Об утверждении Типового договора организации регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты ____________ ____________________ (қала) (күні: күні, айы, жылы) Бұдан әрі «Ұйымдастырушы» деп аталатын ______________________________________________________________ атынан (жергілікті атқарушы органның немесе уәкілетті ұйымның атауы) _________________________________________________ негізінде әрекет ететін (құжаттың атауы) ____________________________________________________________________ (жергілікті атқарушы орган немесе уәкілетті ұйым өкілінің лауазымы) ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда) бір тараптан және бұдан әрі «Тасымалдаушы» деп аталатын ______________________________________________________________ атынан (заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы) _________________________________________________ негізінде әрекет ететін (құжаттың атауы) басшы ______________________________________________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда) екінші тараптан төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.
Тарау 1. 1-тарау. Шарттың мәні
1-тарау. Шарттың мәні
Тармақ 1
1. Ұйымдастырушы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың маршрутына қызмет көрсету құқығын береді, ал тасымалдаушы өзіне төменде көрсетілген маршруттар бойынша тасымалдарға қызмет көрсету жөніндегі міндеттерді қабылдайды. № Маршрут нөмiрi Маршруттың атауы Жұмыс істейтін автобустар, шағын автобустар, троллейбустар саны Маршруттың ұзақтығы километрмен
Тарау 2. 2-тарау. Тараптардың міндеттері
2-тарау. Тараптардың міндеттері
Тармақ 2
2. Тасымалдаушы:
Тармақша 1
1) рейс алдындағы (ауысым алдындағы) және міндетті техникалық қарап тексеруден өтпеген, сондай-ақ автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары жасалмаған автокөлік құралдарының маршрутқа шығуына жол бермеуге;
Тармақша 2
2) автокөлік құралдары жүргізушілеріне рейс алдында және рейстен кейін медициналық тексеру жүргізілуін, олардың еңбек және тынығу режимінің сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) багаждың сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын ақысыз тасымалдауды жүзеге асыруға немесе оларға жол ақысы бойынша өзге де жеңілдіктер беруге;
Тармақша 5
5) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршруттың барлық аялдама пункттерінде – өз бетінше не жолаушылар агенттіктері, автовокзалдар, автостанциялар және (немесе) жолаушыларға қызмет көрсету пункттері арқылы жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерін сатуды, оның ішінде жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерін тікелей және қайтар бағыттарға электронды түрде сатуды, сондай-ақ қайтарылуын қамтамасыз етуге, және олардың жолаушыларда болуын бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) жолаушылар және багаж тасымалының тарифтерін жариялауға, оларды шарттарда, жол құжатында (билетте) және багаж түбіртегінде тіркеуге;
Тармақша 7
7) жарияланған тарифтерді сақтауға және тарифтердің алдағы өзгеруі туралы жолаушыларды алдын-ала хабардар етуге;
Тармақша 8
8) тасымалдауларды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны белгілеуге;
Тармақша 9
9) маршруттың қызмет көрсетуіне осы маршрутқа қызмет көрсету құқығына арналған куәлікте көрсетілген негізгі құрамның автокөлік құралдарының кемінде жартысын қолдана отырып, тасымалдау үшін осы Шартта көзделген автобустардың, троллейбустардың және микроавтобустардың саны мен түрін (класын) пайдалануға;
Тармақша 10
10) маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың бекітілген маршрутын және қозғалыс кестесін сақтауға;
Тармақша 11
11) нақты уақыт режимінде тасымалдауды ұйымдастырушыға ақпарат бере отырып, автокөлік құралдарын спутниктік навигациялық жабдықтармен жарақтандыруға;
Тармақша 12
12) ұлттық стандарттарды сақтауға;
Тармақша 13
13) жолаушының қауiпсiздiгiн, оған қажетті қызмет ету жайлылығы және шарттары жасалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 14
14) маршрут (км) бойынша өткен жолға сүйеніп, қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақысының электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда Шарт қолданыста болған уақыт ішінде бағдардың бекітілген сызбанұсқасына сәйкес ____ километр көлемінде жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыруға;
Тармақша 15
15) маршрут (км) бойынша өткен жолға сүйеніп, қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақысының электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда автобустардың салонында жолақысын электрондық төлеу жүйесінің құрылғыларын, байланыс жабдықтарын, модемді, ақпараттандыру және диспетчерлеу жүйесін жарамды және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 3
3. Ұйымдастырушы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде осы Шартта көзделген маршруттың жолаушыларды отырғызудың және түсірудің белгіленген пункттерінің, оларға кіреберіс және кірме жолдарының болуын, безендірілуін және күтіп-ұсталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде осы Шартта көзделген маршруттың жүру жолында орналасқан автомобиль жолдарының жай-күйін, сондай-ақ олардың жайластырылуын жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың белгіленген қозғалыс кестесінің сақталуын, сондай-ақ осы Шарттың 4-тармағының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) Тасымалдаушыны жол жүрісі жағдайының, тасымалдың, маршруттар сызбасының және қозғалыс кестесінің өзгеруі туралы уақтылы хабардар етуге;
Тармақша 5
5) күнтізбелік он күн ішінде Тасымалдаушының маршруттарда туындайтын проблемалары бойынша өтінішін және тасымалдарды жетілдіру бойынша ұсыныстарын қарауға және оларды шешу үшін шаралар қабылдауға;
Тармақша 6
6) «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) көрсетілген есеп негізінде ай сайын субсидиялар төлемін жүзеге асыруға міндетті.
Тарау 3. 3-тарау. Маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту жөніндегі талаптар
3-тарау. Маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту жөніндегі талаптар
Тармақ 4
4. Тасымалдаушы осы Шарттың барлық қолданылу мерзіміне осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес маршрутта пайдаланылатын негізгі құрамдағы автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңартуға: осы Шарт жасалған күннен бастап екі жыл өткеннен кейін қалалық (ауылдық) және қала маңындағы маршруттарда; осы Шарт жасалған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін ауданішілік, ауданаралық (облысішілік қалааралық), облысаралық қалааралық маршруттарда. Осы тармақтың талаптары Тасымалдаушыға төтенше жағдай немесе карантин енгізуге байланысты оның жылжымалы құрамының мәжбүрлі бос тұрған кезеңінде қолданылмайды.
Тарау 4. 4-тарау. Тараптардың құқықтары
4-тарау. Тараптардың құқықтары
Тармақ 5
5. Тасымалдаушы жолаушылардың қоғамдық тәртіпті және «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 23-8) - тармақшасына сәйкес автомобиль көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларын сақтауын талап етуге құқылы.
Тармақ 6
6. Ұйымдастырушы осы Шарттың 8-тармағында көрсетілген елеулі талаптарының бұзылуын қоспағанда, осы Шарт талаптарының бұзылғаны анықталған кезде Тасымалдаушыны оларды осы Тасымалдаушыны хабардар еткен күннен бастап Ұйымдастырушы белгіленген кемінде он, бірақ жиырма күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жоюға міндеттеуге құқылы. Тасымалдаушы осы Шарттың талаптарының анықталған бұзушылықтарын Ұйымдастырушы белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, осы Шарт сот тәртібінде бұзылады.
Тарау 5. 5-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
5-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 7
7. Тасымалдаушымен осы Шарттың елеулі талаптары бұзылғаны үшін Ұйымдастырушы осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзады. Бұл ретте Ұйымдастырушы ол туралы Тасымалдаушыны күнтізбелік он күн бұрын алдын-ала хабардар етеді.
Тармақ 8
8. Осы Шарттың елеулі талаптарының бұзылуы:
Тармақша 1
1) осы Шарттың 8-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, маршрут тұрақтылығының төмендігі (күнтізбелік отыз күнде жетпіс пайыздан кем);
Тармақша 2
2) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттің орындалмауына байланысты тасымалдаушының кiнәсiнен адам өлiмi орын алған жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) болуы;
Тармақша 3
3) осы Шарттың 2-тармағы 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келмейтін автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды маршрутта бір жылда үш және одан көп рет пайдалану;
Тармақша 4
4) үшінші тараптарға маршрутта (маршруттарда) қызмет көрсету құқығын беру болып табылады;
Тармақша 5
5) жүргiзушiнiң (жүргізушілердің) кiнәсiнен бір маршрутта адам өлiмi болған жол-көлік оқиғасының (ЖКО) бір жыл ішінде үш және одан көп рет болуы;
Тармақша 6
6) осы Шарттың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Шарттың 4-тармағының талаптарын орындамау болып табылады.
Тармақ 8-1
8-1. Осы Шарттың 8-тармағының 1) және 6) тармақшаларының талаптары Тасымалдаушыға төтенше жағдай немесе карантин енгізуге байланысты оның жылжымалы құрамының мәжбүрлі бос тұрған кезеңінде қолданылмайды.
Тармақ 8-2
8-2. Әлеуметтік маңызы бар маршрутты субсидиялау көлемі айына осы маршрутты субсидиялау қажеттілігінің жалпы көлемінің жетпіс пайызынан астам болған кезде, маршруттың күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақтылығы осы маршрутты субсидиялау қажеттілігінің жалпы көлемінің айына субсидиялаудың нақты пайызына тең болады. Әлеуметтік маңызы бар маршрутқа қызмет көрсететін Тасымалдаушы осы тармақтың бірінші бөлігінің және (немесе) осы Шарттың 8-тармағы 1) тармақшасының талаптарын орындамаған кезде, осы Шарт сот тәртібінде бұзылады.
Тармақ 9
9. Субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастары тізбесіне кіретін маршрутқа қызмет көрсететін Тасымалдаушы осы Шарттың 4-тармағының талаптарын орындамаған жағдайда, осы Шарт сот тәртібінде бұзылады.
Тармақ 10
10. Осы Шарт Тасымалдаушының бастамасы бойынша бiр жақты тәртiппен бұзылған жағдайда, онда Тасымалдаушы ол туралы Ұйымдастырушыны күнтiзбелiк қырық бес күннен кешiктiрмей хабардар етедi.
Тармақ 11
11. Осы Шартты Ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімде дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталған кезде, бұл туралы тасымалдаушыны күнтізбелік он күн бұрын хабардар ете отырып, мерзімінен бұрын бұзады.
Тарау 6. 6-тарау. Шарттың ерекше талаптары және орындау тәртібі
6-тарау. Шарттың ерекше талаптары және орындау тәртібі
Тармақ 12
12. Осы Шартқа толықтырулар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 402-бабында көзделген тәртіппен жасалады және Шарттың ажырамас бөліктері болып табылады. Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған, уәкілетті өкілдер қол қойған және екі Тараптың да мөрімен (бар болса) куәландырылған толықтырулар Тараптар үшін жарамды және міндетті болып табылады.
Тармақ 13
13. Кестелер, маршруттар бойынша қозғалыстың кестесі және тарифтік кесте (қалааралық облысаралық маршруттардан басқа), сондай-ақ маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың типі (класы) мен саны осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес жеке қосымшада келтiрiледi және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 14
14. Осы Шарттың орындалуы жөніндегі барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Тармақ 15
15. Осы Шартта Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да талаптарды белгілеуі мүмкін.
Тармақ 16
16. Осы Шарт оған екі Тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар үшін міндетті болады.
Тармақ 17
17. Осы Шарт әр Тарап үшін бір-бірден бірдей заңды күші бар екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.
Тарау 7. 7-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
7-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
Тармақ 18
18. Осы Шарт кемінде үш жыл мерзімге жасалады: Қолданылуының басталуы _______________________       (күні: күні, айы, жылы) Қолданылуының аяқталуы _______________________ (күні: күні, айы, жылы)
Тармақ 19
19. Тасымалдаушы осы Шарттың 4-тармағының талаптарын сақтау кезінде, осы Шартқа өзгерістер және толықтырулар енгізу жолымен осы Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін күнтізбелік алпыс күннен кем емес берген Тасымалдаушының жазбаша өтініші негізінде осы Шарттың қолданылуы он жылға ұзартылады. Шарттың қолданылу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ұзартылған кезде, Ұйымдастырушы жыл сайын Шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тасымалдаушының жылжымалы құрамының осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкестігін осы маршрутқа қызмет көрсету құқығына арналған куәлікте көрсетілген негізгі құрамның автокөлік құралдарының пайдалану мерзімін және санын салыстыру арқылы растайды.
Тарау 8. 8-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары және деректемелері
8-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары және деректемелері Ұйымдастырушы                               Тасымалдаушы Қолы ________                                Қолы _______ М.О.                                            М.О.
Басқа 1
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгілік шартына 1-қосымша
Тармақ 1
1. Қалалық (ауылдық) және қала маңындағы маршруттарда пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту бойынша кесте Ав­то­бу­стар­ды, ша­ғын ав­то­бу­стар­ды, трол­лей­бу­стар­ды пай­да­ла­ну мер­зі­мі Ав­то­бу­стар, ша­ғын ав­то­бу­стар, трол­лей­бу­стар са­ны* 2-3 4-6 7-10 11-15 16-25 26-50 51 және одан көп 7 жы­л­ға дей­ін + + + + + + + 7 жыл­дан 12 жы­л­ға дей­ін 50% 25% 20% 20% 20% 20% 20% 12 жыл­дан 15 жы­л­ға дей­ін - 25% 25% 25% 24% 22% 21% 15 жыл­дан астам - - - 4% 6% 10% 15%
Тармақ 2
2. Ауданішілік, ауданаралық (қалааралық облысішілік), маршруттарда пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды жаңарту бойынша кесте Ав­то­бу­стар­ды, ша­ғын ав­то­бу­стар­ды, трол­лей­бу­стар­ды пай­да­ла­ну мер­зі­мі Ав­то­бу­стар, ша­ғын ав­то­бу­стар, трол­лей­бу­стар са­ны* 2-3 4-6 7-12 13-15 16-25 26-50 51 және одан көп 7 жы­л­ға дей­ін + + + + + + + 7 жыл­дан 12 жы­л­ға дей­ін 50% 40% 30% 30% 20% 20% 20% 12 жыл­дан 15 жы­л­ға дей­ін - 30% 25% 25% 24% 22% 21% 15 жыл­дан астам - - - 4% 6% 10% 15%
Басқа 1-3
3. Қалааралық облысаралық маршруттарда пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды жаңарту бойынша кесте Автобустарды, шағын автобустарды пайдалану мерзімі Автобустар, шағын автобустар саны* 2-3 4-6 7-10 11-15 16-25 26-50 51 және одан көп 10 жылға дейін + + + + + + + 10 жылдан 15 жылға дейін 50% 40% 30% 30% 20% 20% 20% 15 жылдан 18 жылға дейін 30% 30% 25% 25% 24% 22% 21% 18 жылдан астам - - - 4% 6% 10% 15% «+» - маршрутта автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалануға рұқсат етіледі; «-» - маршрутта автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалануға рұқсат етілмейді; * - автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың жалпы санынан белгіленген пайыздық мәндегі автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың санын анықтаған кезде мәні 0,5 және одан көп болса, саны ұлғаю жағына қарай анықталады (1 автобус, шағын автобус, троллейбус).
Басқа 2. Маршрут пен жол ақысы тарифтік кесте бойынша кестелерде қозғалыс схемаларында қамтылған, сондай-ақ маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың типі (класы) және саны жөніндегі ақпарат
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартына 2-қосымша Маршрут пен жол ақысы тарифтік кесте бойынша кестелерде қозғалыс схемаларында қамтылған, сондай-ақ маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың типі (класы) және саны жөніндегі ақпарат
Тармақ 1
1. Автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың кестелерінде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
Тармақша 1
1) маршруттың атауы;
Тармақша 2
2) аялдама пункттерінің атауы;
Тармақша 3
3) маршруттың ұзақтығы және аялдама пункттері арасындағы қашықтық;
Тармақша 4
4) рейс бойынша келу, тоқтап тұру, жөнелу, жүру уақыты, орташа жүру жылдамдығы бойынша бір бағытта және кері бөлу;
Тармақша 5
5) жылдық, тоқсандық, айлық, апталық немесе күндік өлшемдегі маршрутты жүзеге асыру мерзімділігі;
Тармақша 6
6) тасымалдаушының атауы;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні және оның аталған органның мөрімен расталып қол қойылған күні көрсетілген қолы.
Тармақ 2
2. Автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың қозғалыс сызбаларында мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
Тармақша 1
1) маршруттың атауы;
Тармақша 2
2) аялдама пункттердің атауы;
Тармақша 3
3) тасымалдаушының атауы;
Тармақша 4
4) қауіпті учаскелер және олардың сипаттамасы;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні және оның аталған органның мөрімен расталып қол қойылған күні көрсетілген қолы.
Тармақ 3
3. Тарифтiк кестеде (қалалық (ауылдық) маршруттардан басқасында) мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
Тармақша 1
1) маршруттың атауы;
Тармақша 2
2) аялдама пункттердің атауы;
Тармақша 3
3) тасымалдаушының атауы;
Тармақша 4
4) жолаушылардың жол жүру, багажды алып жүру және жолаушылардың жеңілдетілген жол жүру құны;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні және оның аталған органның мөрімен расталып күні көрсетілген қойылған қолы (қалааралық облысаралық маршруттардан басқасы).
Тармақ 4
4. Маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың типi (класы) бойынша ақпарат:
Тармақша 1
1) автобустың, троллейбустың және шағын автобустың мемлекеттік нөмірі;
Тармақша 2
2) автобустың, троллейбустың және шағын автобустың типi (класы);
Тармақша 3
3) автобустың, троллейбустың және шағын автобустың шығарылған жылы;
Тармақша 4
4) автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың саны.