Об утверждении типовой методики формирования метаданных для применения государственными органами Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік органдардың қолдануы
үшін метадеректерді қалыптастырудың
үлгілік әдістемесін бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 13) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А.С. Мамытбеков _____________
2015 жылғы 16 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
А.Қ. Дауылбаев ______________
2015 жылғы 30 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А.Б. Сәрінжіпов ______________
2015 жылғы 18 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т.Б. Дүйсенова _______________
2015 жылғы 20 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және
даму министрі
Ә.Ө. Исекешев _______________
2015 жылғы 27 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б.Т. Сұлтанов _________________
2015 жылғы 27 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы ______________
2015 жылғы 7 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
төрағасы
Қ.П. Қожамжаров _____________
2015 жылғы 3 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банк төрағасы
Қ.Н. Келімбетов ______________
2015 жылғы 20 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ.Н. Қасымов ________________
2015 жылғы 12 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
В.С. Школьник _______________
2015 жылғы 23 ақпан
Басқа 1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 285 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесі (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Үлгілік әдістеме статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпы мемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізетін және (немесе) ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыратын және әкімшілік деректерді қалыптастыратын мемлекеттік статистика органдарына және әкімшілік дереккөздерге жататын мемлекеттік органдарға таралады.
Тармақ 3
3. Осы Үлгілік әдістеме мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосына беру үшін мемлекеттік органдардың метадеректерді қалыптастыру рәсімін айқындайды (бұдан әрі - Ведомство).
Тармақ 4
4. Мемлекеттік органдардың осы Үлгілік әдістемені қолдануы:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардың метадеректерін бірыңғай сақтау қоймасын құруды және оны өзектілендіруді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардың метадеректерді қалыптастырудың бірыңғай әдіснамасын пайдалануды;
Тармақша 3
3) ресми статистикалық ақпаратты және әкімшілік деректер сипаттамасы бойынша метадеректерді ұсынудың форматтары мен технологияларының бірлігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Осы Үлгілік әдістемені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) «Жіктелімдер және стандарттар» ақпараттық жүйесі - жіктелімдерді әзірлеу, енгізу, пайдалану және басқа ішкі және сыртқы ақпараттық жүйелер үшін ондағы ақпаратқа бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету процестерін автоматтандыруға арналған жүйе (бұдан әрі – «Жіктелімдер және стандарттар» АЖ);
Тармақша 2
2) «Метадеректер» ақпараттық жүйесі статистикалық көрсеткіштерді, жіктеуіштерді, анықтамалықтарды сақтауға, сондай-ақ статистикалық көрсеткіштер өлшемдері мен оларды жинау, өңдеу және тарату алгоритмдерінің сипаттамасына арналған жүйені білдіреді (бұдан әрі – «Метадеректер» АЖ);
Тармақша 3
3) статистикалық көрсеткіш – бұл орынның және уақыттың нақты жағдайларында құбылыстың немесе процестің мәнін көрсететін, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің сапалы сипаттамасы (бұдан әрі - СК);
Тармақша 4
4) статистикалық көрсеткіштердің жіктеуіші статистика саласында қолданылатын кіріс және шығыс көрсеткіштердің жүйелендірілген тізбесін білдіреді, және мемлекеттік статистика саласындағы статистикалық көрсеткіштерді жіктеу және кодтау тәртібін белгілейді.
Өзге де ұғымдар «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңында айқындалған мағынада пайдаланылады.
Тарау 2. 2. Метадеректер және олардың типтері
2. Метадеректер және олардың типтері
Тармақ 6
6. Метадеректер – бұл статистикалық деректерді айқындайтын және сипаттайтын деректер.
Тармақ 7
7. Метадеректер типі бойынша мыналарға бөлінеді:
Тармақша 1
1) құрылымдық - осы деректерді табу және шығарып алу үшін деректерді айқындайтын және сипаттайтын метадеректер. Құрылымдық метадеректер мысалы осы Үлгілік әдістеменің 1-қосымшасында келтірілген. Құрылымдық метадеректерді толтырудың үлгісі осы Үлгілік әдістеменің 2-қосымшасында келтірілген;
Тармақша 2
2) анықтамалық (сілтемелі) - статистикалық ақпараттың мазмұнын және сапасын сипаттайтын метадеректер. Анықтамалық (сілтемелі) метадеректер мысалы осы Үлгілік әдістеменің 3-қосымшасында келтірілген. Анықтамалық (сілтемелі) метадеректерді толтырудың үлгісі осы Үлгілік әдістеменің 4-қосымшасында келтірілген. Анықтамалық (сілтемелі) метадеректер келесі түрлерге бөлінеді:
тұжырымдамалық - өлшенетін ұғымдарды сипаттайтын метадеректер;
әдіснамалық – сол арқылы іріктеме және деректерді жинау әдістері сияқты деректер алынған әдістерді сипаттайтын метадеректер;
сапалық - уақтылылық және нақтылық сияқты деректердің сапалық сипаттамаларын сипаттайтын метадеректер.
Тарау 3. 3. Метадеректерді қалыптастыру
3. Метадеректерді қалыптастыру
Тармақ 8
8. Мемлекеттік орган өз құзыретінің шеңберінде метадеректерді:
Тармақша 1
1) ақпараттық жүйелер болған жағдайда мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелер құралдары;
Тармақша 2
2) ақпараттық жүйелер болмаған жағдайда, осы Үлгілік әдістеменің 2, 4-қосымшаларына сәйкес Excel кестесін толтыру арқылы қалыптастырады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органдар өз құзыретінің шеңберінде СК бойынша құрылымдық метадеректерді қалыптастырады және «Метадеректер» АЖ толтыру үшін осы Үлгілік әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде Ведомствоға береді. Ескертпеден басқа, нысанның келесі өрістері толтыру үшін міндетті болып табылады:
Тармақша 1
1) реттік нөмірі көрсетіледі;
Тармақша 2
2) СК коды –мемлекеттік органдар жүгінген кезде Ведомствомен бірлесіп берілетін СК бірегей коды көрсетіледі;
Тармақша 3
3) СК атауы – СК мәтіндік атауы көрсетіледі;
Тармақша 4
4) СК белгісі – егер СК есептік болған жағдайда, «1» белгісі және СК енгізілетін болған жағдайда, «0» көрсетіледі. Есептік СК - есеп айырысу іс-қимылдарының барысында алынған СК, енгізілетін СК – респондент статистикалық нысанға енгізетін СК;
Тармақша 5
5) СК дереккөзі – жалпы мемлекеттік немесе ведомстволық статистикалық байқаудың атауы және/немесе әкімшілік деректер қалыптастырылатын ақпараттық жүйенің атауы көрсетіледі. Бұл ретте бірнеше дереккөзді көрсетуге болады;
Тармақша 6
6) СК немесе дереккөзді жинау кезеңділігі – СК немесе дереккөзді жинау кезеңділігі көрсетіледі (мысалы: ай, тоқсан, жыл, жартыжылдық және басқалар);
Тармақша 7
7) СК жариялау кезеңділігі – СК жариялау кезеңділігі көрсетіледі (мысалы: ай, тоқсан, жыл, жартыжылдық және басқалар);
Тармақша 8
8) СК немесе дереккөзді жинау мерзімі – СК немесе дереккөзді жинаудың нақты күні көрсетіледі;
Тармақша 9
9) СК жариялау мезгілі - СК жариялаудың нақты күні көрсетіледі;
Тармақша 10
10) жинаудың өлшем бірлігі – СК жинаудың өлшем бірлігі көрсетіледі. Өлшем бірліктері мен шоттың мемлекетаралық жіктеуішіне (бұдан әрі - ӨБМЖ) сәйкес өлшем бірлігі көрсетіледі;
Тармақша 11
11) жариялаудың өлшем бірлігі – СК жариялаудың өлшем бірлігі көрсетіледі. Өлшем бірлігі ӨБМЖ сәйкес көрсетіледі;
Тармақша 12
12) СК жариялау белгісі – СК ресми түрде жарияланған жағдайда, «1» белгісі немесе СК жарияланбаған жағдайда «0» көрсетіледі;
Тармақша 13
13) өлшем (бөлініс) – пайдаланылатын жіктеуіштер, анықтамалықтар бойынша СК өлшемі (бөлінуі) көрсетіледі, мысалы: әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші, экономикалық қызмет түрлері бойынша және басқалар. Осы өрісте жіктеуіштің, анықтамалықтың ID кодын көрсетумен жіктеуіштің, анықтамалықтың аббревиатурасы толтырылады. Әрбір мәні «-» символы арқылы, жіктеуіш және анықтамалық аббревиатурасы мен ID бірге бос орын тасталмай көрсетіледі. Мысалы: ӘАОЖ213-ЭҚЖЖ4855.
Егер жіктеуішті, анықтамалықты нақтылау қажет болған жағдайда, жіктеуіштің, анықтамалықтың иерархия деңгейі және/немесе жіктеуіштің, анықтамалық элементінің коды көрсетіледі. Иерархия деңгейі «_» арқылы көрсетіледі, мысалы: ӘАОЖ 213_2- ЭҚЖЖ 4855_1. Элементтің коды жай жақшаларда көрсетіледі, мысалы ӘАОЖ213_2(11)- ЭҚЖЖ4855_1(E). Жиынтық деректер республика бойынша қалыптастырылған жағдайда, бөлінуі бір өлшемнен тұрады, мысалы ӘАОЖ213_1.
Жіктеуіштің, анықтамалықтың ID коды және элементтерінің кодтары «Жіктелімдер мен стандарттар» АЖ-да қалыптастырылады;
Тармақша 14
14) өлшемін (бөлінуін) жариялау белгісі – өлшемін (бөлінуін) ресми түрде жариялаған жағдайда, «1» белгісі немесе өлшемі (бөлінуі) жарияланбаған жағдайда «0» көрсетіледі.
«Ескертпе» өрісі қажет болған жағдайда толтырылады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органдар өз құзыретінің шеңберінде СК бойынша анықтамалық (сілтемелік) метадеректерді қалыптастырады және «Метадеректер» АЖ толтыру үшін осы Үлгілік әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде Ведомствоға береді. Нысанның барлық өрістері толтыру үшін міндетті болып табылады:
Тармақша 1
1) реттік нөмірі көрсетіледі;
Тармақша 2
2) СК коды –мемлекеттік орган жүгінген кезде Ведомствомен бірлесіп берілетін СК бірегей коды көрсетіледі;
Тармақша 3
3) СК атауы – СК мәтіндік атауы көрсетіледі;
Тармақша 4
4) СК қысқаша атауы – мемлекеттік орган өзінің қысқаша атауы ретінде қабылдаған СК қысқаша мәтіндік атауы немесе аббревиатурасы көрсетіледі. Қажет болған жағдайда үтір арқылы бірнеше атау (синонимдер) көрсетіледі;
Тармақша 5
5) СК анықтамасы – СК мәтіндік анықтамасы көрсетіледі;
Тармақша 6
6) СК қалыптастыру тарихы – СК қалыптастырылған кезең көрсетіледі (мысалы: 1991 жылдан бастап);
Тармақша 7
7) СК қалыптастыру әдістемесі – СК алудың құрылымы және тәсілі бойынша қысқаша әдістемелік түсіндірме көрсетіледі немесе бекітілген нормативтік құқықтық актіге, көрсеткішті жинау/қалыптастыру тәртібін айқындайтын әдіснамалық құжатқа (әдістемелік түсіндірме, бекітілген нормативтік құқықтық акт, әдіснамалық құжат болмаған жағдайда сызықша қойылады) сілтеме келтіріледі;
Тармақша 8
8) СК әзірлеуші туралы ақпарат – СК қалыптастыруға жауапты мемлекеттік органның және оның құрылымдық бөлімшесінің атауы көрсетіледі;
Тармақша 9
9) СК қалыптастыруға жауапты тұлғаның байланыс деректері – жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефоны, электрондық поштасы көрсетіледі.
Басқа 1.1. Құрылымдық метадеректер мысалы
Мемлекеттік органдардың қолдануы
үшін метадеректерді қалыптастырудың
үлгілік әдістемесіне
1-қосымша
Құрылымдық метадеректер мысалы
Жыл басына халық саны
2003
2004
2005
2006
2007
Қазақстан Республикасы
14 866 837
14 951 200
15 074 767
15 219 291
15 396 878
Ақмола
748 167
748 930
747 185
746 652
748 559
Ақтөбе
668 378
671 812
678 607
686 698
695 454
Алматы
1 560 267
1 571 194
1 589 751
1 603 758
1 620 696
Атырау
451 928
457 215
463 466
472 384
480 687
Батыс Қазақстан
602 133
603 832
606 534
609 291
612 479
Жамбыл
980 072
985 552
992 089
1 001 094
1 009 210
Қарағанды
1 333 656
1 330 927
1 331 702
1 334 438
1 339 368
Қостанай
919 558
913 435
907 396
903 178
900 333
Қызылорда
603 804
607 491
612 048
618 249
625 070
Маңғыстау
338 612
349 668
361 754
374 430
390 531
Оңтүстік Қазақстан
2 111 893
2 150 256
2 193 556
2 233 568
2 282 474
Павлодар
748 651
745 238
743 826
742 911
744 860
Солтүстік Қазақстан
682 148
674 497
665 936
663 126
660 950
Шығыс Қазақстан
1 465 931
1 455 412
1 442 097
1 431 180
1 424 513
Астана қ.
501 998
510 533
529 335
550 438
574 448
Алматы қ.
1 149 641
1 175 208
1 209 485
1 247 896
1 287 246
Кестенің жалғасы
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
15 571 506
15 982 370
16 203 036
16 440 124
16 673 077
16 909 776
17 160 774
747 447
738 827
735 117
733 244
731 337
732 719
735 566
703 660
756 782
763 566
777 460
786 316
795 817
808 932
1 643 278
1 804 005
1 836 148
1 872 814
1 908 717
1 946 718
1 984 518
490 369
509 123
520 992
532 042
542 966
555 217
567 861
615 310
598 342
603 828
608 280
612 498
617 640
623 977
1 018 845
1 020 796
1 034 487
1 046 253
1 055 813
1 069 874
1 084 482
1 342 081
1 341 207
1 346 810
1 352 178
1 357 878
1 362 743
1 369 667
894 192
886 329
883 333
881 544
879 454
879 941
880 776
632 234
677 734
689 008
700 502
712 878
726 711
739 776
407 403
482 631
503 235
524 176
545 751
567 754
587 419
2 331 505
2 462 782
2 511 600
2 567 637
2 621 488
2 678 889
2 733 279
746 454
742 276
744 334
746 122
747 004
749 019
752 793
653 921
597 534
592 738
589 301
583 582
579 488
575 766
1 417 384
1 396 871
1 397 993
1 397 889
1 394 710
1 393 619
1 394 018
602 684
605 254
649 146
697 156
742 884
778 198
814 435
1 324 739
1 361 877
1 390 701
1 413 526
1 449 801
1 475 429
1 507 509
Ескертпе: 2009 жылдан бастап 2014 жыл аралығында халық санын қайта есептеу әкімшілік-аумақтық өзгерістер негізінде және демографиялық ахуал деректерінің кеш тіркелуін ескере отырып жасалды.
Басқа 1.2. Құрылымдық метадеректерді сипаттау нысаны
Мемлекеттік органдардың қолдануы
үшін метадеректерді қалыптастырудың
үлгілік әдістемесіне
2-қосымша
нысан
Құрылымдық метадеректерді сипаттау нысаны
(нысанды толтырудың үлгісі)
р/с №
СК коды
СК атауы
СК белгісі
СК дереккөзі
Кезеңділігі
СК немесе дереккөздің жинау
СК жариялау
1
2
3
4
5
6
7
1
611101
Жыл басына халық саны
1
2009 жылғы халық санағының қорытындылары
ай
жылына бір рет
«Халықтың табиғи қозғалысы» ақпараттық жүйесі
«Халық көші-қоны» ақпараттық жүйесі
Кестенің жалғасы
Жинау және жариялау мерзімі
СК өлшем бірлігі
СК жариялау белгісі, (1-иә, 0-жоқ)
СК өлшемі (бөлініс)
СК өлшемі (бөлінісі) жариялау белгісі
(1-иә, 0-жоқ)
Ескертпе
СК немесе дереккөздің жинау
СК жариялау
Жинау
Жариялау
8
9
10
11
12
13
14
15
есепті кезеңнен кейін 6-күн
22 сәуір
адам
адам
1
ӘАОЖ213_2
1
2009 жылдан бастап 2014 жыл аралығында халық санын қайта есептеу әкімшілік-аумақтық өзгерістер негізінде және демографиялық ахуал деректерінің кеш тіркелуін ескере отырып жасалды
Ескертпе: Құрылымдық метадеректерді сипаттау нысанын толтыру үлгісі осы Үлгілік әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес келтірілген, мұнда «жыл басына халық саны» атауы – бұл СК, әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші – бұл өлшем, жыл басына халық саны жариялау кезеңділігіне ие – жылына бір рет, өлшем бірлігі - адам.
Басқа 1.3. Анықтамалық (сілтемелі) метадеректер мысалы
Мемлекеттік органдардың қолдануы
үшін метадеректерді қалыптастырудың
үлгілік әдістемесіне
3-қосымша
Анықтамалық (сілтемелі) метадеректер мысалы
Жыл басына халық саны
СК коды
611101
СК атауы
Жыл басына халық саны
СК қысқаша атауы
-
СК анықтамасы
Осы аумақта уақыттың белгілі бір кезеңінде тұратын адамдардың саны
СК қалыптастыру тарихы
1999 жылдан бастап
СК қалыптастыру әдістемесі
Жыл басына алынған ағымдағы бағалаулар жыл сайын туылғандар мен осы аумаққа келгендер саны қосылатын жəне қайтыс болғандар мен осы аумақтан кеткендердің саны алып тасталатын халықтың соңғы санағы қорытындыларының негізінде есептеледі
Әзірлеуші туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті
Жауапты тұлға
Тегі, аты, әкесінің аты
телефон:
электрондық пошта:
Басқа 1.4. Анықтамалық (сілтемелі) метадеректерді сипаттау нысаны
Мемлекеттік органдардың қолдануы
үшін метадеректерді қалыптастырудың
үлгілік әдістемесіне
4-қосымша
нысан
Анықтамалық (сілтемелі) метадеректерді сипаттау нысаны
(нысанды толтырудың үлгісі)
р/с №
СК коды
СК атауы
СК қысқаша атауы
СК анықтамасы
СК қалыптастыру тарихы
СК қалыптастыру әдістемесі
СК әзірлеуші туралы ақпарат
СК қалыптастыруға жауапты адамның байланыс деректері
Тегі, аты, әкесінің аты
Телефон
Электрондық
пошта
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1
611101
Жыл басына халық саны
-
Осы аумақта белгілі бір уақыттың кезеңінде тұратын адамдардың саны
1999 жылдан бастап
Жыл басына алынған ағымдағы бағалаулар жыл сайын туылғандар мен осы аумаққа келгендер саны қосылатын жəне қайтыс болғандар мен осы аумақтан кеткендердің саны алып тасталатын халықтың соңғы санағы қорытындыларының негізінде есептеледі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті
Тегі, аты, әкесінің атын көрсету
Қаланың кодыментелефонды көрсету
Электрондық
поштаны көрсету