Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-бабының 17-3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы «28» сәуірдегі № 104 қаулысымен бекітілген Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-бабының 17-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Коммуналдық қалдықтарға елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болған тұтынудың қатты қалдықтары, сондай-ақ құрамы және түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары жатады.
Тарау 2. 2. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі
2. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі
Тармақ 3
3. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.
Тармақ 4
4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.
Тармақ 5
5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары  кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады.
Тармақ 6
6. Заттай өлшеу жүргізу үшін жайлылық деңгейі әр түрлі екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:
Тармақша 1
1) су құбыры, кәріз, газбен жабдықтау, орталықтан жылыту, қоқыс құбыры бар жайлы тұрғын үй;
Тармақша 2
2) пешпен жылытылатын, су құбыры мен кәрізі жоқ жайлы емес тұрғын үй.
Тармақ 7
7. Тұрғындар тарапынан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын анықтау үшін тұрғылықты халықтың мынадай саны бар учаскелер бөліп алынады: халқының саны 300 мың адамға дейінгі қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын; халқының саны 300 – 500 мың адам болатын қалаларда - 1%-ын; халқының саны 500 мың адамнан асатын қалаларда - 0,5%-ын қамти отырып таңдалады (соның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам).
Тармақ 8
8. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша коммуналдық паспорт жасайды.
Тармақ 9
9. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.
Тармақ 10
10. Өлшеуді бастамас бұрын контейнердегі қалдықтар тегістеледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтың көлемі анықталады.
Тармақ 11
11. Жинақталған қалдықтардың массасы толған контейнерлерді өлшеу жолымен және кейін бос контейнердің массасын алып тастау арқылы анықталады.
Тармақ 12
12. Егер бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған жағдайда, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға рұқсат етіледі.
Тармақ 13
13. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректер осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне жазылады.
Тармақ 14
14. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін объектілердің әрқайсысы үшін алынған деректердің (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша жалпы саны шығарылады және осы Қағидалардың  4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық маусымдық ведомосіне енгізіледі.
Тармақ 15
15. Маусымдық өлшеу жүргізілгеннен кейін деректер (масса, көлем) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосіне енгізіледі.
Тармақ 16
16. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге тиіс.
Тармақ 17
17. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтау мақсатында қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны таңдап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады. Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын барлық контейнерлер толық тазартылуға тиіс.
Тармақ 18
18. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу өлшеу жүргізген күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Басқа 27
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 1-қосымша Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын анықтауға арналған объектілер мен есептік бірліктер № Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объект Есептік бірлік 1 Жайлы және жайлы емес үйлер 1 тұрғын 2 Жатақханалар, интернаттар, балалар үйі, қарттар үйі 1 орын 3 Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері 1 орын 4 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 5 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 6 Емханалар 1 адам 7 Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын 8 Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары 1 оқушы 9 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 орын 10 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы 1 орын 11 Мұражайлар, көрмелер Жалпы алаңы 1 м2 12 Стадиондар, спорт алаңдары Жоба бойынша 1 орын 13 Спорт, би және ойын залдары Жалпы алаңы 1 м2 14 Азық-түлік дүкендері Сауда алаңы 1 м2 15 Машиналардан сату Сауда орны 1 м2 16 Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер Сауда алаңы 1 м2 17 Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер Сауда алаңы 1 м2 18 Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2 19 Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2 20 Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету Жалпы алаңы 1 м2 21 Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар Жалпы алаңы 1 м2 22 Жағажайлар Жалпы алаңы 1 м2 23 Дәріханалар Сауда алаңы 1 м2 24 Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар 1 машина-орын 25 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 26 Гараж кооперативтері 1 гаражға 27 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 28 Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі Жалпы алаңы 1 м2 29 Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары Жалпы алаңы 1 м2 30 Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) 1 жұмыс орны 31 Моншалар, сауналар Жалпы алаңы 1 м2 32 Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар 1000 қатысушы 33 Бау-бақша кооперативтері 1 учаске
Басқа 28
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 2-қосымша Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты Қала ________________________________________________________________
Тармақ 1
1. Мекенжайы ________________________________________________________
Тармақ 2
2. Қабаттылығы ______________________________________________________
Тармақ 3
3. Үйдің нөмірі _______________________________________________________
Тармақ 4
4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам _________________________________
Тармақ 5
5. Жайлылық деңгейі:
Тармақша а
а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы _________________________________
Тармақша б
б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті) ________________________
Тармақша в
в) отынның түрі – көмір (тас көмір, қоңыр темір), ағаш отын, газ ____________________________________________________________________
Тармақша г
г) қоқыс құбырының болуы ____________________________________________
Тармақша д
д) аула аумағының алаңы, м2 ___________________________________________ оның ішінде жасыл екпелер бар ____________________________________________________ жабыны қатты ____________________________________________________________________ соның ішінде жаяусоқпақтар ___________________________________________
Тармақ 6
6. Контейнерлердің типтері, олардың саны және сыйымдылығы ____________________________________________________________________
Тармақ 7
7. Қоқысты шығару кезеңділігі _________________________________________
Тармақ 8
8. Қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) ____________________________________________________________________ Қолдары: Т.А.Ә., лауазымы Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты Қала ________________________________________________________________
Тармақ 1
1. Объектінің атауы ___________________________________________________
Тармақ 2
2. Мекенжайы ________________________________________________________
Тармақ 3
3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет) ______________________________________________________________
Тармақ 4
4. Орын саны (қызметкерлер және т.б.) __________________________________
Тармақ 5
5. Тәулігіне өткізу қабілеті: ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) ____________________________ қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) _____________________
Тармақ 6
6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам ____________________________
Тармақ 7
7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м2 _________________________________________ Оның ішінде: сауда алаңы _________________________________________________________ қоймалық және қосалқы алаң ___________________________________________
Тармақ 8
8. Аула аумағының алаңы, м2 ___________________________________________ Оның ішінде: жасыл екпелер бар____________________________________________________ жабын қатты _________________________________________________________
Тармақ 9
9. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы ________________ ____________________________________________________________________
Тармақ 10
10. Қалдықтарды шығару мерзімі ______________________________________
Тармақ 11
11. Тамақ қалдықтарын және қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме? (қандай және қанша) __________________________________________________ Қолдары: Т.А.Ә., лауазымы
Басқа 53
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 3-қосымша Бастапқы жазба бланкісі _________________ (күні) _______________________________________________ объектісі бойынша (атауы, мекенжайы) Контейнердің № Жиналған қалдықтар қабатының биіктігі, h, м Контейнер негізінің алаңы, S, м2 Контейнердегі қалдықтардың көлемі, h*S, м3 Қалдықтар тиелген контейнердің массасы (қоқыс тасығыш), mз, кг Бос контейнер-дің массасы (қоқыс тасығыш), mп, кг Контей-нердегі қалдық-тардың массасы, mз – mп 1 2 … Тәулік ішіндегі жиыны Vтәу mтәу
Басқа 54
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 4-қосымша Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық маусымдық ведомосі 20__ жылғы ___ _____________ бастап ___ ____________ дейін Жайлылық типі ___________________________________________ Аптаның күндері Объекті-нің атауы Объектінің қызмет түрі Есептік бірліктің саны Жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі/массасы Орташа тығыздығы, кг/м3 Барлығы қайталама шикізат іріктеп алынды (бөлек жинаған кезде) жалпы 1 есептік бірлікке кг м3 кг м3 кг м3 Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі Жексенбі Барлығы Тәулігіне орташа Қолдары Т.А.Ә., лауазымы
Басқа 55
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 5-қосымша Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі Жайлылық типі ____________________________________ Объекті Ай Өлшенетін бірліктің саны Қалдықтардың жиналуы Біртекті емес коэффициент Бөлек жинау, кг жалпы өлшенетін 1 бірлікке жалпы өлшенетін 1 бірлікке м3 кг м3 кг м3 кг м3 кг м3 кг 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 Барлығы Тәулігіне орташа Қолдары Т.А.Ә., лауазымы
Басқа 56
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 6-қосымша Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу
Тармақ 1
1. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеубылайша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау (V конт., м3): Vконт=h*S мұндағы h – контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, м; S – контейнер түбінің алаңы, м2;
Тармақша 2
2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса: Vтәу=Vконт1+Vконт2+Vконт3…. мұндағы Vконт1, Vконт2, Vконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнердің санына байланысты жүргізіледі;
Тармақша 3
3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі: mконт =m3- mп мұндағы m3 – қалдықтар тиелген контейнердің массасы, кг; mп – қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;
Тармақша 4
4) объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі: mтәу = mконт1+mконт2+mконт3… мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;
Тармақша 5
5) жинақталу нормалары жылдың маусымдары бойынша анықталады. Өлшеу қызмет көрсету кестесіне сәйкес контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір мезгілінде жеті күн бойы (үзіліссіз) жүргізіледі. Өлшеу жүргізу мерзімдері: қыста – желтоқсан/қаңтар; көктемде – сәуір/мамыр; жазда – маусым/шілде; күзде – қыркүйек/қазан. Маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі: Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+….+Vтәу7 мұндағы Vтәу1, Vтәу2 - белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемі;
Тармақша 6
6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі: mмаус= mтәу1 + mтәу2 +…+ mтәу7 мұндағы mтәу1, mтәу2 - белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;
Тармақша 7
7) объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа тәуліктік маусымдық нормасын (есептік бірлік) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі: көлемі бойынша (Vтм, м3): Vтм = Vмаус / (n х a) массасы бойынша (mтм, кг): mтм = mмаус / (n х a) мұндағы n – маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны; a – есептік бірліктің саны;
Тармақша 8
8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі: көлемі бойынша (Vтом, м3): Vтом= (Vқ тм + Vк тм + Vжтм +Vкү тм)/n массасы бойынша (mтом, кг): mтом= (mқ тм + mк тм + mж тм+ mкү тм)/n мұндағы жоғарғы индекстер «қ», «к», «ж», «кү» – қыста - «қ», көктемде - «к», жазда - «ж», күзде «кү» - есептік бірлікте тиісінше қалдықтар түзілуінің тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді; n – қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4);
Тармақша 9
9) Объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың түзілуімен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі: көлемі бойынша (Vж, м3) Vж = Vтож х nк массасы бойынша (mж, кг): mж = mтож х nк мұндағы nк – жылдағы күннің саны.
Тармақ 2
2. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мақсатында қосымша мынадай есеп жүргізіледі:
Тармақша 1
1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (qор, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі: qор = m/V, мұндағы m және V – есептік бірлікте тиісінше массасы мен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;
Тармақша 2
2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі: көлемі бойынша: Kбе = Vом/Vж массасы бойынша: Kбе = mом/mж
Тармақша 3
3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі: көлемі бойынша: Kмбе = Vmaxтәу./Vом мұндағы Vmaxтәу. – маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, м3. массасы бойынша: kсн = mmaxтәу./mом мұндағы mmaxтәу. – маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы, кг.
Тармақ 3
3. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі. Осылайша алынған коммуналдық қалдықтардың түзілуінің есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиіс. Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың түзілуінің сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.