О миротворческой деятельности Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы Осы Заң Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық контингентінің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операцияларға (миссияларға) қатысуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) азаматтық персонал – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) жұмыскерлері, қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
Тармақша 2
2) әріптес мемлекеттер – Қазақстан Республикасымен бірлесіп бітімгершілік операцияға қатысатын мемлекеттер;
Тармақша 3
3) әскери персонал – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері;
Тармақша 4
4) бейбітшілікке мәжбүрлеу жөніндегі операция – Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) Жарғысына сәйкес бірлескен халықаралық мәжбүрлеу іс-қимылдарын жүргізуді көздейтін бітімгершілік операция түрлерінің бірі;
Тармақша 5
5) бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операция (миссия) (бұдан әрі – бітімгершілік операция) – болуы ықтимал немесе болып жатқан қарулы қақтығыс аймақтарындағы (аудандарындағы) ахуалды тұрақтандыру үшін БҰҰ Жарғысына сәйкес қолданылатын, бітімгершілік операциялар жүргізуге арналған мандатқа сәйкес жүзеге асырылатын және қақтығысты шешуге ықпал ететін жағдайларды жасауға және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға немесе қалпына келтіруге бағытталған, әскери және азаматтық персоналдың мақсаттары, міндеттері, орны мен уақыты бойынша өзара байланысты және келісілген іс-қимылдар жиынтығы;
Тармақша 6
6) бітімгершілік операцияға дайындық (бұдан әрі – бітімгершілік дайындық) – Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде оқу-жаттығулар жүргізуді, келіссөздер жүргізуді, алдын ала барлауды, жоспарлауды, ұлттық контингентті, оның ішінде әріптес мемлекеттердің қарулы күштерінің қатысуымен оқытуды, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді, жүктер мен ұлттық контингентті тасымалдауды, жедел штаб құруды қамтитын іс-шаралар кешені;
Тармақша 7
7) бітімгершілік операция жүргізуге арналған мандат (бұдан әрі – мандат) – БҰҰ Жарғысына сәйкес халықаралық ұйым қабылдаған және бітімгершілік операция жүргізуді регламенттейтін заңды құжат;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі (бұдан әрі – бітімгершілік қызмет) – әскери және (немесе) азаматтық персоналды пайдалана отырып, БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін, үшінші тараптың араласуы арқылы мемлекеттер арасындағы немесе мемлекет шегіндегі қарулы қақтығыстарды болғызбауға, тежеуге және тоқтатуға бағытталған және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға ықпал ететін құралдар мен әдістерді қамтитын шаралар жиынтығы, Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес гуманитарлық көмек көрсету;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының ұлттық контингенті (бұдан әрі – ұлттық контингент) – Қазақстан Республикасының әскери және (немесе) азаматтық персоналы.
Бап 2. 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңның күші бітімгершілік операцияға қатысатын (қатысқан), бірақ ұлттық контингенттің құрамына кірмейтін (кірмеген) адамдарға қолданылмайды.
Бап 3. 3-бап. Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызмет саласындағы заңнамасы
3-бап. Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызмет саласындағы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызмет саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Бап 4. 4-бап. Бітімгершілік қызметтің негізгі қағидаттары
4-бап. Бітімгершілік қызметтің негізгі қағидаттары Бітімгершілік қызметтің негізгі қағидаттары:
Тармақша 1
1) заңдылық;
Тармақша 2
2) халықаралық құқық нормаларының сақталуы;
Тармақша 3
3) турашылдық және бейтараптылық;
Тармақша 4
4) жергілікті халықтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің құрметтелуі;
Тармақша 5
5) бейбітшілікке мәжбүрлеу жөніндегі операцияларға қатысу жағдайларынан басқа, ұрыс қимылдарына қатыспау болып табылады.
Бап 5. 5-бап. Бітімгершілік қызметтің мақсаттары
5-бап. Бітімгершілік қызметтің мақсаттары Бітімгершілік қызметтің мақсаттары халықаралық қоғамдастыққа және шет мемлекеттерге (шет мемлекетке) мемлекеттер арасындағы немесе мемлекет шегіндегі қарулы қақтығыстарды болғызбауға, тежеуге және тоқтатуға жәрдем көрсету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес гуманитарлық көмек көрсету болып табылады.
Бап 6. 6-бап. Бітімгершілік қызметтің міндеттері
6-бап. Бітімгершілік қызметтің міндеттері Бітімгершілік қызметтің міндеттері:
Тармақша 1
1) тараптар келіспеушіліктерінің алдын алу, қақтығыстардың қарулы қақтығыстарға ұласуына жол бермеу, қақтығыс ауқымын шектеу;
Тармақша 2
2) күш көрсету іс-қимылдарын тоқтатуға дипломатиялық құралдармен және әдістермен жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) әскери персоналдың БҰҰ Жарғысына сәйкес бірлескен халықаралық мәжбүрлеу іс-қимылдарына қатысуы;
Тармақша 4
4) бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) аумақты және (немесе) халықты қарулы шабуылдан қорғау;
Тармақша 5
5) оқ атуды тоқтату шарттарының сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) қақтығысушы тараптарды ажырату, бөлімшелерді қарусыздандыру және тарату;
Тармақша 7
7) босқындар, ел ішінде уақытша орнын ауыстырған адамдар проблемаларын шешуге жәрдемдесу;
Тармақша 8
8) гуманитарлық көмек көрсету;
Тармақша 9
9) бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) инфрақұрылымды қалпына келтіру;
Тармақша 10
10) құқықтық тәртіпті, халықтың қауіпсіздігін және адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) мандатта көзделген өзге де міндеттер болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. БІТІМГЕРШІЛІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2-тарау. БІТІМГЕРШІЛІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Бап 7. 7-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті
7-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті Қазақстан Республикасының Президенті:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Құрылтайы отырысының қарауына бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін пайдалану туралы ұсыныс енгізеді;
Тармақша 2
2) ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуды аяқтауы туралы, ұлттық контингентті бітімгершілік операция жүргізу аймағынан (ауданынан) мерзімінен бұрын кері шақырту туралы, сондай-ақ шұғыл эвакуациялау туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 8. 8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президентіне қаржыландыру көздерін көрсете отырып, қажетті шығыстар туралы қорытындымен бірге әскери персоналдың бітімгершілік операцияға қатысуы туралы ұсыныс енгізеді;
Тармақша 2
2) азаматтық персоналдың ерікті негізде бітімгершілік операцияға қатысуы туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 3
3) мандатқа сәйкес азаматтық персоналдың құрамын, санын, міндеттерін, болу мерзімін және ауыстырылу, оларды бітімгершілік операция жүргізу орнына және кері қарай тасымалдау тәртібін айқындайды;
Тармақша 4
4) бітімгершілік операция жүргізу аймағына (ауданына) қарай ұлттық контингентті қосымша мүлікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуы үшін оны қаржыландыру көздерін көрсете отырып, қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 5
5) ұлттық контингентке сеніп тапсырылған мүлікті әріптес мемлекеттерге немесе қабылдаушы мемлекетке беру туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ оны есептен шығару тәртібін айқындайды;
Тармақша 6
6) бітімгершілік қызмет шеңберінде гуманитарлық көмек көрсету, ұлттық контингентті бітімгершілік операция жүргізу орнына жіберу және кері қайтару, ұлттық контингентті бітімгершілік операция жүргізу аймағынан (ауданынан) мерзімінен бұрын кері шақырту, шұғыл эвакуациялау және ұлттық контингент келтірген залалды өтеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақшалай қаражат бөледі;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының бітімгершілік операцияға қатысуға арналған шығыстарын халықаралық ұйымдар мен әріптес мемлекеттердің өтеуіне жататын мәселелерді шешеді;
Тармақша 8
8) бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын бекітеді;
Тармақша 9
9) ұлттық контингент құрамына әртүрлі мемлекеттік органдардан (ұйымдардан) әскери және азаматтық персоналды тарту кезінде бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларына сәйкес жедел штаб құрады;
Тармақша 10
10) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Бап 9. 9-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құзыреті
9-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құзыреті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
Тармақша 1
1) бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын әзірлейді, сондай-ақ оларды орындауды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) бітімгершілік операцияға дайындық жоспарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 3
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 10. 10-бап. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) құзыреті
10-бап. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) құзыреті
Тармақ 1
1. Ұлттық контингентті бітімгершілік операцияға қатысуға жіберуді жоспарлайтын мемлекеттік органдар (ұйымдар):
Тармақша 1
1) егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінде, Қазақстан Республикасының халықаралық шартында немесе мандатта өзгеше айқындалмаса, әскери және (немесе) азаматтық персоналды мүлікпен қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) бітімгершілік операцияға дайындық жоспарына сәйкес ұлттық контингентті бітімгершілік дайындықтан өтуге жібереді;
Тармақша 3
3) ұлттық контингентті бітімгершілік операция жүргізу орнына және кері қарай жібереді;
Тармақша 4
4) бітімгершілік операцияға қатысқан азаматтық персоналға осы Заңның 17-бабында көзделген жағдайларда және негіздерде біржолғы өтемақылар төлеуді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуының сыртқы саяси орындылығы туралы ұсыныс енгізеді, келіссөздер жүргізеді, бітімгершілік қызмет мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен және әріптес мемлекеттермен өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 3
3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұлттық контингентке сапар алдында, бітімгершілік операция жүргізу кезеңінде профилактикалық егулер, сондай-ақ бітімгершілік операциядан қайтып оралғаннан кейін оңалту іс-шараларын жүргізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Байланыс және көлік саласындағы уәкілетті орган ұлттық контингентін бітімгершілік операцияға қатысуға жіберу жоспарланған мемлекеттік органдарға (ұйымдарға) қолжетімді байланыс түрлерімен қамтамасыз етуге және ұлттық контингент пен жүктерді бітімгершілік операция жүргізу аймағына (ауданына) және кері қарай тасымалдауға жәрдемдеседі.
Тармақ 5
5. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган ұлттық контингент қатарындағы адам мертіккен, контузия алған, жарақаттанған, ауырған және қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеуді ұйымдастырады.
Тарау 3. 3-тарау. ҰЛТТЫҚ КОНТИНГЕНТТІ БІТІМГЕРШІЛІК ОПЕРАЦИЯҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ЖІБЕРУ
3-тарау. ҰЛТТЫҚ КОНТИНГЕНТТІ БІТІМГЕРШІЛІК ОПЕРАЦИЯҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ЖІБЕРУ
Бап 11. 11-бап. Ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуы туралы шешім қабылдау тәртібі
11-бап. Ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуы туралы шешім қабылдау тәртібі
Тармақ 1
1. Ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуы туралы мәселені қарау үшін халықаралық ұйымның шешімі және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт негіздер болып табылады.
Тармақ 2
2. Бітімгершілік операцияға әскери персоналдың қатысуы үшін:
Тармақша 1
1) сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне әскери персоналдың бітімгершілік операцияға қатысуының сыртқы саяси орындылығы туралы ұсыныс енгізеді, келіссөздер жүргізеді, бітімгершілік қызмет мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен және әріптес мемлекеттермен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 2
2) әскери персоналдың бітімгершілік операцияға қатысуының сыртқы саяси орындылығы туралы ұсыныс қолдау тапқан жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентіне қажетті шығыстар туралы қорытындымен, әскери персоналдың бітімгершілік операцияға қатысуы үшін оны қаржыландыру көздерін көрсете отырып, қосымша қаражат бөлу туралы шешімнің негіздемесімен бірге ұсыныс енгізеді. Ұсыныста бітімгершілік операция жүргізу аймағы (ауданы), міндеттер, жалпы саны, қару-жарақтың түрі мен құрамы, мүлік, бағыныстылық, болу мерзімі, ауыстыру тәртібі, шығару, бітімгершілік операция жүргізу орнына және кері қарай тасымалдау шарттары туралы мәліметтер, сондай-ақ нақты бітімгершілік операцияға байланысты басқа да ақпарат қамтылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабының 4) тармақшасына сәйкес қабылданады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірлескен отырысында қабылданған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешімнің негізінде әскери персоналды бітімгершілік операцияға қатысу үшін жібереді.
Тармақ 5
5. Бітімгершілік операцияға азаматтық персоналдың қатысуы үшін:
Тармақша 1
1) сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және басқа да мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келісу бойынша сыртқы саяси орындылығын қарау және халықаралық ұйымдармен және (немесе) аумағында бітімгершілік операция жүргізілетін әріптес мемлекеттермен келісу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне бітімгершілік операцияға азаматтық персоналдың қатысуы туралы ұсыныс енгізеді;
Тармақша 2
2) бітімгершілік операцияға азаматтық персоналдың қатысуы туралы ұсыныс қолдау тапқан жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтық персоналдың бітімгершілік операцияға қатысуы және қосымша қаражат бөлу туралы қаржыландыру көздерін, бітімгершілік операция жүргізу аймағы (ауданы), міндеттер, жалпы саны, мүлік, бағыныстылық, болу мерзімі, ауыстыру тәртібі, шығару, бітімгершілік операция жүргізу орнына және кері қарай тасымалдау шарттары туралы мәліметтерді, сондай-ақ нақты бітімгершілік операцияға байланысты басқа да ақпаратты көрсете отырып шешім қабылдайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары (ұйымдары) Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешімнің негізінде тиісті азаматтық персоналды бітімгершілік операцияға қатысу үшін жібереді.
Бап 12. 12-бап. Ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуды аяқтауына негіздер
12-бап. Ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуды аяқтауына негіздер
Тармақ 1
1. Ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуды аяқтауына мыналар негіздер болып табылады:
Тармақша 1
1) бітімгершілік операцияның аяқталуы;
Тармақша 2
2) бітімгершілік операцияға қатысу мерзімінің аяқталуы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының бітімгершілік операцияға одан әрі қатысуы орынсыз болатын халықаралық әскери-саяси ахуалдың өзгеруіне байланысты мерзімінен бұрын кері шақырту;
Тармақша 5
5) бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) қақтығыстың шиеленісуі мен қарқындылығы күрт өршіген жағдайда шұғыл эвакуациялау;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге де негіздер.
Тармақ 2
2. Ұлттық контингент бітімгершілік операция жүргізу аймағынан (ауданынан) үшінші елдерге шұғыл эвакуацияланған жағдайда, ұлттық контингенттің Қазақстан Республикасына келген күні бітімгершілік операцияға қатысу аяқталды деп есептеледі.
Бап 13. 13-бап. Ұлттық контингентті жасақтау және дайындау
13-бап. Ұлттық контингентті жасақтау және дайындау
Тармақ 1
1. Әскери персоналды жасақтау келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жатқан және бітімгершілік дайындықтан өткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері қатарынан ерікті негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Азаматтық персоналды жасақтау бітімгершілік дайындықтан өткен адамдар қатарынан ерікті негізде жүзеге асырылады. Ол штатында тұрған мемлекеттік органның (ұйымның) азаматтық персоналымен келісімшарт жасалады, онда бітімгершілік операцияға қатысу шарттары мен тәртібі жазылады. Келісімшарт нысаны бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларында белгіленеді.
Тармақ 3
3. Ұлттық контингентті бітімгершілік операцияға оқыту мен дайындау бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Бітімгершілік дайындық Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекіткен жоспар бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің базасында жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Бітімгершілік дайындықтан өтіп жатқан адамдардың бітімгершілік дайындық уақытында жалақысы мен жұмыс орны сақталады. Еңбекке ақы төлеуді, іссапар шығыстарын төлеуді оқудағы адам штатында тұрған мемлекеттік орган (ұйым) жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Бітімгершілік дайындықты қамтамасыз ету мақсатында азаматтық мамандарды және шет мемлекеттердің қарулы күштерінің бөлімшелерін тарта отырып, оқу-жаттығулар, курстар, семинарлар, тренингтер және басқа да іс-шаралар өткізілуі мүмкін.
Бап 14. 14-бап. Ұлттық контингентті материалдық-техникалық қамтамасыз ету
14-бап. Ұлттық контингентті материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Ұлттық контингентті материалдық-техникалық қамтамасыз етуді оны жіберетін мемлекеттік орган (ұйым) жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Ұлттық контингентті басқа мемлекеттік органда (ұйымда) бар мүлікпен қосымша материалдық-техникалық қамтамасыз ету қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі қосымша мүлікті бір мемлекеттік органнан (ұйымнан) басқа мемлекеттік органға (ұйымға) беру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдарда (ұйымдарда) қосымша мүлік болмаған жағдайда, мүлік осы Заңның 23-бабында көзделген қаражат есебінен сатып алынады.
Тарау 4. 4-тарау. ҰЛТТЫҚ КОНТИНГЕНТТІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ, ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
4-тарау. ҰЛТТЫҚ КОНТИНГЕНТТІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ, ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
Бап 15. 15-бап. Бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) медициналық қамтамасыз ету
15-бап. Бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) медициналық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) медициналық ұйымдар немесе бөлімшелер, медициналық жабдық болмаған кезде ұлттық контингентті бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) медициналық қамтамасыз ету халықаралық шарттар негізінде әріптес мемлекеттердің, болатын елдің медициналық ұйымдарында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) мамандандырылған медициналық ұйымдар болмаған кезде азаматтық персонал әскери персоналдың әскери-медициналық бөлімшелерінде өтеусіз медициналық қамтамасыз етіледі.
Бап 16. 16-бап. Ұлттық контингентті әлеуметтік қамсыздандыру
16-бап. Ұлттық контингентті әлеуметтік қамсыздандыру
Тармақ 1
1. Ұлттық контингент бітімгершілік операцияға қатысу кезеңінде үш еселенген ақшалай қамтылыммен (жалақымен) қамтамасыз етіледі. Еңбекке ақы төлеуді ұлттық контингент қатарындағы адамдар штатында тұрған мемлекеттік органдар (ұйымдар) жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Ұлттық контингент қатарындағы адам бітімгершілік операциядан қайтып оралғаннан кейін өзі жұмыскері, қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның (ұйымның) қаражаты есебінен кемінде күнтізбелік жеті күн, бірақ жиырма бір тәуліктен аспайтын мерзімге санаторий-курорттық емделуге жіберіледі.
Тармақ 3
3. Бітімгершілік операцияға қатысу кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операция жүргізу аймағына (ауданына) бару және кері қайту кезінде, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ұлттық контингент Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің қаражаты есебінен тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің Қазақстан Республикасы азаматының паспортына белгі қоюымен айқындалатын, Қазақстан Республикасынан кеткен және Қазақстан Республикасына келген кезден бастап есептелетін уақыт бітімгершілік операцияға қатысу кезеңі деп есептеледі. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының болуы міндетті емес елдерге кеткен кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күндер бітімгершілік операцияға қатысу кезеңі деп есептеледі.
Тармақ 4
4. Бітімгершілік операцияға қатысатын (қатысқан) әскери персоналды әлеуметтік қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Бейбітшілікке мәжбүрлеу жөніндегі операцияларға қатысатын әскери персоналға бітімгершілік операция аймағында (ауданында) болған кезеңі ұрыс қимылдарына қатысумен теңестіріледі.
Бап 17. 17-бап. Азаматтық персоналды әлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері
17-бап. Азаматтық персоналды әлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Бітімгершілік операцияға қатысатын (қатысқан) азаматтық персоналға бітімгершілік операциядан келгеннен кейін бір жыл ішінде ұзақтығы күнтізбелік он төрт күн қосымша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.
Тармақ 2
2. Бітімгершілік операцияға және бітімгершілік дайындыққа қатысу кезеңінде азаматтық персоналдың мемлекеттік органдағы (ұйымдағы) жұмыс орны сақталады.
Тармақ 3
3. Азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған), бітімгершілік операция кезеңінде мүгедектік белгіленген немесе мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайларда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен біржолғы өтемақы төлеу жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайларда, адамның бітімгершілік операцияға қатысуы аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін азаматтық персонал қатарындағы адамның мұрагерлеріне қаза тапқан (қайтыс болған) күні соңғы атқарған лауазымы бойынша бес жылдық жалақысы мөлшерінде біржолғы өтемақы төлеу жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Азаматтық персонал қатарындағы адамға бітімгершілік операцияға қатысу кезеңінде немесе бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде біржолғы өтемақы адамның бітімгершілік операцияға қатысуы аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін соңғы жұмыс орны (атқарған лауазымы) бойынша:
Тармақша 1
1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – отыз айлық жалақы;
Тармақша 2
2) екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – он сегіз айлық жалақы;
Тармақша 3
3) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға алты айлық жалақы мөлшерінде төленеді.
Тармақ 6
6. Егер азаматтық персонал қатарындағы адамның қаза табуы (қайтыс болуы) немесе оның мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы):
Тармақша 1
1) соттың заңды күшіне енген үкімі болған кезде өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу жағдайларын қоспағанда, өзіне-өзі қол жұмсау салдарынан;
Тармақша 2
2) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған кезде;
Тармақша 3
3) оның алкогольдік, есірткілік немесе өзгедей масаң күй туғызатын заттарды тұтынуы немесе қолдануы себебінен;
Тармақша 4
4) біржолғы өтемақы алу немесе міндеттерін орындаудан жалтару мақсатында өзіне қасақана қандай да бір дене зақымын (дене мүшесін зақымдау) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.
Тармақ 7
7. Азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операцияға қатысу кезеңінде мүгедектікке әкеп соқпаған ауыр мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда, оған – бір жарым айлық жалақысы, жеңіл мертіккенде жарты айлық жалақысы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
Тармақ 8
8. Бітімгершілік операцияға қатысу кезінде қаза тапқан немесе бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан адамның бітімгершілік операцияға қатысуы аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін қайтыс болған азаматтық персонал қатарындағы адамды жерлеу Қазақстан Республикасында оның туыстары таңдаған жерде жүргізіледі. Мәйітті жеткізуге әзірлеумен, мәйітті жеткізумен, жерлеумен, құлпытас дайындаумен және орнатумен байланысты барлық шығыстар азаматтық персонал жұмыскері, қызметкері болып табылған мемлекеттік органның (ұйымның) есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері үшін белгілеген мөлшерде жүзеге асырылады.
Бап 18. 18-бап. Ұлттық контингенттің құқықтары мен міндеттері
18-бап. Ұлттық контингенттің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Ұлттық контингент Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады. Бітімгершілік операцияда ұлттық контингенттің құқықтары мен бостандықтары болатын елдің заңдарымен, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен ғана шектеледі немесе кеңейтіледі.
Тармақ 2
2. Ұлттық контингент Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және болатын елдің заңдарын сақтауға, сондай-ақ жергілікті халықтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.
Тармақ 3
3. Әскери персоналға Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларында көзделген міндеттер жүктеледі. Бітімгершілік операциядағы міндеттер аясы мандатпен шектелуі немесе кеңейтілуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Ұлттық контингентке бітімгершілік операцияда атқарып отырған лауазымына сәйкес лауазымдық міндеттер жүктеледі.
Бап 19. 19-бап. Ұлттық контингенттің қару қолдануы
19-бап. Ұлттық контингенттің қару қолдануы Ұлттық контингенттің қару алып жүру және қолдану қағидалары Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларында, сондай-ақ мандатта, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады. Қару қолданған кезде ұлттық контингент айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдануға, ал қажет болған жағдайда, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге міндетті. Ұлттық контингент қатарындағы адам қару қолданылған әрбір жағдай туралы командирге (бастыққа) баяндайды.
Бап 20. 20-бап. Ұлттық контингенттің жауаптылығы
20-бап. Ұлттық контингенттің жауаптылығы Ұлттық контингент қылмыстары, теріс қылықтары және өзге де құқық бұзушылықтары үшін Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және тәртіптік жауаптылықта болады. Ұлттық контингент қатарындағы адам немесе адамдар тобы бітімгершілік операция кезеңінде оның (олардың) бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) одан әрі болуына жол бермейтін құқық бұзушылықтар жасаған кезде ауыстыру бойынша шығыстар аталған адамдардың қаражаты есебінен өтеледі, олар адамның немесе адамдар тобының Қазақстан Республикасынан бітімгершілік операция жүргізу орнына баруы және кері қайтуы бойынша шығыстарды қамтиды.
Бап 21. 21-бап. Бітімгершілік операция жүргізу аймағындағы (ауданындағы) юрисдикция
21-бап. Бітімгершілік операция жүргізу аймағындағы (ауданындағы) юрисдикция Бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) шетел азаматы ұлттық контингентке қатысты құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше ескерілмесе, болатын елдің заңдары қолданылады.
Бап 22. 22-бап. Бітімгершілік қызмет саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау
22-бап. Бітімгершілік қызмет саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау Бітімгершілік қызмет саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және ол уәкілеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.
Тарау 5. 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 23. 23-бап. Бітімгершілік қызметті қаржыландыру
23-бап. Бітімгершілік қызметті қаржыландыру
Тармақ 1
1. Бітімгершілік қызметті қаржыландыру:
Тармақша 1
1) жұмыскерлері, қызметкерлері бітімгершілік операцияға қатысуға жіберілетін мемлекеттік органдарды (ұйымдарды) ұстауға көзделген;
Тармақша 2
2) бітімгершілік қызметті қаржыландыру үшін немесе бітімгершілік операцияға жұмсалатын шығындарды толық немесе ішінара өтеу тәртібімен БҰҰ, өзге де халықаралық ұйымдар және әріптес мемлекеттер бөлетін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының бітімгершілік операцияға кететін шығындарын толық немесе ішінара өтеу тәртібімен БҰҰ, өзге де халықаралық ұйымдар және әріптес мемлекеттер бөлетін қаражат республикалық бюджет кірісіне түседі. Әскери персонал бергені үшін Қазақстан Республикасына БҰҰ тарапынан бөлінетін қаражат әскери қызметшілерге тікелей төлемдер жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің шотына түседі.
Бап 24. 24-бап. Бітімгершілік қызметте пайдаланылатын әскери мақсаттағы тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы экспорттау және импорттау
24-бап. Бітімгершілік қызметте пайдаланылатын әскери мақсаттағы тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы экспорттау және импорттау Ұлттық контингенттің жұмыс істеуі немесе бітімгершілік дайындықты жүргізу үшін қажетті әскери мақсаттағы тауарлардың экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 25. 25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.