Об образовании Дисциплинарного совета Западно-Казахстанской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының тәртіптік кеңесін құру туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 03.07.2003 № 134 қаулысымен. «Қазақстан Республикася Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 23 қаршадағы № 4154 өкімін және «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 наурыздағы № 218 қаулысын орындау үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік тәртіпті, қызмет этикасын нығайту, «Сыбайлаc жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындау мәселелерін қарайтын, консультативтік-кеңесші орган табылатын Батыс Қазақстан облысының Тәртіптік кеңесі құрылсын. Оның қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облысының Тәртіптік кеңесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Облыс әкімі жанынан Тәртіптік кеңес құру туралы» облыс әкімінің бірінші орынбасарының 1997 жылғы 20 қарашадағы № 223 шешімінің күші жойылған деп танылсын.