Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сфере ветеринарии и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг) Күшін жойған
Басқа 0
Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б.Сұлтанов
21 сәуір 2015 жыл
Басқа 8
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 20 сәуірдегі
№ 7-1/351 бұйрығымен
бекітілген
Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет
түрлерін көрсету және олардың (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес әзірленді және ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың қолданысы «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес құрылған ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелерге таралады.
Тарау 2. 2. Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібі
2. Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібі
Тармақ 3
3. Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлері Заңның 35–бабы 2–тармағының 4) және 5) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелер мекеменің аумағында (үй-жайында) арнайы бөлінген жерде мынадай ақпаратты орналастырады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурста жариялайды:
Тармақша 1
1) ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелер көрсететін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) олардың ұсыну мерзімін көрсете отырып, өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерінің тізбесі;
Тармақша 2
2) қажетті құжаттардың тізімі (шарттар, түбіртектер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, көрсетілген қызметтердің/орындалған жұмыстардың актілері, фискальдық чектер), ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) арналған баға прейскуранты.
Тармақ 5
5. Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініші негізінде өз қызметіне сәйкес келетін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетеді.
Тармақ 6
6. Өтінішті және осы Қағидалардың 4–тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдауды мемлекеттік мекеменің жауапты адамы жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіге қабылдау туралы талон бере отырып, мемлекеттік мекеме тіркейді.
Тармақ 8
8. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлері мемлекеттік мекемеде белгіленген күн тәртібіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын ұсынылады.
Тармақ 9
9. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін ұсыну үшін оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жабдықталған құжаттарды толтыруға арналған орындар жасалады.
Тармақ 10
10. Қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалармен есеп айырысу мемлекеттік мекемелердің кассалары арқылы міндетті түрде фискалдық жадысы бар кассалық-бақылау машинасын қолданып және клинентке бақылау чегін бере отырып жүргізіледі, ақшасыз есеп айырысу мемлекеттік мекемелердің ағымдағы «Ақылы қызметтерден түсетін қаражат» шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Ақылы түрде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) алған жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік мекеме шот-фактура ұсынады.
Тармақ 12
12. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін қаражатқа салық салу тәртібі және салықтар мен алымдар бойынша жеңілдіктер беру Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 13
13. Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражат:
Тармақша 1
1) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру және ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін мемлекеттік мекеменің және оның филиалдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жарақтандыруға және ұстауға, негізгі құралдарды сатып алуға және жөндеуге;
Тармақша 2
2) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру және ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін мемлекеттік мекеменің филиалдарының қызметкерлеріне арналған арнайы киімдер мен арнайы қорғаныс құралдарын сатып алуға;
Тармақша 3
3) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру және ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін дегельминтизация, дезинфекцияға, дезинсекцияға және дератизацияға арналған ветеринариялық препараттарды арнайы ветеринариялық құралдарды, материалдарды сатып алуға;
Тармақша 4
4) ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің және олардың филиалдарының қызметкерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге жұмсалады.
Басқа 1. Өтініш
Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет
түрлерін көрсету және олардың (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларына 1-қосымша
Нысан
___________________________________
(ветеринария саласындағы мемлекеттік
___________________________________
мекеменің атауы)
___________________________________
___________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты
(бар болса) ЖСН/ заңды тұлғаның атауы, БСН)
Мекенжайы:________________________
Өтініш
Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша мынадай ақылы
қызмет түрлерін көрсетуді сұраймын____________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын: _______________________________________
______________________________________________________________________________
Байланыс телефоны______________________ е-mail _______________________________
20___ жылғы __________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) қолы )
Қосымша: _______ парақта 1 данада_____________________________________________
Басқа 2. Өтінішті қабылдау туралы талон
Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет
түрлерін көрсету және олардың (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Өтінішті қабылдау туралы талон
_______________________________________________________________________________________
(ветеринария саласындағы мемлекеттік мекеменің атауы)
_______________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Өтініштің тіркелген нөмірі және қабылдау күні__________________________________________
Ақылы негізде көрсетілетін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу
бойынша қызметтің түрі_________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
Қоса берілген құжаттардың саны және атаулары __________________________________________
Қосымша: _________ парақта 1 данада____________________________________________________
Құжаттар 20 __ жылғы____________________________________ қабылданды
Кіріс нөмірі ___________
Қорытынды алынған күн _________________________________________________________________
___________ _______________________________________________________________________
(қолы) (өтінішті қабылдаған лауазымды адамның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)