Об утверждении Правил предоставления субъектам малого предпринимательства в имущественный наем (аренду) или доверительное управление неиспользуемых объектов государственной собственности для организации производственной деятельности и развития сферы услуг населению с последующей безвозмездной передачей в собственность Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 120-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі ___________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 3 сәуір
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 253 бұйрығымен бекітілген Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік меншіктегі мемлекет пайдаланбайтын ғимараттарды, құрылыстарды, көлік құралдары мен жабдықтарды кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мүліктік жалға алуға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) кепілдік жарнасы – тендерге қатысу үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері енгізетін ақша сомасы.
Тармақша 2
2) қатысушы – тендерге қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектісі;
Тармақша 3
3) объектілер – мемлекеттік меншіктегі мемлекет пайдаланбайтын ғимараттар, құрылыстар, көлік құралдары мен жабдықтар және ғимараттар мен құрылыстар алып отырған жер учаскелері;
Тармақша 4
4) тендер – бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) әкімдіктер коммуналдық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер (бұдан әрі - атқарушы органдар) өздері қабылдаған бастапқы шарттардың негізінде ең жақсы шарт талаптарын ұсынатын тендерге қатысушылардың бірімен шарт жасасуға міндеттенетін тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін объектілерді шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға алуға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі сауда-саттық нысаны;
Тармақша 5
5) теңгерім ұстаушы – объект жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;
Тармақша 6
6) тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға алуға (жалдауға) және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру шарттары бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;
Тармақша 7
7) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
Тармақша 8
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар терімі;
Тармақ 3
3. Мемлекет бір жылдан астам уақытта мақсаты бойынша пайдаланбаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің (бұдан әрі - ұйымдар) объектілері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, бір жыл мерзімге мүліктік жалға алуға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беріледі.
Тармақ 4
4. Объектілерді беру тендер негізінде жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Пайдаланылмайтын объектілер тізбесін қалыптастыру
2-тарау. Пайдаланылмайтын объектілер тізбесін қалыптастыру
Тармақ 5
5. Тендерге қойылатын пайдаланылмайтын объектілердің тізбесін ұйымдардың мемлекет бір жылдан астам уақыт пайдаланбаған, оның ішінде ұйымдар мүлкінің мақсатты пайдаланылуын тексерулер барысында анықталған мемлекеттік меншіктегі мүлкінің (ғимараттар, құрылыстар, көлік құралдары және жабдықтар) қатарынан: республикалық мемлекеттік меншікке қатысты - аумақтық бөлімшелер; коммуналдық мемлекеттік меншікке қатысты - атқарушы органдар қалыптастырады.
Тармақ 6
6. Объектілерді тендерге қою аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) шешімі негізінде жүзеге асырылады және ұйымдардың мемлекеттік басқару органымен келісіледі. Республикалық мемлекеттік меншіктегі объектілерге қатысты аумақтық бөлімшелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен қосымша келіседі.
Тармақ 7
7. Қалыптастырылған тізбенің негізінде аумақтық бөлімшелер (атқарушы органдар) тендерлер өткізу кестесін жасайды.
Тармақ 8
8. Ұйымдар объектілер шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілгенге дейін олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Тендер өткізуге дайындық
3-тарау. Тендер өткізуге дайындық
Тармақ 9
9. Тендер өткізу үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады. Тендер комиссиясы мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрайды. Аумақтық бөлімшелер, жергілікті атқарушы органдар, баланс ұстаушы, мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және өзге ұйымдардың өкiлдерi республикалық мемлекеттік меншіктегі объектілер бойынша комиссияның құрамына енгiзiледі. Аумақтық бөлімшенің өкілі комиссия төрағасы болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар, баланс ұстаушы, мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және өзге ұйымдардың өкiлдерi коммуналдық мемлекеттік меншіктегі объектілер бойынша комиссияның құрамына енгiзiледі. Атқарушы органның өкілі комиссия төрағасы болып табылады. Комиссия:
Тармақша 1
1) өз жұмысының регламентін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 2
2) тендер шарттарын айқындайды;
Тармақша 3
3) тендер өткізеді;
Тармақша 4
4) тендер жеңімпазын айқындайды;
Тармақша 5
5) осы Қағидаларда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Егер комиссия отырыстарына комиссия мүшелерінің кемінде 2/3-і қатысса, олар заңды болып табылады. Комиссия шешімдері қатысып отырған комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 11
11. Тендер өткізуге дайындықты аумақтық бөлімшелер (атқарушы органдар) жүзеге асырады, олар:
Тармақша 1
1) объектілердің техникалық жай-күйіне қарай, шарттың түрін (мүліктік жалға алуға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру) айқындайды;
Тармақша 2
2) жалдау ақысының мөлшерін (объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде) айқындайды;
Тармақша 3
3) кепілдік жарна мөлшерін айқындайды;
Тармақша 4
4) тендер өткізу күнін айқындайды;
Тармақша 5
5) тендер өтетіні туралы хабарламаны уақтылы жариялауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) тендерге қатысушылардың өтінім білдіру шамасына қарай оларға беру үшін тендер құжаттамасы жиынтығын дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) барлық тілек білдірушілерге тендер объектілері және өткізу шарттары туралы ақпаратқа еркін қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) түскен материалдарды комиссияның қарауына береді;
Тармақша 9
9) осы Қағидаларда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Тендер құжаттамасы
4-тарау. Тендер құжаттамасы
Тармақ 12
12. Аумақтық бөлімше (атқарушы орган) тізілімнің веб-порталында тендер өткізу туралы хабарламаның, тендер өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын мемлекеттік және орыс тілінде жариялануын қамтамасыз етеді. Тендер өткiзу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді:
Тармақша 1
1) тендер өткізу шарттарын;
Тармақша 2
2) тендер объектісінің қысқаша сипаттамасын;
Тармақша 3
3) тендер өткізу күнін, уақытын;
Тармақша 4
4) жалдау ақысының мөлшерін (мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде);
Тармақша 5
5) тендерге қатысуды ресімдеу тәртібін;
Тармақша 6
6) кепілдік жарнаның мөлшерін және оны енгізу үшін банктік деректемелерді (кепілдік жарнаның мөлшері ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертілмейді);
Тармақша 7
7) тендер шарттарын қамтиды.
Тармақ 13
13. Хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен, аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) шотына кепiлдiк жарна енгiзіледi.
Тармақ 14
14. Кепiлдiк жарнаны:
Тармақша 1
1) тендер өткiзілгенге дейін күнтізбелік үш күннен аз уақыт қалғанда оған қатысудан жазбаша бас тартқан жағдайда, тендерге қатысушыға;
Тармақша 2
2) жеңімпаз тендер жеңiмпазының ұсыныстарына сай келетін талаптарда шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, оған қайтармайды. Қалған барлық жағдайларда қатысушының деректемелері көрсетіле отырып, қатысушы өтінім берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзiмде кепілдік жарналар қайтарылады.
Тармақ 15
15. Тендер өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн аумақтық бөлімше (атқарушы орган) тізілімнің веб-порталы арқылы объект туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуді, баланс ұстаушы объектіні тексеруге еркін қатынауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Комиссия тендердің шарттарын өзгерткен жағдайда, тендер өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын тізілімнің веб-порталында мемлекеттік және орыс тілдерінде барлық өзгерістер туралы хабарлама жариялануы тиіс. Тендер шарттарының өзгертілгені туралы хабарлама жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан адамдар өтініш негізінде кепілдік жарнасын қайтаруды талап ете алады.
Тармақ 17
17. Тендерге қатысушыларды тiркеу тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер өткiзiлгенге дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.
Тармақ 18
18. Тендерге қатысу үшін қатысушы:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
Тармақша 2
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
Тармақша 3
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
Тармақша 4
4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелуі қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
Тармақ 19
19. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерге қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
Тармақ 20
20. Қатысушылар тізілімнің веб-порталында арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін тендерлік және бағалық ұсынысты қамтитын тендерге қатысу өтінімін төменде көрсетілген құжаттардың және тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалар үшін: жеке басты куәландыратын құжат, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (дара кәсіпкер үшін), тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамасының;
Тармақша 2
2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің, жарғының;
Тармақша 3
3) осы объектіде өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі бизнес-жоспарды;
Тармақша 4
4) қолдаухат берілген күн алдындағы соңғы есепті күнгі жағдай бойынша шағын кәсіпкерлік субъектісінің бухгалтерлік балансын;
Тармақша 5
5) шағын кәсіпкерлік субъектісімен бір адамдар тобына кіретін адамдардың тізбесін;
Тармақша 6
6) кепілдік жарнаның аударылуын растайтын төлем тапсырмасының көшірмелерін қоса тіркейді.
Тармақ 21
21. Тендерге қатысушылардың өтінімдері және оларға қоса берілетін электрондық (сканерленген) құжаттардың көшірмелері тізілімнің веб-порталы дерекқорында сақталады және тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеу мен қарау үшін қолжетімсіз болады.
Тармақ 22
22. Қатысушының осы Қағидалардың 18 және 20-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның түспеуі тізілімнің веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 23
23. Тізілімнің веб-порталы дерекқорында кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдауды және қатысушыны тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің веб-порталы дерекқорында кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады. Тізілімнің веб-порталы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Тармақ 24
24. Тендерге қатысушы:
Тармақша 1
1) тендерге жеке өзі немесе тиісті түрде ресімделген сенімхаттың негізінде өзінің өкілдері арқылы қатысады;
Тармақша 2
2) тендерге қойылатын объект бойынша қосымша мәліметтерді, нақтылауларды алады;
Тармақша 3
3) объектіні алдын-ала қарайды;
Тармақша 4
4) оның құқықтары бұзылған кезде сотқа жүгінеді;
Тармақша 5
5) өзінің тендерге қатысуға арналған өтінімін бұл туралы комиссияға оны өткізгенге дейінгі үш күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша хабарлай отырып, қайтарып алады.
Тармақ 25
25. Егер өтінімдерді қабылдау мерзiмi аяқталған сәтте бiр ғана өтiнiм тіркелген болса (екiншi және келесi тендерлердi қоспағанда), комиссия тендерді өтпедi деп таниды. Өткізілмеген тендер туралы шешім тиісті хаттамамен ресімделеді. Өтінімдерді қабылдау мерзiмi аяқталған сәтте кемінде бiр өтiнiм тіркелген болса, екінші және кейінгі тендерлер өтті деп танылады. Тендер өтпеді деп танылған жағдайда тендерге қатысуға өтінімдерді ашу жүзеге асырылмайды және тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттан кейін жиырма төрт сағат ішінде аумақтық бөлімше (атқарушы орган) тендерді өтпеді тану туралы актіге қол қойып, тізілімнің веб-порталына орналастырады.
Тармақ 26
26. Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттың басталуы бойынша тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.
Тармақ 27
27. Тендерге қатысуға өтінімдерді комиссия мүшелері тендерді өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушылар тиісті талаптарға сәйкес келетін қатысушыларды айқындау мақсатында тізілімнің веб-порталында қарайды.
Тармақ 28
28. Комиссияның шешімі бойынша ұсыныстары тендер құжаттамасындағы барлық талаптарға сай келетін және тендер шарттарын орындау бөлігінде үздік болып табылатын қатысушы тендер жеңімпазы деп танылады.
Тармақ 29
29. Қатысушылар ұсынған жалдау ақысының сомалары сәйкес келген (тең болған) жағдайда, комиссияның шешімімен тендерге қатысушыға өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Тармақ 30
30. Егер тізілімнің веб-порталы қабылдаған не комиссия тендерге қатысуға рұқсат берген тендерге қатысуға өтінімдер екеуден кем болса, объект жалғыз қатысушыға берілуі мүмкін екiншi және келесi тендерлердi қоспағанда, комиссия тендерді өтпедi деп таниды.
Тармақ 31
31. Тендер нәтижелері туралы хаттамада мынадай деректер:
Тармақша 1
1) комиссияның құрамы;
Тармақша 2
2) тендердiң шарттары;
Тармақша 3
3) объект туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) тендерге қатысушылар туралы мәлiметтер мен олардың ұсыныстары;
Тармақша 5
5) тендердiң жеңiмпазы туралы мәліметтер немесе жеңімпаздың болмауы себебін көрсете отырып, тендердің қорытындылары бойынша өзге шешім;
Тармақша 6
6) шартқа қол қою бойынша тараптардың міндеттемелері қамтылады.
Тармақ 32
32. Тендер нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылып, оған комиссияның барлық мүшелері мен жеңімпаз тендер өткізілген күні ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.
Тармақ 33
33. Тендер нәтижелерін және жеңімпаз бен аумақтық бөлімше (атқарушы орган) шартқа тендер нәтижесі болып табылатын шарттармен қол қою міндеттерін белгілейтін құжат тендер нәтижелері туралы хаттама болып табылады.
Тармақ 34
34. Жеңімпаз шартқа қол қойған кезде көрсетілген құжаттардың, оның ішінде тендерге қатысу өтініміне тіркелген құжаттардың:
Тармақша 1
1) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің, жарғының;
Тармақша 2
2) жеке тұлғалар үшін: жеке басты куәландыратын құжаттың, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (жеке кәсіпкерлер үшін);
Тармақша 3
3) заңды тұлға өкілі үшін - жеке басты куәландыратын құжаттың және заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың түпнұсқасын аумақтық бөлімшеге (атқарушы органға) салыстырып тексеру үшін ұсынады.
Тармақ 35
35. Тендердiң нәтижелерi туралы хаттаманың негiзiнде тендер жеңiмпазының ұсыныстарына сай келетін талаптарда жеңімпазбен шарт жасалады. Тендер жеңімпазын айқындайтын тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей бір жыл мерзімге аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) басшысы не оның міндетін атқаратын адам тендер жеңімпазымен шарт жасасады және тізілімнің веб-порталында мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысандар бойынша тіркеуге жатады.
Тармақ 36
36. Жеңімпаз белгіленген мерзімде шартқа қол қоймаған жағдайда, комиссия жаңадан тендер өткізу туралы шешім қабылдайды.
Тарау 6. 6-тарау. Объектіні меншікке беру тәртібі
6-тарау. Объектіні меншікке беру тәртібі
Тармақ 37
37. Белгіленген тәртіппен ғимараттар (құрылыстар, ғимараттар) мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға тапсырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43 және 52-баптарына сәйкес олармен бірге көрсетілген мүлік алып отырған және белгіленген нормаларға сәйкес оны пайдалану үшін қажет жер учаскесі жалға беріледі.
Тармақ 38
38. Шарт мынадай ережелерді қамтиды:
Тармақша 1
1) шағын кәсіпкерлік субъектісіне берілетін объектінің техникалық сипаттамалары туралы деректер;
Тармақша 2
2) объектіні пайдаланғаны үшін төлемақы енгізу тәртібі мен мерзімдері (мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде);
Тармақша 3
3) аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) және бизнес-жоспарға сәйкес алынған шағын кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары мен міндеттері (мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде);
Тармақша 4
4) аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) және шағын кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары мен міндеттері (мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде);
Тармақша 5
5) сенімгерлік басқарушының есеп беру мерзімдері мен нысандары;
Тармақша 6
6) шартты мерзімінен бұрын бұзу негіздемесі мен талаптары қамтылады.
Тармақ 39
39. Шартқа қол қойылғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде баланс ұстаушы тендер жеңімпазы тіркеу есебінде тұрған мемлекеттік кірістер органын бір уақытта хабардар ете отырып, аумақтық бөлімше (атқарушы орган) бекітетін объектіні мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы қабылдау-беру актісі бойынша объектіні тендер жеңімпазына береді. Ғимарат пен құрылысты мүліктік жалға (жалдауға беру) шарты мемлекеттік тіркелуге жатады және осындай тіркеу сәтінен бастап шарт жасалған деп саналады. Тендер жеңімпазының кепілдік жарнасы мүліктік жалға беру шарты бойынша тиесілі төлемдердің есебіне жатады.
Тармақ 40
40. Қабылдау-тапсыру актісінде мыналар:
Тармақша 1
1) акт жасалған орны мен күні;
Тармақша 2
2) өкiлдері оларға сәйкес тараптардың мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi құжаттардың атауы мен деректемелері;
Тармақша 3
3) объектіні беру жүргізілетін шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi;
Тармақша 4
4) берiлетiн объектiнiң атауы, орналасқан орны, анықталған ақаулардың тiзбесімен бірге, оның техникалық сипаттамасы мен жай-күйі көрсетіледі.
Тарау 7. 7. Объектіні меншікке беру тәртібі
7. Объектіні меншікке беру тәртібі
Тармақ 41
41. Шарттың талаптары орындалмаған кезде аумақтық бөлімше (атқарушы орган) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 24-тарауына сәйкес шартты бұзады және комиссияға алдын ала хабарлама жібере отырып, объектіні тендерге қайта қояды.
Тармақ 42
42. Шарт бұзылған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектісіне жалға алынған объект үшін зиян келтірместен бөлінбейтін, ол өз қаражаты есебінен жүргізген жақсартулардың құны өтеледі.
Тармақ 43
43. Объектінің сақталуын қамтамасыз етпеу, оны мақсатты пайдаланбау және т.б. салдарынан зиян келтірілген жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 27-тарауына сәйкес келтірілген материалдық залалды өтейді.
Тармақ 44
44. Шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін және оның талаптары толық орындалған кезде аумақтық бөлімше (атқарушы орган) объектінің шағын кәсіпкерлік субъектісінің тіркеу есебінде тұрғанын мемлекеттік кірістер органына хабарлай отырып, оны шағын кәсіпкерлік субъектісінің меншігіне өтеусіз беру туралы шешім қабылдайды. Объект алып отырған жер учаскелерін өтеусіз беру жөнінде шешім қабылдау Қазақстан Республикасының Жер кодексiнің 32 және 33-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 45
45. Объектіні шағын кәсіпкерлік субъектісінің меншігіне беру қабылдау-беру актісімен және объектіні өтеусіз беру туралы шартпен ресімделеді. Мәмілені тіркеу «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 46
46. Аумақтық бөлімше (атқарушы орган) объектіні шағын кәсіпкерлік субъектісінің меншігіне өтеусіз беру туралы шарт жасалған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеуші - шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеу есебінде тұрған мемлекеттік кірістер органын объектіні шағын кәсіпкерлік субъектісінің меншігіне өтеусіз беру туралы хабардар етеді.
Басқа 126. Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысуға ӨТІНІМ
Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына қосымша Нысан Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысуға ӨТІНІМ 1. Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларымен таныса отырып, ___________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20 __ «___» _____ өтетін тендерге қатысуға ниет білдіреді. 2. Мен (біз) тендерге қатысу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бірыңғай аумақтық бөлімшесінің немесе әкімдіктер коммуналдық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің есеп айырысу шотына жалпы сомасы ___________________ теңге (цифрлармен) (сомасы жазумен) кепілдік жарна (жарналар) (саны) енгіздім (енгіздік). Кепілдік жарна енгізілген объектілер туралы мәліметтер: Р/с № Объектінің атауы Аударуға жататын кепілдік жарнаның сомасы, теңге 1 2 Жиыны Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәліметтер: № Пр/с Кепілдік жарнаның мақсаты және тендерге қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген объектінің атауы Төлем құжатының № Төлем құжатының күні Кепілдік жарнаның сомасы, теңге 1 2 Жиыны
Тармақ 3
3. Тендерге қатысушыға (жалға алушыға, сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарға менің (біздің) сәйкес келмейтінім (-із) анықталған жағдайда, менің (біздің) тендерге қатысу құқығынан айырылатыныма (-ызға), мен (біз) қол қойған тендер нәтижелері туралы хаттама және мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру шартының жарамсыз деп танылатынына келісемін (-із).
Тармақ 4
4. Егер мен (біз) тендердің жеңімпазы (-дары) болып айқындалған жағдайда, өзіме (-ізге) тендердің өткізілу күні тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға және тендердің өткізілу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру шартына қол қою міндеттемелерін аламын (-ыз).
Тармақ 5
5. Мен (біз) мынадай:
Тармақша 1
1) тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан;
Тармақша 2
2) белгіленген мерзімде мүліктік жалға алу (жалдау) немесе сенімгерлік басқару шартына қол қоюдан бас тартқан жағдайларда енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшесінде немесе әкімдіктер коммуналдық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемеде қалатынына келісемін (-із).
Тармақ 6
6. Осы өтінім тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге мүліктік жалға алу (жалдау) немесе сенімгерлік басқару шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарт күшіне ие болады.
Тармақ 7
7. Өзім туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-ыз): Заңды тұлға үшін: Атауы ____________________________________________________________________ Бизнес сәйкестендіру номері_(БСН) _________________________________________________________________________ Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________________________________________________________________________ Мекенжайы: ______________________________________________________________ Телефон (факс) нөмірі:______________________________________________________ Банк деректемелері: Жеке сәйкестендіру коды _________________________________________________________________________ Банк сәйкестендіру коды _________________________________________________________________________ Банк атауы _______________________________________________________________ Бенефициар коды _________________________________________________________________________ Өтінімге мыналар:
Тармақша 1
1)________________________________________________________________________
Тармақша 2
2)________________________________________________________________________
Тармақша 3
3)________________________________________________________________________
Тармақша 4
4)____________________________________________________________қоса беріледі. Жеке тұлға үшін: Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) __________________________________________________________________________ Жеке сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________________________________ Төлқұжат деректері_________________________________________________________ Мекенжайы:_______________________________________________________________ Телефон (факс) нөмірі:_______________________________________________________ Банк деректемелері: Жеке сәйкестендіру коды ___________________________________________________________________________ Банк сәйкестендіру коды ___________________________________________________________________________ Банктің атауы________________________________________________________________ Бенефициар коды ____________________________________________________________________________ Өтінімге мыналар:
Тармақша 1
1)__________________________________________________________________________
Тармақша 2
2)__________________________________________________________________________
Тармақша 3
3)_______________________________________________________________ қоса беріледі. (қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның сенімхат негізінде әрекет ететін басшысының немесе өкілінің тегі, аты, әкесінің аты) 20 __ жылғы «___» ____________ Мөр орны (болған жағдайда) Өтінімді мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы қабылдады. 20__ жылғы «__» _______ _ _ _ _ _ сағат _ _ _ минут