Об утверждении правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования Мангистауской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы З.Ж. Тастемірова 22 cәуір 2015 жыл.
Басқа 5
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 115 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары
Бөлім 1. 1.Жалпы ережелер
1.Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Маңғыстау облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Маңғыстау облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмысын (бұдан әрі – Психологиялық қызмет) реттейді.
Тармақ 2
2. Психологиялық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, Бала құқықтары туралы конвенция, сондай-ақ осы Қағидалар шеңберінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Психологиялық қызметтің құрылымы білім беру ұйымдарының тұрпатына, түріне және қажеттілігіне, педагог-психологтар штатының бірлік санына қарай айқындалады.
Тармақ 4
4. Психологиялық қызметтің құрамына педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері, медициналық қызметкерлер, келісім бойынша ата-аналар комитетінің өкілдері кіреді.
Тармақ 5
5. Психологиялық қызметтің құжаттамасы:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларды;
Тармақша 2
2) орта білім беру ұйымының басшысымен бекітілген Психологиялық қызметтің күнтізбелік жұмыс жоспарын;
Тармақша 3
3) орта білім беру ұйымдарының басшымен бекітілетін психологиялық диагностикалау (бұдан әрі - психодиагностикалау), психологиялық тренингтердің, дамыту және түзету жұмыстарының бағдарламаларын;
Тармақша 4
4) психологиялық сабақтардың, тренингтердің және басқа да психологиялық жұмыс түрлерінің әдістемелік әзірлемелерін;
Тармақша 5
5) психодиагностикалық әдістемелердің деректер банкі мен тізбесін;
Тармақша 6
6) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық дамуы туралы жеке карталарын, топтық психологиялық портреттерін;
Тармақша 7
7) психологиялық тексерудің нәтижелерін, қорытындысы мен ұсынымдарын;
Тармақша 8
8) орта білім беру ұйымы басшысының мөрімен бекітілген психологиялық қызметтің жұмыс түрлерін (психодиагностикалар, дамыту, түзету, ағартушылық, сараптамалық, әдістемелік жұмыстарды, жеке және топтық консультация беру, психологиялық қызметке сұраныс беру) есепке алуды тіркеу журналын;
Тармақша 9
9) белгіленген кезеңдерде (жартыжылдық, жылдық) Психологиялық қызметтің жұмысы туралы талдамалы есептерді қамтиды.
Бөлім 2. 2. Психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері
2. Психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 6
6. Психологиялық қызметтің мақсаты –білім алушылардың психикалық және психологиялық денсаулығын сақтауға жағдай жасау, білім беру ұйымдарында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал жасау және оқу-тәрбиелеу үдерісіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Тармақ 7
7. Психологиялық қызметтің міндеттері:
Тармақша 1
1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
Тармақша 2
2) білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
Тармақша 3
3) білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыны жеке тұрғыдан қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) психодиагностикалауды жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
Тармақша 5
5) білім алушылардың психологиялық қиыншылықтар мен проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау;
Тармақша 7
7) психологиялық-педагогикалық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге (немесе оларлы ауыстыратын тұлғаларға) консультациялық көмек көрсету.
Бөлім 3. 3. Психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыттары мен мазмұны
3. Психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыттары мен мазмұны
Тармақ 8
8. Психологиялық қызмет өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады: психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық.
Тармақ 9
9. Психодиагностикалық бағыттар:
Тармақша 1
1) олардың психикалық дамуын айқындау мақсатында білім алушыларды психодиагностикалау;
Тармақша 2
2) білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру;
Тармақша 3
3) білім алушылардың қабілеттілігі, қызығушылығы және икемділігін психодиагностикалау;
Тармақша 4
4) психодиагностикалаудың қорытындысы бойынша тұжырымдамалар мен ұсыныстарды дайындау.
Тармақ 10
10. Консультациялық бағыттар:
Тармақша 1
1) білім алушыларға, ата-аналарға (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға) мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру;
Тармақша 2
2) білім алушыларға, ата-аналарға (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға) мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке консультация жүргізу;
Тармақша 3
3) күйзелістік жағдайдағы, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайдағы білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету;
Тармақша 4
4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру.
Тармақ 11
11. Ағартушылық-профилактикалық бағыттар:
Тармақша 1
1) білім алушылар мен педагогтердің өзін-өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету;
Тармақша 2
2) білім алушылардың бейімсізділігін алдын алу;
Тармақша 3
3) әдістемелік пен педагогикалық кеңестің және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумдарының жұмысына ықпал ету;
Тармақша 4
4) педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дәрігерлерге, дефектологтарға, логопедттерге, тифлопедагогтарға және басқа) аралас-мамандармен өзара жұмыс жүргізу.
Тармақ 12
12. Түзету-дамытушылық бағыттар:
Тармақша 1
1) психологиялық-педагогикалық тренингтер өткізу;
Тармақша 2
2) білім алушылар мен педагогтердің тұлғалық, зияткерлік, эмоционалды-жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру.
Тармақ 13
13. Психологиялық қызмет жеке немесе топтық негізде білім алушыларға, олардың ата-аналарына (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға) және педагог қызметкерлерге жұмыстың диагностикалық, дамытушылық, түзету және профилактикалық түрлері кешенін жүргізу үшін жекелеген ғимараттарға орналасқан және қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген педагог-психолог кабинеті базасында жұмыс істейді.
Тармақ 14
14. Психологиялық қызметтің жұмысы әкімшілікпен, педагогикалық ұжыммен, медициналық қызметкерлермен, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялармен, ата-аналармен (немесе оларды ауыстыратын тұлғалармен) тығыз байланыста жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмысын білім беру ұйымының басшысы үйлестіреді.
Тармақ 16
16. Педагог-психолог өз қызметінде:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларды басшылыққа алады;
Тармақша 2
2) өзінің кәсіби құзыреттілігі және біліктілік талаптары шеңберінде шешім қабылдайды;
Тармақша 3
3) жалпы психология, педагогикалық психология мен жалпы педагогика, жеке тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас ерекшелік психологиясы, әлеуметтік психология, медициналық психология, психодиагностика, психологиялық консультация беру және әлеуметтік, практикалық және жас ерекшеліктік психология саласындағы психологиялық ғылымның жаңа жетістіктеріне ие болады;
Тармақша 4
4) диагностикалық, дамытушылық, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық түзету және консультативтік-профилактикалық жұмыстардың ғылыми-негізделген әдістерін қолданады;
Тармақша 5
5) белсенді оқыту, қарым-қатынас жасаудың әлеуметтік-психологиялық тренинг әдістерін, жеке және топтық кәсіптік консультациялар берудің, білім алушылардың қалыпты дамуының диагностикасы мен түзетудің заманауи әдістерін қолданады;
Тармақша 6
6) барлық оқу кезеңінде білім алушының жеке-психологиялық ерекшелектерінің психодиагностикалауды жоспарлайды;
Тармақша 7
7) білім алушылардың тұлғалық қалыптасуындағы және дамуындағы ақаулықты анықтайды;
Тармақша 8
8) білім алушыларға, педагогтарға, ата-аналарға жеке, кәсіптік және басқа да мәселелерді шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсетеді;
Тармақша 9
9) күйзеліс, жанжал, қатты эмоционалды күйзеліс жағдайында жүрген педагогтарға, білім алушыларға психологиялық көмек және қолдау көрсетуді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) білім алушылардың бейәлеуметтік әрекеттерінің алдын алады және оларды уақытылы түзетуді жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) өзінің кәсіптік құзыреттілігін және біліктілігін арттырады;
Тармақша 12
12) тиісті кәсіби даярлығы жоқ адамдардың орта білім беру ұйымдарында психодиагностика, психологиялық түзету жұмыстарын жүргізуге жол бермейді;
Тармақша 13
13) орта білім беру ұйымдарының әлеуметтік саласын үйлестіруді қалыптастыру және әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды;
Тармақша 15
15) дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады;
Тармақша 16
16) білім алушылар, тәрбиеленушілер педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналар (оларды алмастыратын тұлғалар) арасында психологиялық мәдениетті қалыптастырады;
Тармақша 17
17) білім алушылармен, ата-аналармен және педагогтармен психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилиактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстардың нысандарын және әдістерін таңдайды;
Тармақша 18
18) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша құжаттамалармен, білім алушылардың және педагогтердің жеке істерімен танысады;
Тармақша 19
19) түзету және дамытушылық бағдарламаларын және психологиялық жұмыстың жаңа әдістемесін жасауды талқылауға қатысады;
Тармақша 20
20) жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен және тәжірибелі психологтар қауымдастықтарымен байланыс жасайды;
Тармақша 21
21) Психологиялық қызметтің жұмысын жақсарту мәселесі бойынша аудандық (қалалық) білім беру бөлімдеріне және Маңғыстау облысының білім басқармасына ұсыныспен шығады;
Тармақша 22
22) пәндік кафедралардың және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумның, педагогикалық және әдістемелік кеңестердің жұмысына қатысады;
Тармақ 17
17. Педагог-психолог:
Тармақша 1
1) психологиялық диагностикалау нәтижелерінің нақтылығын, пайдаланылған диагностикалық және түзетушілік әдістердің барабарлығын, ұсынымдар мен қорытындылар негізділігін, психологиялық ақпараттың құпиялылығын;
Тармақша 2
2) Психологиялық қызметтің есепке алу-есеп беру құжаттамаларының жүргізілуін және сақталуын;
Тармақша 3
3) кәсіптік психологиялық этиканың сақталуын;
Тармақша 4
4) Психологиялық қызметтің жұмысына берілген материалды-техникалық құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді.