Об утверждении типового положения о советах по делам молодежи при акиматах Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаменті (Р.С. Кәрібжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 231 бұйрығымен бекітілген Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын облыстық, республикалық маңызы бар қала мен астана, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктер жанындағы консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерін, мемлекеттік жастар саясаты саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және осы ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңестер мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру және ведомствоаралық өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдарды әзірлеу мақсатында өз қызметін жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Кеңестің міндеттері, функциялары және құрылымы
2-тарау. Кеңестің міндеттері, функциялары және құрылымы
Тармақ 1. 1-параграф. Кеңестің міндеттері
1-параграф. Кеңестің міндеттері
Тармақ 4
4. Кеңестің міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 2
2) мемлекеттік жастар саясатының міндеттерін іске асыру тиімділігін талдау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 4
4) мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысты мәселелерді талқылау болып табылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Кеңестің функциялары
2-параграф. Кеңестің функциялары
Тармақ 5
5. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарайды және талқылайды;
Тармақша 2
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауға мемлекеттік органдардың, қоғам, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін жұмылдырады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік жастар саясаты саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдем көрсетеді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды.
Тармақ 3. 3-параграф. Кеңес құрылымы
3-параграф. Кеңес құрылымы
Тармақ 6
6. Кеңес құрамы Кеңес төрағасынан және мүшелерінен тұрады. Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 7
7. Кеңес төрағасы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі болып табылады, ол:
Тармақша 1
1) осы Үлгілік ереженің негізінде Кеңес туралы ережені бекітеді және қажеттілігін есепке ала отырып, Кеңесте жастар ұйымдарының Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде 30% өкілдік етуін қамтасыз етіп, оның құрамын қалыптастырады;
Тармақша 2
2) Кеңес отырыстарының күні мен уақытын белгілейді, кезекті және кезектен тыс отырыстарын шақырады және оған төрағалық етеді;
Тармақша 3
3) Кеңес мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екі бөлігінің бастамасымен Кеңестің кезектен тыс отырыстарын шақырып, оған төрағалық етеді;
Тармақша 4
4) Кеңес жұмысын жоспарлайды және жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Кеңес мүшелерінің арасындағы міндеттер мен жұмыс бағыттарын бөледі;
Тармақша 6
6) Кеңестің жұмыс жоспары мен отырысының күн тәртібін бекітеді.
Тармақ 8
8. Кеңес хатшысы:
Тармақша 1
1) Кеңестің жұмыс жоспарының жобасын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Кеңес отырыстарындағы күн тәртібінің жобасын қалыптастырады;
Тармақша 3
3) Кеңес отырысына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық шешімдер жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) Кеңес мүшелеріне Кеңестің кезекті отырысының орны, өткізілетін уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды, оларды уақытында қажетті материалдармен қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) Кеңес мүшелерінен отырыстың күн тәртібіне қатысты ұсыныстарын қабылдайды және оларды төрағаның қарауына шығарады;
Тармақша 6
6) хаттамалық тапсырмалар шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады, әрбір кейінгі отырыстарда Кеңес мүшелеріне бұрын қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы хабарлайды.
Тармақ 9
9. Кеңес құрамы:
Тармақша 1
1) Кеңес мүшелері жергілікті атқарушы және өкілдік органдар, жастар ұйымдары, сондай-ақ, жұмыс органының (облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана, аудан (облыстық маңызы бар қалалар) аумағында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында басшылықты іске асыратын бөлім, басқарма) ұсынуымен және Кеңес төрағасының шешімімен өзге де ұйымдардың өкілдері болып табылады;
Тармақша 2
2) Кеңес мүшелерінің саны тақ болуы тиіс.
Тармақ 10
10. Жұмыс органы:
Тармақша 1
1) Кеңес жұмысының жалпы ұйымдастырылуын жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Кеңес жұмысын ақпараттық-талдамалық және құжаттамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) ақпаратты жинауды, өңдеуді, Кеңестің өткізген отырыстарын, қаралған мәселелерді, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша қабылданған шешімдерді талдауды жүзеге асырады, осы саладағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
Тармақша 4
4) сараптамалық топтардың қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) Кеңестің құзыретіне жататын мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және ұйымдармен хат алысуды жүргізеді;
Тармақша 6
6) Кеңестің жұмысын жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Облыстық, республикалық маңызы бар қала мен астана, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) деңгейдегі жұмыс органдары жарты жылда бір рет мемлекеттік жастар саясаты саласындағы уәкілетті органға қабылданған шешімдердің орындалуы бойынша жинақталған талдамалық ақпаратты жолдайды.
Тармақ 4. 4-параграф. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
4-параграф. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 12
12. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, сондай-ақ Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің бастамасымен, бірақ жарты жылда бір реттен сиретпей өткізіледі және Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысқан кезде өкілетті болып есептеледі.
Тармақ 13
13. Кезекті және кезектен тыс отырыс күнін, өткізу уақытын, күн тәртібін Кеңес мүшелерінің ұсыныстарын есепке ала отырып, Кеңес төрағасы айқындайды.
Тармақ 14
14. Кезекті отырыстың күн тәртібі Кеңес мүшелеріне отырыс жұмысының басталуына дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жолданады.
Тармақ 15
15. Кеңес отырысқа қатысушы Кеңес мүшелерінің жай көпшілік дауыстарымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 16
16. Кеңес шешімдері Кеңес төрағасы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 17
17. Кеңес шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.
Тармақ 5. 5-параграф. Кеңес қызметін тоқтату тәртібі
5-параграф. Кеңес қызметін тоқтату тәртібі
Тармақ 18
18. Кеңес қызметі облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімі бойынша тоқтатылады.
Тармақ 6. 6-параграф. Кеңес қызметін қамтамасыз ету
6-параграф. Кеңес қызметін қамтамасыз ету
Тармақ 19
19. Кеңестің қызметін ұйымдастырушылық-техникалық, ақпараттық қамтамасыз ету, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурсында жариялау Кеңестің жұмыс органына жүктеледі.