Об утверждении Правил и условий эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования областного и районного значения Западно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил и условий эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования областного и районного значения Западно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 110
- Қабылданған күні
- 28.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2015 90129_271250.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15Z0003922
- ЭКБ идентификаторы
- 90129
- Редакция идентификаторы
- 90129_271250
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:17
0 Батыс Қазақстан облысының
облыстық және аудандық маңызы
бар жалпыға ортақ пайдаланылатын
ақылы автомобиль жолдарын және
көпір өткелдерін пайдалану
қағидалары мен шарттарын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2
2. «Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.Г.Қуаншалиев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
М.Ш.Кәрімовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 2015 жылғы «28» сәуірдегі №110
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы
17 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабы 1-1 тармағы, 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы
автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
2
2) ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану – ақылы автомобиль жолдары және көпір өткелдері бойынша автокөлік құралдарының белгіленген жүктемелерімен, габариттерімен үздіксіз, қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру және пайдалану кезеңінде олардың көліктік-пайдалану жай-күйін ұстау;
3 3) жол кәсіпорны – облыстың ақылы автомобиль жолдары және көпір өткелдерін пайдалану бойынша коммуналдық меншігіндегі кәсіпорын;
4 4) көпір өткелі – көпірді, көпірге кіреберісті, реттеу және қорғау құрылыстарын қамтитын, су кедергілерін еңсеруге арналған инженерлік құрылыстар кешені.
2 2. Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттары
3 3. Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол кәсіпорнының оларды жөндеу мен күтіп ұстау жөніндегі іс-шараларды
уақтылы қамтамасыз етуін көздейді.
4 4. Жол кәсіпорны Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдары мен көпір өткелдерін тиісті пайдалану мақсатында:
1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автомобиль жолдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
2 2) қысқы кезеңде ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін қардан тазартуды қамтамасыз етеді және жамылғының тайғақтығына қарсы шаралар қабылдайды;
3 3) көлік құралдарының үздіксіз және қауіпсіз жүріп өтуін және табиғатты қорғау заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
4 4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес
автомобиль жолдарын пайдаланушыларға жол жағдайларының себептері бойынша туындаған жол-көлік оқиғалары келтірген зиянды өтеу жөніндегі шараларды қабылдайды;
5 5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің фитосанитариялық жай-күйін қамтамасыз етеді;
6 6) автомобиль жолдарының бойында қорғаныш екпелерін күтіп-ұстайды;
7 7) дүлей метеорологиялық құбылыстар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жояды;
8 8) жол полициясы бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жол-көлік оқиғаларының есебін жүргізеді, олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдайды, олардың алдын алу мен жою жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
9
9) «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Жол қозғалысының ережелерінде белгіленген жылдамдық режимінің шеңберінде көлік құралдарының қауіпсіз жүріп өту мүмкіндігін қамтамасыз етеді;