Некоторые вопросы закрытого акционерного общества "Национальная морская судоходная компания "Казмортрансфлот" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Z980281_ Заңына сәйкес және "Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) органдарын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен және Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қайрат Серікұлы Қырымовтың Қоғам Басқармасының төрағасы (Бас директоры) болып сайлануын;
Тармақша 2
2) Қоғамның Директорлар кеңесінің қосымшаға сәйкес құрамда сайлануын;
Тармақша 3
3) осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың: "Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 417 P000417_ қаулысының; "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 417 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі N 506 P010506_ қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 мамырдағы N 714 қаулысына қосымша "Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы Зверьков Вадим Павлович - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі, төраға; Құлыбаев Тимур Асқарұлы - "Мұнай және газ көлігі" ұлттық компаниясы" ЖАҚ Басқармасының төрағасы (Бас директоры); Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрі; Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары; Қырымов Қайрат Серікұлы - "Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (Бас директоры). Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.