Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов в Западно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында
коммуналдық қалдықтардың түзілуі
мен жинақталу нормаларын есептеу
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.М.Дәулетжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.Б.Бадашевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы «13» сәуірдегі №98
қаулысымен бекітілген
Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Коммуналдық қалдықтарға тұрмыстық қатты қалдықтар және елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары жатады.
Тарау 2. 2. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын
есептеу тәртібі
2. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын
есептеу тәртібі
Тармақ 3
3. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.
Тармақ 4
4. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормалары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.
Тармақ 5
5. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады.
Тармақ 6
6. Заттай өлшеу жүргізу үшін жайлылық деңгейі әр түрлі екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:
Тармақша 1
1) су құбыры, кәріз, газбен жабдықтау, орталықтан жылыту, қоқыс құбыры бар жайлы тұрғын үй;
Тармақша 2
2) пешпен жылытылатын, су құбыры мен кәрізі жоқ жайлы емес тұрғын үй.
Тармақ 7
7. Тұрғындар тарапынан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын анықтау үшін тұрғылықты халықтың мынадай саны бар учаскелер бөліп алынады:
халқының саны 300 мың адамға дейінгі қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын;
халқының саны 300-ден 500 мың адамға дейінгі қалаларда - 1%-ын қамти отырып таңдалады.
Тармақ 8
8. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізер алдында жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспорттарын жасайды.
Тармақ 9
9. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың салмағы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.
Тармақ 10
10. Өлшеуді бастамас бұрын контейнердегі қалдықтар тегістеледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтың көлемі анықталады.
Тармақ 11
11. Жинақталған қалдықтардың салмағы толған контейнерлерді өлшеу жолымен және кейін бос контейнердің салмағын алып тастау арқылы анықталады.
Тармақ 12
12. Егер бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған жағдайда, қалдықтардың салмағын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға рұқсат етіледі.
Тармақ 13
13. Түзілген және жинақталған қалдықтардың салмағы мен көлемі жөніндегі деректер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне жазылады.
Тармақ 14
14. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректері (салмағы, көлемі) аптаның күндері бойынша жалпы саны шығарылады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық маусымдық ведомосына енгізіледі.
Тармақ 15
15. Маусымдық өлшеу жүргізілгеннен кейін деректер (салмақ, көлем) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосына енгізіледі.
Тармақ 16
16. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге тиіс.
Тармақ 17
17. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтау мақсатында қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны таңдап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.
Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын барлық контейнерлер толық тазартылуға тиіс.
Тармақ 18
18. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу өлшеу жүргізген күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Басқа 29
Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 1-қосымша
Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептік бірлік
1
Жайлы және жайлы емес үйлер
1 тұрғын
2
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және тағы сол сияқтылар
1 орын
3
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
4
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, банктер, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
6
Емханалар
1
келіп кету
7
Ауруханалар, өзге де емдеу–сауықтыру мекемелері
1 төсек - орын
8
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
9
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану
мекемелері
1 отыратын орын
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі
клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының
залы
1 отыратын орын
11
Мұражайлар, көрмелер
Жалпы алаңы 1 м2
12
Стадиондар, спорт алаңдары
Жоба бойынша 1 орын
13
Спорт, би және ойын залдары
Жалпы алаңы 1 м2
14
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері,
супермаркеттер
сауда алаңы 1 м2
15
Машиналардан сату
сауда орнының 1 м2
16
Көтерме базалары, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларының қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
17
Халыққа қызмет көрсету орталықтары
Жалпы алаңы 1 м2
18
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
Жалпы алаңы 1 м2
19
Жағажайлар
Жалпы алаңы 1 м2
20
Дәріханалар
Сауда алаңы 1 м2
21
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильдерге жанармай құю бекеттері, гараждар
1 машина-орын
22
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
23
Гараж кооперативтері
1 гаражға
24
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
25
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
Жалпы алаңы 1 м2
26
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1 м2
27
Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және тағы басқалар)
1 жұмыс орны
28
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1 м2
29
Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар
1000 қатысушы
30
Бау-бақша кооперативтері
1 учаске
Басқа 30
Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты
Қала ___________________________________________________________
1. Мекенжайы ___________________________________________________
2. Қабаттылығы _________________________________________________
3. Үйдің нөмірі __________________________________________________
4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам ____________________________
5. Жайлылық деңгейі:
а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы ____________________________
б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті) ___________________
в) отынның түрі - көмір (тас көмір, қоңыр темір), ағаш отын, газ
_______________________________________________________________
г) қоқыс құбырының болуы _______________________________________
д) аула аумағының алаңы, м2 ______________________________________
соның ішінде
жасыл екпелер бар _______________________________________________
жабыны қатты __________________________________________________
оның ішінде жаяу соқпақтар ______________________________________
6. Контейнерлердің типтері, олардың саны және сыйымдылығы
_______________________________________________________________
7. Қоқысты шығару кезеңділігі ____________________________________
8. Қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме? (қандай және қанша)
_______________________________________________________________
Қолдары:
Т.А.Ә., лауазымы
Нысан
Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты
Қала ________________________________
1. Объектінің атауы _____________________________________
2. Мекенжайы ________________________________________
3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет)
________________________________________________
4. Орын саны (қызметкерлер және т.б.) ______________________________
5. Тәулігіне өткізу қабілеті:
ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) ________________________
қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) ________________
6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам ______________________
7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м2 __________________________________
Оның ішінде:
сауда алаңы _________________________________________
қоймалық және қосалқы алаң __________________________________
8. Аула аумағының алаңы, м2 __________________________________
Оның ішінде:
жасыл екпелер бар______________________________________
жабын қатты _____________________________________________
9. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы __________
10. Қалдықтарды шығару мерзімі __________________________
11. Тамақ қалдықтарын және қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме? (қандай және қанша)
__________________________________
Қолдары:
Т.А.Ә., лауазымы
Басқа 31
Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Бастапқы жазба бланкісі
_________________
(күні)
_______________________________________________ объектісі бойынша
(атауы, мекенжайы)
Контейнердің
р-с №
Жиналған қалдықтар қабатының биіктігі, h, м
Контейнер негізінің алаңы, S, м2
Контейнер дегі қалдықтар дың көлемі, h*S, м3
Қалдықтар тиелген контейнердің массасы (қоқыс тасығыш), mз, кг
Бос контейнердің салмағы (қоқыс тасығыш), mп, кг
Контейнердегі қалдықтардың салмағы, mз - mп
1
2
3
Тәулік ішіндегі жиыны
Vтәу
mтәу
Басқа 32
Батыс Қазақстан облысында
коммуналдық қалдықтардың
түзілуі мен жинақталу нормаларын
есептеу қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың
түзілуі мен жинақталуының жиынтық айлық
(маусымдық) ведомосы
20__ жылғы ___ _____________ бастап ___ ____________ дейін
Жайлылық типі _________________________________________
Аптаның күндері
Объектінің атауы
Объектінің қызмет түрі
Есептік бірліктің саны
Жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі-салмағы
Орташа тығыздығы, кг-м3
Барлығы қайталама шикізат іріктеп алынды (бөлек жинаған кезде)
жалпы
1 есептік бірлікке
кг
м3
кг
м3
кг
м3
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі
Тәулігіне орташа
Қолдары
Т.А.Ә., лауазымы
Басқа 33
Батыс Қазақстан облысында
коммуналдық қалдықтардың түзілуі
мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 5-қосымша
Нысан
Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының
жиынтық жылдық ведомосы
Жайлылық типі _________________________________________________
Объект
Ай
Өлшенетін бірліктің саны
Қалдықтардың жиналуы
Біртекті емес коэффициент
Бөлек жинау, кг
жалпы
өлшенетін 1 бірлікке
жалпы
өлшенетін 1 бірлікке
м3
кг
м3
кг
м3
кг
м3
кг
м3
кг
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Барлығы
Тәулігіне орташа
Қолдары
Т.А.Ә., лауазымы
Басқа 34
Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 6-қосымша
Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен
жинақталу нормаларын есептеу
Тармақ 1
1. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт., м3):
Vконт=h*S
мұндағы h - контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, м;
S - контейнер түбінің алаңы, м2;
Тармақша 2
2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:
Vтәу=Vконт1+Vконт2+Vконт3….
мұндағы Vконт1, Vконт2, Vконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнердің санына байланысты жүргізіледі;
Тармақша 3
3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік салмағын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mконт =mт- mб
мұндағы mт - қалдықтар тиелген контейнердің салмағы, кг;
mб - қалдықтардан бос контейнердің салмағы, кг;
Тармақша 4
4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік салмағын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mтәу = mконт1+mконт2+mконт3…
мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік салмағы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;
Тармақша 5
5) жинақталу нормалары жылдың маусымдары бойынша анықталады. Өлшеу қызмет көрсету кестесіне сәйкес контейнерлік алаңнан
қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір мезгілінде жеті күн бойы (үзіліссіз) жүргізіледі.
Өлшеу жүргізу мерзімдері: қыста – желтоқсан-қаңтар; көктемде – сәуір-мамыр; жазда – маусым-шілде; күзде – қыркүйек-қазан.
Маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+….+ Vтәу7
мұндағы Vтәу1, Vтәу2 - белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемі;
Тармақша 6
6) маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mмаус= mтәу1+ mтәу2 +…+ mтәу7
мұндағы mтәу1, mтәу2 - белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың салмағы;
Тармақша 7
7) объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша (Vом, м3):
Vом = Vмаус / (n×a)
салмағы бойынша (mом, кг):
mом = mмаус / (n×a)
мұндағы n - маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны.
a - есептік бірліктің саны;
Тармақша 8
8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша (Vтож, м3):
Vтож= (Vқ ом + Vк ом + Vжом +Vкү ом)/n
салмағы бойынша (mтож, кг):
mтож= (mқ ом + mк ом + mж ом+ mкү ом)/n
мұндағы жоғарғы индекстер «қ», «к», «ж», «кү» - қыста - «қ», көктемде - «к», жазда - «ж», күзде «кү» - есептік бірлікте тиісінше қалдықтар түзілуінің тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді;
n - қалдықтар түзілген маусымның саны (n=4).
Тармақша 9
9) Объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша (Vж, м3)
Vж = Vтож х nк
салмағы бойынша (mж, кг):
mж = mтож х nк
мұндағы nк - жылдағы күннің саны.
Тармақ 2
2. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентін анықтау мақсатында қосымша мынадай есеп жүргізіледі:
Тармақша 1
1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gор, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
gср =m/V,
мұндағы m және V - есептік бірлікте тиісінше салмағы мен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;
Тармақша 2
2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша:
Kбе = Vом/Vж
салмағы бойынша:
Kбе = mом/mж
Тармақша 3
3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша:
Kмбе = Vmaxтәу./Vом
мұндағы Vmaxтәу. - маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, м3.
салмағы бойынша:
kмбе = mmaxтәу./mом
мұндағы mmaxтәу. - маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік салмағы, кг.
Тармақ 3
3. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі. Осылайша алынған коммуналдық қалдықтардың түзілуінің есептік жылдық көлемі олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиіс. Есепті және нақты деректерде айырмашылық бес пайыздан артық болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың түзілуінің сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
кг - килограмм;
м - метр;
м2 – шаршы метр;
м3 – текше метр;
р-с – реттiк саны;
тәу – тәуліктік;
max – максималды;
конт – контейнер.