О закреплении рыбохозяйственных водоемов и охотничьих угодий Күшін жойған
Басқа 0
Балықшаруашылық су айдындарын және аңшылық жерлерді бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 21.02.2005 № 63 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 23 қазандағы Жануарлар әлемін қорғау, көбейту және пайдалану туралы" Заңының 14-бабына сәйкес және тендерлік комиссияның 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 13; 2001 жылғы 9 сәуірдегі № 14 шешімдері негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Балық және аңшылық шаруашылықты кешенді жүргізу үшін Қостанай облысы Сарыкөл ауданының жерпайдалану шегіндегі 1 шақырым мөлшеріндегі қорғау аймағымен жер көлемі 1076 га Жақсыжаркөл көлінің бөлігі Қостанай қаласының «КазАгроКом» ЖШС қарамағында бекітіліп берілсін.
Тармақ 2
2. Кешенді балықшаруашьшығына пайдалану үшін мыналар бекітіліп берілсін: Алтынсарин ауданының жер көлемі 32,6 га Қазақ тоғаны, жер көлемі 16,5 Беляевский тоғаны Қостанай қаласындағы «Гиппократ» ЖШС-не;
Алтынсарин ауданың жер көлемі 36 га «Железнодорожный» (БАМ) тоғаны Олейник И. М.» шаруа қожалығына;
Қамысты ауданының жер көлемі 33 га Батпаққол көлі «Елібай» шаруа қожалығына;
Қостанай ауданының жер көлемі 20,3 га «Большой» тоғаны «Анищенко Н.М.» шаруа кожалығына;
Қостанай ауданының жер көлемі 13, 8 Русский тоғаны "Проценко Н.А." шаруа қожалығына;
Қостанай ауданының жер колемі 106,9 га «Лелечье» көлі мен жер көлемі 15 га «Станционное» көлі Қазақстан Республикасының азаматы Ю.Я. Ликинге;
Мендіқара ауданының жалпы жер көлемі 50 га «Зоново» көлі Қазақстан Республикасының азаматшасы Н. А. Коржавинаға;
Таран ауданың жалпы жер көлемі 9400 га Қаратомар су қоймасы балық кәсіпшілігін игеру үшін «Азия-Алтын-2000» ЖШС-не оның ішінде әуесқой және спорттық балық аулауды ұйымдастыру үшін жер көлемі 4700 га су қоймасы болімшесі;
Таран ауданының жер көлемі 66,9 га «Безымянный» тоғаны "Мақсат" аграрлық фирмасы ЖШС-не:
Ұзынкөл ауданының жер көлемі 59,7 га Қоскөл көлі, жер көлемі 41 га Ащыкөл (Безымянное) көлі Қазақстан Республикасының азаматы Б.Ж. Қарабаевқа;
Ұзынкөл ауданының жер көлемі 40,9 га Қаранкөл көлін Қазақстан Республикасының азаматы А.В. Буршинге;
Федоров ауданының жер көлемі 90 га Кіші Қоскөл көлін саласымен Қазақстан Республикасының азаматы А.В. Пановқа;
Таран ауданының жер көлемі 86,2 га Шөптікөл тоғанын Қазақстан Республикасының азаматы В.Н. Мешокқа.