О Правилах публичной демонстрации кино-, видеопроизведений на территории Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағында кино-, бейнешығармаларды көпшiлiкке көрсету Ережелерi туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.12.06 N 1494 Қаулысымен. "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 наурыздағы Жарлығын орындау үшiн, Қазақстан Республикасының аумағында кино-, бейнешығармаларды көпшiлiкке көрсетудi тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында кино-, бейнешығармаларды көпшiлiкке көрсетудiң қоса берiлiп отырған Ережелерi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағында кино-, бейнешығармаларды кинотеатрларда, бейне және басқа да залдарда (меншiк нысанына қарамастан) көпшiлiкке көрсету, оларды тираждау және жалға беру пункттерi мен бейнеханалар арқылы тарату, сондай-ақ эфирлiк және кабельдiк теледидар арқылы көрсету Қазақстан Республикасының өкiлеттi мемлекеттiк органынан тиiстi рұқсат қағаз алған соң ғана жүзеге асырылады. Мұндай рұқсат: халықаралық телекинофестивальдар мен басқа да мәдени шаралар шеңберiнде көрсету үшiн шетелден әкелiнетiн; бұрынғы КСРО Мемкиносынан прокаттаудың рұқсат куәлiгi бар; осы ережелер күшiне енгiзiлгенге дейiн алынған ТМД мемлекеттерiнiң жалға беру куәлiктерi бар шығармалар үшiн талап етiлмейдi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк компаниясы: - кино-, бейнешығармаларды көпшiлiкке көрсетуге, тираждау мен таратуға, сондай-ақ оларды эфирлiк және кабельдiк теледидар арқылы көрсетуге рұқсат қағаз беретiн болсын; - мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және ведомстволармен бiрге қолданылып жүрген заң актiлерiне жоғарыда аталған Ережелер талаптарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi көздейтiн толықтырулар енгiзу туралы заң күшi бар Жарлықтың жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзсiн.
Басқа 4. Қазақстан Республикасының аумағында кино-, бейнешығармаларды көпшiлiкке көрсету Е Р Е Ж Е Л Е Р I
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 5 шiлдедегi N 926 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасының аумағында кино-, бейнешығармаларды көпшiлiкке көрсету Е Р Е Ж Е Л Е Р I
Тарау i. I. Жалпы қағидалар
I. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында кино-, бейнеқондырғылары бар барлық мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындар, меншiк нысанына қарамастан, тек Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк кинокомпаниясы (бұдан былай - "Қазақкино" мемкинокомпаниясы) берген прокаттаудың рұқсат куәлiгi бар кино-, бейнешығармаларды ғана көрсетуге құқылы.
Тармақ 2
2. Республикалық, облыстық, қалалық теледидардың, коммерциялық арналардың, кабельдiк және спутниктiк теледидарлардың құқық иеленушiнiң рұқсатымен тек прокаттаудың рұқсат куәлiктерi бар отандық және шетелдiк кино-, бейнешығармаларды ғана көрсетуге құқы бар.
Тармақ 3
3. Кино-, бейнешығармаларды көпшiлiкке көрсетуде көрермендер аудиториясын жас шамасына қарай шектеудi бiлдiретiн индекстердiң мынадай жүйесi енгiзiледi: Л - кез-келген аудитория үшiн, Д - балалар аудиториясы үшiн, Д + - арнаулы балалар сеанстарынан басқасы, Д ++ - 16 жасқа дейiнгiлер жiберiлмейдi, С - 18 жасқа дейiнгiлер жiберiлмейдi. "С" индекстi кино-, бейнешығармаларды кешкi және түнгi сеанстарда заңдармен белгiленген тәртiп бойынша тiркелген кино-, бейнеқондырғыларда ғана көпшiлiкке көрсетуге жол берiледi. "С" индекстi кино-, бейнешығармалар сеансына билет сататын орындарда көрермендер аудиториясына жас шамасына қарай қойылатын шектеулер көрсетiлген көлемi кем дегенде 50 Х 100 см арнайы хабарландыру дайындалуға тиiс. "Д ++" индекстi кино-, бейнешығармалар теледидар арналары арқылы жергiлiктi уақыт бойынша сағат 22.00-ден кейiн, ал "С" индексi барларын сағат 00.00-ден таңғы сағат 05.00-ке дейiн көрсетуге жол берiледi.
Тармақ 4
4. Осы Ережелердi бұзушылық Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Тарау ii. II. Прокаттаудың рұқсат куәлiктерiн ресiмдеу мен берудiң тәртiбi мен шарттары
II. Прокаттаудың рұқсат куәлiктерiн ресiмдеу мен берудiң тәртiбi мен шарттары
Тармақ 5
5. Прокаттаудың рұқсат куәлiгi кино-, бейнешығарманы көпшiлiкке көрсетуге құқық беретiн құжат болып табылады.
Тармақ 6
6. Прокаттаудың рұқсат куәлiгiн алу Қазақстан Республикасында жасалған (оның iшiнде шетелдiк әрiптестердiң қатысуымен жасалған), сонымен қатар басқа елдерден сатып алынған және Қазақстан Республикасының аумағында көпшiлiкке көрсетуге арналған бейнешығармалар үшiн мiндеттi болып табылады.
Тармақ 7
7. Жалға беру куәлiгi бар кино-, бейнешығармалардың жалға алу құқығын сатып алғанда жеке немесе заңды тұлға заңмен белгiленген тәртiп бойынша прокаттау куәлiгiнiң нотариат куәландырған көшiрмесiн алуы қажет.
Тармақ 8
8. "Қазақкино" мемкинокомпаниясының прокаттаудың рұқсат куәлiгiн беру кино-, бейнешығарманы меншiктеушiнiң немесе оны прокаттау құқығын иеленушiнiң прокаттаудың рұқсат куәлiгiн беру туралы өтiнiшi түскен жағдайда жүргiзiледi. Оны беру туралы шешiмдi "Қазақкино" мемкинокомпаниясы ұсынылып отырған кино-, бейнешығарманы мiндеттi түрде көрiп шыққан соң қабылдайды.
Тармақ 9
9. Осы Ереженiң 3-тармағының қағидаларына сәйкес кино-, бейнешығарманы индекстеу "Қазақкино" мемкинокомпаниясының мiндетiне кiредi және бұл туралы прокаттаудың рұқсат куәлiгiнде жазылады.
Тармақ 10
10. "Қазақкино" мемкинокомпаниясының кино-, бейнешығарманы индекстеу туралы шешiмi меншiк нысанына қарамастан кино-, бейнеойын-сауық кәсiпорындары мен киноқондырғылардың иелерi, прокаттау құқығының иелерi мен теледидар мекемелерi үшiн мiндеттi болып табылады.
Тармақ 11
11. Кино-, бейнешығармаға прокаттаудың рұқсат куәлiгiн алу үшiн оның иесi немесе прокаттау құқығының иегерi мыналарды: "Қазақкино" мемкинокомпаниясына өтiнiшiн; өтiнiшiн берушiнiң өнiмге деген иелiк құқығын растайтын құжатты (шетелдiк кино-, бейнешығармалар үшiн - прокаттау құқығын сатып алуы туралы шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi мен кино-, бейнешығарманы Қазақстан Республикасының әкелгенi туралы кеден куәлiгiн); кинофильмнiң техникалық талаптарға сай келетiн көшiрмесiн немесе кино-, бейнешығарма мен жарнамалық киноролик жазылған кассетаны; монтаж (диалог) парақтарының бiр данасын кино-, бейнешығарманың қысқаша түсiнiктемесiмен қоса ұсынуы қажет. Монтаж парақтары соңғы бетiнде өтiнiш берушiнiң мөрiмен расталады.
Тармақ 12
12. Жалға берудiң рұқсат куәлiгi белгiленген үлгiдегi бланкiде ресiмделедi, оған уәкiлдiк берiлген адамның қолы қойылады және мөрi басылады. Әрбiр куәлiкке жеке номер берiледi. Куәлiк алынған соң кино-, бейнешығарма Қазақстан Республикасының Кино-, бейнешығарманың кейiннен атауы өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасының Кино-, бейнешығармалар регистрiнiң бiрыңғай каталогiнде номерi өзгертiлмей тиiстi жазу жазылады. Прокаттаудың рұқсат куәлiгiне мынадай деректер енгiзiледi: кино-, бейнешығарманың толық атауы; шығу деректерi авторлардың шығармашылық құрамындағы адамдардың (сценарийшiнiң, қоюшы режиссердiң, қоюшы оператордың, суретшiнiң, композитордың, жетекшi рольдердi орындаушылардың) фамилияларының тiзбесiн қоса; шығарманы жасаған және оның иесi болып табылатын кино-, бейнекәсiпорынның атауы; прокаттау құқығының иесi болып табылатын ұйымның атауы; прокаттау мерзiмi (отандық өнiм үшiн - мерзiмi шектелмеген, шетелдiк өнiм үшiн - құқықты сатып ау жөнiндегi шартқа сәйкес); кино-, бейнешығарманы көпшiлiкке көрсетуге жас шамасына қарай қойылатын және басқа да шектеулер. Кино-, бейнешығармаларға жалға берудiң рұқсат куәлiгiн ресiмдеу мен беру өтiнiш берiлген, кино-, бейнешығарманың көшiрмесi мен құжаттарды ұсынғаннан кейiн 15 күннен кешiктiрмей жүзеге асырылады. Кино-, бейнешығарманың көшiрмесi мен монтаж парақтары Мемлекеттiк республикалық кинофильмдер қорына (Мемфильмқорына) сақтауға өткiзiледi, ол осы материалдардың коммерциялық мақсатта пайдаланылмауына кепiлдiк бередi. Осы кепiлдiктердiң бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдар келтiрiлген зиянды кино-, бейнешығарманың құқық иесiне сот белгiлейтiн мөлшерде өтейдi.