Об утверждении перечня специальных транспортных средств органов военной полиции Национальной гвардии Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдарының тізбесін бекіту туралы «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. р/с№
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 cәуiр № 370 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдарының тізбесі р/с№ Көлік құралдарының түрі Негізгі тактикалық-техникалық сипаттамалары Орнатылған арнайы жабдық Қолдану саласы 1. Әскери автомобильдік полицияның арнайы автомобильдері 1.1 Ілесіп алып жүру автомобилі 1. Жеңіл Қозғалтқыш – көлемі 3000 текше см. аспайды; трансмиссиясы –автоматты, механикалық; екпін алуы 100 км/сағ - 9 сек. аспайды. Бейнетіркеуіш, радиостанция, жарықты және дыбысты сигнализация, арнайы түсті-графикалық сызбалар бойынша бояу Әскери лектердің көлік құралдарын ілесіп алып жүру 2. Жол талғамайтын автомобиль Қозғалтқыш – көлемі 4000 текше см. аспайды; трансмиссиясы –автоматты, механикалық; екпін алуы 100 км/сағ - 9 сек. аспайды. 3. Жеңіл Қозғалтқыш – көлемі 1600 текше см. кем емес; трансмиссиясы –механикалық; екпін алуы 100 км/сағ - 13 сек. аспайды. 4. Жол талғамайтын автомобиль Қозғалтқыш – көлемі 2300 текше см. кем емес; трансмиссиясы –автоматты, механикалық; екпін алуы 100 км/сағ - 13 сек. аспайды. 5. Жүк Қозғалтқыш - бензинді, дизельді; трансмиссиясы-автоматты, механикалық; дөңгелек формуласы-толық жетекті Бейнетіркеуіш, радиостанция, жарықты және дыбысты сигнализация, арнайы түсті-графикалық сызбалар бойынша бояу Әскери лектердің көлік құралдарын ілесіп алып жүру 1.2 Жылжымалы техникалық байқау пункті 6. Шағын автобус Қозғалтқыш – көлемі 2000 текше см. кем емес; трансмиссиясы –автоматты, механикалық Бақылау-диагностикалық жабдық, радиостанция, жарықты және дыбысты сигнализация, бейнетіркеуіш, арнайы түсті-графикалық сызбалар бойынша бояу Міндетті техникалық байқау өткізу кезінде көлік құралдарының техникалық жай-күйін диагностикалау