О привлечении заемных финансовых средств акимом города Алматы для реализации проекта "Модернизация и реконструкция системы водоснабжения и водоотведения города Алматы" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Алматы қаласын сумен жабдықтау және сумен бөлу жүйелерiн жарақтандыру және қайта жаңарту" жобасын жүзеге асыру үшiн Алматы қаласының Әкiмi заемдық қаражаттарды алуы туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 ақпандағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148-II ҚРЗ, 1998 жылғы 1 шiлдедегi "Алматы қаласының айрықша мәртебесi туралы" N 258-I ҚРЗ заңдарына сәйкес II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Алматы қаласының Әкiмiне Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Алматы қаласын сумен жабдықтау және сумен бөлу жүйелерiн жарақтандыру және қайта жаңарту" жобасын жүзеге асыру мақсатында 27440000 ЕВРО-дан (жиырма жетi миллион төрт жүз қырық мың ЕВРО) аспайтын мөлшерде қаражатты заемға алуды жүзеге асыруға рұқсат етiлсiн.
Тармақ 2
2. Алматы қаласының 2001 жылға арналған бюджетiнде Алматы қаласын сумен жабдықтау және сумен бөлу жүйелерiн қайта жаңартуға республикалық бюджеттен 1221600000 (бiр миллиард екi жүз жиырма бiр миллион алты жүз мың) теңге сомасында республикалық бюджеттен несие қаржысын алу жайы қарастырылсын.
Тармақ 3
3. Алматы қаласының 2000-2016 жылдарға арналған бюджетiнде заимдарды қайтару және олар бойынша қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттемелердi өтеу кестесiне сәйкес (қосымшаға сәйкес) "Алматы суы" жабық акционерлiк қоғамына түскен ақша қаражаттарының есебiнен қаражат жайы қарастырылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономика және өндiрiстi дамыту мәселелерi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға (А.И.Шелипанов) және Алматы қаласының орынбасарлары Қ.Е. Жаңбыршин мен М.Т. Дұлқайыровқа жүктелсiн.
Басқа 5
II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты 2001 жылғы 4 сәуiрдегi IХ-сессиясының шешiмiне қосымша Алматы қаласының сумен жабдықтау және су өткiзу жүйесiн жаңалау және қалпына келтiру жобасы бойынша француз заимын өтеу КЕСТЕСI (ЕВРО мен)