О внесении изменений в некоторые решения Восточно-Казахстанского областного маслихата Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының кейбір шешімдеріне
өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 19/219-V шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3312, 2014 жылғы 20 мамырдағы № 56 «Рудный Алтай», 2014 жылғы 21 мамырдағы № 56 «Дидар» газеттерінде, 2014 жылғы 29 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;
аталған шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асыраудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және облыс елді мекендерінде жануарларды асырау тәртібін айқындайды.»;
Тармақша 2
2) «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 19/220-V шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3317, 2014 жылғы 26 мамырдағы № 58 «Дидар», 2014 жылғы 27 мамырдағы № 59 «Рудный Алтай» газеттерінде, 2014 жылғы 29 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;
аталған шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендетудің осы қағидалары (бұдан әрі–Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және облыс елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету тәртібін айқындайды.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.