Об утверждении Правил создания условий работодателями для прохождения профилактических медицинских осмотров лицам, подлежащим данным осмотрам в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и в системе обязательного социального медицинского страхования Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде профилактикалық медициналық қарап тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасауы қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 119) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде профилактикалық медициналық қарап тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін .
Тармақ 3
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары бұйрықты іске асыру бойынша жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде профилактикалық медициналық қарап тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасау қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 280 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде профилактикалық медициналық қарап тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде профилактикалық медициналық қарап тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасау қағидалары 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 119) тармақшасына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде профилактикалық медициналық қарап тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде профилактикалық медициналық, оның ішінде скринингілік қарап-тексеруді, осы қарап-тексеруге жататын халыққа жүргізудің (бұдан әрі – профилактикалық қарап-тексеру) негізгі мақсаты ауруларды ерте сатыда анықтау, аурулардың дамуын алдын алу, аурулардың туындауына ықпал ететін қауіп факторларының алдын алу, жұмыс істейтін халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту болып табылады.
Тармақ 3
3. Профилактикалық қарап-тексеруден өту үшін жағдай жасау жұмыс беруші мен жұмыскердің денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін ынталандыру мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Профилактикалық қарап-тексеруді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметтің осы түріне 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес лицензиясы бар денсаулық сақтау субьектілері жүргізеді.
Тармақ 5
5. Профилактикалық қарап-тексеруді амбулаториялық-емханалық көмекті (бұдан әрі – МСАК ұйымдары) ұсынатын медициналық ұйымдарда алғашқы медициналық-санитариялық буын мамандары жүргізеді: жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт дәрігер/педиатр, учаскелік мейіргер/жалпы практика мейіргері, фельдшер, акушер.
Тармақ 6
6. Профилактикалық қарап-тексеру:
Тармақша 1
1) медициналық пунктте;
Тармақша 2
2) фельдшерлік-акушерлік пунктте;
Тармақша 3
3) дәрігерлік амбулаторияда (Отбасы денсаулығы орталығында);
Тармақша 4
4) емханада жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Жұмыс істейтін халықты профилактикалық қарап-тексеруді ұйымдастыру МСАК ұйымдарының мынадай жұмыс кезеңдерінің жүзеге асыруын қамтиды:
Тармақша 1
1) аумақтық учаскеде кәсіпорын тізбесін қалыптастыруды;
Тармақша 2
2) «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген) профилактикалық қарап-тексеруге жататын халықтың нысаналы топтары туралы жұмыс берушіні хабардар ету;
Тармақша 3
3) МСАК ұйымдарында өту күні, уақыты және жұмыс беруші ұсынған деректер бойынша профилактикалық қарап-тексеруге жататын жұмыс істейтін халықтың тізімі көрсетілген кестені белгілеу;
Тармақша 4
4) жұмыс берушіге профилактикалық қарап-тексеруден өтпеген адамдар туралы ақпаратты жіберу;
Тармақша 5
5) жұмыс берушіге жүргізілген профилатикалық қарап-тексеруден кейін қосымша терең медициналық қарап-тексеруді, динамикалық бақылауды қажет ететін адамдар туралы ақпаратты жіберу.
Тармақ 8
8. МСАК ұйымдары профилактикалық қарап-тексеру кезеңіне және одан кейін:
Тармақша 1
1) жұмыс берушілерді және жұмыскерлерді саламатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың және қауіптің мінез-құлықтық факторларының профилактикасы мәселелері бойынша хабардар ету, консультация беру және оқыту;
Тармақша 2
2) жұмыс істеушілердің денсаулығын сақтау және дамыту әлеуеті мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, жұмыс істеушілердің денсаулығын сақтау бойынша үздік өндірістердің, үздік жұмыс берушілердің және т.б. үлгі көрсете білуді;
Тармақша 3
3) жүргізілген профилактикалық қарап-тексеру нәтижелері бойынша (ағымдағы жылда бір реттен көп емес) аурулардың қауіп факторларының бар болуымен жұмыс істейтін халықтың тобын қалыптастыруды және оны мониторингтеуді;
Тармақша 4
4) аурулардың қауіп факторларына адамдарды және МСАК деңгейінде саламатты өмір салтын насихаттау алгоритмдеріне сәйкес науқастарды профилактика әдістеріне, саламатты өмірді жүргізу дағдыларына оқытуды;
Тармақша 5
5) бейіндері бойынша «Денсаулық мектептері», жастар денсаулық орталықтары, егде жастағы адамдардың клубы жұмыстарын ұйымдастыруды;
Тармақша 6
6) аурулардың созылмалы түрлерімен ауыратын адамдарды диспансерлік есепке алуды және динамикалық бақылауды;
Тармақша 7
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген халыққа психологиялық көмекті және арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Профилактикалық қарап-тексеру жүргізетін МСАК ұйымдары профилактикалық қарап-тексеру жүргізу сапасына құқықтық жауапкершілікте болады.
Тарау 2. 2-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде профилактикалық медициналық қарап тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасау тәртібі
2-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде профилактикалық медициналық қарап тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасау тәртібі
Тармақ 10
10. Жұмыс істеуші халықтың профилактикалық қарап-тексеруден өтуі үшін, жұмыскерлердің профилактикалық қарап-тексеруден уақтылы өтуі үшін жағдай жасау мақсатында жұмыс беруші өндірісте жауапты адамды тағайындайды:
Тармақ 11
11. Жауапты адам:
Тармақша 1
1) профилактикалық қарап-тексеруге жататын жұмыскерлердің тізімін қалыптастырады;
Тармақша 2
2) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес жұмыс берушімен профилактикалық қарап-тексеруге жататын адамдардың тізімін келісіп, жұмыс істейтін халықтың бекітілу орны бойынша МСАК ұйымдарына жібереді;
Тармақша 3
3) профилактикалық қарап-тексеруден өту кестесін МСАК ұйымдарымен келіседі;
Тармақша 4
4) МСАК ұйымдарына және жұмыс істейтін халыққа жұмыс беруші бекіткен профилактикалық қарап-тексеруден өту кестесін мәлімет үшін жеткізеді;
Тармақша 5
5) жұмыскерлердің қарап-тексеруден өтуіне мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) жұмыс берушіге жұмыскерлердің профилактикалық қарап-тексеруден өту қорытындыларын ұсынады.
Тармақ 12
12. Жұмыс беруші жұмыс істейтін халықтың профилактикалық қарап-тексеруден өтуі үшін жағдай жасау мақсатында:
Тармақша 1
1) профилактикалық қарап-тексеруге жататын жұмыскерлердің тізімін МСАК ұйымдарымен келіседі;
Тармақша 2
2) профилактикалық қарап-тексеруден өту кестесін бекітеді;
Тармақша 3
3) жұмыскерлерге профилактикалық қарап-тексеруден өту уақытына оны жұмыстан босату арқылы профилактикалық қарап-тексеру; денсаулық үшін қауіп факторлары жөнінде (темекі өнімдерін тұтыну, алкогольді, нашақорлықты шектен тыс тұтыну, көп қозғалмайтын, дұрыс тамақтану және басқа саламатты өмір салтын жүргізу дағдылары жөнінде амбулаториялық-емханалық ұйымдар жанынан «денсаулық мектептері» туралы хабардар ету арқылы сауықтыру үшін жағдай жасайды;
Тармақша 4
4) жұмыс орнында саламатты өмір салтын жүргізуді ынталандыру бойынша іс-шараларды (міндетті өндірістік гимнастика сабақтары, «денені сергіту жаттығулары», тренажер залдарын құру, спорт кешендеріне абонементтер береді, психологиялық жүктемені түсіру кабинетін ұйымдастырады, таза ауыз суды жеткізу, тамақтануға арналған үй-жай) ұйымдастырады.
Тармақша 5
5) тұрақты профилактикалық қарап-тексеруден өту қажеттілігі туралы хабардар ету жұмысын тұрақты негізде жүргізеді;
Тармақша 6
6) жиі ауырмайтын, өндірістің атынан жарыстарға, бұқаралық спорт іс-шараларына қатысатын, өзінің денсаулығының әлеуетін қолдайтын адамдарға көтермелеу шараларын ұсынады.
Тармақ 13
13. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 155-бабына сәйкес Жұмыс берушілер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтпеген адамдарды жұмысқа жібермеуге тиіс.
Тармақ 14
14. Халықтың уақтылы профилактикалық қарап-тексеруден өтуін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар бақылайды.