Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 38) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі _______________Ә. Исекешев 2015 жылғы 15 сәуір «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ________________Е. Досаев 2015 жылғы 22 сәуір
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 38) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін, сондай-ақ «Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 1-1
1-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор (бұдан әрі – дерекқор) – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және ветеринария саласындағы уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бөлігі;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі – жеке нөмірлер эмиссиясы) – ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің дәйекті нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы және оларды республиканың әкімшілік-аумақтық бірліктері бойынша бөлу;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын сырғалар (аспалы, радиожиілік таңбасы бар), болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар);
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын құрал-саймандар мен аспаптар;
Тармақша 6
6) процессингтік орталық – функцияларын Заңға сәйкес жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 7
7) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 8
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тәсілмен бірдейлендіруге Қазақстан Республикасының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары жатады. Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі: бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін; құлындар – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде); тақ тұяқты жануарлардың төлі (есектер, қашырлар, пони, зебра, құлан және басқа жануарлар) – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде); асыл тұқымды торайлар, әрі қарай өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және халықтың шаруашылықтарында күтіп-бағылатын торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін; ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін бордақылауға арналған торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін; тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар – тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.
Тармақ 3
3. Тоғыз айлық жасқа дейінгі жылқылар, тақ тұяқты жануарлар мен торайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі он екі символдан тұрады, олардың мынадай белгілері бар: бірінші екі символ – ISO – Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның кодына сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды (екі латын бас әрпі); үшінші символ – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік коды (латын бас әрпі); төртінші символ – ауыл шаруашылығы жануары түрінің сандық коды; бесінші мен он екінші аралығындағы символдар – ауыл шаруашылығы жануарының реттік нөмірі.
Тармақ 4
4. Жылқының және тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірі он символдан тұрады, олардың мынадай белгілері бар: бірінші екі символ – ISO–Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның кодына сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды (екі латын бас әрпі); үшінші символ – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік коды (латын бас әрпі); төртінші символ – жылқының сандық коды (4), тақ тұяқты жануарлардың сандық коды (6); бесінші мен оныншы аралығындағы символдар – жылқының, тақ тұяқты жануарлардың реттік нөмірі. Құлындарға және тақ тұяқты жануарлар төлдеріне төрт айлық жасына жетуі бойынша таңбалау әдісімен кейіннен бірдейлендіру жүргізілген жағдайында туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасында жылқылар мен тақ тұяқты жануарлардың (енесі жағынан ата-енесінің) жеке нөмірінен және жылқылардың және тақ тұяқты жануарлардың (енесі жағынан ата-енесінің) құлындаған құлындардың және тақ тұяқты жануарлар төлдерінің реттік нөмірінен тұратын уақытша бірдейлендіру нөмірі беріледі. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасында құлындардың және тақ тұяқты жануарлар төлдерінің уақытша жеке нөмірі жануарлар иелеріне ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасынан үзінді-көшірме бере отырып слеш (KZF4000155/1) арқылы көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейінгі торайлардың жеке нөмірі осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес шошқаның (енесі жағынан ата-енесінің)жеке нөмірінен және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, шаруа және фермерлік қожалықтардағы мал бастарының ішкі шаруашылық есебіне сәйкес шошқалардың (енесі жағынан ата-енесінің) торайлауында торайдың реттік нөмірінен тұрады.
Тармақ 5-1
5-1. Бірдейлендіруге жататын ауыл шаруашылығы жануарлар басының саны осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі символдарының санынан асқан жағдайда, осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі символдарының санын ауыл шаруашылығы жануарының реттік нөмірін бір символға ұлғайту жолымен ұлғайтуға жол беріледі.
Тармақ 6
6. Ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмірлерді беру әр облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана үшін процессингтік орталық жеке өткізетін жеке нөмірлердің эмиссиясына сәйкес кезектілікпен жүзеге асырылады. Жеке нөмірлердің эмиссиясы тоғыз айлық жасқа дейін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған торайларға, төрт айлық жасқа жеткенде таңбалау әдісімен кейіннен бірдейлендіру жағдайында құлындар және тақ тұяқты жануарлардың төлдері үшін жүргізілмейді. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бекітіліп берілген Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік және сандық кодтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларына арналған сандық кодтар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес беріледі.
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру рәсіміне мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмір беру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына сәйкес мәліметтерді дерекқорға енгізу;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорт беру.
Тармақ 8
8. Жеке нөмірді беру ауыл шаруашылығы жануарларының түріне қарай келесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) сырғалау (ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер, маралдар, шошқалар және тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын, өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар үшін);
Тармақша 2
2) таңба басу (төрт айлық жасқа толғаннан бастап) немесе чип салу (туғаннан бастап жеті күн өткеннен кейін) (жылқылар және тақ тұяқты жануарлар үшін);
Тармақша 3
3) татуировка (ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін кейіннен сою үшін бордақылауға арналған торайлар үшін);
Тармақша 4
4) электрондық бірдейлендіру тәсілі (маралдар және ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар бизондар).
Тармақ 9
9. Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері үшін қосымша мынадай тәсілдермен жеке нөмір беруге жол беріледі: электрондық бірдейлендіру тәсілі (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын радиожиілікті белгісі бар сырғалар, болюстер, чиптер және басқа бұйымдар (құралдар); татуировка; таңба басу. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда ауыл шаруашылығы жануарларына осы тармақта көрсетілген тәсілдермен жеке нөмір беру: жануарлар бастарын ішкі шаруашылық есепке алуды жүргізу үшін; осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәсілдермен жеке нөмір берілгенге дейін, ауыл шаруашылығы жануарларына уақытша жеке нөмір беру үшін жүргізіледі. Ауыл шаршылығы жануарларына уақытша жеке нөмір беру осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес жүргізілген жеке нөмірлердің эмиссиясына сәйкес кезектілікпен жүзеге асырылады. Үшінші елдерге немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетуге арналған жануарларды (ірі қара малды, ұсақ малды, шошқаларды, түйелерді) карантиндеу кезеңінде қосымша электрондық бірдейлендіру тәсілімен (радиожиілікті белгісі бар сырғалар), жеке нөмір беру жүзеге асырылады. Осы тармақта көрсетілген тәсілдермен ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмір беруді жануарлардың иесі жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Сырғалау ауыл шаруашылығы жануарының құлағының ортасына аспалы сырғалықты көктамырларға тигізбей бекіту жолымен жүзеге асырылады. Аспалы сырғаның алдыңғы бөлігі ауыл шаруашылығы жануарының құлағының ішкі жағына бекітіледі. Ірі қара және ұсақ мал, түйелер мен шошқалардың оң құлақтарына бір аспалы сырғадан бекітіледі. Осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес ірі қара және ұсақ малды, түйелерді және шошқаларды бірдейлендіру үшін радиожиілік белгісі бар сырғаны пайдалануға жол беріледі, ол ауыл шаруашылығы жануарының сол құлағына бекітіледі. Сырғалар ауыл шаруашылығы жануарынан өмір бойы алынбайды.
Тармақ 11
11. Таңба басу ыстық немесе суық тәсілдермен жүзеге асырылады. Жылқыны және тақ тұяқты жануарларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларына таңба дененің сол жағына жамбас аумағына салынады. Жылқыларға және тақ тұяқты жануарларға таңба денесінің сол жағына жауырын (клеймо) және жамбас аумағына (реттік нөмір) немесе тек жамбас аумағына (клеймо және реттік нөмір) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес салынады. Таңба ең көбі алты символдан тұрады: бірінші және екінші символдар (міндетті емес), ауыл шаруашылығы жануары иесінің клеймосы. Клеймо бір немесе екі латын немесе араб бас әрпі (тері) және/немесе сан(дар), геометриялық фигура(лар) болып табылады. Клеймо бір әріп немесе сан немесе фигурадан құралған жағдайда, таңба төрт символдан құралады. Клеймо ауыл шаруашылығы жануары иесінің қалауы бойынша салынады; үшінші және төртінші символдар (міндетті) осы Қағидалардың 3,4 және 5-тармақтарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарының реттік нөмірінің алғашқы сандарының (соңғы екі санды қоспағанда) жиыны. Жылқыда және тақ тұяқты жануарларда бұл біріншіден төртіншіге дейінгі реттік нөмір сандарының жиыны, ауыл шаруашылығы жануарларының басқа түрлерінде біріншіден алтыншыға дейінгі реттік нөмір сандарының жиыны. Егер жануардың реттік нөмірінің алғашқы сандарының жиынтығында жиынтық бір символды құраса, онда таңбаға бір символ салынады. Егер символда нөл бар болса, онда ол таңбаға салынбайды; бесінші және алтыншы символдар (міндетті), осы Қағидалардың 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес берілген жануардың реттік нөмірінің соңғы екі саны. Жылқыларда және тақ тұяқты жануарларда бұл реттік нөмірдің бесінші және алтыншы сандары, ауыл шаруашылығы жануарларының басқа түрлерінде реттік нөмірдің жетінші және сегізінші сандары.
Тармақ 12
12. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің электрондық тәсілі (радио жиілікті белгісі бар сырғалар, болюстер, чиптер және бұйымдар (құралдар) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану (қолдану) жөніндегі тиісті ңұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің электрондық тәсілін жүргізуге арналған бұйымның (құралдың) нөмірі ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірімен сәйкес келуі міндетті емес, бірақ қосымша ветеринариялық паспортта көрсетіліп, дерек қорға енгізілуі керек.
Тармақ 13
13. Осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жануарларға татуировканы осы Қағиданың 3-тармағына сәйкес құлақ қалқанында еркін символдар жинағымен жасайды. Татуировканы құлақтың сыртының төменгі жағына салады.
Тармақ 14
14. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейінгі торайларға арналған татуировкаауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, фермерлік және шаруа қожалықтарындағы мал басын ішкі шаруашылық тіркеуге сәйкес шошқаның (енесі жағынан ата-енесі)торайлануындағы реттік нөмірден тұрады.
Тармақ 15
15. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) осы Қағидаға 4-қосымшада көрсетілген нысанға, мөлшерге, сипаттамаларға сәйкес келеді.
Тармақ 16
16. Бірдейлендірілген ауыл шаруашылығы жануарларының бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағынан басқа әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына орнын ауыстырған кезде, ветеринариялық паспортқа және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы дерек қорға ауыл шаруашылығы жануарларының орнын ауыстыру туралы мәліметтірді енгізе отырып берілген жеке нөмірлері сақталады.
Тармақ 17
17. Шыққан елінде бірдейлендірілген импортталған ауыл шаруашылығы жануарлары бұрын берілген жеке нөмірін сақтап қалады. Карантиндеуден кейін импортталған жануарлар туралы деректер осы Қағидамен бекітілген тәртіппен ветеринариялық паспортты бере отырып, дерек қорға енгізіледі.
Тармақ 18
Тарау 2. 2-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу тәртібі
2-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу тәртібі
Тармақ 19
19. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған ветеринариялық ұйым (бұдан әрі – ветеринариялық ұйым) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындайды және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган):
Тармақша 1
1) ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейін – ағымдағы жылға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілік бойынша;
Тармақша 2
2) ағымдағы жылғы 1 наурызға дейін – келесі жылға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілік бойынша;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген жағдайлардың туындауына қарай ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттіліктің туындауына қарай ақпарат береді.
Тармақ 20
20. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес алынған ақпарат негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілік туралы ақпаратты айқындайды және процессингтік орталыққа:
Тармақша 1
1) ағымдағы жылғы 15 ақпанға дейін – ағымдағы жылға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілік бойынша;
Тармақша 2
2) ағымдағы жылғы 15 наурызға дейін – келесі жылға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілік бойынша;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген жағдайлардың туындауына қарай ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттіліктің туындауына қарай ақпарат береді.
Тармақ 21
21. Процессингтік орталық осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес алынған ақпарат негізінде жеке нөмірлердің эмиссиясын жүргізеді және оның нәтижелерін жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізеді.
Тармақ 22
22. Облыстың жергілікті атқарушы органы:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың сатып алынуына және процессингтік орталықтан жүргізілген жеке нөмірлердің эмиссиясы нәтижелерінің алынуына қарай ветеринариялық ұйымдарға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды, жылқылар мен тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірлер эмиссиясының қажеттілігіне сәйкес олардың жеке нөмірлерін бөледі;
Тармақша 2
2) жүргізу мерзімін анықтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) тұрақты негізде дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады.
Тармақ 23
23. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың сатып алынуына және процессингтік орталықтан жүргізілген жеке нөмірлердің эмиссиясы нәтижелерінің алынуына қарай ветеринариялық ұйымға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды, жылқылар мен тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірлер эмиссиясының қажеттілігіне сәйкес олардың жеке нөмірлерін береді;
Тармақша 2
2) жүргізу мерзімін анықтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) тұрақты негізде дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады.
Тармақ 24
Тармақ 25
25. Ветеринариялық ұйым:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу уақыты мен орнын айқындайды;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізеді;
Тармақша 3
3) жануарға осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген сәйкестендіру тәсілдерімен жеке нөмір береді;
Тармақша 4
4) дерекқорды жүргізуді жүзеге асырады (дерекқорға деректерді енгізу);
Тармақша 5
5) жануар иесіне осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес ветеринариялық паспорт береді.
Тармақ 26
26. Ветеринариялық мекеме осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тәсілдермен бірдейлендіру жүргізу барысында осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жургізу туралы ведомость (бұдан әрі –ведомость) ресімдейді.
Тармақ 27
27. Ветеринариялық ұйымға ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа және фермерлік қожалықтардың ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмір беруге жол беріледі: ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, фермерлік, шаруа қожалықтарының ветеринариялық дәрігерлерінің сырғалау рәсімін жүргізу үшін еркін нысанда қабылдау-беру актісін ресімдей отырып кейіннен аспалы сырғаларды (осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес ірі және ұсақ жануарларға жеке нөмір салынған) беру арқылы; ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа, фермерлік қожалықтардың ветеринариялық дәрігерлерінің чип салу және таңба басу ресімдерін жүргізуі үшін жеке нөмірді беру арқылы. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, фермерлік, шаруа қожалықтарының ветеринариялық дәрігерлерінің бірдейлендіру рәсімдерін жүргізу қорытындысы бойынша күнтізбелік он күн ішінде ведомость ресімделеді және ветеринариялық ұйымға беріледі.
Тармақ 28
Тармақ 29
29. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) бүлінген немесе жоғалған кезде (ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін айқындау мүмкін болмаған жағдайда) жануар иесі басқа ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ветеринариялық паспорттармен және дерекқормен салыстырып тексергенге дейін жануарды оқшаулайды. Егер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) бірнеше ауыл шаруашылығы жануарларынан жоғалған жағдайда, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін анықтау ветеринариялық паспортта (ауыл шаруашылығы жануарының жынысы, түсі, қосымша белгілері) көрсетілетін қосымша деректер бойынша жүргізіледі. Көрсетілген жағдайларда ауыл шаруашылығы жануарларының иесі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық ұйымына жүгінеді. Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін белгілеу ауыл шаруашылығы жануарларының иесі өтініш берген күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Осы тармақта көрсетілген себептер бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын қайта бірдейлендіру жануар иесі өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде ауыл шаруашылығы жануарына жаңа жеке нөмір бере отырып, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы жануарына жаңа жеке нөмір беру кезінде дерекқорда және ветеринариялық паспортта ауыл шаруашылығы жануарын қайта бірдейлендіру себептерін көрсете отырып және осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген шараларды қабылдай отырып, ауыл шаруашылығы жануарының алдыңғы жеке нөміріне байланыстыра отырып, тиісті ақпарат (қайта бірдейлендірілді) көрсетіледі.
Тармақ 30
30. Жеке тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарының жасына жеткенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, шаруа және фермер шаруашылықтарына тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын тиісті бөлімшесіне (бұдан әрі – ЖАО бөлімшесі) және ветеринариялық ұйымға басшы ұсынған алдағы бұзаулау (төлдеу, торайлау) графигіне сәйкес жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы жануарының төлін бірдейлендіру кезінде ол туралы мәліметтер осы Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы ведомосте көрсетілген енесінің жеке нөмірі көрсетіле отырып, дерекқорға және ветеринариялық паспортқа енгізіледі.
Тармақ 30-1
Тарау 3. 3 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 31
31. Мемлекеттік қызметті ветеринариялық ұйымдар көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ветеринариялық ұйымға не портал арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынады. «Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 6-1-қосымшада жазылған. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы мәліметтерді ветеринариялық ұйым «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады. Портал арқылы өтініш берген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы порталда өтініштің электрондық нысанын толтырады. Көрсетілетін қызметті алушы дерекқорға сұрау салу арқылы ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі, жынысы, түсі, аты, бірдейлендіру тәсілі туралы мәліметтерді дерекқордан алады. Сұрау келіп түскеннен кейін дерекқор көрсетілетін қызметті алушының дерекқорында тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларының тізімін автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады. Көрсетілетін қызметті алушы ауыл шаруашылығы жануарларының қалыптастырылған тізімінен ветеринариялық паспорт алу үшін ауыл шаруашылығы жануар(лар)ын таңдайды. Көрсетілетін қызметті алушы өтініштің электрондық нысанын толтырғаннан кейін өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қояды және ветеринариялық паспортты алу үшін портал арқылы ветеринариялық ұйымға жібереді. Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеде көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, ветеринариялық ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Тармақ 31-1
31-1. Ветеринариялық ұйымның жұмыскері келіп түскен күні өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және оны ветеринариялық ұйымның жауапты қызметкерін тағайындайтын ветеринариялық ұйымның басшысына жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады. Ветеринариялық ұйымда қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі оның қабылданғанын растау болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Тармақ 31-2
31-2. Ветеринариялық ұйымның жауапты қызметкері өтінішті тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оның толықтығын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді, сондай-ақ дерекқордағы ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы толық емес мәліметтерді көрсете отырып не Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша өтініш ұсынған жағдайда, ветеринариялық ұйымның жауапты қызметкері осы Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды рәсімдейді және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
Тармақ 31-3
31-3. Көрсетілетін қызметті алушы толық мәліметтерді көрсете отырып өтініш берген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған кезде ветеринариялық ұйымның жауапты қызметкері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспортты ресімдейді. Ветеринариялық паспортты және ондағы мәліметтерді ветеринариялық ұйымның жауапты қызметкері дерекқорда электрондық түрде қалыптастырады және ветеринариялық ұйымның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылады. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген жағдайда, ветеринариялық паспорт дерекқордан басып шығарылады және көрсетілетін қызметті алушыға беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ветеринариялық паспорт немесе ветеринариялық ұйымның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту жіберіледі.
Тармақ 32
32. Ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт жеке беріледі. Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша ветеринариялық паспортты ұсақ мал мен шошқалар тобына (отарына) беруге жол беріледі. Ветеринариялық паспорттың нөмірі осы Қағидалардың 3, 4, 5 және 5-1-тармақтарында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөміріне сәйкес келеді. Ұсақ мал мен шошқалар тобына (отарына) ветеринариялық паспорт беру кезінде ветеринариялық паспорттың нөмірінде осы Қағидалардың 3 және 5-тармақтарында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының тиісті түрінің жеке нөмірінің алғашқы төрт символы және топтағы (отардағы) ауыл шаруашылығы жануарларының саны көрсетіледі. Ветеринариялық паспортқа әрбір ауыл шаруашылығы жануарлары тобының (отарының) жеке нөмірлері енгізіледі.
Тармақ 33
Тармақ 34
34. Ауыл шаруашылығы жануарына жүргізілген ветеринариялық дауалау және диагностикалық зерттеулер туралы мәліметтер және ауыл шаруашылығы жануары туралы басқа да мәліметтер (ауыл шаруашылығы жануарының жынысы, түсі, жасы, қосымша белгілері) дерекқорға енгізіледі.
Тармақ 35
35. Ветеринариялық паспорт деректерін кейіннен жаңарту ветеринариялық іс-шараларды жүргізу, иесін ауыстыру, ауыл шаруашылығы жануарын бір әкімшілік-аумақтық бірліктен екінші әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына орнын ауыстырған және басқа жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 36
36. Ауыл шаруашылығы жануарлары шығарылған кезде ветеринариялық паспорт ауыл шаруашылығы жануарының жаңа иесіне беріледі. Ауыл шаруашылығы жануары межелі пунктке келгеннен кейін ауыл шаруашылығы жануарының бар жеке нөмірі өзгертілмей, ветеринариялық паспорт ресімделеді. Ұсақ мал мен шошқа тобының (отарының) бір бөлігі шығарылған кезде ұсақ мал мен шошқа тобына (отарына) қағаз нысанда ресімделген ветеринариялық паспорт болған жағдайда, жаңа иесіне ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме беріледі. Ұсақ мал мен шошқа межелі пунктке келгеннен кейін ауыл шаруашылығы жануарының бар жеке нөмірі өзгертілмей, ветеринариялық паспорт ресімделеді. Тиісті мәліметтер дерекқорға енгізіледі.
Тармақ 37
37. Ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңында (сою бойынша алаң),сою пунктінде және етті қайта өндіру кәсіпорнында сойғаннан кейін сою алаңының (сою бойынша алаң),сою пунктері мен етті өңдеу кәсіпорындарының ветеринариялық дәрігерлері, ветеринариялық паспорттар мен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) тиісті әкімшілік-аумақтың бірліктің жергілікті атқарушы органдары құрған ветеринариялық ұйымдарға тізімдеме бойынша береді, ал жеке тұтынуға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сойған кезде – иелері тапсырады.
Тармақ 38
38. Жануар өлген жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде ветеринариялық паспорттарды және ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіруге арналған бұйымдарды (құралдарды) жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне тиісті ақпаратты жолдай отырып, ветеринариялық ұйымдар жояды.
Тармақ 39
39. Қағаз нысанда ресімделген ветеринариялық паспорт жоғалған немесе бүлінген кезде осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ветеринариялық паспорт беріледі. Қағаз нысанда ресімделген жоғалған, бүлінген ветеринариялық паспорттар ауыл шаруашылығы жануарларының иелері осы Қағидалар 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Тармақ 39-1
39-1. Берілген ветеринариялық паспортта көрсетілген деректер (мәліметтер) өзгерген кезде көрсетілетін қызметті алушының өтініші негізінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жаңа ветеринариялық паспорт беріледі.
Тармақ 40
40. Ұсақ мал (отарына), шошқа тобына ресімделген ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық ұйымға не портал арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады. Ветеринариялық ұйымның жауапты қызметкері отыз минут ішінде өтінішті қарайды және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірмені не осы Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды береді.
Тармақ 40-1
40-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 40-2
40-2. Ветеринариялық ұйым Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді. Министрлік осы Қағидаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» көрсетілетін қызмет берушіге, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ветеринариялық ұйымдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ветеринариялық ұйымдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 41
41. Ветеринариялық ұйымның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ветеринариялық ұйымның, жергілікті атқарушы орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабы 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, ветеринариялық ұйым оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Ветеринариялық ұйым шағымды қарайтын органға шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды жібермейді.
Тармақ 42
42. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес: ветеринариялық ұйым, жергілікті атқарушы орган – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Тармақ 43
43. Ветеринариялық ұйымның, жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
Тармақша 1
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Тармақ 44
44. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 1. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік және сандық кодтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларына арналған сандық кодтар
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына 1-қосымша Нысан Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік және сандық кодтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларына арналған сандық кодтар Р/с № Литерлік код Штрих-кодқа арналған сандық код Атауы 1. KZ 398 Қазақстан Республикасы 2. С 01 Ақмола облысы 3. B 02 Алматы облысы 4. D 03 Ақтөбе облысы 5. E 04 Атырау облысы 6. F 05 Шығыс Қазақстан облысы 7. H 06 Жамбыл облысы 8. L 07 Батыс Қазақстан облысы 9. P 08 Қостанай облысы 10. M 09 Қарағанды облысы 11. N 10 Қызылорда облысы 12. R 11 Маңғыстау облысы 13. S 12 Павлодар облысы 14. T 13 Солтүстік Қазақстан облысы 15. Х 14 Түркістан облысы 16. Q 18 Абай облысы 17. J 19 Жетісу облысы 18. U 20 Ұлытау облысы 19. A 15 Алматы қаласы 20. Z 16 Астана қаласы 21. Ү 17 Шымкент қаласы Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған сандық кодтар: 1 – ірі қара мал 2 – ұсақ мал 3 – шошқалар 4 – жылқылар 5 – түйелер 6 – тақ тұяқты жануарлар 7 – маралдар 8 – ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар бизондар
Басқа 2. Ветеринариялық паспорт Ветеринарный паспорт
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына 2-қосымша Нысан Ветеринариялық паспорт Ветеринарный паспорт Берді/Выдан ______________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құрған ветеринариялық ұйымның атауы, / наименование ветеринарной организации, созданной местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы) Ветеринариялық паспорттың нөмipi/Номер ветеринарного паспорта: ________* Ауыл шаруашылығы жануары иесiнiң аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі /Фамилия, имя, отчество (при наличии) или наименование владельца сельскохозяйственного животного, индивидуальный идентификационный номер или бизнес-идентификационный номер ______________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ Ауыл шаруашылығы жануары иесiнiң мекенжайы/Адрес владельца сельскохозяйственного животного _________________________________________________ Ауыл шаруашылығы жануарының түрі/Вид сельскохозяйственного животного_________________________________________________________ Ветеринариялық паспорт берілген топтағы (отардағы) жануарлар саны (ұсақ мал мен шошқа тобына (отарына) ветеринариялық паспорт берілген кезде)/ Количество животных в группе (отаре), на которых выдан ветеринарный паспорт (при выдаче ветеринарного паспорта на группу (отару) мелкого рогатого скота и свиней)_____________________________________ Ауыл шаруашылығы жануары туралы деректер/Данные о сельскохозяйственном животном: Р/с № Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­а­ры­ның же­ке нө­мі­рі/Ин­ди­ви­ду­аль­ный но­мер сель­ско­хо­зяй­ствен­но­го жи­вот­но­го Жы­ны­сы /Пол Түci /Масть Аты /Клич­ка Жа­сы (ту­ған кү­ні) /Воз­раст (да­та рож­де­ния) Бiр­дей­лен­дi­ру әдici/Спо­соб иден­ти­фи­ка­ции Мал­дың ата-ене­сі ту­ра­лы де­ректер (асыл тұқым­ды жа­ну­ар үшін)** /Дан­ные о ро­ди­те­лях (для пле­мен­но­го жи­вот­но­го)** Ене­сі­нің же­ке нө­мі­рі / Ин­ди­ви­ду­аль­ный но­мер ма­те­ри Берiлген күнi 20 __ жылғы __ _______/Дата выдачи __ _____ 20 _ года Электрондық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтында, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз. Проверить подлинность электронного документа Вы можете на сайте egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала «электронного правительства». Бұл құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе. Ескертпе/ Примечание: * ветеринариялық паспорттың нөмipi ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмiрiне сәйкес келедi. Ұсақ мал, шошқа тобына (отарына) ветеринариялық паспорт беру кезінде ветеринариялық паспорттың нөмірінде ауыл шаруашылығы жануарының тиісті түрінің жеке нөмірінің алғашқы төрт символы көрсетіледі/Номер ветеринарного паспорта соответствует индивидуальному номеру сельскохозяйственного животного. При выдаче ветеринарного паспорта на группу (отару) мелкого рогатого скота, свиней в номере ветеринарного паспорта указываются первые четыре символа индивидуального номера соответствующего вида сельскохозяйственного животного; ** асыл тұқымды жануардың жеке нөмірі/индивидуальный номер племенного животного.
Басқа 3
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына 3-қосымша Талдануы Таңба ең көбі алты символдан тұрады Мысалы: Жануардың жеке нөмірі β - бірінші және екінші символдар (міндітті емес) - жануар иесінің клеймосы; 1111=4 - жануардың реттік нөмірінің алғашқы сандары сомасы (соңғы екі санды қоспанда); 11 - жануардың реттік санының соңғы екі саны. Таңба: β 411 Келесі мысалдар: Жануардың жеке нөмірі β - бірінші және екінші символдар (міндетті емес), ауыл шаруашылығы жануары иесінің таңбасы; 9999=36– жануардың реттік нөмірінің алғашқы сандары сомасы (соңғы екі санды қоспанда); 10 – жануардың реттік санының соңғы екі саны. Таңба:β 3610 Жануардың жеке нөмірі KZC4000010 0 10 Таңба: β 10 Жануардың жеке нөмірі KZC4100000 1 00 Таңба:β 100 Жануардың жеке нөмірі KZC4000100 1 00 Таңба: β 100 Жануардың жеке нөмірі KZC4000101 1 01 Таңба: β 101 Жануардың жеке нөмірі KZC4000100 00 Таңба: β 100 Жануардың жеке нөмірі KZC4100100 2 00 Таңба: β 200 Жануардың жеке нөмірі KZC4000200 2 00 Таңба: β 200 Жануардың жеке нөмірі KZC4100200 3 00 Таңба: β 300 Жануардың жеке нөмірі KZC4999999 36 99 Таңба: β 3699
Басқа 3-1
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына 3-1-қосымша Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейінгі торайлардың бірдейлендіру нөмірі: Мысалы: Жануардың жеке нөмірі: мұнда: KZC3000000012 – торайдың енесінің бірдейлендіру нөмірі; 17 – торайдың туған жылының соңғы екі саны; 12 – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, шаруа және фермерлік қожалықтардағы мал бастарын шаруашылық ішіндегі есепке алуға сәйкес торайдың реттік нөмірі. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейінгі торайлардың татуировкасы: 17/12 мұнда: 17 – торайдың туған жылының соңғы екі саны; 12 – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, шаруа және фермерлік қожалықтардағы мал бастарын шаруашылық ішіндегі есепке алуға сәйкес торайдың реттік нөмірі.
Басқа 4
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына 4-қосымша Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) нысандары, мөлшерлері және сипаттамасы
Тарау 1. 1. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған сырғалардың нысандары мен мөлшері
1. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған сырғалардың нысандары мен мөлшері 1-сурет. Ірі жануарларға (ірі қара мал, түйе) арналған құлаққа ілетін аспалы сырға 2-сурет. Ұсақ жануарларға (ұсақ мал, шошқа) арналған құлаққа ілетін аспалы сырға
Тарау 2. 2. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) сипаттамасы
2. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) сипаттамасы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) сертификатталған өнімі Жануарлар туралы жазбалар жүргізу жөніндегі халықаралық комитеттің (ICAR) интернет ресурсында көрсетілген өндірушілер дайындайды:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған сатып алынатын бұйымдар (құралдар) үлгілері – ірі жануарларға (ірі қара мал, түйелер) және ұсақ жануарларға (ұсақ қара мал, шошқалар) арналған аспалы сырғалар www.icar.org сайтында жануарлардың тиісті түрлері үшін ICAR сертификатталған  машина оқитын аспалы сырғалардың кестесінде жарияланады;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) үлгілері – радио жиілікті белгісі бар сырғалар, чиптер, болюстар www.icar.org сайтында ISO 11784 және ISO 11785 стандарттарына сәйкестігіне сертификатталған ICAR құрылғыларының RFID кестесінде жарияланады. Ірі және ұсақ ауыл шаруашылығы жануарларының құлағына ілінетін аспалы сырғалар мына сипаттамаларға ие: аспалы сырғаның конструкциясы жануарлардың құлағына бекіткеннен кейін, оған зиян келтірмейді; оларды қайта қолдануға болмайды; сырғаның артқы бөлігінің ішкі жағында қатты сақина тәріздес кертіктің ұшы және сырғаның беткі бөлігінің ішкі жағында құлақ сырғасын шешкен кезде оның бұзылуын қамтамасыз ететін тығыздағыш сақина болады; полимерлі материалдан жасалған және сыртқы әсерлерге төзімді; өшпейтін жазулары бар және жануардың бүкіл өмірі бойы оқылады; сары түсті. Ірі және ұсақ ауыл шаруашылығы жануарларының құлағына ілінетін аспалы сырғаларға мыналар жазылады: Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 3, 4-тармақтарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі аспалы сырғаның беткі бөлігінің сыртқы жағында, ауыл шаруашылығы жануарларының реттік нөмірі артқы бөліктің ішкі жағында; штрих-код аспалы сырғаның беткі бөлігінің сыртқы жағында. Штрих-кодта осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сандық кодты пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі он төрт символмен* кодталған. Жеке және реттік нөмірдің, штрих-кодтың орналасуы осы қосымшаның 1 және 2-суретерде көрсетілген; сырғаның әрбір бөлігінде өндірушінің сауда маркасы (сауда белгісі) және өндірілген күні (айы, жылы). Ескертпе: * ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірінің он төрт символы мыналардан тұрады: алғашқы үш символ – Қазақстан Республикасының сандық коды (ISO – Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымға сәйкес Қазақстан Республикасының коды - 398); төртінші және бесінші символдар – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың сандық коды; алтыншы символ – ауыл шаруашылығы жануары түрінің сандық коды; жетіден он төртіншіге дейінгі символдар – ауыл шаруашылығы жануарының реттік нөмірі. Сырғалардағы радиожиіліктің белгілері, чиптер мен болюстер ISO 11784 және ISO 11785 халықаралық стандтарттарына сәйкес келеді. Таңбалардың мөлшері: ересек ауыл шаруашылығы жануары үшін – биіктігі 8 см-ден, ені 5 см-ден; жас төлдер үшін биіктігі - 5 см-ден, ені 3 см-ден аспайды. Ыстық таңбалауға арналған таңбаны ені 18-30 мм, қалыңдығы 3 мм беті тегіс жалпақ темірден дайындайды. Суықпен таңбалау кезінде сандардың стандартты мөлшері пайдаланылады.
Басқа 5. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы ведомость
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына 5-қосымша Нысан Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы ведомость Р/с № Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­а­ры ти­е­сі­лі же­ке тұл­ға­ның аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі неме­се заң­ды тұл­ға­ның ата­уы Ие­сі­нің ме­кен-жайы Жа­ну­ар­лар өсі­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­тын өн­ді­ріс объ­ек­ті­сі­нің есеп­тік нө­мі­рі Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ту­ра­лы де­ректер Қай­та­лап бір­дей­лен­ді­ру Ес­керт­пе Бір­дей­лен­ді­ру жүр­гі­зі­л­ген күн Же­ке нө­мі­рі Ене­сі­нің же­ке нө­мі­рі Бір­дей­лен­ді­ру әді­сі Тү­рі Жы­ны­сы Тұқы­мы Тү­сі Аты Жа­сы (ту­ған кү­ні) Ал­дың­ғы бір­дей­лен­ді­ру нө­мі­рі Қай­та­лап бір­дей­лен­ді­ру се­бе­бі Ведомость жасалған күн 20__ жылғы____ ___________ Ветеринариялық дәрігер ____________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы) Мөрдің орны
Басқа 5-1. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілмеу себептерін белгілеу туралы акт
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына 5-1-қосымша Нысан Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілмеу себептерін белгілеу туралы акт Мынадай құрамдағы:___________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (комиссия мүшесінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы) комиссия ауыл шаруашылығы жануары иесінің не оның өкілінің қатысуымен __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/ заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілмеу себептерін белгілеу туралы осы актіні жасады. Ауыл шаруашылығы жануарлары иесінің мекенжайы ____________________ __________________________________________________________________ Жануар туралы мәліметтер: Түрі ______________________________________________________________ Жынысы __________________________________________________________ Тұқымы (асыл тұқымды жануар ұшін) _________________________________ Ата-аналары туралы деректер (асыл тұқымды жануар үшін)_______________ __________________________________________________________________ Түсі ______________________________________________________________ Жасы (туған күні) ___________________________________________________ Ауыл шаруашылығы жануарларының саны _____________________________ Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілмеу себептері, мән-жайлары, ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша басқа да мәліметтер (бұрын бірдейлендіру жүргізілді ме, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) жоғалу жағдайларын болдырмау мақсатында, бірдейлендірілмеген жануарлардың шығу тегі): __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Комиссия мүшелері: 1. ___________________________________________________ ______________ 2. ___________________________________________________ ______________ 3. ___________________________________________________ ______________ (комиссия мүшелерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы) (қолы) Иесі/Өкілі __________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ) (қолы)
Басқа 6. Өтініш
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына 6-қосымша Нысан Кімге _____________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құрған ветеринариялық ұйымның атауы) Кімнен ______________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты ( бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/заңды тұлғаның атауы, бизнес- сәйкестендіру нөмірі) Мекенжайы ______________________ Өтініш _________________________________________________________________________________ _________________ байланысты ветеринариялық паспорт беруіңізді сұраймын. (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу нәтижелері немесе ветеринариялық паспорттың жоғалғаны немесе бүлінгені немесе берілген ветеринариялық паспортта көрсетілген деректердің (мәліметтердің) өзгергені бойынша көрсету) Ауыл шаруашылығы жануарының түрі _______________________________________________ Ауыл шаруашылығы жануар(лар)ының жеке нөмір(лер)і ________________________________ ______________________________________________________________________________________ Ветеринариялық паспортты беру тәсілі _______________________________________________ ______________________________________________________________________________________ (ұсақ жануарлар үшін – жануарға жеке немесе жануарлар тобына (отарына) жеке көрсету) Байланыс телефондары ________________ Электрондық мекенжайы (болған жағдайда) ______________________________________________________________________________________ Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін. Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы _______________________________________________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Күні___________________
Басқа 6-1. «Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына 6-1-қосымша «Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры құр­ған мем­ле­кет­тік ве­те­ри­на­ри­я­лық ұй­ым­дар (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші). 2 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру тә­сіл­де­рі Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші; 2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі 1) ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт бер­ген­де – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де; 2) ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт­тан үзін­ді-кө­шір­ме бер­ген­де – 30 (отыз) ми­нут ішін­де. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/ қа­ғаз тү­рін­де. 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт, ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт­тан үзін­ді-кө­шір­ме не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту бе­ру. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Те­гін. 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші жұ­мыс уа­қы­ты­ның бел­гі­лен­ген ұз­ақ­тығ­ы­нан тыс құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру­ді жұ­мыс уа­қы­ты­ның гра­фи­гіне сәй­кес бел­гі­лей­ді; 2) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры­ның www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жү­гін­ген кез­де: 1) ны­сан бой­ын­ша өті­ніш; 2) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат және (неме­се) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы өкі­лі­нің өкі­лет­тікте­рін рас­тай­тын құ­жат (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін та­лап еті­ле­ді) не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін); Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер пор­тал­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы бір рет­тік құ­пи­я­сө­зді бе­ру жо­лы­мен неме­се пор­тал ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру жо­лы­мен ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, цифр­лық құ­жат­тар­ды іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен ала­ды. пор­тал­ға: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш. Же­ке тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу (қай­та тір­кеу), да­ра кә­сіп­кер­ді тір­кеу ту­ра­лы не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­мет­ті ба­стау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алы­нуы мүм­кін құ­жат­тар­ды та­лап ету­ге жол бе­ріл­мей­ді. 9 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 30 қаң­тар­да­ғы № 7-1/68 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 11127 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бір­дей­лен­ді­ру қа­ғи­да­ла­рын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі; 3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы; 4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді. Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік құ­пи­я­сө­зді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­ме­ті­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры: 8 (7172) 701 998, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 6-2. Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына 6-2-қосымша Нысан Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту Сіздің 20 ___ жылғы ________ № __________ өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды. _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________. (бас тартуға негіздеме) _________________________________________________________________________________________ (қол қоюшының лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы / электрондық цифрлық қолтаңба)
Басқа 7
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына 7-қосымша
Басқа 8. Өтініш
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына 8-қосымша Нысан Кімге______________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құрған ветеринариялық ұйымның атауы) кімнен_______________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты( бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/ заңды тұлғаның атауы, бизнес- сәйкестендіру нөмірі) Мекенжайы_______________________ Өтініш 20 __ жылғы «____» _______ № _____ ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме беруіңізді сұраймын. Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі ___________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Байланыс телефондары ______________ Электрондық мекенжайы (бар болса) ________________________________________________________________________________ Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін. Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы __________________________________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Күні___________________
Басқа 9. Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына 9-қосымша Нысан Берді/Выдан _________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құрған ветеринариялық ұйымның атауы / наименование ветеринарной организации, созданной местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы) Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме Выписка из ветеринарного паспорта 20 __ жылғы «____» _______ № _____ / №______ от «__» _____ 20 _ года. Ауыл шаруашылығы жануары иесiнiң аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі /Фамилия, имя, отчество (при наличии) или наименование владельца сельскохозяйственного животного, индивидуальный идентификационный номер или бизнес-идентификационный номер ____________________________________________ Ауыл шаруашылығы жануары иесінің мекенжайы/Адрес владельца сельскохозяйственного животного ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Ауыл шаруашылығы жануарының түpi/Вид сельскохозяйственного животного ____________________________________________________________________ Ауыл шаруашылығы жануары туралы деректер/Данные о сельскохозяйственном животном: Р/с № Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі/Индивидуальный номер сельскохозяйственного животного Жынысы /Пол Түci /Масть Аты /Кличка Жасы (туған күні) /Возраст (дата рождения) Бiрдейлендiру әдici/Способ идентификации Малдың тегi туралы деректер (асыл тұқымды жануар үшін)* /Данные о родителях (для племенного животного)* Берiлген күнi 20 __ жылғы __ _______/Дата выдачи __ _____ 20 _ год Электрондық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтында, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз. Проверить подлинность электронного документа Вы можете на egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала «электронного правительства». Бұл құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе. Ескертпе/ Примечание: * асыл тұқымды жануарлардың жеке нөмірі/индивидуальный номер племенных животных.