Об утверждении Правил осуществления государственного учета чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера Қолданыста
Басқа 0
Табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды
жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағы 54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_________________ А. Мамытбеков
2015 жылғы « __ » _______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі
___________________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы « __ » _______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
________________ А. Сәрінжіпов
2015 жылғы « __ » ____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
___________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы « __ » ______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы « __ » _______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
____________ И. Тасмағамбетов
2015 жылғы « __ » ____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
___________________ Е. Ыдырысов
2015 жылғы « __ » _______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Е. Досаев
2015 жылғы « __ » ___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
___________________ В. Школьник
2015 жылғы « __ » _______________
Басқа 8. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды
мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 3 наурыздағы
№ 175 бұйрығымен
бекітілді
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды
мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды (бұдан әрі – ТЖ) мемлекеттік есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алу:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы ахуалды сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді қалыптастыруға және қорытындылауға;
Тармақша 2
2) есепке алу құжаттарында жалпы санына және аумаққа тиістілігіне, есепке алу өлшемінде ТЖ түрлерін және санын белгілеуге арналған.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) биологиялық қауіпті заттар – белгілі бір жағдайларда және белгілі бір шоғырлануы кезінде адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды әсер ететін, қолданылуы мен пайдаланылуы (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы) нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетін заттар;
Тармақша 2
2) геологиялық қауіпті құбылыс –геологиялық сипаттағы оқиға немесе қызметінің нәтижесі адамдардың, ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерге, экономика объектілері мен қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсер тудыратын немесе тудыруы мүмкін, жер қыртысында табиғи немесе геодинамикалық факторлардың немесе олардың үйлесімі әсерінен пайда болатын геологиялық процестер қызметінің нәтижесі;
Тармақша 3
3) геофизикалық құбылыс – геофизикалық сипаттағы оқиға немесе зақымдаушы үйлесімі тұрғындарға, ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерге, экономика объектілері мен қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсер туындайтын немесе туындауы мүмкін, әр түрлі геофизикалық факторлардың әсерінен немесе олардың үйлесімінен туындайтын жердің литосферасындағы, гидросферасындағы, атмосферасындағы процестер нәтижесі;
Тармақша 4
4) жарақат алған – еңбек қабiлетiн жоғалтуды немесе кемiнде бiр тәулiк мерзiмге емханаға жатқызудың қажеттігіне немесе алғашқы медициналық көмек көрсетiлгеннен кейiн амбулаториялық емдеу тағайындауға әкелген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай және (немесе) төтенше оқиға, өрттің қауіпті факторларының, сондай-ақ өрттің қауіпті факторларының екінші мәрте қайталануынан, авария, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен, жазатайым оқиға, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзала салдарынан дене жарақатын алған адам;
Тармақша 5
5) қауіпті құбылыс – биологиялық, геологиялық, геофизикалық, гидравликалық, метеорологиялық сипаттағы оқиға немесе адамдардың тіршілік әрекетіне, шаруашылық объектілері мен қоршаған табиғи ортаға қарқындылығы, таралу ауқымы мен ұзақтығына байланысты теріс әсер етуі мүмкін табиғи орта элементтерінің жай-күйі;
Тармақша 6
6) метеорологиялық құбылыс – адамдардың, ауыл шаруашылық жануарлары мен өсімдіктерге, экономика объектілері мен қоршаған табиғи ортаға зақымдайтын әсер тудыратын немесе тудыруы мүмкін атмосферада әртүрлі табиғи факторлардың немесе олардың үйлесімі әсерінен туындайтын табиғи процестер мен құбылыстар;
Тармақша 7
7) өрт кезiнде қаза тапқан – тiкелей өрт болған жерде немесе оқиға болған күнінен бастап 30 тәулiктiң iшiнде өрттің қауiпті факторларының әсерi салдарынан алынған дене зақымдарынан (жарақаттарынан), сондай-ақ өрттiң қауiптi факторларының екiншi рет қайталануынан қайтыс болған адам;
Тармақша 8
8) өрттен болған материалдық шығын – жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлкіне, өзге де негізгі қорларына, айналымдағы қаражатына, жеке мүлкіне келтірілген залалды қоса алғанда, егер олар өртке тікелей байланысты туындаған болса, жойылған және бүлінген материалдық құндылықтардың құндық мәні;
Тармақша 9
9) өрттiң қауiптi факторларының екiншi рет қайталануы – бүлiнген аппараттардың, агрегаттардың, қондырғылардың, конструкциялардың сынықтары, бөлiктерi, бүлiнген аппараттар мен қондырғылардан шыққан радиоактивтi және улы заттар мен материалдар, кернеудi конструкциялардың, аппараттардың, агрегаттардың тоқ өткізгіш бөлiктерiне шығарудың нәтижесiнде пайда болған электр тогы, өрттің салдарынан болған жарылыстың қауiптi факторлары, от сөндiрушi заттар;
Тармақша 10
10) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиға - аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, жазатайым оқиғаның, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан адамдардың құрбан болуына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан оқиға; ТЖ болып жіктелмейтін оқиға;
Тармақша 11
11) дүлей зілзала – нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін немесе төнген, қоршаған табиғи орта құрамының және материалдық құндылықтардың қирауы немесе жойылуы мүмкін жойқын табиғи құбылыс немесе айтарлықтай ауқымдағы процесс;
Тармақша 12
12) ТЖ мемлекеттік есепке алу – табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саны мен түрлері, сондай-ақ аумақтық белгілері бойынша тиесілілігі туралы мәліметтерді ведомстволық уәкілетті органдарда жинақтауға негізделген есепке алу жүйесі;
Тармақша 13
13) ТЖ фактілерін есепке алу негізі – кодтар беру арқылы (түрі, тобы, сыныбы) ТЖ бірыңғай тіркеу жүйесі;
Тармақша 14
14) тұтану – жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына зиян, адамдарға, қоғам мен мемлекет мүдделеріне материалдық нұқсан келтірмеген, бақыланбайтын жану;
Тармақша 15
15) улы газбен улану - адамдардың құрамында улы, химиялық қосылыстар бар жану өнімдерімен, өрт қауіпсіздігі және іштен жанатын қозғалтқыштардың шығарынды газдар талаптарының бұзылуына байланысты пештен жылытудан (каминдерден) және басқа да құрылғылардан (жану процесі жүзеге асырылатын) улануы;
Тармақша 16
16) шаруашылық жүргізу объектілері - өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық өндірісінің және қоғам қызметінің басқа да салаларының мүдделеріне пайдаланылатын ғимараттар, құрылыстар және басқа да құрылымдар;
Тармақша 17
17) эксаумақтық мәртебесi бар объектiлер – шетел мемлекеттерi дипломатиялық өкiлдiктерiнiң және консулдық мекемелерінің, егер осындай эксаумақтылық Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық шарттарда көзделсе, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық және өзге де ұйымдары өкiлдiктерiнiң аумақтары, үй-жайлары және автомобильдері. Егер осындай эксаумақтылық Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық шарттарда көзделсе, эксаумақтық мәртебесi дипломатиялық агенттердің, әкімшілік-техникалық консулдық лауазымды адамдардың, жоғарыда аталған ұйымдар қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй-жайларына және қызметтік автомобильдеріне қолданылады. Егер осындай эксаумақтылық Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық шарттарда көзделмесе, эксаумақтық мәртебесi дипломатиялық өкiлдiктердiң, консульдық мекемелердің қызмет көрсетушi персоналы мүшелерінің, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық және өзге де ұйымдар өкiлдiктерi қызметкерлерінің автомобильдеріне, тұрғын үй-жайларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік есепті жүргізу үшін табиғи және техногендік
сипаттағы ТЖ түрлері
2-тарау. Мемлекеттік есепті жүргізу үшін табиғи және техногендік
сипаттағы ТЖ түрлері
Тармақ 4
4. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар туралы ақпаратты қалыптастыру және жүйелендіру кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге тигізетін қатерлерді, қоршаған табиғи ортаға келтіретін зияндарды сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы пайдаланылады.
Табиғи сипаттағы ТЖ-ға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) геофизикалық құбылыстар: жер сілкінісі (Қазақстан Республикасының аумағында немесе шекара маңы (жақын) мемлекеттерде болған);
Тармақша 2
2) геологиялық қауіпті құбылыстар: сырғымалар, опырылулар, қорымтастар, тас құламалары, селдер, орман жыныстарының шөгуі;
Тармақша 3
3) метеорологиялық құбылыстар: күшті жел (құйындар мен дауылдарды қоса алғанда), шаңды (құмды) дауылдар, iрі бұршақ, нөсер жауын (нөсер), қалың қар, қатты борандар (қарлы борасындар), қатты көктайғақ, қатты аяз, қатты ыстық, қалың тұман, құрғақшылық, қатқақ, аңызақ жел, көшкін;
Тармақша 4
4) гидрологиялық қауіпті құбылыстар: судың жоғарғы деңгей (су басу), су толу, жаңбыр (қар) тасқыны, кептелістер мен сеңнің тоқтауы, жел айдаулары кезіндегі судың жоғарғы деңгейі, судың төменгі деңгейі;
Тармақша 4-1
4-1) гидрогеологиялық қауіпті құбылыстар: жер асты суларының төмен деңгейі, жер асты суларының жоғары деңгейі (су жайылу / су басу);
Тармақша 5
5) табиғи өрттер - орман өрттері, дала және орман алқаптарының өрттері, жанғыш пайдалы қазбалардың жерасты өрттері;
Тармақша 6
6) жұқпалы аурулар мен уланулар: жұқпалы аурулар;
Тармақша 7
7) адамдардың улануы: тамақтан улану, сәулелік зақымдалулар;
Тармақша 8
8) жануарлардың ауруы және өлімі;
Тармақша 9
9) өсімдіктердің ауруы мен жойылуы;
Тармақша 10
10) су айдындарындағы оқиғалар.
Техногендік сипаттағы ТЖ-ға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) көлік авариялары (апаттары): теміржол көлігінде; автожолдарда (автокөлікте); ішкі су көлігінде; теңіз көлігінде, магистральдық құбыр өткізгіштерде;
Тармақша 2
2) әуе апаттары мен инциденттері;
Тармақша 3
3) өрттер, жарылыстар:
тұрғын үй, әлеуметтік-тұрмыстық және өндірістік (өнеркәсіптік) мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарда, әкімшілік-қоғамдық ғимараттарда от және газдың кенеттен шашырауы;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілерде;
ашық кеңістіктерде, көшелерде, адам жаппай жиналатын орындарда (жер беті көлігінің аялдамалары, метро станциясынан шығаберістері, базарлар, көтерме базарлар, стадиондар, парктер және сол сияқты);
жанғыш жылыту материалдары бар жеңіл металл конструкцияларды қолдана отырып орындалған ғимараттар мен құрылыстарда;
автомобиль және теміржол көпірлері мен жолдары астындағы жерасты өтпелерінде;
ғибадат ғимараттары мен мекемелерінде;
мұнай және газконденсатты кен орындарында;
өнеркәсіп объектілерінде от пен газдың кенеттен шашырауы;
шахталарда, жерасты және тау-кен орындарында от пен газдың кенеттен шашырауы;
Тармақша 4
4) жарғыш құрылғыларды залалсыздандыру кезіндегі жарылыстар;
Тармақша 5
5) жарылғыш заттар немесе жарғыш құрылғыларды табу (жоғалту);
Тармақша 6
6) қалдықтарды, күшті әсер ететін улы заттарды шығаратын авариялар:
химиялық қауіпті объектілердегі;
су көлігіндегі;
автомобиль;
темір жол;
авиа апаттары және жердегі инциденттер;
Тармақша 7
7) күшті әсер ететін улы заттардың көздерін табу (жоғалту);
Тармақша 8
8) табиғи ортаның айтарлықтай жоғары ластануы: топырақтың, атмосфералық ауаның, теңіз (өзен) су бетінің ластануы;
Тармақша 9
9) радиоактивті заттарды шығаратын (шығару қаупі бар) авариялар:
АЭС, өндірістік және ғылыми-зерттеу мақсатындағы ядролық және радиациялық қондырғыларда радиоактивті заттарды шығаратын (шығару қаупі бар) авариялар;
радиоактивті заттарды табу (жоғалту);
кәсіпорындарда және ғылыми-зерттеу мекемелерінде (зертханаларда) биологиялық қауіпті заттарды шығаратын (шығару қаупі бар) авариялар;
биологиялық қауіпті заттарды шығаратын (шығару қаупі бар) көліктегі авариялар;
биологиялық қауіпті заттарды табу (жоғалту);
Тармақша 10
10) көлік коммуникациялары (көпірлердің, тоннельдердің және басқа да құрылыстардың), оның ішінде салынып жатқан элементтерінің кенеттен қирауы;
Тармақша 11
11) ғимараттар мен тұрғын үй, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени мақсаттағы құрылыстардың қирауы;
Тармақша 12
12) авариялар:
электр энергетикалық жүйелердегі;
тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріндегі опырылулар;
тазарту құрылыстарындағы;
Тармақша 13
13) гидродинамикалық авариялар: бөгеттердің бұзылуы (бөгендер, шлюздер, бөгеулер және тағы сол сияқты);
Тармақша 14
14) астрономиялық қауіпті құбылыстар:
аспан денелерінің құлауы;
ғарыштық ұшу аппараттары мен олардың сынықтарының құлауы;
жер төңірегінің ғарыш кеңістігіндегі радиациялық ахуалдың нашарлауы;
аномальды атмосфералық құбылыстардың пайда болуы.
Тармақ 5
5. Осы Қағидалардың 4-тармағында келтірілген көрсеткіштер табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ны мемлекеттік есепке алуға жатады.
Осы Қағидалардың 4-тармағында келтірілмеген жағдайлар ТЖ ретінде есепке алуға жатпайды.
Тарау 3. 3-тарау. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ны
мемлекеттік есепке алу құжаттары
3-тарау. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ны
мемлекеттік есепке алу құжаттары
Тармақ 6
6. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік есептілік құжаттары:
Тармақша 1
1) жедел ақпарат – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары басшыларының қолы қойылып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға дереу немесе бекітілген уақыт аралығында азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының жедел кезекшілерінің қолы қойылып берілетін табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар және жағдайлар туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туралы ақпараттық карточка – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес уақтылы жедел ден қоюды қажет ететін адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарларға және өсімдіктерге қатер төндіретін, қоршаған табиғи ортаға залал келтіретін табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ өршуінің анықталған үрдістері туралы салалық бөліктегі жиынтық мәліметтер немесе ақпарат;
Тармақша 3
3) жедел есепке алу – халықты және мүдделі ұйымдарды уақтылы құлақтандыру, ахуалды нақтылау және талдау, басқарушылық шешімдерді қабылдау, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға аумақтық органдар, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары қол қойып берілетін, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар кезіндегі ахуалдың туындауы және өршу фактілері және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат;
Тармақша 4
4) табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ және оқиғалар туралы жедел мәлімдеме – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес дереу ден қоюды талап ететін, шұғыл міндеттерді шешу үшін қажет ақпарат: ТЖ фактісі немесе қатері және негізгі параметрлері туралы; халықты және аумақтарды қорғау бойынша бірінші кезекті шаралар туралы; авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу туралы; ТЖ жоюға жұмылдырылған күштер, құралдар және ресурстар туралы ақпарат;
Тармақша 5
5) арнайы журналдар – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары тіркейтін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды, оқиғаларды және өзге келіп түскен ақпаратты есепке алуға арналған журналдар;
Тармақша 6
6) комиссия мүшелері мен мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қолы қойылған және мөрмен расталған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 46 бұйрығымен бекітілген Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10325 болып тіркелген), ТЖ туындауына әкеп соққан аварияларды, зiлзалаларды және апаттарды тергеп-тексеру актiсi (болған төтенше жағдай, төтенше жағдай аймағының ауданы, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдалу және қирау дәрежесі мен сипаты, зардап шеккендер саны, залал мөлшері, төтенше жағдайды жою жөніндегі шаралар туралы негізгі мәліметтер көрсетіледі);
Тармақша 7
7) анықтамалар – болған төтенше жағдайдың, келтірілген залалдың және өзге де зардаптардың ауқымын растайтын мүдделі мемлекеттік органдардың басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған және мөрмен куәландырылған қорытынды;
Тармақша 8
8) өрт туралы актілер - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органның қызметкері басшылық жасайтын комиссия әрбір өртке оны жойғаннан кейін бір тәулік ішінде жасайды. Комиссия құрамына ТЖ-дан зардап шеккен заңды тұлға өкілі немесе жеке тұлғалар және басқа да мүдделі адамдар кіреді. Өрт сөндіру бөлімшелері шақыртылмаған және хабарлама (ауызша немесе жазбаша) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына зардап шегушіден, сақтандыру ұйымдарынан немесе басқа да көздерден түскен өрт туралы актіні ақпарат алынған уақыттан бастап екі тәуліктен кешіктірілмей сол құрамдағы комиссия Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15430 болып тіркелген) Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес кемінде екі данада жасайды.
Акті оған комиссия қол қойғаннан кейін өрт фактісі бойынша тексеріс жүргізген органда қалады. Өрт салдарынан келтірілген материалдық залал сомасы және оның туындау себептері жөнінде деректер болмаған кезде бұл мәліметтер 30 тәуліктен кешіктірілмей қорытынды (өрт сынақ зерттеу зертханасы), сараптама (өрт-техникалық), не ұйымның бухгалтерлік есептілік құжаттары, сақтандыру ұйымдары мәліметтері, сот органдары шешімдерінен үзінділер немесе мүлік иелерінің құжаттары ұсынылғаннан кейін толтырылады. Өрт туралы актінің көшірмесі мүлік иелері мен өрттен зардап шеккендерге өтініш бойынша сот органдарына шығынды өтеу, құжаттарды қалпына келтіру мәселелері бойынша жүгіну үшін, сондай-ақ сот органдарының жазбаша сұрау салулары бойынша беріледі.
Тарау 4. 4-тарау. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туралы
ақпаратты беру және оны жинау
4-тарау. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туралы
ақпаратты беру және оны жинау
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ фактілері бойынша құзыреті шегіндегі тоқсан сайынғы нақтыланған ақпаратты:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (жарылыстар, өрт туралы, оқ-дәрі және әскери үлгідегі жару қондырғыларын табу);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (ауыл шаруашылығы жануарларының аурулары мен улануы, ауылшаруашылығы өсімдіктерінің аурулар және зиянкестермен зақымдануы туралы);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі (темір жол, су көлігіндегі, автожолдардағы, әуе кемесінде болған авариялар, авиаапаттар және көлік коммуникациялары элементтерінің қирауы туралы);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (коммуналдық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріндегі авариялар туралы);
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (электроэнергетика жүйелеріндегі, кәсіпорындар мен магистрал құбыржолдарын, мұнай, мұнай-газ және газконденсатты кен орындарындағы өрттер, жарылыстар, авариялар туралы,);
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (өндірістік және ғылыми-зерттеу мақсатындағы ядролық және радиациялық қондырғылардағы радиоактивті заттарды шығаратын авариялар, радиоактивті заттарды табу (жоғалту) туралы);
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (ТЖ медициналық-санитариялық салдарының туындау қатері және (немесе) туындауы, адамдардың қауіпті инфекциялық аурулары мен уланулары туралы);
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі (орман өрттері, ормандардың аурулар және зиянкестермен зақымдануы, жабайы жануарлардың аурулары мен өлімі, балықтардың жаппай қырылуы, экологиялық жағдайлар, атмосфералық ауаның, топырақтың, жерүсті теңіз және өзен суларының ластануы, қоршаған ортаның радиоактивті ластануы туралы);
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі (бөгеттердің (бөгендердің, шлюздердің, бөгеулердің) бұзылулары мен гидрогеологиялық құбылыстар туралы);
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (қауіпті метеорологиялық және гидрологиялық құбылыстар, қоршаған ортаның ластануы туралы);
Тармақша 11
11) «Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (жер сілкіністері туралы);
Тармақша 12
12) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (өндірістегі жазатайым оқиғалар мен авариялардан зардап шеккендер, дала өрттері, дәнді және басқа да дақылдардың егінді алқабының жануы туралы) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 8
8. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел кезекші-диспетчерлік қызметтері өз құзыреті шегінде өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдардан табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, оқиғалар саласындағы ақпаратты сұратады және алады.
Тармақ 9
9. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, оқиғалар қаупі төну және/немесе туындау фактісі жағдайында ақпаратты:
Тармақша 1
1) аумақтық органдар, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға;
Тармақша 2
2) орталық атқарушы органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға дереу береді.
Тармақ 10
Тармақ 11
11. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, оқиғалар туралы ақпарат азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға барлық қолданыстағы құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету арналары мен байланыс жүйелері (түрлері) арқылы беріледі.
Тармақ 12
12. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, оқиғалардың қатері, туындауы немесе оларды жою туралы ақпаратты азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына:
жергілікті атқарушы органдар (облыстар, қалалар, аудандар, қала аудандары, ауылдар, ауыл округтері);
меншік нысандарына қарамастан ұйымдар тез арада байқаған сәттен бастап береді.
Өңірлік немесе жаһандық сипаттағы ТЖ қатері немесе олар туындаған жағдайда азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары ақпаратты тиісті аумақтың әкіміне, сондай-ақ шектесетін әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдеріне дереу береді.
Тарау 5. 5-тарау. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ
мемлекеттік есепке алуды жүргізу
5-тарау. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ
мемлекеттік есепке алуды жүргізу
Тармақ 13
13. ТЖ мынадай негізгі белгілер бойынша жіктеледі: туындау саласы, ведомстволық тиістілігі, ықтимал салдардың ауқымы.
ТЖ туындау саласы бойынша табиғи және техногендік болып бөлінеді.
Ведомстволық тиістілігі бойынша: құрылыста; өнеркәсіпте; аграрлық секторда, тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық салада; ауыл және орман шаруашылығында; көлікте және т. б. болатын жағдайларға бөлінеді.
Ауқымы бойынша объектілік, жергілікті, өңірлік, жаһандық болып бөлінеді.
Тармақ 14
14. Есепке алу негізі – табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғаларды бірыңғай тіркеу жүйесі.
Тармақша 1
1) ТЖ есепке алу мынадай кезеңдерден тұрады:
есептік құжаттарда ТЖ туралы мәліметтерді тіркеу;
жинақтау, өңдеу және алдыңғы ұқсас кезеңмен салыстыру, ТЖ көрсеткіштерін қорытындылау, ақпаратпен алмасу және салыстырып тексеру;
ТЖ туралы жиынтық құжаттарды жасау және оларды мемлекеттік билік институттарына, ұйымдарға, шет елдерге беру;
олардың негізінде талдау материалдарын қалыптастыру және мемлекеттік билік институттарына, ұйымдарға, шет елдерге ұсыну.
Тармақша 2
2) орталық және жергілікті атқарушы органдар, меншік нысандарына қарамастан ұйымдар азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға ТЖ-дан халық пен аумақтарды қорғау мәселелері бойынша ақпаратты белгіленген ақпарат критерийлеріне және ақпарат беру регламентіне сәйкес немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша береді;
Тармақша 3
3) табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қатері және туындау фактілері туралы ақпарат беру коммерциялық емес негізде байланыс, құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз етудің қолданыстағы арналары мен жүйелері (түрлері) бойынша бірінші кезектегі тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан, оқиғалардан халықты және аумақтарды қорғау саласында ақпарат:
болжанған және туындаған ТЖ және олардың зардаптары;
халықты және аумақтарды қорғау жөніндегі шаралар;
авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу;
жою үшін жұмылдырылған күштер мен құралдар;
алдын алу және жоюға арналған күштер мен құралдардың құрамы мен құрылымы;
жергілікті атқарушы органдар, меншік нысандарына қарамастан ұйымдар халықты және аумақтарды қорғау саласында өткізетін іс-шаралар;
жою үшін қаржы және материалдық ресурстарды құруы, болуы, пайдалануы және толықтырып отыруы туралы мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 16
16. Өрт ретінде есепке алынбайтын мына жағдайлардан басқа Қазақстан Республикасының аумағында болған барлық өрттер олардың туындаған уақыты мен орнына және зардаптарына қарамастан есепке алуға жатады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғаларына материалдық залал келтiрiлген немесе басқа да зардаптар болған жағдайларды қоспағанда, оларға келтiрiлген зардаптарға қарамастан эксаумақтық мәртебесi бар объектiлерде болған өрттер;
Тармақша 2
2) өрттiң пайда болуын тудырмайтын статикалық электр көзінің жарылыстары, жарқылдары мен разрядтары;
Тармақша 3
3) ашық аумақтар мен дала алқаптарындағы иесіз ғимараттар мен иесіз көлік құралдарының, құрғақ шөптің, жапырақтардың, терек ұлпасының, шабындық қалдықтарының, аңыздардың, сондай-ақ қоқыс төгетін жерлердегі, бос жерлердегі, үй-жайлар мен шаруашылық жүргізу объектілерінің аумақтарындағы, жол жиектеріндегі, жинауға арналған контейнерлік алаңдардағы, жинауға арналған контейнерлердегі (урналардағы), тұрғын үйлердің лифт шахталарындағы (лифтілеріндегі), тұрғын үйлердің қоқыс жинағыштарындағы (қоқыс құбырларындағы), тұрғын үйлердің баспалдақ торларындағы, тұрғын үйлердің жертөле және шатыр үй-жайларындағы қоқыстардың тұтанулары;
Тармақша 4
4) өндiрiстiң технологиялық процесінің ерекшелiктерiне (техникалық регламентке немесе басқа да техникалық құжаттамаға кiргiзiлген) немесе өнеркәсiптiк қондырғылар мен агрегаттардың, сондай-ақ үйді жылытуға арналған тұрмыстық пештердің жұмыс жағдайына байланысты жану жағдайлары;
Тармақша 5
5) заттарды қайта өңдеу, сапалық сипатын өзгерту мақсатында (кептiру, пiсiру, үтiктеу, қақтау, қуыру, балқыту және басқалары) отпен, жылумен немесе өзге де термиялық (жылулық) әсермен өңдеу нәтижесi ретiндегі жану жағдайлары;
Тармақша 6
6) электр жабдықтарындағы, тұрмыстық және өнеркәсiптiк электр аспаптарындағы жанудың аппараттан, агрегаттан және механизмнен тыс таралуын тудырмайтын электр желiлерiнiң қысқа тұйықталу жағдайлары;
Тармақша 7
7) тұрмыстық электр аспаптарының ақауы кезіндегі түтіндеу және тағам дайындау кезінде өрттің пайда болуын тудырмайтын күю жағдайлары;
Тармақша 8
8) өзін-өзі өлтіруге оқталу және өзін-өзі өртеу жолымен өлтіру жағдайлары, егер олар жанудың таралуын тудырмаса;
Тармақша 9
9) жол-көлік оқиғасы себебінен болған автокөлік құралдарының жану жағдайлары;
Тармақша 10
10) зардаптар мен залалсыз пирофорлық қосқыштардың өздігінен тұтану жағдайлары;
Тармақша 11
11) авиациялық, темір жол авариялары, террористік актілер, ұрыс қимылдары, құқық қорғау органдарының арнайы операциялары, жер сілкіністері себебінен өрттер;
Тармақша 12
12) тұтану жағдайлары.
Тармақ 17
17. Өрттен болатын материалдық шығынның есебі:
Тармақша 1
1) өрт болған ұйымдардың бухгалтерлік есептілік құжаттарының;
Тармақша 2
2) сақтандыру ұйымдары мәліметтерінің;
Тармақша 3
3) сот органдары шешімдері үзінді көшірмелерінің;
Тармақша 4
4) мүлік иелері құжаттарының негізінде жүзеге асырылады.
Өрттен келген материалдық шығын оны өтеу дәрежесіне қарамастан тікелей (туындаған өртке тікелей байланысты) және жанама залалдан (өрт сөндіруге, өрттің салдарын жоюға, объектінің жұмыс істеуін қалпына келтіруге арналған шығындар, сондай-ақ объектілердің тұрып қалуынан болатын шығындар және басқалар) құралады.
Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына өтейтiн жағдайларды қоспағанда, эксаумақтылық мәртебесі бар объектiлерге өрт нәтижесінде келтiрілген материалдық шығын есепке алынбайды.
Тарау 6. 6-тарау. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар кезінде зардап шеккендерді есепке алу
6-тарау. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар кезінде зардап шеккендерді есепке алу
Тармақ 18
18. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар кезінде барлық зардап шеккендер есепке алуға жатады (оның ішінде улы газбен улану, өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты (өрттің шығу фактілері жоқ)).
Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар бойынша және олардың салдарлары бойынша алғашқы деректерді қалыптастыру кезінде адамдардың қайтыс болуы және жарақаттануының барлық фактісі:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау ұйымдары ұсынатын Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сәйкес, қайтыс болу себептері туралы қорытындылар немесе жарақат алғанның сырқатнамасының үзінді көшірмелерінің негізінде есепке алынады;
Тармақша 2
2) 16-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген жағдайларда есепке алуға жатпайды және жазатайым оқиғалар, қасақана кісі өлтіруге (өзін-өзі өлтіруге) не қасақана өлтіруге (өзін-өзі өлтіруге) әрекет жасау болып саналады.
Тармақ 19
19. Бұдан бұрын табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар мен жағдайлар кезінде қайтыс болғандар ретінде есепке алынған, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар мен жағдайлар туындау сәтіне дейін адамдар өлімін сот сарапшылары анықтаған кезде көрсетілген адамдар табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар мен жағдайларда қайтыс болғандарды есепке алудың деректер базасынан алып тасталады.
Жолдағы немесе уақытша тұрақтардағы көлiк құралдарында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, оқиғалар кезінде қаза тапқан немесе жарақат алған адамдар табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар мен жағдайлар туындаған орны бойынша есепке алынады.
Тармақ 20
20. Денсаулық сақтау ұйымдары:
Тармақша 1
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, оқиғалар кезінде зардап шеккендер, медициналық көмек көрсетуге өтініш жасағандар немесе жеткізілгендер туралы, сондай-ақ алған жарақатынан қайтыс болғандар туралы ақпаратты азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына дереу ұсынады;
Тармақша 2
2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, оқиғалар бойынша тексеру жүргізетін лауазымды адамдардың сұрау салуы бойынша 3 тәулiктен кешiктiрмей Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сәйкес қайтыс болу себептері туралы қорытындыларды немесе жарақат алғанның сырқатнамасынан үзінділерді ұсынады.
Тарау 7. 7-тарау. Салыстыра тексеруді ұйымдастыру және жүргізу
7-тарау. Салыстыра тексеруді ұйымдастыру және жүргізу
Тармақ 21
21. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары жергілікті жерде тоқсан сайын мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық органдарымен ауыл шаруашылығы жануарларының аурулары мен улануы, ауылшаруашылығы өсімдіктерінің аурулар және зиянкестермен зақымдануы туралы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің аумақтық органдарымен темір жол, су көлігіндегі, автожолдардағы, әуе кемесінде болған авариялармен авиаапаттар, көлік коммуникациялары элементтерінің қирауы туралы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің аумақтық органдарымен коммуналдық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері туралы;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің аумақтық органдарымен электроэнергетика жүйелеріндегі өрт, жарылыстар, кәсіпорындар мен магистралды құбыр өткізгіш көлікте, мұнай, мұнай-газ және газконденсатты кен орындарындағы авариялар туралы;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің аумақтық органдарымен атом энергетикалық станцияларында, өндірістік және ғылыми-зерттеу мақсатындағы ядролық және радиациялық қондырғыларда радиоактивті заттарды шығаратын авариялар туралы;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аумақтық органдарымен ТЖ медициналық-санитариялық салдарының туындау қатері және (немесе) туындауы, адамдардың қауіпті жұқпалы аурулары мен уланулары туралы;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман өрттері, ормандардың аурулар және зиянкестермен зақымдануы, жабайы жануарлардың аурулары мен өлімі, балықтардың жаппай қырылуы, экологиялық жағдайлар, атмосфералық ауаның, топырақтың, жерүсті теңіз және өзен суларының ластануы, қоршаған ортаның радиоактивті ластануы туралы;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі (бөгеттердің (бөгендердің, шлюздердің, бөгеулердің) бұзылулары, гидрогеологиялық құбылыстар туралы;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен қауіпті метеорологиялық және гидрологиялық құбылыстар, қоршаған ортаның ластануы туралы;
Тармақша 10
10) «Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жер сілкіністері туралы (жер сілкіністері туралы);
Тармақша 11
11) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен авариялар нәтижесінде зардап шеккендер, дала өрттері, дәнді және басқа да дақылдардың егінді алқабының жануы, медициналық-санитариялық салдарының туындау қатері және (немесе) туындауы және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар мен жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдарды есепке алу бойынша мәліметтерді салыстыра тексеруді жүргізеді.
Басқа 1. Табиғи және техногендік сипаттағы
ТЖ туралы ақпараттық карточка
ТЖ коды (ТЖ сыныбы, тобы)
Табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайларды
мемлекеттік есепке алуды
жүзеге асыру қағидаларына
1 - қосымша
Табиғи және техногендік сипаттағы
ТЖ туралы ақпараттық карточка
ТЖ коды (ТЖ сыныбы, тобы)
№ р/с
1. Ақпараттық бөлім
Ескертпе
1
Карточканың нөмірі және түрі (күні): негізгі (бірінші), қосымша
2
ТЖ коды
3
ТЖ түрлері:
4
ТЖ туындаған күні (күні, айы, жылы)
5
Объектінің орналасқан жері
6
ТЖ орнынан бастап жақын өрт сөндіру бөліміне дейінгі ара қашықтығы, (км)
7
Төтенше жағдайлар туындаған жерден жақын жердегі елді мекенге дейінгі ара қашықтығы
2. ТЖ өршуі және оларды жою
8
Өрт сөндіру бөлімшелерінің шығуы:
9
Анықтау, хабарлау, бөлімшелердің шығу күні мен уақыты:
10
Шақыру: расталды, көрінеу жалған
11
АҚМЖ уәкілетті органы келгенге дейін жойылды: күні мен уақыты, ауданы
12
Желдің жылдамдығы мен бағыты
13
Оттың таралу жылдамдығы м/с
14
ТЖ оқшаулау:
15
ТЖ жою:
16
ТЖ өршуіне ықпал еткен жағдайлар:
3. ТЖ салдарлары
17
Қаза тапқан адамдар туралы мәліметтер:
18
Жарақат алған адамдар туралы мәліметтер:
19
Құтқарылғандар саны:
20
Эвакуацияланғандар саны:
21
Келтірілген материалдық шығын (мың теңге), барлығы:
22
Қырылған жануарлар (құстар), барлығы:
23
Құтқарылған жануарлар (құстар) саны
24
Жойылды, барлығы:
25
Зақымданды, барлығы:
26
Құтқарылған материалдық құндылықтар (мың теңге), барлығы:
27
Қираулардың, құлаулардың, зақымданулардың болуы және сипаты (сипаттау)
4. ТЖ жоюға арналған күштер мен құралдар
28
Жоюға жұмылдырылған, барлығы:
29
АҚМЖ уәкілетті органы
30
ТЖ жоюға арналған қосымша күш: АҚМЖ уәкілетті органы, басқа да мүдделі органдар
31
ТЖ жою штабы
32
ТЖ жою басшысы
33
ТЖ-ны жоюға арналған шығындар, теңге
5. Обьектінің сипаттамасы
34
Объектінің атауы (ұйымның мекен-жайы, БСН, телефон, факс және e-mail, басшының аты- жөні)
35
Меншік нысаны:
36
Конструктивтік ерекшеліктері:
37
Эвакуациялау жолдары:
38
Байқау, құлақтандыру, өрт сөндіру сигнализациясы, авария болған жағдайда байланыс және іс-қимылды қолдау жүйесінің болуы:
6. ТЖ тергеп-тексеру
39
СДТБТ АЕК-та қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты тіркеген орган
40
ТЖ-ға әкеліп соққан мән-жайлар мен себептер (сипаттамасы)
41
ТЖ аймағында қалған объектілер саны:
42
Кінәлі адамдар туралы мәліметтер
43
Тергеп-тексеру нәтижелері
44
Ірі өртті тергеп-тексеру бойынша үкіметтік комиссия құру туралы мәлімет
7. ТЖ тергеп-тексеру, жою нәтижелері бойынша қорытынды анықтама
(аналитикалық бөлім)
45
Болған ТЖ сипаттамасы
46
Инженерлік-инспекторлық құрам жүргізген жұмыс
47
Соңғы тактикалық оқу-жаттығулар, сабақтар туралы мәліметтер
48
Қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету туралы қабылданған шаралар
49
ТЖ пайда болуының ықтимал себептерін талдау
50
ТЖ жою басшылығындағы жағымды жақтар мен кемшіліктер
51
Болған ТЖ ауыртпашылықтарының алдын алу және азайту бойынша жүргізілген іс-шаралар
52
Жарақат алуға, өлімге ықпал еткен жағдайлар мен себептерді болдыртпау бойынша ұсынылатын іс-шаралар
53
Қорытынды, ұсыныстар, шаралар
54
Толтыру бойынша жауапты адамдар (аты-жөні, лауазымы, тел., орындаған күні)
Басқа 2. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар туралы жедел мәлімдеме
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайларды мемлекеттік есепке алуды
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша
Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар туралы жедел мәлімдеме
ТЖ _________ күні уақыты (жергілікті) ____________
Түрі (код болған жағдайда)_____________ туындаған орны (мекенжайы) _________________
Объект атауы ___________________________________________
Зардап шеккендер, жарақаттанғандар, қаза болғандар саны __________
Өлшемшарттары мен ауқымы ____________________________________
Шаруашылықтың басқа да салаларының жұмысына әсер етуі __________________
Жұмылдырылған күштер мен құралдардың саны ____________________
Қосымша тартылған күштер мен құралдардың саны _____________________
Өткізілген іс-шаралар туралы қысқаша ақпарат (уақыты, кезеңдері) _____
Салдарын жоюға басшылықты жүзеге асырған жедел штаб туралы ақпарат _____________
Мәлімдемеге қол қойған адамның лауазымы, тегі, аты-жөні____________________
Басқа 3. Өрт туралы акт
Табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайларды
мемлекеттік есепке алуды
жүзеге асыру қағидаларына
3 - қосымша
Өрт туралы акт