Об утверждении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые субъектом государственной монополии в области лесоустройства Күшін жойған
Басқа 0
Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 55-бабының 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 6 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлтық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 18 наурыз
Басқа 0. Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-02/164 бұйрығымен
бекітілген
Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
№ п/п
Орман орналастыру жұмыстарының атауы
Бағалар (1 гектар үшін теңгемен) ҚҚС есебінсіз
Бағалар (1 гектар үшін теңгемен) ҚҚС - мен
Дайындық жұмыстары
1.
I разрядты орман орналастыру (жазық ормандар)
29,5
33,0
2.
II разрядты орман орналастыру (таулы ормандар)
21,6
24,2
3.
III разрядты орман орналастыру, зерттеу (шөлді ормандар)
3,5
3,9
Далалық жұмыстары
1.
I разрядты орман орналастыру (жазық ормандар)
432,7
484,6
2.
II разрядты орман орналастыру (таулы ормандар)
299,7
335,7
3.
III разрядты орман орналастыру, зерттеу (шөлді ормандар)
42,9
48,0
Камералдық жұмыстары
1.
I разрядты орман орналастыру (жазық ормандар)
155,3
173,9
2.
II разрядты орман орналастыру (таулы ормандар)
114,3
128,0
3.
III разрядты орман орналастыру, зерттеу (шөлді ормандар)
11,2
12,5