Об утверждении допустимых параметров автотранспортных средств, предназначенных для передвижения по автомобильным дорогам Республики Казахстан Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлiк құралдарының жол берілетін параметрлері (бұдан әрі – Параметрлер) бекітілсін.
Тармақ 1-1
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін Параметрлердің 20-бабының 4) тармақшасын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 17 сәуір «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі _______________ Қ. Қасымов 2015 жылғы 27 сәуір «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _______________ Е. Досаев 2015 жылғы 29 сәуір «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі _______________ В. Школьник 2015 жылғы 16 сәуір
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлері
Тарау 1. 1. Автокөлік құралдарының жол берілетін габариттері
1. Автокөлік құралдарының жол берілетін габариттері
Тармақ 1
1. Автокөлік құралдарының жол берілетін габариттік параметрлері мен басқа да сызықтық өлшемдері төменде келтірілген мәндерден (метрмен) аспауы тиіс:
Тармақша 1
1) жол берілетін ұзындығы: жеке автокөлік құралдары: М1, N және О (тіркеме) санатты 12,0; М2 және М3 санаты 13,5; біліктері екіден көп М2 және М3 санатты 15,0; тіркемесі бар М2 және М3 санаты 18,75; М2 және М3 санатты буындастырылған автобустар 18,75; құрамында тартқыш пен тіркеме (жартылай тіркеме) бар автопойыздар 24,0;
Тармақша 2
2) жол берілетін ені: барлық автокөлік құралдары 2,55; автокөлік құралдарының изотермиялық шанақтары 2,6;
Тармақша 3
3) жол берілетін биіктігі: көтергіш платформаларда жеңіл автомобильдер мен контейнерлерді (сұйықтықтарды немесе газдарды тасымалдауға арналған сыйымдылықтарды қоса алғанда) тасымалдауды жүзеге асыратын, рұқсат етілген биіктігі 4,3 метрден аспауға тиіс көліктің бір немесе бірнеше түрімен тасымалдауға арнайы арналған және жабдықталған автокөлік құралдарын қоспағанда, барлық автокөлік құралдарына 4,0 метр.
Тармақ 2
2. Осы бөлімнің 1-тармағында көрсетілген автокөлік құралдарының жол берілетін өлшемдері өзіне контейнерлерді қоса алғанда, орнатылған механизмдердің тасымалданатын жүктердің алынбалы шанақтардың және жүктерге арналған ыдыстардың өлшемдерін қамтиды.
Тармақ 3
3. Қозғалыс кезінде автокөлiк құралы сыртқы радиусы 12,5 метрмен және iшкi радиусы 5,3 метрмен шектелген кеңiстiк шегiнде бұрылу мүмкіндiгiн қамтамасыз етуi тиiс.
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Тартқыштың артқы бөлігі мен тіркеменің алдыңғы бөлігі арасындағы болатын 0,6 метрден кем емес арақашықтықты шегергенде, тартқыштың шанағы немесе кабинасы сыртындағы жүкті орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесінен тіркеменің артқы сыртқы нүктесіне дейінгіжол берілетін арақашықтық 17 метрден аспауы тиіс.
Тармақ 6
6. Шанақтың немесе кабинаның сыртындағы жүкті орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесінен жартылай тіркеменің артқысыртқы нүктесіне дейін автопоездың бойлық білігіне қатар өлшенген, жол берілетін арақашықтық 16,4 метрден аспауы тиіс.
Тармақ 7
7. Автокөлік құралының шанағында орнатылған жүк автомобильдің немесе тіркеменің (жартылай тіркеменің) артқы сыртқы нүктесінен 1 метрден артық шығатын тасымалдау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесімен көзделген шарттарды сақтай отырып жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген).
Тармақ 8
8. Жүк автомобилiнiң артқы бiлiгi мен тiркеменiң алдыңғы білiгi арасындағы арақашықтық кемінде 3 метр болуы тиiс.
Тармақ 9
9. Жартылай тiркеменiң топсалы бекiтпесiнiң бiлiгi мен жартылай тiркеменiң алдыңғы жағының кез келген нүктесi арасындағы көлденең өлшенген арақашықтық 2,04 метрден аспауы тиiс.
Тармақ 10
10. Автокөлік құралының ұзындығын өлшеген кезде автокөлік құралында құрастырылған мынадай құрылғылар есепке алынбайды: желдік әйнектерді тазалау және жуу құрылғылары; алдыңғы және артқы тіркеу белгілерінің тақтайшалары мен мемлекеттік тіркеу белгілерін бекіту үшін конструктивтік элементтері; кедендік пломбалау және оны қорғау элементтері; қалқанды бекіту құрылғылары және олардың қорғағыш элементтері; жарықтандыру және жарықтық дабыл беру құрылғылары; сыртқы айналар мен тікелей емес кеңістікті шолудың басқа құрылғылары; қосалқы бақылау құралдары; іштен жану қозғалтқышының енгізу жүйесіне ауаны алу құрылғылары; бөлшектенетін шанақтар үшін бекіту құрылғылары; баспалдақтар мен тұтқалар; икемді аралық құрылғылар немесе ұқсас жабдықтар; қозғалуға арналған күйде көлік құралының жүк көтерерлікшамасы асырылмаған шартта габариттік өлшемдерін 300 миллиметрден асыратын көтергіш платформалар, шығуға арналған басқыштар және ұқсас жабдықтар; көлік құралдарының сүйреткіш және тіркеу құрылғылары; шығару жүйесінің түтікшелері; алынатын спойлерлер; желі арқылы электр қуаты бар көлік құралдарының ток қабылдағыштары; сыртқы күннен сақтайтын күнқағарлар.
Тармақ 11
11. Автокөлік құралының биіктігін өлшеген кезде автокөлік құралында кұрастырылған: антенналар; көтерілген қалыптағы пантограф немесе ток қабылдағыштар есепке алынбайды. Білікті көтеруге арналған құрылғысы бар автокөлік құралдары үшін осы құрылғы ықпал етуінің әсері ескерілуі тиіс.
Тармақ 12
12. Автокөлік құралының енін өлшеген кезде автокөлік құралында орнатылған мынадай құрылғылар ескерілмейді: кедендік пломбалау және оны қорғау элементтері; қалқанды бекіту және олардың қорғағыш элементтері; шиналардағы қысымды бақылау құрылғылары; доңғалақтар астынан шашыраудан қорғау үшін шығыңқы иілмелі бөліктер; М3 санатты автокөлік құралдары үшін қозғалу күйіндегі кіру рампалары, автокөлік құралының әрбір жағынан 10 миллиметрді асырмай шығатын,ілгері немесе кейін бағытталған рампалар бұрыштарының иілу радиусыкем дегенде 5 миллиметр, бұл ретте басқа бұрыштарының иілу радиусыкем дегенде 2,5 миллиметр болуы тиіс; сыртқы айналар мен тікелей емес кеңістікті шолудың басқа құрылғылары; қосалқы бақылау құралдары; жиналмалы баспалдақтар; жарықтандыру және жарықтық дабыл беру құрылғылары; үстіңгі қабатпен тікелей жанасу нүктесіндегі шиналардың пішіні өзгерген бүйір қабырғаларының бөлігі.
Тарау 2. 2. Автокөлiк құралдарының жол берілетін салмақтары
2. Автокөлiк құралдарының жол берілетін салмақтары
Тармақ 13
13. Автокөлік құралдарының жол берілетін салмақтары төменде келтірілген мәндерден (тоннамен) аспауы тиіс:
Тармақша 1
1) дара автокөлік құралдары: М, N және О (тіркеме) санатты: екі білікті 18,0; үш білікті (М3 санатты буындастырылған автобустарды қоспағанда) 25,0; үш білікті дара автокөлік құралдары үшін әр жетекші білік екі қатарлы доңғалақпен жабдықталып және әр білікке түсетін жүктеме 9,5 тоннадан аспаған жағдайда жүктемені 1 тоннаға асыруға жол беріледі; М3 санатты буындастырылған автобустар 28,0; төрт білікті, оның ішінде екі басқару білігі бар 32,0; бес білікті 38,0; алты және одан да астам білігі бар 44,0;
Тармақша 2
2) құрамында тартқыш пен тіркеме (жартылай тіркеме) бар автопойыздар: үш білікті 28,0; төрт білікті 36,0; бес білікті 40,0; алты білікті 44,0; алты біліктен жоғары біліктік массалардың (біліктер тобының) рұқсат етілген қосындысынан аспауға тиіс.
Тарау 3. 3. Автокөлiк құралдарының жол берілетін біліктік жүктемелерi
3. Автокөлiк құралдарының жол берілетін біліктік жүктемелерi
Тармақ 14
14. Автокөлік құралдарының жол берілетін біліктік жүктемелерінің салмақтары қосындысы төменде келтірілген мәндерден (тоннамен) аспауы тиіс:
Тармақша 1
1) дара білік 10,5 (11,5);
Тармақша 2
2) қосарланған біліктер үшін біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда: 1 метрге дейін 11,5 (12,5); 1 метрден 1,3 метрге дейін (қоса алғанда) 14,0 (16,0); 1,3 метрден 1,8 метрге дейін (қоса алғанда) 17,0 (18,0); 1,8 метрден 2,5 метрге дейін (қоса алғанда) 18,0 (20,0);
Тармақша 3
3) үштік білік үшін біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда: 1 метрге дейін (қоса алғанда) 17,0 (18,0); 1 метрден 1,3 метрге дейін (қоса алғанда) 20,0 (21,0); 1,3 метрден 1,8 метрге дейін (қоса алғанда) 23,5 (24,0); 1,8 метрден 2,5 метрге дейін (қоса алғанда) 25,0 (26,0);
Тармақша 4
4) үш біліктен көп немесе тәуелсіз біліктер тобының әр білігіне түсетін жүктеме біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда: 1 метрге дейін 5,5 (6,0); 1 метрден 1,3 метрге дейін (қоса алғанда) 6,5 (7,0); 1,3 метрден 1,8 метрге дейін (қоса алғанда) 7,5 (8,0); 1,8 метрден 2,5 метрге дейін (қоса алғанда) 8,5 (9,0); Сонымен бірге, бір қатарлы дөңгелегі (көлік құралының бір шиналы дөңгелегі) бар осьтерге арналған мәндер жақшасыз берілген, жақшаның ішінде екі қатарлы дөңгелегі (көлік құралының екі шиналы дөңгелегі) бар осьтерге арналған мәндер жазылған.
Тармақ 15
15. Осы автокөлік құралының ең жақын білігіне дейін 2,0 метрден асатын арақашықтықта орналасқан білік автокөлік құралының дара білігі деп есептеледі.
Тармақ 15-1
15-1. Жақын орналасқан осьтер тобы - конструкциялық жағынан арбаға біріктірілген және (немесе) біріктірілмеген, ең жақын осьтер арасындағы қашықтық 2,5 метрге дейінгі (қоса алғанда) топтастырылған осьтер:
Тармақша 1
1) құрамында бір қатарлы және екі қатарлы дөңгелекті осьтері бар жақын орналасқан осьтер тобын құрамында бір қатарлы дөңгелекті осі бар жақын орналасқан осьтер тобы ретінде қарастыру керек.
Тармақша 2
2) жақын орналасқан екі қатар және үш қатар жақын орналасқан осьтер топтары үшін бір оське түсетін рұқсат етілетін жүктеме, 3-тармақшада көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осьтер тобына түсетін жүктемені топтағы осьтердің тиісті санына бөлу арқылы айқындалады.
Тармақша 3
3) егер осьтер тобына түсетін жүктеме осьтердің тиісті тобына түсетін рұқсат етілетін жүктемеден аспайтын болса және осьтер тобындағы әрбір оське түсетін жүктеме бір қатарлы немесе екі қатарлы дөңгелектері бар тиісті жеке-дара оське түсетін жүктемеден аспайтын болса, екі қатар және үш қатар жақын орналасқан осьтер тобы үшін жүктемені осьтер бойынша біркелкі бөлмеуге жол беріледі. Осьтер топтарында осьаралық қашықтықтың мәндері әртүрлі болған кезде осьтер арасындағы әрбір қашықтыққа арифметикалық орташалау әдісімен алынған мән беріледі (топтағы барлық осьаралық қашықтықтың қосындысы топтағы осьаралық қашықтықтың санына бөлінеді).
Тармақ 16
16. Автомобильдiң немесе құрамдастырылған көлiк құралдарының жетекшi білігіне немесе жетекшi біліктерiне берiлетiн салмақ автомобильдiң немесе құрамдастырылған көлiк құралының жиынтық салмағының 25%-нан кем болмауы тиiс.
Тармақ 17
17. Салмақтық жүктемелер уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша жол төсемiнiң көтергіш қабiлетi төмен учаскелерiнде ауа райы-климаттық жағдайларға байланысты азайтылуы мүмкiн.
Тармақ 18
18. Автокөлік құралдарының салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін анықтаған кезде өлшеу жабдығының белгіленген ауытқуларын, оның ішінде оны пайдалану барысындағы ауытқуларын ескереді. Өлшеу жабдығының ауытқуы тасымалдаушының пайдасына шешіледі.
Тарау 4. 4. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластайтын) заттары шығарылымдарының жол берілетін нормативтері
4. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластайтын) заттары шығарылымдарының жол берілетін нормативтері
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластайтын) заттары шығарылымдарының жол берілетін нормативтері төменде келтірілген мәндерге сәйкес келуі тиіс: Автокөлік құралдарының және (немесе) олардың қозғалтқыштары шығарылған ел Экологиялық класстар талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарының шығарылған жылдары 4-класс 5-класс Еуропалық Одаққа* кіретін, бензин қозғалтқыштар 2007-тамыз 2009 М₁-₃ санаты, N₁ - 2009 қыркүйегі және кейінірек N₂ санаты - 2010 қыркүйегі және кейінірек N₃ санаты - 2008 қазаны және кейінірек Еуропалық Одаққа* кіретін, дизельдер 2007-тамыз 2009 М₁-₃ санаты, N₁ - 2009 қыркүйегі және кейінірек N₂ санаты - 2010 қыркүйегі және кейінірек N₃ санаты - 2008 қазан және кейінірек АҚШ 2007 және кейінірек -** Жапон 2010 және кейінірек - Индия - - Малайзия - - Қытай - - М3 санаты 2012 қаңтар және кейінірек Корея 2007 және кейінірек - Ресей 2010 және кейінірек - Өзбекстан - - Беларусь - - Украина - - Ескертпе: * Еуропалық Одаққа: Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Хорватия және Эстония кіреді; **
Тармақша 1
1) «4-класс» және «5-класс» кестелеріндегі (-) сызықша осындай автокөлік құралдарының экологиялық класқа сәйкестігін растау Доңғалақты көлiк құралдарына, доңғалақты көлiк құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкiн жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бiрыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалардың негiзiнде берiлетiн ресми бекiтулердi өзара мойындау шарттары туралы келісім (1958 жылғы Женева келiсiмi) аясында берілген құжат (БҰҰ ЕЭК ережесі негізінде конструкцияның типі бойынша ресми бекіту) негізінде жүзеге асырылатынын білдіреді;
Тармақша 2
2) автокөлік құралдарының және (немесе) олардың қозғалтқыштары шығарылған ел «Қытай» бойынша 4-экологиялық класс М₃ санаты бойынша 2012 жылғы қаңтардан бастап және кейінірек, ал басқа санаттағы автокөлік құралдары (-) сызықша үшін белгіленген тәртіпке сәйкес анықталады.
Тарау 5
Қазақстан Республикасындағы бастапқы тіркелуге арналған М₁ санатты автокөлік құралдарының шекті конструктивтік параметрлері 20. Кеден одағының «Дөңгелектік көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 018/011 техникалық регламентімен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау (дәлелдеу) туралы құжаты (Кеден одағының көлік құралының типін мақұлдау, Кеден одағының көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлігі) немесе ұлттық заңнама шеңберінде берілген қолданыстағы Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты жоқ М₁ санатты автокөлік құралдары: 1) бұғаттауға қарсы тежеу жүйесі; 2) қарсы қауіпсіздік жастығы; 3) ISOFIX бекіту жүйесі; 4) күндізгі жүру оттары болған кезде ғана Қазақстан Республикасы аумағында бастапқы тіркеуге жіберіледі.