Об установлении предельных цен на розничную реализацию нефтепродуктов для стационарных автозаправочных станций, на которые установлено государственное регулирование цен Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары үшін бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы
Тармақ 1
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 15) тармақшасына және 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығы есебімен мынадай мөлшерде белгіленсін:
Тармақша 1
1) Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;
Тармақша 2
2) Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 245 теңге; Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге; Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін және мотоциклдерге, жеңіл, жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;
Тармақша 3
3) дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 315 теңге; Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге; Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге.
Тармақ 2
2. «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы №67 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 10222 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 ақпандағы № 35 (27911)) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев _______________ 19 мамыр 2015 ж