Об утверждении натуральных норм обеспечения служебными животными Национальной гвардии Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық
ұланын қызметтік жануарлармен
қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы
(Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қызметтік жануарларды сатып алуды бекітілген нормалар бойынша тиісті жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде кезең-кезеңімен жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б.Т. Сұлтанов
2015 жылғы « » ________
Басқа 0. 1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөліністерін жылқылармен қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 27 сәуір
№ 404 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын
қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормалары
1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөліністерін жылқылармен қамтамасыз ету
Р/с
№
Пайдалану тобының атауы
Жеке құрамның 10 адамы есебінен
жылқы басының саны
1.
Мінуге арналған жылқы ¹
10
2.
Жүк арту жылқысы ²
1⁴
3.
Жегетін жылқы ³
1⁴
Ескертпелер:
¹мінуге арналған жылқы - ерттеп мініп жұмыста пайдаланылатын жылқы.
²жүк арту жылқысы - арқасында жүк тасымалдау үшін пайдаланылатын жылқы.
³жегетін жылқы - жүктерді, жеке құрамды қызмет атқару орнына арбамен жеткізу үшін пайдаланылатын жылқы.
⁴жылқыларға қажетті мұқтаждықты есептеу үшін адам саны жылқылармен қамтамасыз етілетін бөлімшенің штат санынан алынады, бұл ретте толық емес ондықтарды дөңгелектеу арттыру жағына қарай жүзеге асырылады.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелерін жылқыларды өсіру бойынша қамтамасыз ету
Р/с №
Объектілердің (бөлімнің, бөлімшенің) атауы
Өлшем бірлігі
Тұқымдық айғырлар
Биелер (аналық бас)
Құлындар
Жұмыс жылқылары
1
жас
2
жас
3
жас
4
жас
Мінетін
Жегетін
1
Оқу-жаттығу - жөндеу кавалерлік бөлімше
бас
6
60
60
60
60
60
6
6
2
Жылқылардың өнімін молайту жөніндегі бөлімше (питомник)
бас
1
10
10
10
10
10
1
1
3-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелерін қызметтік иттермен қамтамасыз ету
Р/с
№
Күзет объектілерінің (бөлімнің, бөлімшенің) атауы және олардың сипаттамасы
Өлшем бірлігі
Иттердің санаты
Іздеуші
Патрульлдік-іздеуші
Қарауылдық
Есірткі іздеуші
Жарылғыш заттарды іздеуші
Шабуылдаушы
Асыл тұқымды
Күшіктер
Жөндеудегі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
1-параграф. Маңызды мемлекеттік объектілерді күзету жөніндегі
әскери бөлімдер (бөлімшелер)
1.
Тәуліктік күзеті бар тұрақты объект
бірлік
2
3
-
-
2
-
-
-
-
2.
Тәуліктік күзеті бар тұрақты объектінің көлікті өткізу жөніндегі бақылау-өткізу пункті
бірлік
-
3
-
-
2
-
-
-
-
2-параграф. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету жөніндегі
әскери бөлімдер (бөлімшелер)
3.
Тәуліктік күзеті бар тұрақты өндірістік объект
бірлік
2
4
7
1
-
-
-
-
-
4.
Жеке тұрақты өндірістік объект, бір ауысымда жұмыс істейтін тұрақты құрылыс және уақытша объект
бірлік
-
3
6
-
-
-
-
-
-
5.
Тәуліктік күзеті бар тұрақты объектінің көлікті өткізу жөніндегі бақылау-өткізу пункті
бірлік
-
3
-
1
-
-
-
-
-
6.
Өмір бойына бас бостандығынан айырылған және өлім жазасына кесілген сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі 1 корпусқа
бірлік
1
2
-
-
-
-
-
-
-
7.
Объектіні тәуліктік күзетуді жүзеге асыратын бөлімшенің із кесу тобы
бірлік
-
1
-
-
-
-
-
-
-
3-параграф. Айдауылдау жөніндегі әскери бөлімдер (бөлімшелер)
8.
Айына қарсы қарауылдарды тағайындаған кездегі айырбастау пункті:
1) 10-ға дейін
бірлік
-
1
-
-
-
-
-
-
-
2) 15-ке дейін
1
1
-
-
-
-
-
-
-
3) 20-ға дейін
1
2
-
-
-
-
-
-
-
4) 25-ке дейін
1
3
-
-
-
-
-
-
-
5) 25-тен астам
1
4
9.
Сотталғандар мен күзетпен ұсталатын адамдарды сот және жоспарлы темір жолдық, автожолдық қарауылдарында айдауылмен алып жүруді жүзеге асыратын бөлімше
бірлік
1
1
-
1
-
-
-
-
-
4- параграф. Арнайы моторландырылған әскери бөлімдер (бөлімшелер) мен жедел мақсаттағы әскери бөлімдер (бөлімшелер)
10.
Жедел мақсаттағы батальон
бірлік
1
4
-
-
-
-
-
-
-
11.
Жедел мақсаттағы бөлімнің (бөлімшенің) әскери жедел резерві
бірлік
-
-
-
1
1
-
-
-
-
5-параграф. Арнайы мақсаттағы әскери бөлімдер (бөлімшелер)
12.
Арнайы мақсаттағы әскери бөлім (жасақ)
бірлік
1
-
-
-
1
4
-
-
-
13.
Арнайы мақсаттағы топ
бірлік
1
-
-
-
1
1
-
-
-
6-параграф. Кинологиялық орталық, қызметтік тұқымды иттерді өсіру
және көбейту питомнигі
14.
Кинология қызметінің мамандарын даярлау жөніндегі оқу взводы (тобы)
бірлік
1
-
-
-
-
-
-
-
1 курсантқа
15.
Қызметтік тұқымды иттерді өсіру және көбейту питомнигі (асыл тұқымды иттері бар бөлімше), мынадай есеппен:
1) бес асыл тұқымды итке
бірлік
-
-
-
-
-
-
-
15
10
2) он асыл тұқымды итке
бірлік
-
-
-
-
-
-
-
30
20
3) он бес асыл тұқымды итке
бірлік
-
-
-
-
-
-
-
40
30
4) жиырма бес асыл тұқымды итке.
бірлік
-
-
-
-
-
-
-
60
50
Ескертпе:
Тармақ 1
1. Бір кинолог-маманға бір қызметтік ит бекітіліп беріледі, ерекшелікті мыналар құрайды:
Тармақша 1
1) қарауылдық иттер – бір кинолог-маманға үш итке дейін бекітіліп беріледі;
Тармақша 2
2) есірткі іздеуші иттер – оларды қолдана отырып орындалатын қызметтік міндеттер болмашы көлемде болған кезде негізгі қызметтік мақсаты бойынша пайдаланылатын бекітілген қызметтік иті бар бөлімшенің бір кинолог-маманына бекітіліп беріледі;
Тармақша 3
3) қызметтік тұқымды иттерді өсіру және көбейту питомнигінде асыл тұқымды иттер мен күшіктерді (штат санында асыл тұқымды иттер бар бөлімшелерде) қызметтік жүктемені тең бөлуді қамтамасыз ету есебінен кинолог-маманға бекітіліп беріледі.
Тармақ 2
2. Оқу орталықтарындағы даярлау (қайта даярлау) курстарына кинолог-мамандар бекітіліп берілген қызметтік иттермен жіберіледі. Қажет болған жағдайда курсанттарға оқу орталығының иттері бекітіледі.
Тармақ 3
3. Қызметтік иттердің шекті жасы 8 жыл 3 ай болып табылады, одан кейін оның бұдан әрі жұмысқа жарамдылығын арнайы комиссия айқындайды. Шекті жасқа толғаннан кейін қызметтік иттер қызметтік мақсаттарда пайдалануы бойынша басқа немесе белгіленген қызмет мерзімі өткеннен кейін денсаулық жағдайына, кемістігіне және кемтарлығына байланысты жұмыс қабілетін жоғалтуы салдарынан қызметтік мақсатта пайдалануға жарамсыз санатқа ауыстырылады, одан кейін есептен шығарылады.