Об утверждении Правил ведения рыбного хозяйства Қолданыста
Басқа 0
Балық шаруашылығын
жүргізу қағидаларын бекiту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Балық шаруашылығын жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Балық шаруашылығын жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 18-05/290 бұйрығымен
бекітілген
Балық шаруашылығын жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Балық шаруашылығын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 26) тармақшасына сәйкес әзірленді және балық шаруашылығын жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – балық ресурстары және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз құзыреттері шегінде ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) балық шаруашылығы – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсімін молайтумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткізумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;
Тармақша 3
3) балық шаруашылығы субъектісі – қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Балық шаруашылығын жүргізу тәртібі
2-тарау. Балық шаруашылығын жүргізу тәртібі
Тармақ 3
3. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бере отырып, балық шаруашылығын жүргізу құқығы Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы шешімі негізінде, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында жасалған балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт негізінде беріледі.
Тармақ 4
4. Балық шаруашылығын жүргізу кезінде мыналар жүргізіледі:
Тармақша 1
1) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын биологиялық тұрғыдан негізделген және тұрақты пайдалану;
Тармақша 2
2) балық шаруашылығы су айдындарының өнімділігін сақтау, балықтар мен басқа да су жануарларын көбейтудің, көші-қон жолдары мен олардың шоғырланған орындарының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) балық ресурстарының өсімін молайту;
Тармақша 4
4) әрбір балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, кемеде (балық аулайтын және көлік), балық қабылдау пунктінде, бригадада немесе звенода «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағы 508-89) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін нысанға сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіптік журнал) жүргізу;
Тармақша 5
5) балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметтерді құруы және күтіп-ұстауы есебінен бекітіліп берілген су айдындарын және (немесе) учаскелерін және сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерді қоса алғанда, жануарлар дүниесі объектілерін қорғауды қамтамасыз ету.
Тармақ 5
5. Балық шаруашылығын жүргізу бағыттарына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) кәсіптік балық аулау – балық ресурстары мен басқа да су жануарларын бір мезгілде көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін аулау құралдарын қолдану арқылы тіршілік ету ортасынан алуды қамтамасыз ететін кешенді үдеріс;
Тармақша 2
2) әуесқой (спорттық) балық аулау – балық ресурстары мен басқа да су жануарларын спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстар өткізу, сондай-ақ жеке тұтыну үшін бірлі-жарым аулауға мүмкіндік беретін балық аулау құралдарымен (кәсіптік емес аулау) жүзеге асырылатын аулау;
Тармақша 3
3) оқшауланған балық шаруашылығы су айдындарының ихтиофаунасын толық немесе ішінара ауыстыру арқылы онда балықты көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты көл-тауар шаруашылық қызметі;
Тармақша 4
4) балықтарды балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің акваториясында орналасқан арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты тор қоршама шаруашылық қызметі;
Тармақша 5
5) балық өсіру тоғандарын және (немесе) балық өсіру бассейндерін пайдалана отырып, аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты тоған шаруашылық қызметі;
Тармақша 6
6) балық өсіру бассейндерін пайдаланып және тұйықталған сумен жабдықтауқондырғысын қолдана отырып, аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты индустриялық шаруашылық қызметі;
Тармақша 7
7) аквашаруашылық объектілерін ұрықтандыру, уылдырығын инкубациялау арқылы олардың құртшабақтарын алу, сондай-ақ қолдан жасалған жағдайларда аквашаруашылық объектілерінің құртшабақтарын өсіру мақсатында оларды көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты өсімді молайту шаруашылық қызметі.
Тармақ 6
6. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғауды балық шаруашылығы субъектілері мыналар арқылы жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) балық шаруашылығын, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау режимі туралы, қорғау режимін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат беретін аншлагтар, плакаттар орнату;
Тармақша 2
2) қорықшылық қызметтің бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде қорғау қызметін ұйымдастыруы;
Тармақша 3
3) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу;
Тармақша 4
4) жергілікті халық арасында жануарлар дүниесіне ұқыпты қарауды насихаттау.
Тармақ 7
7. Балық шаруашылығы субъектісі Ереженің 15-тармағының 508-84) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанына сәйкес балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын әзірлейді және бекітеді.