Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 3-тармағының 24-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңының 1-бабы 105-тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi. Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәурдегі № 107-596 қаулысымен бекітілді Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары
Тарау 5. 1.Жалпы ережелер
1.Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 3-тармағының 24-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртібін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды белгілейді.
Тармақ 2
2. Үлгілік қағидалар білім беру ұйымдарының Ішкі тәртіп қағидаларын (бұдан әрі - Ішкі тәртіп қағидалары) бекіту кезінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
Тармақ 3
3. Ішкі тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарының әкімшілігі білім беру ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ оқушылар, тәрбиеленушілер, ата-аналар мен өзге де заңды өкілдерінің оларға білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттемелер мен Ішкі тәртіп қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібі
2. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібі
Тармақ 4
4. Ішкі тәртіп қағидалары: білім беру ұйымдарының әкімшілігі мен педагогтарының оқушылармен, тәрбиеленушілермен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара қарым-қатынасын; оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың міндеттемелерін; оқушылардың, тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайларды; білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды; білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібін, үзілістерді, оқушылар мен тәрбиленушілердің оқу сабақтарының ұзақтылығын; оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың тәртібін қарастырады.
Тармақ 5
5. Білім беру ұйымдарының әкімшілігі қызметкерлердің, оқушылар мен тәрбиеленушілердің, сондай-ақ олардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің Ішкі тәртіп қағидаларымен танысуына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.