О покрытии расходов за питание детей, проживающих в интернатах при школах района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мектептері жанындағы интернаттарда тұратын балалардың тамақтану шығынын өтеу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 8-бабы 4-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» № 320 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру Қағидаларының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мектептері жанындағы интернаттарда тұратын балалардың тамақтану шығыны жергілікті бюджет қаражаты есебінен толық өтелсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Ж.Т. Есдәулетовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 сәуірден бастап пайда болған қатынастарға таралады.