Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат Аксуского районного маслихата» Күшін жойған
Басқа 0
«Ақсу аудандық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының 65-тармағына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан мәслихаты аппаратының басшысы Үсенов Нұрбол Қаметқалиұлына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Ақсу аудандық мәслихатының 2015
жылғы «27» сәуірдегі «Ақсу аудандық
мәслихатының аппараты» мемлекеттік
мекемесінің Ережесін бекіту туралы»
№ 40-249 шешімімен бекітілген
қосымша
«Ақсу аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеме мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040100, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, № 5.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы Ереже «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудандық мәслихат пен оның органдарының қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихатпен қабылданатын шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихаттың және оның органдарының қызметі жөніндегі мәліметтерін, аудандық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілерін, сессия материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану үшін дайындау және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихаттың депутаттарына ұйымдастыру, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу;
Тармақша 3
3) тұрақты және уақытша комиссия отырыстарына қатысу, мәслихат шешімдерінің, комиссиялардың қорытындыларының және шешімдердің жобаларын әзірлеу мәселелерінде депутаттарға көмек көрсету;
Тармақша 4
4) нормативтік құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге рәсімдеу және ұсыну.
Тармақ 17
17. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға аудандық мәслихаттың құзырына кіретін мәселелер бойынша консультативтік - әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсету;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихат сессияларының, тұрақты және уақытша комиссиялары отырыстарының хаттамаларының жүргізілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 3. 3. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
3. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысын мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
Тармақ 20
20. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысының орынбасарлары жоқ.
Тармақ 21
21. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
Тармақша 2
2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
Тармақша 3
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
Тармақша 4
4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
Тармақша 6
6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
Тармақша 9
9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және
депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;
Тармақша 10
10) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
Тармақша 11
11) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
Тармақша 12
12) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.
«Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 22
22. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын мәслихат хатшысы басқарады.
Тарау 4. 4. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің мүлкi
4. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің мүлкi
Тармақ 23
23. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
«Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 24
24. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
Тармақ 25
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және тарату
5. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 26
26. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.