Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-бабының 17-3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 1-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында жариялаумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді: «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша Экология департаменті» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы __________________А. Егембердиев 2015 жылғы 16 сәуір «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы __________________Н. Асылбеков 2015 жылғы 17 сәуір Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 205-594 қаулысымен бекітілді Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-бабының 17-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Коммуналдық қалдықтарға тұрмыстық қатты қалдықтар және елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары жатады.
Тарау 2. 2. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі
2. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі
Тармақ 3
3. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.
Тармақ 4
4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.
Тармақ 5
5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады.
Тармақ 6
6. Заттай өлшеу жүргізу үшін абаттандыру деңгейі әртүрлі екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:
Тармақша 1
1) су құбыры, кәріз, газбен жабдықтау, орталықтан жылыту, қоқыс құбыры бар абаттандырылған тұрғын үй;
Тармақша 2
2) пешпен жылытылатын, су құбыры мен кәрізі жоқ абаттандырылмаған тұрғын үй.
Тармақ 7
7. Тұрғындар тарапынан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын анықтау үшін тұрғындардың жалпы саны абаттандырудың әрбір түрі бойынша тұрғындардың - 0,5% қамтитын учаскелер бөлініп алынады (олардың ішінде абаттандырылмаған сектор бойынша кемінде 500 адам).
Тармақ 8
8. Таңдап алынған объектілерде аппаратпен өлшеу жүргізу алдында Астана қаласының тиісті аудан әкімі коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.
Тармақ 9
9. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.
Тармақ 10
10. Өлшеуді бастамас бұрын контейнердегі қалдықтар тегістеледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтың көлемі анықталады.
Тармақ 11
11. Жинақталған қалдықтардың массасы толған контейнерлерді өлшеу жолымен және кейін бос контейнердің массасын алып тастау арқылы анықталады.
Тармақ 12
12. Егер бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған жағдайда, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға рұқсат етіледі.
Тармақ 13
13. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректер Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне жазылады.
Тармақ 14
14. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша жалпы саны шығарылады және Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтарды түзудің және жинақтаудың жиынтық маусымдық ведомосіне енгізіледі.
Тармақ 15
15. Маусымдық өлшеу жүргізілгеннен кейін деректер (масса, көлем) Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосіне енгізіледі.
Тармақ 16
16. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге тиіс.
Тармақ 17
17. Коммуналдық қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтау мақсатында қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны таңдап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады. Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын барлық контейнерлер толық тазартылуға тиіс.
Тармақ 18
18. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу өлшеу жүргізген күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Басқа 28. Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидасына 1-қосымша Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері Р/с № Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер Есептік бірлік 1 2 3 1. Абаттандырылған және абаттандырылмаған үйлер 1 тұрғын 2. Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар 1 орын 3. Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері 1 орын 4. Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 5. Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 6. Емханалар 1 адам 7. Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын 8. Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы 9. Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 орын 10. Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы 1 орын 11. Мұражайлар, көрмелер Жалпы алаңының 1 м2 12. Стадиондар, спорт алаңдары Жоба бойынша 1 орын 13. Спорт, би және ойын залдары Жалпы алаңының 1 м2 14. Азық-түлік дүкендері Сауда алаңының 1 м2 15. Машиналардан сату Сауда орнының 1 м2 16. Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер Сауда алаңының 1 м2 17. Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер Сауда алаңының 1 м2 18. Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңының 1 м2 19. Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңының 1 м2 1 2 3 20. Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету Жалпы алаңының 1 м2 21. Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар Жалпы алаңының 1 м2 22. Жағажайлар Жалпы алаңының 1 м2 23. Дәріханалар Сауда алаңының 1 м2 24. Автотұрақтар, автокөлікті жуу орындары, АЖС, гараждар 1 машина-орын 25. Автокөлік шеберханалары 1 жұмысшы 26. Гараж кооперативтері 1 гаражға 27. Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 28. Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі Жалпы алаңының 1 м2 29. Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары Жалпы алаңының 1 м2 30. Шағын жөндеу және қызмет көрсету (кілттер жасау және сол сияқтылар) 1 жұмыс орны 31. Моншалар, сауналар Жалпы алаңының 1 м2 32. Қаланың аумағында бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар 1000 қатысушы 33. Бағбандық кооперативтері 1 учаске
Басқа 29. Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидасына 2-қосымша Нысан Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты Қала ________________________________________________________________ 1. Мекенжайы ________________________________________________________ 2. Қабаттылығы  ______________________________________________________ 3. Үйдің нөмірі _______________________________________________________ 4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам _________________________________ 5. Абаттандыру деңгейі: а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы _________________________________ б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті) ________________________ в) отынның түрі - көмір (тас көмір, қоңыр көмір), ағаш отын, газ ____________________________________________________________________ г) қоқыс құбырының болуы  ____________________________________________ д) аула аумағының алаңы, м2  ___________________________________________ оның ішінде жасыл екпелер бар ____________________________________________________ жабыны қатты  _______________________________________________________ оның ішінде тротуарлар ____________________________________________ 6. Контейнерлердің түрлері, олардың саны және сыйымдылығы ____________________________________________________________________ 7. Қоқысты шығару кезеңділігі  _________________________________________ 8. Қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) ____________________________________________________________________ Қолдары: Т.А.Ә., лауазымы Нысан Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты Қала _______________________________________________________________ 1. Объектінің атауы __________________________________________________ 2. Мекенжайы _______________________________________________________ 3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет) _____________________________________________________________ 4. Орын саны (қызметкерлер және т.б.) _________________________________ 5. Тәулігіне өткізу қабілеті: ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) ____________________________ қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам саны) _____________________ 6. Қызмет көрсететін қызметкерлердің саны, адам _________________________ 7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м2 ________________________________________ оның ішінде: сауда алаңы _________________________________________________________ қоймалық және қосалқы алаң __________________________________________ 8. Аула аумағының алаңы, м2 __________________________________________ оның ішінде: жасыл екпелер бар___________________________________________________ жабыны қатты _______________________________________________________ 9. Контейнерлердің түрі, олардың саны және сыйымдылығы _______________ 10. Қалдықтарды шығару мерзіміділігі __________________________ 11. Тамақ қалдықтарын және қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) _________________________________________________ Қолдары: Т.А.Ә., лауазымы
Басқа 30. Бастапқы жазба бланкісі
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидасына 3-қосымша Нысан Бастапқы жазба бланкісі _________________ (күні) _______________________________________________ объектісі бойынша (атауы, мекенжайы) Контейнердің р/с № Жиналған қалдықтар қабатының биіктігі, h, м Контейнер негізінің алаңы, S, м2 Контейнердегі қалдықтардың көлемі, h·S, м3 Қалдықтар тиелген контейнердің (қоқыс тасығыштың) массасы, mз, кг Бос контейнердің (қоқыс тасығыштың) массасы, mп, кг Контейнердегі қалдықтардың массасы, mз - mп 1 2 … Тәулік ішіндегі жиыны Vтәу mтәу
Басқа 31. Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидасына 4-қосымша Нысан Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі 20__ жылғы «___» _____________ бастап «___» ____________ дейінгі кезең Абаттандыру түрі _________________________________________ Апта күндері Объектінің атауы Объектінің қызмет түрі Есептік бірліктер саны Жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі/массасы Орташа тығыздығы, кг/м3 Барлығы қайталама шикізат іріктеп алынды (бөлек жинаған кезде) жалпы 1 есептік бірлікке кг м3 кг м3 кг м3 Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі Жексенбі Барлығы: Тәулігіне орташа Қолдары Т.А.Ә., лауазымы
Басқа 32. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидасына 5-қосымша Нысан Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі Абаттандыру түрі _________________________________________________ Объект Ай Өлшенетін бірліктің саны Қалдықтардың жиналуы Біртекті емес коэффициенті Бөлек жинау, кг жалпы өлшенетін 1 бірлікке жалпы өлшенетін 1 бірлікке м3 кг м3 кг м3 кг м3 кг м3 кг 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 Қолдары Т.А.Ә., лауазымы
Басқа 33. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидасына 6-қосымша Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу
Тармақ 1
1. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу төмендегідей жүргізіледі:
Тармақша 1
1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт, м3): Vконт=h*S мұндағы h - контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, м; S - контейнер түбінің алаңы, м2;
Тармақша 2
2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса: Vтәу=Vконт 1+Vконт 2+Vконт 3…. мұндағы Vконт 1, Vконт 2, Vконт 3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнердің санына байланысты жүргізіледі;
Тармақша 3
3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі: mконт =m3- mп мұндағы mз - қалдықтар тиелген контейнердің массасы, кг; mп - қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;
Тармақша 4
4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі: mтәу = mконт 1+mконт 2+mконт 3… мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;
Тармақша 5
5) жинақталу нормалары жылдың маусымдары бойынша анықталады. Өлшеу қызмет көрсету кестесіне сәйкес контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір мезгілінде жеті күн бойы (үзіліссіз) жүргізіледі. Өлшеу жүргізу мерзімдері: қыста - желтоқсан/қаңтар; көктемде - сәуір/мамыр; жазда - маусым/шілде; күзде - қыркүйек/қазан. Маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі: Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+….+ Vтәу7 мұндағы Vтәу1, Vтәу2 - белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемі;
Тармақша 6
6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі: mмаус= mтәу1 + mтәу2 +…+ mтәу7 мұндағы mтәу1, mтәу2 - белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;
Тармақша 7
7) объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі: көлемі бойынша (Vтм, м3): Vтм = Vмаус / (n × a) массасы бойынша (mтм, кг): mтм = mмаус / (n × a) мұндағы n - маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны; a - есептік бірліктің саны;
Тармақша 8
8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі: көлемі бойынша (Vтм, м3): Vтож= (Vқ тм + Vк тм + Vжтм +Vкү тм)/n массасы бойынша (mтм, кг): mтм= (mқ тм + mк тм + mж тм+ mкү тм)/n, мұндағы жоғарғы индекстер «қ», «к», «ж», «кү» - қыста - «қ», көктемде - «к», жазда - «ж», күзде - «кү» - есептік бірлікте тиісінше қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді; n - қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).
Тармақша 9
9) объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі: көлемі бойынша (Vж, м3) Vж = Vтож х nк, массасы бойынша (mж, кг): mж = mтож х nк, мұндағы nк - жылдағы күннің саны.
Тармақ 2
2. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентін анықтау мақсатында қосымша мынадай есеп жүргізіледі:
Тармақша 1
1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gор, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі: gор =m/V, мұндағы m және V - есептік бірлікте тиісінше массасы мен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;
Тармақша 2
2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі: көлемі бойынша: kбе = Vом/Vж массасы бойынша: kбе = mом/mж
Тармақша 3
3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі: көлемі бойынша: kмбе = Vmaxтәу./Vом мұндағы Vmaxтәу. - маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, м3. массасы бойынша: kмбе = mmaxтәу./mом мұндағы mmaxтәу. - маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы, кг.
Тармақ 3
3. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі. Осылайша алынған коммуналдық қалдықтардың түзілуінің есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиіс. Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың түзілуінің сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.