Об утверждении Правил перемещения товаров физическими лицами через таможенную границу Республики Казахстан в упрощенном, льготном порядке Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен өткізу ережесін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.03.2005 № 217 қаулысымен. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен бекiтiлген Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекарасынан еркiн және тең құқылы өтуiн және олардың тауарлар мен валютаны кедергiсiз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы келiсiмдi орындау үшiн және Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 264, 273 және 317-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 569 қаулысымен.
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi бiр ай мерзiмде оларды өткiзушi тұлғалардың санаттарына қарамастан, жеке тұлғалардың белгіленген нормаларға сәйкес тауарларды өткiзуiн бақылаудың тетiгiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдi әзiрлесiн және бекiтсiн.
Тармақ 3
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап отыз күн өткеннен кейiн күшiне енеді.
Басқа 5. Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзу ЕРЕЖЕСI
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 мамырдағы N 741 қаулысымен бекiтiлген Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзу ЕРЕЖЕСI 📌 Ескерту. Мәтiндегi "коммерциялық" деген сөз "кәсiпкерлiк" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 569 қаулысымен.
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуiнiң жеңiлдетiлген, оңайлатылған тәртiбiн айқындайды. 📌 Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.21. N 1136 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарларды қоспағанда, кез келген тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзе алады.
Тармақ 3
3. Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелуi және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетуi кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу, тарифтiк емес реттеу шараларын сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың тауарларды жеңiлдетiлген тәртiппен өткізуiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген басқа да талаптарды орындау шартымен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Жеке тұлғалардың тауарларды өткiзуiнiң жеңiлдетiлген тәртiбi кедендiк төлемдерден толық босатуды және осы Ереженiң 11 және 14-тармақтарына сәйкес кеден баждарының бiрыңғай ставкаларын белгiлеудi қамтиды. Салықтардан босату салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Кедендiк төлемдерден толық босатыла отырып, жеңілдетiлген тәртiппен өткiзiлетiн тауарлар өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылмайды. 📌 Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.21. N 1136 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Оңайлатылған тәртiп Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi (бұдан әрi - ҚР КБА) белгiлейтiн тәртiппен мәлiмдеудiң оңайлатылған нысанын қолдануды көздейдi. 📌 Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.21. N 1136 қаулысымен. Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357 қаулысымен.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының кеден аумағында/одан тысқары жерлерде тұрақты болу немесе тұтынылу мақсатында жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзетiн тауарлардың арналуын осы Ережеге 1-қосымшада көрсетiлген өлшемдерге сәйкес кеден органының лауазымды тұлғасы айқындайды. 7 . Кеден төлемдерi мен салықтары төленбеген және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптары орындалмаған жағдайда, жеке тұлғалар әкелетiн (әкететiн) тауарлар, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында мұндай тауарларды тәркiлеу көзделмесе, Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 91-бабына сәйкес уақытша сақтау қоймаларына орналастырылады не жеке тұлғаның тілегi бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге (Қазақстан Республикасының аумағына) дереу қайтарылуы мүмкiн. 📌 Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 569 қаулысымен.
Тармақ 8
8. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумағында тұрақты тұратын тұлғалар үшін көзделген кедендiк төлемдерден толық босатыла отырып, жеңілдетілген тәртiппен өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу: жеке тұлғаның Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң бiрiнiң аумағында тұрақты тұратындығы фактiсiн; тауарлардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумағынан шығарылғандығын растайтын қолданылып жүрген құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.21. N 1136 қаулысымен.
Тармақ 9
9. Тауарлардың шыққан елiн растайтын құжаттарды ұсыну Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 33-43-баптарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 569 қаулысымен.
Тармақ 10
10. Осы Ережеде көзделмеген барлық жағдайларда не жеке тұлға тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзудiң оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiбiн қолданудан бас тартқан кезде, кедендiк ресiмдеудiң жалпы белгiленген тәртiбi қолданылады.
Тармақ 2. 2. Жеке тұлғалардың тауарларды әкелуi (әкетуi)
2. Жеке тұлғалардың тауарларды әкелуi (әкетуi)
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы жүретiн жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына (кеден аумағынан) әкелетiн (әкететiн) тауарларды өткiзуiнiң жеңiлдетiлген тәртiбiне сәйкес кедендiк ресiмдеу мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) осы мемлекеттерде тұрақты тұратын жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттерден (қатысушы мемлекеттерге) осы мемлекеттерде шығарылған және өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызмет үшiн арналмаған тауарларды әкелуi (әкетуi) кезiнде;
Тармақша 2
2) үшiншi елдерден (үшiншi елдерге) шығарылған, өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызмет үшiн арналмаған, жол жүгiнiң жалпы салмағы бiр адамға шаққанда 50 (елу) килограмға дейiнгi шектегi жалпы құны 1000 (мың) АҚШ долларына баламалы сомадан аспайтын тауарларды әкелу (әкету) кезiнде;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасына (шет мемлекетке) тұрақты тұру үшiн қоныс аударған жеке тұлғалардың өндiрiстiк және өзге де кәсiпкерлiк қызмет үшiн арналмаған тауарларды әкелуi (әкетуi) кезiнде кеден төлемдерiн төлеуден толық босатылып (сақтағаны үшiн алымдарды қоспағанда), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге шектеу қойылған тауарларды қоспағанда, тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан жүргiзiледi. 📌 Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.21. N 1136 қаулысымен.
Тармақ 12
12. Осы Ереженiң 11-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тауарларды мәлiмдеу ауызша нысанда жүргiзіледi.
Тармақ 13
13. Осы Ереженiң 11-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген тауарларды мәлiмдеу олардың құны мен санына қарамастан оңайлатылған нысанда жүргiзiледi.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткiзетiн жалпы салмағы қоса есептегенде 200 (eкi жүз) килограмға дейiн болатын тауарларды кедендiк ресiмдеу, олардың құны 10000 (он мың) АҚШ долларынан аспауы шартымен, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес кедендiк баждардың бiрыңғай ставкасы және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданыла отырып, жеңiлдетiлген тәртiппен жүргізiледi. Мұндай тауарларды мәлiмдеу оңайлатылған нысанда жүзеге асырылады. Акцизделетiн тауарларды және Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасына (бұдан әрi - СЭҚ ТН) сәйкес 01, 2201-2202, 2209, 2401, 2403, 29, 30, 84, 86, 87, 88, 89, 9018-9022, 93, 97 тауар топтары мен айқындамалары бойынша жiктелетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 📌 Ескерту. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.21. N 1136 қаулысымен.
Тармақ 15
15. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы өткiзетiн тауарлардың кедендiк құны Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 306 және 309-баптарында көрсетiлген iс жүзiндегi шығыстар ескерiле отырып, шетелдiк сауда ұйымдары анықтамаларының, чектерiнiң, шоттарының, түбiртектерiнiң, тауарлы-көлiктiк жүк құжаттарының, сондай-ақ жүк чектерiнiң немесе түбiртектерiнiң негiзiнде айқындалады. Жеке тұлға мәлiмдеген кедендiк құнды растайтын құжаттар болмаған жағдайда тауарлардың кедендiк құны Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 310, 311, 312, 313 және 314-баптарына сәйкес айқындалады. 📌 Ескерту. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 569 қаулысымен.
Тармақ 3. 3. Жеке тұлғалардың тауарларды уақытша әкелуi (әкетуi)
3. Жеке тұлғалардың тауарларды уақытша әкелуi (әкетуi)
Тармақ 16
16. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жүрген кезде бұл тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында (уақытша болатын елде) жеке пайдалануы үшiн қажеттi тауарларды, бастапқы келген (кеткен) кезде тауарларды кеден органдарына мәлiмдеуi шартымен, кеден төлемдерi мен салықтарын төлеместен уақытша әкеле (әкете), сондай-ақ уақытша әкелiнген (әкетiлген) тауарларды керi әкете (әкеле) алады. Мұндай тауарлардың тiзбесi осы Ережеге 2-қосымшада келтiрiлген. Уақытша әкелiнген тауарлар иелiктен шығарыла, басқа тұлғалардың иелiгiне, пайдалануына немесе билiгiне берiле алмайды.
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрақты тұрғылықты жерi бар тұлғалар ғана тауарларды жеңiлдетiлген, оңайлатылған тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден аумағына уақытша әкеле, ал Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын жерi бар және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша шығатын тұлғалар - көрсетілген тәртіппен уақытша әкете алады.
Тармақ 18
18. Жеке тұлғалардың тауарларды жеңiлдетiлген, оңайлатылған тәртiппен уақытша әкелуiне (әкетуiне) кеден органы сапардың мақсаттары мен барлық өзге де жағдайларын (ұзақтығы, маусымы және с.с.) ескере отырып және тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында (уақытша болған елде) іс жүзінде болу уақытынан аспайтын мерзімге рұқсат етеді. 📌 Ескерту. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 569 қаулысымен.
Тармақ 4. 4. Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы жеке тұлғалар тауарларының транзитi
4. Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы жеке тұлғалар тауарларының транзитi
Тармақ 19
19. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзетiн, құны қоса есептегенде 10000 (он мың) АҚШ долларына дейiнгі тауарларды (акцизделетiн тауарларды және CЭҚ ТН-ға сәйкес 01, 2201-2202, 2209, 2401, 2403, 29, 30, 84, 86, 87, 88, 89, 9018-9022, 93, 97 тауар топтары мен айқындамаларында жiктелетiн тауарларды қоспағанда) мәлiмдеу олардың жалпы салмағы 200 (екi жүз) килограмнан аспауы шартымен Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасына сәйкес тауарлардың транзитi режимiне қойылатын талаптарды сақтап, мәлiмдеудiң оңайлатылған нысаны қолданыла отырып жүргiзiледi. 📌 Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.10.21. N 1136 қаулысымен.
Тармақ 5. 5. Тауарларды халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзу
5. Тауарларды халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзу
Тармақ 20
20. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан не жеке тұлғаның атына Қазақстан Республикасының кеден аумағына халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен жiберетiн, өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызмет үшiн арналмаған тауарларды кедендiк ресiмдеу олардың салмағы 31 (отыз бiр) килограмнан аспауы, ал жалпы құны қоса есептегенде 1000 (мың) АҚШ долларына баламалы сомадан аспауы шартымен кеден төлемдерiн төлеуден толық босатыла отырып және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан жүргiзiледi.
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес мұндай жiберуге тыйым салынған тауарлар халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзуге жатпайды.
Басқа 34. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзетiн тауарлардың мақсатқа арналуын айқындаудың өлшемдерi
Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзу ережесiне 1-қосымша Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзетiн тауарлардың мақсатқа арналуын айқындаудың өлшемдерi Тауарлар өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады, егер:
Тармақ 1
1. Тауарларды өткiзу жиiлiгi айына 1 (бiр) реттен асатын болса;
Тармақ 2
2. Тауарлардың сипаты мына төмендегi санаттардың бiрiне сәйкес келсе:
Тармақша 1
1) көлiк құралдары мен олардың бөлшектерi, оның iшiнде жол полициясы органдарында есепке алуға жататындар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының кеден аумағына Қазақстан Республикасының Yкiметi акциздер салудан босату үшiн белгілеген нормалардан артық әкелiнген акцизделетiн тауарлар;
Тармақша 3
3) кәсiби жабдықтар (өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн еңбек құралдары ретiнде пайдаланылатын жабдықтар);
Тармақша 4
4) станоктар;
Тармақша 5
5) шикiзаттар;
Тармақша 6
6) шала өнiмдер;
Тармақша 7
7) ауыл шаруашылығы техникасы;
Тармақша 8
8) құрылыс материалдары;
Тармақша 9
9) жинақтаушы бұйымдар.
Тармақ 3
3. Тауарлардың саны мынадай көрсеткiштерден асса: киiм - бiр адамға шаққанда бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат (пайдалануда болғандарды қоспағанда); бас киiм - бiр адамға шаққанда бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат (пайдалануда болғандарды қоспағанда); аяқ киiм - бiр адамға шаққанда бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат (пайдалануда болғандарды қоспағанда); тағам өнiмдерi - бiр адамға 10 (он) кг; туалеттік керек-жарақтар мен парфюмериялық-косметикалық бұйымдар - бiр адамға бiр атаудағы 3 (үш) зат (пайдалануда болғандарды қоспағанда); жиhаз - бiр адамға 1 (бiр) жиынтық немесе гарнитур;*) асханалық тұрмыстық ыдыс-аяқтар мен аспаптар - бiр адамға бiр түрдегi 2 (екi) жиынтық немесе сервиз;*) төсек-орын керек-жарақтары - бiр адамға бiр түрдегi 2 (екi) жиынтық;*) фототехника, аудиотехника, бейнетехника, ұйымдастыру техникасы, тұрмыстық техника және электр аспаптары - бiр адамға әр атаудан 1 (бiр) зат;*) зергерлiк бұйымдар - бiр адамға 6 (алты) зат; музыка аспаптары - бiр адамға 1 (бiр) зат; спорттық мүкәммал - бiр адамға 1 (бiр) зат; дәрi-дәрмек құралдары - бiр адамға 500 грамм; баспа басылымдары, бейнекассеталар, аудиокассеталар, шағын дискілер, фотопленкалар - бiр адамға әр атаудан 10 (он) дана;*) велосипедтер - бiр адамға 2 (екi) дана; балалар ойыншықтары - бiр адамға 2 (екі) жиынтық пен модель;*) балалар арбасы - бiр адамға 1 дана; үй шаруашылығында немесе тұрмыста пайдаланылатын жоғарыда аталмаған басқа да заттар - бiр адамға әрбiр атаудан 2 (екi) зат. Ескерту: Жиынтық - бұл бiрдеңенiң толық жинағы, құрамы. Тауардың құрамы (жиынтықтылығы) "Құрамы" немесе "Жиынтықтылығы" деген атауы бар тiзбе түрiнде тұтынушыға арналған ақпаратта (этикеткалар, таңбалар, жапсырма қағаздар, паспорт, формуляр, қолдану жөнiндегi басшылық) көрсетiлуi тиiс. *) Көрсеткіштер Қазақстан Республикасына/нан тұрақты тұруға қоныс аударатын жеке тұлғалар оларды өткiзген кезде пайдалануда болған тауарларға қатысты қолданылмайды.
Басқа 47. Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеместен уақытша әкелуге (әкетуге) рұқсат етiлетiн тауарлардың ТІЗБЕСI
Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзу ережесiне 2-қосымша Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеместен уақытша әкелуге (әкетуге) рұқсат етiлетiн тауарлардың ТІЗБЕСI
Тармақ 1
1. Киiм, бас киiмдер, аяқ киiм.
Тармақ 2
2. Жұмсалатын тауарларды қоспағанда, туалет бұйымдары.
Тармақ 3
3. Жеке зергерлiк әшекейлер.
Тармақ 4
4. Фото-, кино-, бейнекамералар мен оларға жабдықтар.
Тармақ 5
5. Тасымалданатын слайд- және кинопроекторлар мен оларға жабдықтар.
Тармақ 6
6. Тасымалданатын бейнемагнитофондар мен оларға жабдықтар.
Тармақ 7
7. Тасымалданатын музыкалық аспаптар.
Тармақ 8
8. Күйтабақтарымен бiрге тасымалданатын ойнатқыштар.
Тармақ 9
9. Yнтаспаларымен бiрге тасымалданатын дыбыс жазғыш және шығарғыш аппаратура (диктофондарды қоса алғанда).
Тармақ 10
10. Тасымалданатын радиоқабылдағыштар.
Тармақ 11
11. Тасымалданатын телевизорлар.
Тармақ 12
12. Тасымалданатын жазу машинкалары.
Тармақ 13
13. Тасымалданатын калькуляторлар.
Тармақ 14
14. Тасымалданатын жеке компьютерлер.
Тармақ 15
15. Дүрбiлер.
Тармақ 16
16. Балалар арбалары.
Тармақ 17
17. Мүгедектерге арналған арбалар.
Тармақ 18
18. Спорт жабдықтары мен керек-жарақтары.
Тармақ 19
19. Тасымалданатын диализаторлар мен осындай медициналық аспаптар.
Тармақ 20
20. Ұялы байланыстың мобильдi телефондары.
Тармақ 21
21. Жеңiл автомобильдер мен оларға тiркемелер.
Басқа 69. Қазақстан Республикасының кеден аумағына жеке тұлғалар жеңілдетілген тәртіппен әкелетін тауарларға арналған кеден баждарының бірыңғай ставкалары
Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен өткізу ережесіне 3-қосымша 📌 Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.10.21. N 1136 қаулысымен. Қазақстан Республикасының кеден аумағына жеке тұлғалар жеңілдетілген тәртіппен әкелетін тауарларға арналған кеден баждарының бірыңғай ставкалары !                                           !       Ке­ден    СЭҚ ТН    !           Та­у­ар­дың қы­сқа­ша ата­уы          !     баж­да­ры­ның   бой­ын­ша    !                                           !      бі­рың­ғай   та­у­ар­дың   !                                           !      став­ка­сы   ко­ды       !                                           !     (ке­ден­дік              !                                           !     құн­ның %-              !                                           !      ымен не              !                                           !      ЕВ­РО-да) _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­__ 02-21, 23,     Та­мақ өнім­де­рі, ті­рі аға­штар, іш май­ла­ры     2%, бі­рақ 1 кг 25-28, 31-40,  мен май­лар, та­мақ өнер­к­ә­сі­бі­нің қал­дық­та­ры,     үшін 0,02 50-63, 68-70   шы­ғын­ды­ла­ры, то­қы­ма ма­те­ри­ал­да­ры мен          ЕВ­РО-дан кем                бұй­ым­да­ры, та­стан, гип­стен, це­мент­тен,            емес                ас­бе­с­тен, слю­да­дан жа­сал­ған бұй­ым­дар, қыш                бұй­ым­дар, шы­ны және одан жа­сал­ған бұй­ым­дар _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­__ 41-43,         Өң­дел­ме­ген те­рі­лер мен бы­л­ға­ры; бы­л­ға­ры,     2%, бі­рақ 1 кг 90-92          аң те­рі­сі және олар­дан жа­сал­ған                 үшін 0,16 (9018-         бұй­ым­дар; оп­ти­ка­лық, фо­то­гра­фи­я­лық             ЕВ­РО-дан кем 9022-ден       құ­рал­дар мен ап­па­рат­тар, му­зы­ка­лық ас­пап­тар       емес бас­қа)         мен са­ғат­тар _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­__ 44-49          Сү­рек және одан жа­сал­ған өнім­дер; қа­ғаз,     2%, бі­рақ 1 кг                кар­тон, бас­па өнім­де­рі                          үшін 0,03                                                              ЕВ­РО-дан кем                                                                  емес _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­__ 64-67, 85      Аяқ ки­ім; бас ки­ім­дер, қол ша­тыр­лар және     2%, бі­рақ 1 кг                т.б.; электр ма­ши­на­ла­ры мен жаб­дық­та­ры,         үшін 0,07                ап­па­ра­ту­ра                                    ЕВ­РО-дан кем                                                                  емес _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­__ 72-83,         Қым­бат емес ме­тал­дар және олар­дан жа­сал­ған   2%, бі­рақ 1 кг 94-96          бұй­ым­дар; түр­лі өнер­к­ә­сіп­тік та­у­ар­лар           үшін 0,04                                                              ЕВ­РО-дан кем                                                                  емес _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­__ 71             Та­би­ғи мар­жан та­стар, асыл та­стар,           2%, бі­рақ 1 кг                ме­тал­дар, олар­дан жа­сал­ған бұй­ым­дар,            үшін 2                би­жу­те­рия мо­не­та­лар                           ЕВ­РО-дан кем                                                                  емес
Басқа 70. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің Тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы N 741 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің Тізбесі
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларды, соның ішінде көлік құралдарын да өткізуінің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1712 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 53, 512-құжат).
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1712 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1204 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 35, 326-құжат).
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1712 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 мамырдағы N 898 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 23, 207-құжат).
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін акцизделетін тауарларға арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 маусымдағы N 608 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 20, 176-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы.
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 қыркүйектегі N 927 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 33, 300-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы.
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1712 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 30 қыркүйектегі N 979 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 34, 314-құжат).