О мерах по борьбе с волками и шакалами Күшін жойған
Басқа 0
Қасқыр және шие бөрiлермен күресу шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 10.01.2002 № 362 шешімімен.
Қасқырлар мен шие бөрiлердiң шамадан тыс көбеюiнен ауыл шаруашылығына және тұрғындарға келетiн экономикалық нұқсан ауқымының артуына байланысты ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қасқырлар мен шие бөрiлердi құрту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн (жалғанады).
Тармақ 2
2. Қасқырлар мен шие бөрiлердi аулауды ынталандыру мақсатында ересек қасқыр үшiн 4000 теңге, бөлтiрiкке - 1600 теңге және шие бөрi үшiн 1200 теңге ақшалай сыйақы төленсiн.
Тармақ 3
3. Терiлер тапсырғандарға сый ақы төлемi "Агросервис" Коммуналдық Мемлекеттiк кәсiпорны арқылы қала мен аудандардың өтiнiмдерi бойынша жүргiзiлсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры (С.Мұқанов) сыйақы төлемiн төлеу үшiн қажеттi соманы белгiленген шығындар сметасы көлемiнде "Агросервис" КМК есеп шотына аударсын.
Тармақ 5
5. Қала мен аудан әкiмдерi қасқырлар мен шие бөрiлердi ату, жинау, терiлерiн қабылдау, олардың есебiн жүргiзу және тапсырушыларға сыйақы төлеу жұмыстарын бекiтiлген Ережеге сай ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы (А.Әжiғалиева) әрбiр қасқыр мен шие бөрiге төленетiн сыйақы көлемiнiң ұлғаюына байланысты облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына сыйақы төлеу, терiлердi жинау мен қоймалау, жоюға және бөлмелердi залалсыздандыруға қосымша шығындарды өтеуге байланысты 2001 жылғы облыс бюджетiнде қосымша қаражат бөлудi оның берген сұраныстары мен есептерiне сай қарастырсын.
Тармақ 7
7. Қала және аудандар әкiмдерi, облыстық аңшылар мен балықшылар
қоғамы (Е.Тасқынбаев) ай сайын "Агросервис" КМК-на нақты ауланған
қасқырлар мен шие бөрiлер туралы есеп берiп тұрсын.
Тармақ 8
8. Осы шешiмнiң орындалуын қадағалау облыс әкiмiнiң орынбасары
Н.Мақашевке жүктелсiн.
Басқа 9
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы
26 қаңтардағы N 40
шешiмiне қосымша
Қасқыр мен шие бөрiлердi жою жөнiндегi жұмыстарды
жүргiзу тәртiбi туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже облыс территориясында қасқыр мен шие бөрiлердi жою жұмыстарын ұйымдастырудың бiрыңғай талаптарын белгiлейдi.
2. Облыс әкiмiнiң жоғарыдағы шешiмiне орай, жыл сайын қоршаған ортаны қорғау облыстық қорынан қасқыр және шие бөрiлермен күреске бөлiнетiн қаржы бекiтiлген смета бойынша "Агросервис" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның есеп шотына аударылады.
3. Қасқырлар мен шие бөрiлердi жою оларды атып алуға рұқсаты бар аңшы не қапқан құрып ұстауға әдейi рұқсат құжаты бар заңды тiркеуден өткен аңшылар арқылы жүргiзiледi.
4. Аудандардағы және облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамының аңшылары үшiн аң аулайтын құрал-саймандар мен оқ-дәрiнiң қажеттi мөлшерi бар.
Тарау 2. 2. Қасқыр мен шие бөрiлер терiсiн қабылдау талаптары
2. Қасқыр мен шие бөрiлер терiсiн қабылдау талаптары
Тармақ 5
5. Қабылдауға қасқыр мен шие бөрiлердiң тек үстiмiздегi жылғы терiлерi жатады. өткен жылдар терiлер қаржының шектеулiгiне байланысты қабылданбайды.
Тармақ 6
6. Қасқырлар мен шие бөрiлердiң терiсiн қабылдау, оларды тапсырғандарға сыйақы төлеу Атырау қаласы бойынша облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамы (Атырау қаласы, Тайманов көшесi, 53-Үй), ал аудандарда - аудан әкiмдерi бекiткен тиiстi комиссиялар арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Қабылдауға тапсырылатын қасқырлар мен шие бөрiлер терiлерiнiң сол
аңдарға қатыстылығын ауданның жауапты қызметкерлерi мен мамандарынан
құрылған арнайы комиссия анықтайды.
Тармақ 8
8. Тапсырушы терiлердi малдәрiгерлiк анықтамалық құжатымен қамтамасыз
етедi.
Тармақ 9
9. Пайдалануға жарамсыз терiлер жергiлiктi жерлерде комиссия
актiсiмен жойылады, актiнi аудандық комиссия төрағасы бекiтедi.
Тарау 3. 3. Жауапкершiлiгi және бақылау
3. Жауапкершiлiгi және бақылау
Тармақ 10
10. Аңшы облыс территориясындағы қолданыстағы Ереже талаптарын
орындауға мiндеттi.
Тармақ 11
11. Сыйақы iрi қасқыр терiсiне - 4000 теңге, қасқырдың бөлтiрiгінiң
терiсiне - 1600 теңге және шие бөрi терiсiне - 1200 теңге мөлшерiнде
берiледi.
Тармақ 12
12. Сыйақы аларда терi тапсырушы өзiнiң жеке куәлiгiн, не паспортын,
мемлекеттiк аңшы билетiн, не мүшелiк билетi мен салыққа тiркелген нөмiрiн
(РНН) көрсетедi.
Тармақ 13
13. "Агросервис" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын жойылған қасқырлар мен шие бөрiлер саны мен сыйақы төленгенi жөнiнде ай сайын 1-нен облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына мәлiмет берiп отыруы тиiс.