О правилах оказания социальной помощи на погребение граждан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қайтыс болған азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 26.05.2005 № 196 шешімімен. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем» облыстық бюджеттік бағдарламаның орындалүына бақылауды жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 7-тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
Қоса беріліп отырған қайтыс болған азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек қөрсету ережесі бекітілсін.
Басқа 2. Қайтыс болған азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Қостанай облыстық № 115 мәслихатының 26 сәуір 2001 жылғы шешімімен бекітілген Қайтыс болған азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ Осы ереже жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жөніндегі бюджеттік бағдарлама бойынша қайтыс болған азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін реттейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереженің 10,11 тармақтарында көрсетілген қайтыс болгандарды жерлеуге әлеуметтік көмекті облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы көрсетеді (әрі қарай - уәкілетті орган). Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қөрғау басқармасы бастығының бұйрығымен жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі арнаулы комиссия (әрі қарай - арнаулы комиссия) құрылады.
Тармақ 2
2. Арнаулы комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуы керек.
Тармақ 3
3. Арнаулы комиссияның жұмысын, қабылданған шешімдер бойынша жалпы бақылауды жүзеге асыратын, төраға басқарады. Төраға болмаған уақытта оның міндеттерін орынбасар атқарады.
Тармақ 4
4. Арнайы комиссия отырыстарының хаттамасын хатшы рәсімдейді.
Тармақ 5
5. Арнаулы комиссияның шешімі ашық дауыспен қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының қөпшілігі дауыс берген болса, шешім қабылданған болып есептеледі. Хаттамаға барлық комиссия мүшелері қол қояды.
Тармақ 6
6. Арнаулы комиссияның отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің 2/3 қатысса, өкілетті болып есептеледі.
Тармақ 7
7. Қайтыс болған жұмыссыздар және кәмелетке толмаған жасөспірімдерді жерлеуді әлеуметтік көмекті аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары (әрі қарай — уәкілетті орган ) көрсетеді. 📌 Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы мәслихатының 26.12.2001 № 169 шешімімен.
Тармақ 8
8. Арнаулы комиссия және аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы арыздарын карайды және тағайындау немесе әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. 📌 Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы мәслихатының 26.12.2001 № 169 шешімімен.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек оны алуға құқылы адамның табысына карамастан тағайындалады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек қайтыс болған төмендегі әлеуметтік мәртебе иегерлеріне тағайындалады:
Тармақша 1
1) Кеңес Одағының Батырларына; Социалистік Еңбек Ерлеріне; Даңқ орденінің үш дәрежесінің иегерлеріне;
Тармақша 2
2) Төмендегі ордендердің бірімен марапатталғандарға: «Алтын қыран» «Отан» «Даңқ»
Тармақша 3
3) «Халық қаһарманы» атағына лайық болғандарға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының немесе Қазақ ССР құрметті атағына лайық болғандарға;
Тармақша 5
5) зейнеткерлерге Қазақстан Республикасының алдындағы ерекше еңбегі үшін.
Тармақ 11
11. Айрықша жағдайларда Қостанай облысының дамуына ерекше үлес қосқан, еңбек сіңірген, құрметті азаматтарға облыс әкімінің өкімімен тағайындалады.
Тармақ 12
12. Ереженің 10,11 тармақтарында көрсетілген қайтыс болған адамдарды жерлеуге әлеуметтік көмек қайтыс болған адаммен қаза болған күнге дейін бірге тұрған отбасы мүшесіне, немесе жерлеуді жүзеге асырған түлғаға төленеді.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек қайтыс болған кәмелетке толмаған жасөспірімге, егер қайтыс болған баланың еңбекке қабілетті әкесі (баланы (қызды) асырап алушысы, қорғаншысы, қамқоршысы) баланың қаза болған күніне жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса, тағайындалады. Айрықша жағдайларда, отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын және қамтамасыз етілген деңгейін ескере отырып, аудандық, қалалық уәкілетті орган көрсетілген факторды есепке алмай, әлеуметтік көмек тағайындауға құқығы бар. Қайтыс болған кәмелетке толмаған баланы жерлеуге әлеуметтік көмек баланың шешесінің жұмыссыз ретінде тіркелмеген фактісіне қарамастан тағайындалады. Қайтыс болган кәмелетке толмаған баланы жерлеуге әлеуметтік көмек, егер баланың әкесі (баланы (қызды) асырап алушысы, қорғаншысы, қамқоршысы) мүгедек немесе зейнеткер болса, тағайындалады және төленеді. Қайтыс болған кәмелетке толмаған баланы жерлеуге әлеуметтік көмек ата-ананың (баланы (қызды) асырап алушының, қорғаншының, қамқоршының) біреуіне төленеді. Әлеуметтік көмек ата-аналық құқықтан айырылған ата-аналарға тағайындалмайды және төленбейді. 📌 Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 26.12.2001 № 169 шешімімен.
Тармақ 14
14. Қайтыс болған жұмыссызды жерлеуге әлеуметтік көмек, егер ол қаза болған күнге жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелген болса, тағайындалады. Әлеуметтік көмек қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға төленеді 📌 Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 26.12.2001 № 169 шешімімен.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы арызды, әлеуметтік көмек алуға құқылы тұлға, тиісті құжаттардың қосымшаларымен бірге беруі.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы құжаттарды қарау, құжаттар тапсырылғаннан кейін 10 күн ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда арнаулы комиссияның және аудандық, қалалық уәкілетті органдардың арыз берушіге жазбаша хабарлауға міндетті. 📌 Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы мәслихатының 26.12.2001 № 169 шешімімен.
Тармақ 18
18. Арыз беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтің толықтығына, растығына зандылықтарға сәйкес жауапты болады.
Тармақ 19
19. Арнаулы комиссияның және аудандық, қалалық уәкілетті органдардың шешімі сот арқылы бұзылуы мүмкін. 📌 Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы мәслихатының 26.12.2001 № 169 шешімімен.
Тарау 3. 3. Қажет кұжаттар тізбесі
3. Қажет кұжаттар тізбесі
Тармақ 20
20. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін өлім туралы куәліктің көшірмесі міндетті құжат болады.
Тармақ 21
21. Осыдан басқа, арыз беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Ереженің 10-тармағының 1)-тармақшасында көрсетілген қайтыс болғандарға: наградалар куәліктерінің көшірмесі;
Тармақша 2
2) осы Ереженің 10-тармағының 2)-тармақшасында көрсетілген қайтыс болғанадарға: марапатталғандығын растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) осы Ереженің 10 -тармағының 3)- тармақшасында көрсетілген қайтыс болғандарға: алған атақты растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) осы Ереженің 10-тармағының 4)-тармақшасында көрсетілген қайтыс болгандарға: берілген құрметті атақты растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) осы Ереженің 10-тармағының 5)-тармақшасында көрсетілген қайтыс болғандарға: дербес зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі немесе Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Қазақстан Республикасының алдындағы ерекше еңбек үшін зейнетақы белгілеу жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындауы туралы шешімінің көшірмесі;
Тармақша 6
6) осы Ереженің 12-тармағында корсетілген негіздер бойынша: туыстық қатынастарды растайтын қүжаттың көшірмесі; қайтыс болған азаматпен оның қаза болған күніне дейін бірге тұрған фактіні растайтын құжатты; әлеуметтік көмек алуға құқылы тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі; қайтыс болған азаматты отбасы мүшелерінің біреуі жерлемеген болса, жерлеу рәсімін жүргізетін қызметтің жерлеуді растайтын құжатының көшірмесі;
Тармақша 7
7) осы Ереженің 11 -тармағында көрсетілген азаматтарға: қайтыс болған азаматтың Қостанай облысының дамуына ерекше үлес қосқандығын растайтын құжаттардың көшірмесі;
Тармақша 8
8) кәмелетке толмаған қайтыс болған жасөспірімдерге: баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі; жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның баланың әкесінің (асырап алушының, қамқоршының) жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтамасы; ата-ананың (асырап алушының, қамқоршының) жеке куәлігінің көшірмесі; асырап алушылар баланы асырап алу туралы шешімді береді; қамқоршы қамқоршының куәлігін немесе балаға қамқоршы тағайындау туралы қамқоршылық органының шешімін береді; қайтыс болған баланың анасының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; мүгедектер үшін -медициналық-сараптау комиссиясының мүгедектік топты белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі; зейнеткерлер үшін- зейнеткерлік куәліктің көшірмесі;
Тармақша 9
9) қайтыс болған жұмыссыздарға: жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның қайтыс болған жұмыссыздың жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын анықтамасын; қайтыс болған жұмыссыздың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; егер жерлеуді отбасы мүшелері өткерген болса, арыз беруші оның туыстығын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады; егер жерлеуді қайтыс болған адамның отбасы мүшелері өткермесе, арыз беруші жол-жора қызметінің жерлеуді өткергенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады. 📌 Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы мәслихатының 26.12.2001 № 169 шешімімен.
Тармақ 22
22. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін тиісті уәкілетті органға салыстыру үшін қажет құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері беріледі. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары арыз берушіге қайтарылады. Тиісті уәкілетті органның қызметкерлері құжаттардың көшірмелерін растап, рәсімдейді.
Тармақ 23
23. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартуға әкеліп соқтырады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектін мөлшері
4. Әлеуметтік көмектін мөлшері
Тармақ 24
24. Осы ереженің 10, 11 - тармақтарында көрсетілген қайтыс болғандарды жерлеуге әлеуметтік көмек 50000 теңгеден артық көрсетілмейді. Әлеуметтік көмектің мөлшері әр нақтылы жағдайда арнайлы комиссиямен анықталады.
Тармақ 25
25. Қайтыс болған кәмелетке толмаған баланы жерлеуге әлеуметтік көмек 10-еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі. Қайтыс болған жұмыссызды жерлеуге әлеуметтік көмек 10-еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі. 📌 Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы мәслихатының 26.12.2001 № 169 шешімімен.
Тармақ 5. 5. Әлеуметтік көмекті төлеу
5. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 26
26. Ереженің жұмыссыздарды 10, 11- тармақтарында көрсетілген қайтыс болғандарға және кәмелетке толмаған балаларға әлеуметтік көмек, егер көмек сұрау туралы өтініш қайтыс болған күннен кейін үш айдан кеш түспесе, төленеді. 📌 Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы мәслихатының 26.12.2001 № 169 шешімімен.
Тармақ 27
27. Әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Тармақ 28
28. Алынып тасталды - Қостанай облысы мәслихатының 26.12.2001 № 169 шешімімен.
Тармақ 29
29. Алынып тасталды - Қостанай облысы мәслихатының 26.12.2001 № 169 шешімімен.
Тармақ 30
30. Әлеуметтік көмекті төлеу тиісті операциялар түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар, заңмен белгіленген тәртіппен конкурсты ұтып алған ұйымдар арқылы жүргізіледі. Аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары кәмелетке толмаған қайтыс болған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін рәсімдеп, есептеп, ай сайын облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына береді, облыстық басқарма тізім жасап, облыстық қаржы департаментіне қаржыландыруға тапсырыс беріп отырады. Қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмекті төлеу аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының тізімдеріне сәйкес жүргізіледі. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы осы Ереженің 10,11-тармақтарында көрсетілген, жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындалған қайтыс болған азаматтардың тізімін ресімдейді, есептеу жүргізеді және облыстық қаржы департаментіне қаржыландыруға тапсырыс береді. Осы Ереженің 10, 11-тармақтарында көрсетілген қайтыс болған азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы берген тізімге сәйкес төленеді. 📌 Ескерту. 30-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы мәслихатының 26.12.2001 № 169 шешімімен.