О привлечении займа Азиатского Банка Развития для финансирования проекта реконструкции дороги регионального значения Алматы-Бишкек (Казахстанский компонент) Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аймақтық маңызы бар Алматы-Бішкек жолын қайта жаңарту жобасын (Қазақстандық құрамдас бөлігі) қаржыландыру үшін Азия Даму Банкінің заемын тарту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Аймақтық маңызы бар Алматы-Бішкек жолын қайта жаңарту жобасын (Қазақстандық құрамдас бөлігі) (бұдан әрі - жоба) қаржыландыру үшін 52 000 000 (елу екі миллион) АҚШ доллары сомасына заем туралы келісім жасасу нысанында Азия Даму Банкінің (бұдан әрі - несие беруші) заемын тарту мақұлдансын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан несие берушімен заем туралы тиісті келісім жасассын. 3. "Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963 P001963_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 631-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына 2-қосымшада: "Көлік және байланыс" салалық секторында, реттік нөмірі 52-жолда: "Барлығы" деген жолдағы: 6-бағандағы "112,87" деген сан "99,87" деген санмен ауыстырылсын; 11-бағандағы "100,17" деген сан "87,17" деген санмен ауыстырылсын; "АДБ заемы" деген жолдағы: 6-бағандағы "65,00" деген сан "52,00" деген санмен ауыстырылсын; 11-бағандағы "59,50" деген сан "46,50" деген санмен ауыстырылсын; жиынтық бөлімде: "Барлығы" деген жолдағы: 6-бағандағы "2532,43" деген сан "2519,43" деген санмен ауыстырылсын; 11-бағандағы "913,94" деген сан "900,94" деген санмен ауыстырылсын; "Сыртқы көздерден барлығы" деген жолдағы: 6-бағандағы "2080,34" деген сан "2067,34" деген санмен ауыстырылсын; 11-бағандағы "789,08" деген сан "776,08" деген санмен ауыстырылсын; "заемдар" деген жолдағы: 6-бағандағы "1894,39" деген сан "1881,39" деген санмен ауыстырылсын; 11-бағандағы "763,81" деген сан "750,81" деген санмен ауыстырылсын; 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Мамандар: Багарова Ж.А., Жұманазарова А.Б.