Об утверждении Правил торговли квотами и обязательствами на сокращение эмиссий в окружающую среду Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығымен бекітілген Қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының қағидалары
Тармақ 1
1. Қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексіне сәйкес әзірленген және қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту жөніндегі міндеттемелер (бұдан әрі - эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелер) - экологиялық рұқсатта анықталатын және белгілі бір уақыт ішінде қоршаған ортаға эмиссияларды кезең-кезеңімен төмендетуді өзіне қамтитын табиғат пайдалану шарттары;
Тармақша 2
2) қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттер (бұдан әрі - эмиссияларға арналған лимиттер) - белгілі бір мерзімге арнап белгіленетін қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтік көлемі;
Тармақша 3
3) қоршаған ортаға эмиссияларға арналған квота (бұдан әрі - эмиссияларға арналған квота) - нақты табиғат пайдаланушыға белгілі бір мерзімге бөлінетін қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттің бір бөлігі;
Тармақша 4
4) қоршаған ортаға эмиссиялар – ластаушы заттардың шығарындылары, төгiндiлерi, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау.
Тармақ 3
3. Эмиссияларға арналған квоталар мен эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді сату табиғат пайдаланушыға экологиялық рұқсат шеңберінде бөлінген эмиссияларға арналған пайдаланылмаған лимиттің бөлігін басқа табиғат пайдаланушыға (табиғат пайдаланушыларға) беру арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Эмиссияларға арналған бар лимиттен және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерден аспау мақсатында табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсатта белгіленген уақыт кезеңі ішінде квотаның жеткіліксіз бөлігін және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелердің бөлігін қоршаған ортаға эмиссиялардың лимиттелетін көлемінің резервіне ие басқа табиғат пайдаланушыдан сатып ала алады.
Тармақ 5
5. Егер табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсатта белгіленген эмиссияларға арналған лимитпен және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелермен салыстырғанда қоршаған ортаға нақты эмиссиялардың резервіне ие болған жағдайда, ол эмиссияларға арналған квотаның бөлігін және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелердің бөлігін басқа табиғат пайдаланушыларға сатуға ұсына алады.
Тармақ 6
6. Эмиссияларға арналған квотаны және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді бір табиғат пайдаланушыдан басқасына ластаушы заттардың шығарындылары, төгінділері бойынша, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру бойынша жеке жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Егер ластаушы заттардың шығарындыларын, төгінділерін, өндіріс қалдықтарын орналастыру және тұтыну объектілері арасындағы қашықтық осы табиғат пайдаланушылар үшін белгіленген санитарлық-қорғау аймақтары радиустерінің он еселенген сомасынан аспаса, қоршаған ортаға эмиссияларға арналған квоталар мен эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді сатуға рұқсат беріледі.
Тармақ 8
8. К тонна (текше метр) мөлшерінде і заты бойынша бір табиғат пайдаланушыдан басқасына ластаушы заттардың шығарындылары, төгінділері бойынша эмиссияға арналған квота мен эмиссияларды қысқарту жөніндегі міндеттемелерді беру соңғысына b тонна (текше метр) мөлшерінде j заты бойынша жеткіліксіз лимитті (эмиссияларды төмендетуге арналған міндеттемелердің мөлшері), егер мына арақатынас сақталатын болса, Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру бойынша эмиссияларға арналған квотаны және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді беру қауіптіліктің бір деңгейіне жататын қалдықтардың түрлері бойынша тең физикалық көлемдерде жүзеге асырылады. Эмиссияларға арналған квотаны және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді табиғат пайдаланушылар арасында беруге тараптарға Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген экологиялық рұқсаттардың қолданылу мерзімдері шегінде жол беріледі.
Тармақ 9
9. Эмиссияларға арналған квотаны және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді сату (сатып алу) жөнінде мәміле жасасу үшін тараптар сатып алу-сату шартын (бұдан әрі - шарт) жасасады.
Тармақ 10
10. Тиісті экологиялық рұқсаттарды қайта ресімдеу экологиялық рұқсаттарды беретін орган, шарттың негізінде шарттың әрбір қатысушысы үшін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүргізеді.