара қорғасын немесе веркблей) өзге өңделмеген қорғасын
165.
7801 99 900 0
Өңделмеген қорғасын: өзге: өзге: өзге
166.
8482 10
Шарикті мойынтіректер
167.
8482 20 000
Жиынтықтағы сепараторы мен роликтері бар ішкі конустық шығыршықтарды қоса алғанда, роликті конустық мойынтіректер
168.
8482 30 000
Роликті сфералық мойынтіректер
169.
8482 50 000
Жиынтықтағы сепараторлар мен роликтерді қоса алғанда, цилиндрлік роликтері бар өзге мойынтіректер
170.
8482 80 000
Аралас шарикті-роликті мойынтіректерді, өзгелерді қоса алғанда, мойынтіректер
Ескерту: ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы.
Тауар позициясы – ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың атауы.
* ЕАЭО СЭҚ ТН көрсетілген кодымен жіктелетін тауарлар тауарларға қатысты ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауар атауын да басшылыққа алу қажет.