О приватизации имуществ районной коммунальной собственности Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектемировке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Аудан әкімдігінің 2015 жылғы «29» мамырдағы №271 қаулысына қосымша Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі № Мүліктің атауы Шығарылған жылы Баланс ұстаушысы 1 Газ 3302-14 автокөлігі тіркеу нөмірі Е 940 ВР 2006 «Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2 Газ 3102-311 автокөлігі тіркеу нөмірі Е 921 ВР 2003 «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 3 Ваз 21213 автокөлігі тіркеу нөмірі Е 951 ВР 2001 «Атырау облысы Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі 4 Газ 3307 Ко-503в автокөлігі тіркеу нөмірі Е 649 AY 2000 «Тұрмыстық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны 5 Мусоровоз Ко 440-7 автокөлігі тіркеу нөмірі Е 950 ВР 2004 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 6 Вакуум Ко-505а автокөлігі тіркеу нөмірі Е 951 АХ 2004 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 7 Комбинир Ко 829а автокөлігі тіркеу нөмірі Е949АХ 2004 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі