Об утверждении Положения об областной комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия туралы Ережені бекіту жөнінде 📌 Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 24.08.2005 № 213 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Төтенше жагдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы» 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 қаулысын орындау үшін облыс әкімі ҚАУЛЫ қабылдайды:
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін одан әрі жетілдіру, жергілікті атқарушы органдардың әрекеттерін үйлестіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу мақсатында қоса берілетін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Петропавл қаласы мен аудан әкімдері төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалык (аудандық) комиссия туралы Ережені 1 айлык мерзімде әзірлеп бекітсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық облыстық комиссия туралы» 1996 жылғы 25 маусымдағы № 138 шешімінің күші жойылды деп саналсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ф.Вербнякке жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің «11» _04_2001 ж №3 қаулысымен бекітілді Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия (бүдан әрі Комиссия) - апат, стихиялык және басқа да окиғалар, катастрофалардың нәтижесіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері бойынша басқарма, департамент, комитет, жергілікті атқарушы органдардың, шаруашылық жүргізуші субьектілердің және меншік түріне қарамастан қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердін іс-әрекетін үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссияның негізгі міндеті мына мәселелер бойынша: апаттар, катастрофа, стихиялык және басқа да окиғалар нәтижесіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың бірынғай саясатын қалыптастыру және өткізу; апаттар, катастрофа, стихиялық және басқа да окиғалар нәтижесіндегі төтенше жағдайлардан облыс аумағының кауіпсіздігі мен халқын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған, құқықтық, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да шаралар жүйесін қалыптастыру; төтенше жағдайлардын алдын алу және жою күші мен құралдарын құру және дамыту облысында бірыңғай техникалық саясат жүргізу; төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың Мемлекеттік жүйесінін облыстық аумақтық шағын жүйесінің негізгі бағыттарын белгілеу, жетілдіру және одан әрі дамыту; төтенше жағдайлардың алдын алуға, халық пен облыс аумағын төтенше жағдайлардан корғауға, осы бағдарламаларды орындау жұмысын уйлестіруге бағытталған бағдарламалар жобасының әзірленүін ұйымдастыру; апаттар, катастрофа, стихиялык және басқа да окиғалар нәтижесіндегі зардап шеккен азаматтарды, сонымен қатар төтенше жағдайларды жоюға қатыскан тұлғаларды әлеуметтік- экономикалык, құқықтық корғау, медициналық оңалту сұрақтары бойынша жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетін үйлестіру; төтенше жағдайлардын алдын алу және жою облысында Ресейдің көршілес облыстарымен байланысты әрекет мәселелері жөнінде негізгі бағыттарын айқындау, ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Тармақ 3
3. Комиссияның құқықтары; төтенше жағдайлардын алдын алу және жою жұмыстарында облыстық ғылыми, қоғамдык ұйым мен бірлестіктердің атқарушы органдардың іс-әрекеттерін үйлестіру жөнінде ұсыныстар енгізу; комиссияның құзырына қатысты сұрақтар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілер, жергілікті аткарушы органдардың лауазымды тұлғаларын тыңдау; жергілікті атқарушы органдардан, барлық меншік түріндегі шаруашылық субъектілердің іс-әрекеттері жөнінде комиссия жұмысы үшін қажетті ақпараттарды сұратып алу; төтенше жағдайлардын алдын алу және жою сұрақтары бойынша жергілікті атқарушы органдардың бағдарламалары, сонымен қатар бағдарлама шараларын жүзеге асыруда бюджеттен бөлінген қаржыны мақсатты қолдану үшін талдау откізу; төтенше жағдайлардың алдын алу және жою сұрақтары бойынша талдау, сараптау және баска да жұмыстарды орындау үшін, кәсіпорын, мекеме және ұйымдардын (олардың басшыларының келісімі бойынша) жоғары білікті мамандарын катыстыру.
Тармақ 4
4. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Комиссия төрағасы болып табылады.
Тармақ 5
5. Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма комиссия жұмысының ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Комиссия өзінің іс-әрскетін төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Комиссияның мәжілісі қажеттілігіне қарай тоқсанына бір рет өткізіледі. Комиссияның шешімдері хаттамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін талап ететін сұрақтар бойынша комиссия белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі аркылы сәйкес ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 7
7. Комиссия комиссия қарастыратын және шешетін маңызды мәселелер бойынша облыс, әкіміне жүйелі түрде ақпарат ұсынып отырады.