Об утверждении Правил проведения квалификационных проверок знаний правил технической эксплуатации и правил техники безопасности у руководителей, специалистов организаций, осуществляющих производство, передачу электрической и тепловой энергии, для контроля технического состояния и безопасности эксплуатации электроустановок Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 294) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ____________ Ә. Исекешев 2015 жылғы «____»________ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ____________ Е. Досаев 2015 жылғы «____»________
Басқа 0. Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Электр қондырғыларының техникалық жай -күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 294) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) басшылар – мынадай ұйымдарда төменде аталған лауазымдарды атқаратын адамдар: электр және жылу энергиясын өндіру, беру негізгі қызмет түрі, оның ішінде жүйелік оператордың: - бірінші басшы (басқарма төрағасы, бас директор, директор); - бірінші басшының техникалық мәселелер жөніндегі, өндіріс жөніндегі орынбасары; - бас инженер; - ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) басшысы (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) басшысы болмаған кезде ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ішкі бақылауды қамтамасыз етуге жауапты адам); - өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам; Электр және жылу энергиясын өндіру, беру негізгі қызмет түрі болып табылмайды: - энергетикалық бөлім басшысы; - энергетикалық бөлім басшысының орынбасары; - бас инженер; - ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) басшысы (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) басшысы болмаған кезде ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ішкі бақылауды қамтамасыз етуге жауапты адам); - өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам;
Тармақша 2
2) білімді біліктілік тексеру – электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын алу, арттыру немесе растау үшін энергетикалық ұйым персоналының өз құзыретіне жататын электр энергетикасы және/немесе жылу энергетикасы салаларындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білуін тексеру;
Тармақша 3
3) мамандар – осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, жұмысты орындауы үшін электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес рұқсатты алу талап етілетін жедел, жедел-жөндеу, жөндеу персоналына басшылықты жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың филиалдарының, цехтарының, қызметтерінің, бөлімдерінің басшылары;
Тармақша 4
4) электр техникалық персонал – энергетикалық ұйымдарда басқаруды және (немесе) пайдалануды, монтаждауды, ретке келтіруді, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, жұмыс режимін басқаруды тікелей жүзеге асыратын жедел, жедел-жөндеу, жөндеу персоналы;
Тармақша 5
5) электр техникалық емес персонал – «электр техникалық», «электр технологиялық» персонал анықтамасына жатпайтын персонал;
Тармақша 6
6) электртехнологиялық персонал – өзі қызмет көрсететін технологиялық процесте негізгі құрамдық бөлік электр энергиясы болып табылатын, жұмысында қол электр машиналарын, электр дәнекерлеуішті, жарықтандырғыштарды, өлшеу аспаптарын және тасымалды электр құрылғыларын пайдаланатын персонал, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықпен немесе еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықпен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10907 болып тіркелген) (бұдан әрі – Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары) білу белгіленген электр зертханаларының қызметкерлері;
Тармақша 7
7) басшы лауазымына үміткер - басшы лауазымына тағайындауы жоспарланатын адам.
Тармақ 3
3. Электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына сәйкес беріледі.
Тармақ 4
4. Білімді біліктілік тексеру электр қауіпсіздігі бойынша тиісті рұқсат тобын беру, арттыру немесе растау үшін ұйымдардың басшылары мен мамандарын кәсіби дайындау деңгейі сәйкестігін анықтаудың негізгі тәсілі болып табылады.
Тармақ 5
5. Білімді біліктілік тексеру үш негізгі түрге:
Тармақша 1
1) бастапқы тексеруге;
Тармақша 2
2) мерзімді (кезекті) тексеруге;
Тармақша 3
3) кезектен тыс тексеруге бөлінеді.
Тармақ 6
6. Білімді бастапқы біліктілік тексеруді жүргізу үшін негіздеме: – басшы лауазымына үміткерлер үшін (бұдан әрі - үміткер) – ұйымның білімді біліктілік тексеруден өтуге жолдамасы; – электртехникалық және электртехнологиялық персонал үшін – тиісті лауазымға қызметкерді қабылдау туралы немесе ауыстыру туралы ұйым басшылығының өкімдік құжаты (бұйрық) болып табылады. Үміткерлер үшін білімді бастапқы біліктілік тексеру лауазымға тағайындалғанға дейін жүргізіледі. Электртехникалық және электртехнологиялық персонал үшін білімді бастапқы біліктілік тексеру тиісті лауазымға тағайындалғаннан кейін оқыту және тағылымдама аяқталған соң бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Білімді мерзімді (кезекті) және кезектен тыс біліктілік тексеруді жүргізу мерзімдері осы Қағидаларда белгіленген мерзімдер шегінде айқындалады және әрбір жұмыс орны мен білімді соңғы біліктілік тексеру күнін ескере отырып, ұйым басшысының тиісті өкімдік құжатымен (бұйрығымен) ресімделеді.
Тармақ 8
8. Білімге мерзімді (кезекті) біліктілік тексеру жүргізу үшін осы Қағидаларға сәйкес білімге мерзімді біліктілік тексеру үшін белгіленген мерзімнің аяқталуы негіз болып табылады. Қызметкерлерге арналған білімге мерзімді біліктілік тексеруді тағайындау ұйымның техникалық басшысының (бұған өкілеттігі болған жағдайда, бөлімшенің) жыл сайынғы (бірінші желтоқсанға дейін) бұйрығымен жүзеге асырылады. Бұйрыққа білімі мерзімді біліктілік тексерілуге жататын ұйым адамдарының тізімі әрбір тексерілетін адамға мерзімі көрсетілген график жүзінде қоса беріледі.
Тармақ 9
9. Білімге мерзімді (кезекті) біліктілік тексеру мерзімі:
Тармақша 1
1) үш жылда кемінде бір рет: - басшыларға; - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің мамандарына;
Тармақша 2
2) жылына кемінде бір рет: - электртехникалық және электртехнологиялық персонал үшін, соның ішінде әкімшілік-техникалық персоналды қоспағанда, жедел келіссөздер мен ауыстырулар жүргізуге құқығы бар басшылар мен мамандар.
Тармақ 10
10. Қызметкердің біліміне біліктілік тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерін ұйымның техникалық басшысы олар аяқталған сәттен бастап, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге құжаттық растау кезінде дәлелді себептермен (ауыру, іссапар, демалыс, оқу орындарында оқу) ұзартуы мүмкін.
Тармақ 11
11. Білімді кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін мыналар:
Тармақша 1
1) нәтижесі бойынша комиссия персонал тарапынан технологиялық бұзушылыққа, жазатайым оқиғаға әкеп соққан электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілер талаптарының бұзылуын анықтаған технологиялық бұзушылықты тексеру актісін жасау;
Тармақша 2
2) ұйымның техникалық басшысының шешімі;
Тармақша 3
3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызмет (бөлім) қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау туралы нұсқаулар;
Тармақша 4
4) электр энергетикасы немесе жылу энергетикасы саласындағы құқықтық актілердің талаптарын бұзу анықталған кезде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның нұсқама беруі немесе ұсыным жіберуі оның шарттары болып табылады.
Тармақ 12
12. Білімді кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін негіздерге мыналар:
Тармақша 1
1) егер осы актілердің нормалары ұйым қызметкерінің қызметіне өзгерістер енгізетін болса, электр энергетикасы саласындағы жаңа құқықтық актілерін қолданысқа енгізу, электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Тармақша 2
2) нәтижесінде тергеп-тексеру жөніндегі комиссиясының жазатайым оқиғаға алып келген персонал тарапынан электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілер талаптарының бұзылуын анықтаған өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру актісі;
Тармақша 3
3) нәтижесінде жабдықтың (электр қондырғыларының, ғимараттардың, құрылыстардың) бүлінуі, электр, жылу энергиясын өндіру, беру, тұтынудың белгіленген режимінің бұзылуы орын алған ұйым персоналының, соның ішінде автоматика, релелік немесе технологиялық қорғаныс құрылғыларын реттеу бойынша қате іс-әрекеттерінің фактісі;
Тармақша 4
4) жобалау, құрылыс-монтаждау, жөндеу, іске қосу-реттеу, сараптама жұмыстары, соның ішінде өлшеулер мен сынаулар кезіндегі персоналдың қате іс-әрекеттерінің фактісі;
Тармақша 5
5) ұйымда электр энергетикасы саласында жұмыс істеу кезінде ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің техникалық басшылары, қызметкерлері тарапынан анықталған бұзушылықтар бойынша бақылаудың болмауы және шаралардың қабылданбауы;
Тармақша 6
6) жабдықты (жаңасын немесе оны реконструкциялаудан кейін) пайдалануға беруді енгізу, электрлік және технологиялық схемаларды өзгерту кезінде, егер бұл ұйым қызметкерлерінің қызметінде өзгерістерге әкеп соқса, ұйымның техникалық басшысы шешім қабылдамаған кезде, оған қатысты бақылаудың болмауы және шаралардың қабылданбауы;
Тармақша 7
7) электр энергетикасы саласындағы сараптама, жобалау ұйымдарының соның ішінде өзгерістер мен сынаулар бойынша зертханалардың (электр зертханаларының) мамандары тарапынан электр энергетикасы саласындағы жұмыстар кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша бақылаудың болмауы және шаралардың қабылданбауы;
Тармақша 8
8) дәлелді себепсіз білімін бастапқы немесе мерзімді (кезекті) біліктілік тексеруден өту бойынша осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерді бұзу, сондай-ақ өз біліктілігін растамау;
Тармақша 9
9) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің бағынысты жедел-диспетчерлік персоналының мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган анықтаған электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну режимдері бойынша жүйелік оператордың жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналының өкімдерін орындамауы.
Тармақ 13
13. Технологиялық бұзушылықты тексеру актісінің нәтижелері бойынша білімді кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін мыналар:
Тармақша 1
1) энергетикалық қондырғыларда жұмыс істеу кезінде комиссияның электр, жылу энергиясын өндіру, беру бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымның персоналы тарапынан қауіпсіздік нормаларында жіберілген бұзушылықтарды анықтау;
Тармақша 2
2) электр энергетикасы саласындағы жұмыстарды (құрылыс-монтаждау, жөндеу, іске қосу-реттеу, сараптама жұмыстары, соның ішінде өлшеулер мен сынаулар) орындау кезінде комиссияның бөгде ұйымдардың қызметкерлері, оның ішінде іссапарға жіберілген персонал тарапынан электр энергететикалық қондырғыларда жұмыстар кезінде қауіпсіздік нормаларының жол берілген бұзушылықтарды анықтау негіз болып табылады.
Тармақ 14
14. Ұйымның техникалық басшысының шешімі бойынша білімге кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін:
Тармақша 1
1) күнтізбелік алты айдан астам мерзім ішінде атқаратын лауазымында лауазымдық міндеттерді орындамау;
Тармақша 2
2) егер бұл ұйым қызметкерінің қызметіндегі өзгерістерге әкеп соқса, жабдықты (жаңасын немесе оны реконструкциялаудан кейін) пайдалануға беру, электрлік және технологиялық схемаларды өзгерту;
Тармақша 3
3) ұйымның қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің басшылары, қызметкерлері тарапынан ұйымда электр энергетикасы саласындағы жұмыстар кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша бақылау және шараларды қабылдау нәтижесі;
Тармақша 4
4) нәтижесінде еңбекке жарамдылықты уақытша немесе тұрақты жоғалту, кәсіби ауру не өлім, жеке тұлғалар (персонал) үшін жарақат, кәсіби ауру, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улануға әкеп соғатын электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілердің талаптарын бұзу;
Тармақша 5
5) осы Қағидалардың 10 және 15-тармақтарында көзделген жағдайлар жатады.
Тармақ 15
15. Осы Қағидалардың 12-14-тармақтарында көрсетілген білімді кезектен тыс тексеруді тағайындау үшін негіздер толық және жан-жақты болып табылады.
Тармақ 16
16. Білімді кезектен тыс біліктілік тексеру білімді мерзімді біліктілік тексеру мерзімдерін өзгертпейді.
Тармақ 17
17. Білімге кезектен тыс біліктілік тексеру тағайындалған сәттен біліктілікті растау күніне дейінгі кезеңде адам электр техникалық емес персоналға теңестіріледі және атқаратын лауазымы бойынша қызметтік міндеттерін орындауға жіберілмейді.
Тармақ 18
18. Білімге кезектен тыс біліктілік тексеруді жүргізген және біліктілік расталмаған жағдайда, адам басқа лауазымға ауысу арқылы электр техникалық емес персоналға теңестіріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Басшылардың біліміне біліктілік тексеру жүргізу тәртібі
2-тарау. Басшылардың біліміне біліктілік тексеру жүргізу тәртібі
Тармақ 19
19. Басшылардың біліміне біліктілік тексеруді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Жыл сайын, 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде ұйымдар мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге келесі күнтізбелік жылға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларында, мамандарында техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін біліктілік тексеруге жататын басшылардың тізімін жібереді. Басшыны жұмысқа қабылдау немесе шығару кезінде тиісті ақпарат мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге қабылданған (шығарылған) күнінен бастап күнтізбелік 15 күннің ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.
Тармақ 21
21. Білімді біліктілік тексеруден өту үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген «Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды білімді біліктілік тексеру мерзімі аяқталатын күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы арқылы жолдайды. Жеке басты куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген. Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін сұрау салуы туралы мәртебе өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Тармақ 22
22. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш түскен күні тіркеу нөмірі мен күнін бере отырып құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және тіркелген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, ол құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын анықтайды. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі негізінде келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 22-1
22-1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық емес ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өту күні, уақыты және орны туралы хабарлама немесе осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жолдайды.
Тармақ 22-2
22-2. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қайтадан жүгінеді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды кері қайтарып алған жағдайда, 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қарауды тоқтату туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.
Тармақ 22-3
22-3. Білімді біліктілік тексеру көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Тестілеу көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық құрылымдық бөлімшелері ұсынған орындарда автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен мемлекеттік немесе орыс тілдерінде көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жүргізіледі. Білімді біліктілік тексеруден өтуі қажет шетелдік тұлғалар (резидент еместер) оны осы Қағидаларға сәйкес жалпы негізде өтеді.
Тармақ 22-4
22-4. Көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) көрсеткен кезде тестілеуге жіберіледі. Тестілеу кезінде көрсетілетін қызметті алушылар өзара сөйлеспейді, қандай да бір қосымша ақпараттық материалдарды (анықтамалық, арнайы әдебиетті), байланыс құралдарын және электрондық жеткізгіштегі жазбаларды пайдаланбайды. Тестілеуден өту тәртібін бұзу фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті алушыны тестілеу тоқтатылады. Осы бұзушылық фактісі бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өту тәртібін бұзу туралы акт ресімделеді және көрсетілетін қызметті алушыға тестілеудің теріс нәтижесі беріледі.
Тармақ 22-5
22-5. Білімді біліктілік тексеру тестілеу нысанында жүргізіледі. Тестілеу уақыты екі сағатты құрайды. Тест сұрақтарының саны 100 сұрақты құрайды. Тестілеу сұрақтары осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады. Білімді біліктілік тексеруге жататын адамның біліктілігін растаған тестілеу нәтижесін мойындауға негіз болып табылатын дұрыс жауаптардың шекті деңгейі тестілерде қамтылған сұрақтар санының 70 пайызын құрайды. Тестілеуге бөлінген уақыт өткен соң бағдарлама автоматты түрде жабылады. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгізілген компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Егер дұрыс жауаптардың саны шекті деңгейден тең немесе жоғары болса, онда көрсетілетін қызметті алушыға монитордағы компьютерлік бағдарлама тестілеудің оң нәтижесі туралы «тестілеуден өтті» деген хабарлама береді. Егер дұрыс жауаптардың саны шекті деңгейден төмен болса, онда компьютерлік бағдарлама мониторда тестілеудің теріс нәтижесі туралы «тестілеуден өтпеді» деген хабарлама береді.
Тармақ 22-6
22-6. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес өз ұстанымын білдіруге (тыңдауға) мүмкіндік береді, ол туралы көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі. Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі. Тестілеу қорытындылары және (немесе) тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1) көрсетілетін қызметті алушы электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өтті және электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттама топ берілді. 2) көрсетілетін қызметті алушы электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өткен жоқ және электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттама топ берілген жоқ.
Тармақ 22-7
22-7. Электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өту нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліміне біліктілік тексеруден өткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Тармақ 22-8
22-8. Тестілеу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеледі. Техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркелген материалдар білімді біліктілік тексеру өткізген сәттен бастап 3 (үш) ай ішінде сақталады.
Тармақ 23
23. Білімге бастапқы немесе кезекті біліктілік тексеру кезінде шекті деңгейден төмен тестілеу нәтижесін алған немесе тестілеуге дәлелді себептерсіз келмеген көрсетілетін қызметті алушы атқаратын лауазымы шегінде өз біліктілігін растамаған болып есептеледі. Бұл жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шекті деңгейден төмен тестілеу нәтижесін алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес қайта өтініш беру арқылы білімге кезектен тыс біліктілік тексеруден өтеді. Егер көрсетілетін қызметті алушы білімді кезектен тыс біліктілік тексеру кезінде шекті деңгейден төмен тестілеу нәтижесін алған немесе тестілеуге дәлелді себептерсіз келмеген кезде көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен атқаратын лауазымынан шеттетіледі. Басшы біліміне біліктілік тексеру жүргізудің осы Қағидаларда белгіленген мерзімін дәлелді себептермен (ауыру, іссапар, еңбек демалысы, оқу орындарында оқу) өткізіп алған кезде пайда болған дәлелді себеп туралы хабарламаны жіберген және ұйым тарапынан кейіннен құжаттық растаған кезінде білімге біліктілік тексеру жүргізудің көрсетілген мерзімі мерзімінде келмей қалу себебі болып табылған жағдай аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады. Пайда болған дәлелді себеп туралы хабарламаны ұйым Комитетке білімге біліктілік тексеру жүргізудің өтіп кеткен күнінен кейінгі 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
Тармақ 24
24. Білімге біліктілік тексеруден өту мерзімі алты айдан астам өтіп кеткен кезде ұйымның бірінші басшысының шешімі бойынша басшыға білімге кезектен тыс біліктілік тексеру белгіленеді. Бірінші басшыға қатысты білімді кезектен тыс біліктілік тексеру жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысымен немесе акционерлік қоғамның директорлар кеңесімен белгіленеді.
Тармақ 25
25. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат жібереді және www.gov.kz Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында «Энергетика министрлігі» деген бөлімде орналастырады.
Тарау 3. 3-тарау. Электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін біліктілік тексеру нәтижелеріне шағымдану тәртібі
3-тарау. Электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін біліктілік тексеру нәтижелеріне шағымдану тәртібі
Тармақ 26
26. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым кімнің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын шешім қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді. Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылданған кезде шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Тармақ 27
27. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 28
28. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шағымды қарау мерзімі қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
Тармақша 1
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2) қосымша ақпарат алу. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғасы шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Тармақ 29
29. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.
Тарау 4. 4-тарау. Мамандардың біліміне біліктілік тексеру жүргізу тәртібі
4-тарау. Мамандардың біліміне біліктілік тексеру жүргізу тәртібі
Тармақ 30
30. Мамандардың біліміне біліктілік тексеруді жыл сайын энергетикалық ұйым басшысының бұйрығымен білімге біліктілік тексеру жүргізу үшін құрылатын комиссия жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Жыл сайын, желтоқсанның 25-не дейінгі мерзімде, ұйымдар келесі күнтізбелік жылға білімі біліктілік тексеруге жататын мамандардың тізімін жасайды. Маманды жұмысқа қабылдау немесе шығару кезінде жоғары аталған тізімге тиісті өзгерістер енгізіледі.
Тармақ 32
32. Мамандардың біліміне біліктілік тексеруді ұйымдастыруға жауапты адам осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес білімге біліктілік тексеру жүргізу күніне дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей маманға білімді біліктілік тексеруден өткені туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Тармақ 33
33. Әрбір маманның білімін біліктілік тексеру компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып тестілеу түрінде немесе жазбаша түрде жеке өткізіледі.
Тармақ 34
34. Білімді біліктілік тексеру нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білімді біліктілік тексеру хаттамасы ресімделеді. Тексерілуші комиссия хаттамасымен қызметкердің біліміне біліктілік тексеру жүргізілгеннен кейін бір тәулік ішінде қол қойып танысады. Қызметкерлердің білімін біліктілік тексеру хаттамалары ұйымда кемінде үш жыл сақталады. Қызметкердің білімін біліктілік тексеру негізінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10907 болып тіркелген) Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Электр қондырғыларында жұмыс істеудің нормалары мен қағидаларын білуін тексеру туралы куәлікке жазба жасалады.
Тармақ 35
35. Мамандардың біліміне біліктілік тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдері, ол аяқталған сәтінен бастап, бірақ құжаттық растау кезінде дәлелді себептер бойынша (ауру, іссапар, еңбек демалысы, оқу орындарында оқу) ұйым басшысымен бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
Тармақ 36
36. Білімге біліктілік тексеруден өту мерзімі алты айдан астам мерзім ішінде ұйым басшысының шешімі бойынша білімге кезектен тыс біліктілік тексеру белгіленеді.
Тармақ 37
37. Білімге бастапқы немесе мерзімді (кезекті) біліктілік тексеруден өту бойынша мерзімдерді дәлелді себептерсіз бұзған, сондай-ақ өз біліктілігін растамаған мамандардың электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы бір бірлікке төмендетіледі және өтіп кеткен мерзімнен немесе электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын растамаған (берген) күннен кейінгі күнтізбелік 30 күннің ішінде білімге кезектен тыс біліктілік тексеру белгіленеді.
Басқа 1
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына 1-қосымша Нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/kaenk. Әкімшілік нысанның атауы: Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтуге жататын басшылардың тізімі. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-ББТБТ. Кезеңділік: Жылдық. Есепті кезең: ______ жыл. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: электр, жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар және жүйелік оператор. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі 1 желтоқсаннан кешіктірмей. БСН Жинау әдісі - электронды түрде. Р/с № Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) Жеке сәйкестендіру нөмірі Алдағы өткен білімді біліктілік тексеру күні Лауазымы Лауазымға қабылдау туралы бұйрықтың № және күні Рұқсат тобы Атауы _____________________________________________________________ Мекенжайы ________________________________________________________ Телефон ___________________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________ Орындаушы ______________________________________ _________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ____________________________ _______________________________________________ ___________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Басқа 1.1
«Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтуге жататын басшылардың тізімі» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша
Тармақ 1
1. «Р/с №» 1-бағанында білуін біліктілік тексеруге жататын басшының реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 2
2. «Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)» 2-бағанында білуін біліктілік тексеруге жататын басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) көрсетіледі.
Тармақ 3
3. «Жеке сәйкестендіру нөмірі» 3-бағанында білуін біліктілік тексеруге жататын басшының жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 4
4. «Алдағы өткен білімді біліктілік тексеру күні» 4-бағанында білуін біліктілік тексеруге жататын басшының алдағы өткен оң білімді біліктілік тексеру күні көрсетіледі.
Тармақ 5
5. «Лауазымы» 5-бағанында білуін біліктілік тексеруге жататын басшының лауазымы көрсетіледі.
Тармақ 6
6. «Лауазымға қабылдау туралы бұйрықтың № және күні» 6-бағанында білуін біліктілік тексеруге жататын басшының лауазымға қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні көрсетіледі.
Тармақ 7
7. «Рұқсат тобы» 7-бағанында білуін біліктілік тексеруге жататын басшының электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы көрсетіледі.
Басқа 2. Қабылданған (шығарылған) басшылар туралы ақпарат
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына 2-қосымша Нысан Қабылданған (шығарылған) басшылар туралы ақпарат Р/с № Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Жеке сәйкестендіру нөмірі Қабылдау (шығару) туралы бұйрықтың № және күні Лауазымы Рұқсат тобы Ұйым басшысының қолы ______________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ______________________ Күні 20__жылғы «___» __________
Басқа 3
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына 3-қосымша
Басқа 4. «Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына 4-қосымша «Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері www.egov.kz, www.elіcense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал). 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 (он) жұмыс күні. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған). 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Техникалық пайдалану қағидаларын және электр энергетикасы саласындағы қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өту нәтижесі, көрсетілетін қызметті алушыны кері қайтарып алуға қанағаттандырылған өтініш (өтінішті қарауды тоқтату туралы хабарлама) не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 7. Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі 1) көрсетілетін қызметті берушінің –Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. 2) портал – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады). 8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) ұйымның білімді біліктілік тексеруден өтуге жолдамасы немесе көрсетілетін қызметті алушыны лауазымға қабылдау немесе ауыстыру туралы өкімдік құжаттың (бұйрықтың) электрондық көшірмесі. Жеке басты куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. 9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы №210 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11026 болып тіркелген) мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10830 болып тіркелген); 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы; 5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы. 10. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 1) мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары: www.gov.kz – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының «Энергетика министрлігі» бөлімінің «Көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде, порталда орналастырылған; 2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар; 3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар; 4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді; 5) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының «Энергетика министрлігі» бөлімінің «Көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414 , 8-800-080-7777.
Басқа 4.1
«Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымша Нысан ____________________________ (мемлекеттік органның атауы) ____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) № _____ Күні: 20 __ жылғы «___» _____ Сізден мені электр қауіпсіздігі бойынша _______________ рұқсат тобын (рұқсат тобын көрсету) ______________________________ үшін электр қондырғыларының техникалық (алу, арттыру немесе растау) жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне __________________ біліктілік тексеруден өтуіме рұқсат беруіңізді (бастапқы, кезекті, кезектен тыс) сұраймын. Осы өтінішпен 3 (үш) жыл мерзімге мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген жинақталатын деректер тізбесімен ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және жеке деректерді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ рұқсаты шектеулі жеке деректерге қол жеткізуге келісім беремін. Қосымша: Ұйымның білімді біліктілік тексеруден өтуге немесе көрсетілетін қызметті алушыны лауазымға қабылдау немесе ауыстыру туралы 20 ___ жылғы «___» ________ № ___ (ұйымның білімді біліктілік тексеруден өтуге жолдамасының немесе көрсетілетін қызметті алушыны лауазымға қабылдау немесе ауыстыру туралы өкімдік құжаттың (бұйрықтың) электрондық көшірмесінің нөмірі) жолдамасы немесе өкімдік құжаттың (бұйрықтың) электрондық көшірмесі. Қолы __
Басқа 5
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына 5-қосымша Нысан [МО атауы (мемлекеттік тілде)] МО реквизиттері мемлекеттік тілде [МО атауы (орыс тілінде)] МО реквизиттері орыс тілінде Өтінішті одан әрі қараудан/мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту Нөмірі: [РҚ нөмірі] Берілген күні: [РҚ берілген күні] [Өтініш берушінің атауы] [МО атауы], Сіздің [Өтініш берген күн] № [Өтініш нөмірі], өтінішіңізді қарастырып, ______________________________________ хабарлайды. [Бас тарту себебі]. [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)]
Басқа 6. Хабарлама
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына 6-қосымша Нысан Хабарлама Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті _________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) қабылданған өтінішіне сәйкес білімді біліктілік тексеру тестілеу күні: _______ тестілеу уақыты: __________________________________ тестілеу мекенжайы: ________________________ бойынша өткізілетінін хабарлайды. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің автоматтандырылған тіркеу жүйесі электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден «электрондық үкімет» порталы арқылы өту үшін берді. Қолы ______________________ 20 __ жылғы «____» _______________
Басқа 7. Өтінішті қарауды тоқтату туралы хабарлама
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына 7-қосымша Нысан Өтінішті қарауды тоқтату туралы хабарлама Сіздің 20___жылғы «___» ________ № ___ өтінішіңіздің негізінде Сіздің өтінішіңізді қарау тоқтатылғаны туралы хабарлаймыз. Қол қоюшының лауазымы____________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________ 20 __ жылғы «____» _______________
Басқа 8
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына 8-қосымша Нысан 20 ___ жылғы «____» __________ ____ сағ. ______ мин. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) өкілі: _______________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)) басшы __________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)) Жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________ Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларының 22-4-тармағын бұзу фактісін анықтады. _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ (бұзудың қысқаша сипаты) Комитет өкілінің қолы: ________________________________ Актімен таныстым: ___________________________________ (басшының қолы,тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)) Жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа жол берген басшы осы актіге қол қоюдан бас тартқан кезде тиісті жазба жасалады. _______________________________________________________________ (жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа жол берген басшының осы актіге қол қоюдан бас тарту фактісін растайтын өзге адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Басқа 8.1
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына 8-1-қосымша Нысан № п/п Сұрақ ● жауап нұсқасы ● жауап нұсқасы ● жауап нұсқасы ● жауап нұсқасы
Басқа 9. Апелляцияға өтініш
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына 9-қосымша Нысан Апелляцияға өтініш
Басқа 10. Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасы
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына 10-қосымша Нысан Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасы
Басқа 11. Электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өту нәтижесі
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына 11-қосымша Нысан Электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өту нәтижесі Те­сті­леу кү­ні Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да) Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Тест сұ­рақ­та­ры­ның са­ны Шек­ті мәні Дұ­рыс жа­у­ап са­ны Нәти­же Тестілеу қорытындылары және (немесе) тыңдау нәтижелері бойынша ______________________________ электр энергетикасы саласындағы техникалық (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне _______________________________ біліктілік тексеруден өтті/өткен жоқ және электр (бастапқы, мерзімді немесе кезектен тыс) қауіпсіздігі бойынша ___________________ рұқсаттама топ берілді/берілген жоқ. (рұқсаттама тобын көрсету) Қол қоюшының лауазымы____________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________
Басқа 12
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына 12-қосымша Нысан Білімге біліктілік тексеру жүргізу күні _______________________________________________________________ Комиссия (Орталық/құрылымдық бөлімше) (керектісінің астын сызыңыз) _______________________________________________________________ (ұйым атауы) құрамында: Төраға: _____________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)) Комиссия мүшелері: _____________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)) _____________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)) біліміне біліктілік тексеру жүргізді _____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), жұмыс орны, лауазымы, мамандығы, разряды, электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы, біліміне біліктілік тексерудің соңғы күні) Білімін біліктілік тексеру түрі: _____________________________________________________________ (бастапқы, мерзімді (кезекті), кезектен тыс, себептері) Комиссия қорытындысы: 1. Электр қауіпсіздігі бойынша – _______________ топ берілді 2. Атқаратын лауазымына сәйкес/сәйкес емес – ____________________ 3. Қайталама мерзімін белгілеу _____ – _____ ауысым 4. Қайталама тексерудің мерзімі (білім нәтижесі қанағаттанарлықсыз болған кезде) _______________________________________________________________ Қосымша мәліметтер:_____________________________________________ Қолдары: Комиссия төрағасы _______________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)) Комиссия мүшелері: _______________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)) _______________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)) Комиссия қорытындысымен таныстым ____________________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))